Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1403 Қаулысы

      "АҚ-2 тұрақты сумен жабдықтауды және су ағызуды қамтамасыз етiп (үшiншi жiберу кешенi) Көкшетау АҚ-2 КBTК-100-150 үшiншi қазанын салу және Көкшетау қаласында ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтiру" басымды инвестициялық жобасын iске асыруды аяқтау үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Ақмола облысының әкiмiне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервінен 79600000 (жетпiс тоғыз миллион алты жүз мың) теңге, олардың ішінде тегеурiндi коллектор бойынша су ағызып, кәріздік сорғы станциясын қалпына келтiруге 62170000 (алпыс екi миллион бiр жүз жетпiс мың) теңге; қосалқы технологиялық жабдық сатып алуға 17430000 (он жетi миллион төрт жүз отыз мың) теңге бөлiнсiн.

      2. Ақмола облысының әкiмi көрсетілген қызметтер үшiн есеп айырысудың аккредитивтi нысанын көздей отырып, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi белгіленген тәртіппен қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады