Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Молдова Республикасының Үкiметi арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1325 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2003 жылғы 17 қыркүйекте Кишинэу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Молдова Республикасының Yкiметi арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Молдова
Республикасының Үкiметі арасындағы мәдениет
саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Молдова Республикасының Yкiметi,
      екi ел халықтары арасындағы достық байланыстар мен өзара түсiнiстiктi нығайтуға және кеңейтуге ұмтыла отырып,
      егемендiк, өзара құрмет, тең құқықтық қағидаттары негізiнде мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға ниеттi екендiктерiн басшылыққа ала отырып,
      осындай ынтымақтастық өзара мүдделерге, екi ел халықтары арасындағы түсiнiстiк пен достыққа ықпал ететiндiгiне сенiм бiлдiре отырып,
      екi ел халықтарының рухани жетiстiктерiн, сондай-ақ осы халықтардың тарихы мен өмiр салтын олардың арасында өзара ынтымақтастықты орнату жолымен өзара зерттеу мен түсiнiстiктi барынша ынталандыруға ниет ете отырып,
      төмендегi туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа және бiлiм, тәжiрибе мен жетiстiктердi алмасуға, оның iшiнде:
      мәдениет саласындағы бiлiм беру ұйымдары арасында тiкелей ынтымақтастыққа, бiлiмнiң осы саласында мамандар мен ақпарат алмасуға;
      екi мемлекеттiң мәдени мекемелерi арасындағы байланыстарды дамытуға;
      мәдениет, өнер, оқу-лекторлық жұмыс саласында мамандар алмасуға;
      мәдениет саласында көркемөнер, музыка, хореография және басқа да бiлiм беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастыққа;
      екi елдiң мәдени мұраларын сақтаумен айналысатын мемлекеттiк мұражайлары, мұрағаттары және басқа да мәдениет мекемелерi арасындағы;
      Тараптармен немесе Тараптар мемлекеттерiнiң мүдделi ұйымдарымен келiсiлуi мүмкiн мәдени ынтымақтастықтың кез-келген басқа да нысандарына ықпал етуге жәрдемдесетiн болады.

  2-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттарына сәйкес Тараптар:
      Тараптар мемлекеттерiнiң мәдениет және өнер қайраткерлерiнiң қорлары мен қауымдастықтары арасында байланыстар орнатуға;
      кiтап шығару және кiтап тарату саласындағы ынтымақтастыққа;
      жастардың шығармашылық және көркемөнер мекемелерi мен ұжымдары арасындағы байланыстарды қоса алғанда жастармен алмасу саласындағы ынтымақтастыққа;
      ақпараттық материалдармен, баспа және аудио бейнежазу өнiмдерiмен, теле және радио бағдарламалармен алмасу жолымен ақпарат, теледидар, радиохабарды тарату және кинематография саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшiн жағдай туғызуға жәрдемдесетiн болады.

  3-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқық пен аралас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты ынталандыратын болады.

  4-бап

      Тараптар халықаралық құқық нормаларына және өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес мәдени құндылықтардың заңсыз әкелiнуi мен әкетiлуiнiң алдын алу және оларды заңды меншiк иелерiне қайтару жөнiнде қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттеме алады.

  5-бап

      Осы Келiсiм негізiнде Тараптар мемлекеттерi аумағында жүргізiлетiн кез-келген іс-әрекет Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларымен реттелетiн болады.

  6-бап

      Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiру және қолдану жөнiнде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер мен консультациялар жолымен шешетiн болады.

  7-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында жоспарланған iс-шаралардың барлық шарттары келiсiлетiн өзара ынтымақтастық бағдарламаларын әзiрлеу үшiн бiрлескен комиссиялар мен жұмыс топтарын құра алады.

  8-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен ресiмделетiн болады.

  9-бап

      Осы Келiсiм әр тараптан, оның күшiне енуiне қажеттi iшкi мемлекеттiк процедураларының орындалғаны туралы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және тиiстi мерзiмнiң аяқталуына дейiн алты айдан кешiктiрмей Тараптардың ешқайсысы екiншi Тарапқа оның iс-әрекетiн өздерiнiң тоқтату ниетi туралы жазбаша нысанда хабарламаса, келесi бес жылдық мерзiмге ұзартылатын болады.
      Осы Келiсiмнiң iс-әрекетiн тоқтату, егер Тараптармен өзгеше қарастырылмаса, оның iс-әрекетi уақытында басталған бағдарламалардың жүзеге асырылуына қатысты болмайды.

      2003 жылғы 17 қыркүйекте Кишинэу қаласында әрқайсысы қазақ, молдаван және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада қол қойылды және барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының             Молдова Республикасының
      Үкiметi үшiн                          Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады