"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 1319 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) "Теңiзшевройл" жауапкершілігі шектеулi серiктестігіне (бұдан әрi - ТШО) ТШО мен "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазақойл" ҰМК) арасында жасалған 1993 жылғы 2 сәуiрдегі Қазақстан Республикасында сатып алғаны үшiн өтеудi төлеуге қатысты Қарыз туралы шарт және ТШО, "Қазақойл" ҰМК және "Трансошен Шеврон Компани" компаниясы арасында жасалған 1993 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасында ақша қаражатын беру туралы сұрау салуларға ақы төлеуге қатысты Қарыз туралы шарт бойынша (бұдан әрi бiрлесiп - Қарыздар туралы шарттар) Қарыздар туралы шарттар бойынша негiзгі борыштың және осы қаулы күшiне енген күнге көрсетілген қарыздар бойынша есептелген және капиталдандырылған пайыздар сомасына мемлекет салымының мөлшерiне Қоғамның жарғылық капиталына борыштардың талап ету құқықтарын заңнамада белгiленген тәртiппен қосу туралы ұсынысына келiсiм берілсiн.
 

      2. Қоғам (келiсiм бойынша) заңнамаға сәйкес:
      1) Қазақстан Республикасы, ТШО, "Теңiзмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi, "Трансошен Шеврон Компани" және "Шеврон Оверсиз Компани" компаниялары арасында жасалған 1993 жылғы 2 сәуiрдегi Жоба бойынша келiсiмге (кейiнгі өзгерiстермен және толықтырулармен бipгe) сәйкес берiлген пропан-бутан фракциясы мен жеңiл көмiрсутегілердiң кең фракциясының көлемi үшін берешекті дисконттау туралы қол жеткiзілген уағдаластықтарды ескере отырып, Қарыздар туралы шарттар бойынша берешектi өтеу есебiне түсетiн ақша қаражатының есебiнен қазақстандық тараптың ТШО алдындағы берешегін өтеу жөнiнде қажетті шараларды қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Yкiметімен келiсiм бойынша Қарыздар туралы шарттар бойынша берешекті, өтеу есебiне түсетiн ақша қаражатына билiк етудi қамтамасыз етсiн.
 

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және Қоғам (келiсiм бойынша) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
 

      4. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 сәуiрдегi N 497  қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
 

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады