Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 655 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: <*>
      Ескерту. Тақырыбы мен кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.22. N 849 қаулысымен .

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жiктеу ережесi; <*>
      2) Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.22. N 849 қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде мемлекеттiк меншiктегі және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне кiрмеген, соның iшiнде қалаларға кiреберiс жолдарды және қалалардың шекараларынан өтетiн жолдарды, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк болып табылатын олардағы құрылыстарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi коммуналдық меншiкке қабылдауды және олардың пайдаланылып ұсталуын қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi қабылдауды аяқтағаннан кейiн бiр ай мерзiмде жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбелерiн бекiтудi және олардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N 1414 қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жол қоры туралы" заң күші бар Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 21 ақпандағы N 221 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 9, 63-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  
2000 жылғы 5 желтоқсандағы     
N 1809 қаулысымен бекітілген    

Қазақстан Республикасының автомобиль
жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.22. N 849 қаулысымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.

2. Жiктеу тәртiбi және шарттары

      2. Жалпы пайдаланымдағы республикалық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Шаруашылық автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн жiктеу жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 23.07.2013 № 735 қаулыларымен.

      3. Халықаралық не республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы пайдалануға қабылданғаннан кейiн отыз күн iшiнде автомобиль жолдары жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi орган (бұдан әрi - мемлекеттiк уәкiлеттi орган) автомобиль жолын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныс енгiзедi.

      4. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк уәкiлеттi органға жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзудi келiсуге материалдар жiберуге мiндеттi.
      Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
      Мемлекеттiк уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқару органына жазбаша келiсiм жiберiледi.
      Автомобиль жолын жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттiк уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.

3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi

      5. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.
      Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.
      Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
      Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.

      6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн халықаралық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына атау мен индекстi беру халықаралық келiсiмдермен белгiленедi.

      7. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
      Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң әрпi автомобиль жолының сыныбына сәйкес келедi және мыналармен айқындалады:
      "M" - шақырым есебi, шектес мемлекеттiң аумағынан басталатын аса маңызды мемлекетаралық көлiк байланысын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
      "А" - Қазақстан Республикасының iрi әкiмшiлiк, мәдени және экономикалық орталықтарының, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар жолдарды қоса алғанда, көршiлес мемлекеттердiң арасындағы көлiктiк қатынасты қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
      "P" - қалғандары үшiн;

      8. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
      Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi "К"-мен белгiленедi.
      Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi:

      "К" әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi
___________________________________________________________________
р/с |  Қазақстан Республикасы      |     Индекстегi
N   |  облыстарының атаулары       |    әріптің атауы
___________________________________________________________________
1               2                              3
___________________________________________________________________
1.   Ақмола                                     C     
2.   Ақтөбе                                     D
3.   Алматы                                     B
4.   Атырау                                     E
5.   Шығыс Қазақстан                            F
6.   Жамбыл                                     H
7.   Батыс Қазақстан                            L
8.   Қарағанды                                  M
9.   Қызылорда                                  N
10.  Қостанай                                   P
11.  Маңғыстау                                  R
12.  Павлодар                                   S
13.  Солтүстiк Қазақстан                        T
14.  Оңтүстiк Қазақстан                         X
___________________________________________________________________

      Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi.

      2000 жылғы 5 желтоқсандағы     
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  
N 1809 қаулысымен бекітілген    

Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.27 N 138, 2004.05.14 N 541, 2004.09.06 N 935, 2005.07.01 N 683, 2005.11.03 N 1095, 2006.01.06 N 3, 2009.02.05 N 110 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз), 2009.08.06 N 1192, 2011.02.04 N 75 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2013 N 251 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.07.2013 N 737 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.  _______________________________________________________________
    Жолдың         Жолдардың атауы              Ұзақтығы, км
    нөмірі
_______________________________________________________________
      1                  2                           3
_______________________________________________________________
  М-32     РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент,
           Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары          2029
           арқылы

  М-36     РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы,
           Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары      2032
           арқылы

  М-38     РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай
           (ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей қалалары   1100,6
           арқылы

  М-51     РФ шекарасы (Челябинскiге) - РФ шекарасы
           (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы          175
           қалалары арқылы

  А-1      Астана - Петропавл, Көкшетау қаласы
           арқылы                                     433,3

  А-2      Өзб.Р шек (Ташкентке)-Шымкент-Тараз-
           Алматы-Қорғас, Көкпек, Көктал,             1197
           Благовещенка арқылы Қырғызстан
           шекарасына кiреберiспен

  А-3      Алматы - Өскемен                           1030    

  А-4      Алматы-Шамалған-Ұзынағаш-Прудки-
           Талап-Қырғызстанның шекарасы (Жамбыл       132
           ескерткiшiне кiреберiспен)

  А-5      Ақсай-Шонжы-Көлжат-ЛХР шекарасы            160

  А-6      Көкпек-Кеген-Қырғызстан шекарасы (Түп)     115    

  А7       Үшарал-Достық                              184    

  А-8      Таскескен-Бақты (ҚХР шек.)                 187    

  А-9      Өскемен-Лениногорск-РФ шек.                167    

  А-10     Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.                  120    

  А-11     Семей-РФ шек. (Барнаулға)                  111    

  А-12     Петропавл-Соколовка-РФ шек. (Есiл          62
           қаласына)

  А-13     Көкшетау-Кiшкенекөл-Бидайық - РФ шек.      278
           (Омбы қаласына)

  А-14     Тараз-Утмек-Қырғызстанның шек.             14
  А-15     "Жизақ-Гагарин-Жетiсай-Киров-

           Қызыләскер-Сарыағаш-Абай-Жiбек жолы"       221
           Атакент ауылына кiреберiспен Өзб.Респ-ң
           шек. (Сырдарья, Гүлстан және Чиназ)
           және Сарыағаш санаториiне

  А-16     Жезқазған-Петропавл, Арқалық қаласы        940
           арқылы

  А-17     Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шек.         1509

  А-18     Павлодар-Шербақты-РФ шек.                  112    

  А-19     Қашыр-Михайловка-РФ шек.                   108    

  А-20     Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз           921    

  А-21     Мамлютка-Қостанай                          398

  А-22     Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-         543
           Рудный-Қостанай

  А-23     Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ. шек.       142

  А-24     Ақтөбе-Мәртөк-РФ шек. (Орынбор             94,7
           қаласына)

  А-25     Ақтөбе-РФ шек.(Орск қаласына)              127

  А-26     Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз                401

  А-27     Ақтөбе-Атырау-РФ шек. (Астрахань           871
           қаласына)

  А-28     Орал-Атырау                                487

  А-29     Орал-Каменка-РФ шек. (Озинки               100
           қаласына)

  А-30     Подстепное-Федоровка-РФ шек.               144

  А-31     Чапаев-Жалпақтал-Казталовка-РФ шек.        213

  А-32     Орал-Теплое-РФ шек.                        28

  А-33     Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-      798
           Жетiбай-Ақтау порты

  А-34     Жетiбай-Жаңа өзен-Фетисово-Түркменстан     237
           Респ. шек. (Түркменбашы қаласына)

  A-35     Ақтау - Құрық                              59

  А-36     Құрық - Жетібай                            64     

  Р-1      Бейнеу-Ақжiгіт-Өзб.Респ.шек.(Нөкіс         84
           қаласына)

  Р-2      Астана-Қорғалжын, Қорғалжын қорығына       143
           кiреберiспен

  Р-3      Астана-Рождественка-Энтузиаст-Киевка-      250
           Темiртау

  Р-4      Астана-Ерейментау-Шідерті                  243

  Р-6      Макин-Степногорск-Торғай                   235

  Р-7      Бурабай курорт аймағының жолдары           66

  Р-8      Шучинск-Зеренді                            80

  Р-9      Вячеслав су қоймасына кiреберіс            17

  Р-10     Астана қаласына айналма жол                52,7

  Р-11     Көкшетау-Рузаевка                          196

  Р-12     Көкшетау-Атбасар                           184

  Р-13     Жасы-Есіл-Бузулук                          82

  Р-14     Көкшетау қаласына айналма жол              18

  Р-15     Кеген-Нарынқол                             89       

  Р-16     Көкпек-Кеген-Түп-Жалаңаш-Саты-             89
           Құрметтi, Көлсай көлiне кiреберiспен

  Р-17     Алматы-Талғар-Евгеньевка                   71

  Р-18     Қапшағай-Күрті                             67

  Р-19     "Алматы-Көктал-Байсерке-
           Междуреченское" а/ж - "Екатеринбург-       52
           Алматы" а/ж

  Р-20     Сарыөзек-Көктал                            192

  Р-21     Алма-Тау турбазасына кiреберiс             15

  Р-22     Алматы-Космостанция, Алматы және
           Алма-Арасан санаторийлеріне кiреберiспен   45     

  Р-23     Семей-Қайнар                               276

  Р-24     Өскемен-Семей                              195

  Р-25     Өскемен-Зыряновск-Большенарымское-         446
           Катон қарағай-Рахманов бұлақтары

  Р-26     "Омбы-Майқапшағай" а/ж - Қалжыр-Теректі    124

  Р-27     Қалкаман-Баянаул-Үмiткер-Ульяновский       324  

  Р-28     Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне
           кiреберіс                                  24

  Р-29     Мерке-Бурылбайтал                          273

  Р-30     Шу-Благовещенка                            56

  Р-31     Кентау-Түркiстан-Арыстанбаб-Шәуiлдiр-      145
           Төрткөл

  Р-32     Түркiстан қаласына айналма жол             13

  Р-33     Қызылорда-Жалагаш-"Самара-Шымкент" а/ж     91       

  Р-34     Қызылорда-Павлодар" а/ж - Жәйрем-
           Қаражал-Атасу                              144

  Р-35     Ақшатау-Ағадыр-Ортау-"Қызылорда-           195
           Павлодар" а/ж

  Р-36     Қостанай-Әулиекөл-Сурган                   257

  Р-37     Бастау-Ақтау-Теміртау                      53

  Р-38     "Қостанай-Жақсы" а/ж - "Қостанай-          6
           Қарабұтақ" а/ж

  Р-39     "Қостанай-Қарабұтақ" а/ж-"Екатеринбург-    21
           Алматы" а/ж

  Р-41     Орал аласына айналма жол                   19

  Р-42     Қабанбай батырдың ескерткiш кешенiне       4
           кіреберіс

  Р-43     Рудный қаласының Батыс айналма жолы        6,9

  Р-44     Казталов - Жәнiбек - Ресей Федерациясының
           шекарасы                                   162

  Р-45     Ленинск - Ақсу - Көктөбе - Үлкен Ақжар -
           Курчатов қаласы                            227

  Р-46     Шучье-Бурабай курорттық аймағының
           ойын-сауық орталығына кіреберіс            8,9

  Р-47     Қырғызстан шекарасына (Қарасу) кіреберіс   10,6

  Р-48     «Алатау ақпараттық технологиялар паркі»
           еркін экономикалық аймағына кіреберіс      9,95
________________________________________________________________
                         Жиыны                     23477,65
________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады