Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Аэроғарыш комитетiне аккредитивтер ашу және олардың қолданылу мерзiмдерiн ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1407 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiне:
      "М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттiк ғарыштық ғылыми-өндiрiстiк орталығы" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорнымен (бұдан әрi - М.В. Хруничев атындағы МҒҒӨО) жасалған 2004 жылғы 23 шiлдедегi N 18 (398/17664075/40320) шартқа сәйкес 105 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және сараптама жасау" бюджеттiк бағдарламасы бойынша;
      M.B. Хруничев атындағы МҒҒӨО-мен жасалған 2004 жылғы 23 шiлдедегі N 19 (398/17664075/40330), Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң "Жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен жасалған 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 27/649, "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ-пен жасалған 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 26/39/04 шарттарға сәйкес 100 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi есебiнен iс-шаралар өткiзу" бюджеттiк бағдарламасы бойынша аккредитивтер ашу және олардың қолданылу мерзiмдерiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысымен келiсiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады