Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 және 2003 жылғы 7 наурыздағы N 226 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1414 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 наурыздағы N 226  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      1) тармақшаның күші жойылды деп танылсын;
      2) тармақшадағы "Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің" деген сөздер "Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Жол саласының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 49-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасының және 4-1-тармағының қолданылуы 2004 жылғы 24 қарашадан бастап қайта қалпына келтірілсін.

      3. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы N 1809  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 536-құжат) 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады