Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне аккредитивтер ашу және олардың қолданылу мерзiмдерiн ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1394 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының:
      1) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне 2004 жылға арналған 004 "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң объектiлерiн салу және қайта жаңарту" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша "Бонита Инжиниринг" ЖШС-мен жасасқан 2000 жылғы 2 қазандағы N 1, 2001 жылғы 2 маусымдағы N 3 шарттарға және шарттарға қосымша келiсiмдерге сәйкес, "Окан Холдинг/Исот" ЖШС-мен жасасқан 2001 жылғы 10 маусымдағы N 32-05/1-16 шартқа және шартқа қосымша келісімдерге сәйкес аккредитивтер (бұдан әрi - аккредитивтер) ашу туралы;
      2) аккредитивтердiң қолданылу мерзiмдерiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысымен келiсiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен аккредитивтердi ашсын және ұзартсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады