Астана қаласында орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғын ұй сатып алудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1397 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) Астана қаласындағы орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (бұдан әрі - Қызметкерлер) тұрғын үй сатып алу үшін 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 569164000 (бес жүз алпыс тоғыз миллион бір жүз алпыс төрт мың) теңге бөлінсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар Қызметкерлерге тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.

      3. Агенттік (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) есеп айырысудың аккредитивтік нысанын пайдалана отырып, осы қаулыда көзделген қаражат шегінде ұйыммен қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатының сақталуын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) ұйымға ақы төлеуді жүзеге асыру үшін аккредитив ашуды және оның қолданылу мерзімін ұзартуды қамтамасыз етсін;
      2) қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      5. Мыналар:
      1) тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген Қызметкерлердің тізімдерін мемлекеттік органдар Агенттіктің сұрауы бойынша бір апта мерзімде береді;
      2) Агенттік (келісім бойынша) екі апта мерзімде сатып алынған тұрғын үй санын ескере отырып, бекітілген Қызметкерлер тізімдерін  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне береді;
      3) қызметтікке теңестірілген пәтерлерді кейіннен Қызметкерлерге беру үшін оларды мемлекеттік органдарға бөлуді Қазақстан Республикасы Агенттік бекіткен тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады деп белгіленсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады