"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 217 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 1296 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығына
толықтыру енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiн құру, қайта ұйымдастыру және олардың қызметiн тоқтату тәртiбiн реттеу мақсатында  ҚАУЛЫ ETЕMIH:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекiту туралы" 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 217  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 47, 430-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітiлген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:
      мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:

      "3-1-бап. Кoнсулдық мекемелер
      1) бас консулдықтар - Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының;
      2) консулдықтар, вице-консулдықтар және консулдық агенттiктер  - Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының;
      3) консулдық бөлiмдер - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi бұйрықтарының негiзiнде құрылады, қайта ұйымдастырылады және өз қызметiн тоқтатады".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады