Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 1299 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      10 "Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топта:
      212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген әкiмшi бойынша:
      029 "Ауыз сумен жабдықтау объектілерiн салу және қайта жаңарту" деген бағдарламада:
      100 "Ауылдық елдi мекендердi ауыз сумен жабдықтау объектілерiн салу және қайта жаңарту, соның iшiнде инвестициялық жобаларға" деген кiшi бағдарламада:
      "Алматы облысы Жамбыл ауданы Аққайнар кентiнде су құбыры желiлерi мен құрылыстарын қайта жаңарту" деген жолдағы "160640" деген сандар "120000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ертiс селосының су алу скважиналары, көркейту, су құбыры желiлерi" деген жолдағы "52680" деген сандар "37700" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгiскен ауылының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту 30620";
      "Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қарағаш ауылының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту 25000".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады