Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетi мен Беларусь Республикасының Мемлекеттiк бақылау комитетi арасындағы Ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1428 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетi мен Беларусь Республикасының Мемлекеттiк бақылау комитетi арасындағы Ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасына қол қоюға келiсiм берiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      міндетін атқарушы

Жоба  

Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң
атқарылуын бақылайтын есеп комитетi мен Беларусь
Республикасының Мемлекеттiк бақылау комитетi арасындағы
Ынтымақтастық туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетi мен Беларусь Республикасының Мемлекеттiк бақылау комитетi
      Жоғарғы қаржы бақылау органдары халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ) мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Жоғарғы қаржы бақылау органдарының басшылары кеңесiнiң сессияларында қол жеткiзiлген уағдаластықтардың iске асырылуына маңызды мән бере отырып,
      өзара құрмет, сенiмдiлiк, тең құқықтық пен өзара тиiмдi ынтымақтастық қағидаттарын негiзге ала отырып,
      мемлекеттік қаржы бақылаудың тиiмдiлiгін арттыруға өзара ұмтылуды бiлдiре отырып,
      мыналар туралы уағдаласты:

  1-бап

      Тараптар өз құзыреттерiнiң шеңберiнде мынадай негiзгi бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады:
      а) мемлекеттiк қаржы бақылауды жүзеге асырудың әдiснамасы мен тәртiбi саласында тәжiрибе алмасу;
      б) кадрларды кәсiби оқыту және олардың білiктiлiгiн арттыру саласында өзара iс-қимыл жасау;
      в) бiрлескен зерттеулер, семинарлар, конференциялар және жұмыс бабындағы кездесулер ұйымдастыру және өткiзу;
      г) мемлекеттiк қаржы бақылауды жүзеге асыру мәселелерiне жататын ұлттық заңнама кесiмдерiмен, кәсiби ақпаратпен және әдiстемелер алмасу.
      Тараптар өз құзыреттерiнiң шегiнде өзара қызығушылық танытатын басқа бағыттардағы ынтымақтастықты дамытады.

  2-бап

      Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң шеңберiнде ақпараттар мен материалдар алмасу кезiнде халықаралық ақпарат алмасуға қатысуды, мемлекеттiк құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғауды реттейтiн өз мемлекеттерi ұлттық заңнамаларын басшылыққа алады.
      Бiрлескен зерттеулер жүргiзу кезiнде тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын басшылыққа алады.

  3-бап

      Тараптардың әрқайсысы, егер ақпаратты ұсынып отырған Тарап оны таратуды дұрыс деп таппаған жағдайда, алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi.

  4-бап

      Тараптар мемлекеттiк қаржы бақылауды, өз қызметкерлерiнiң кәсiби дайындығы мен бiлiктiлiгiн көтерудi жүзеге асыру мен жетiлдiру саласында тәжiрибе алмасу мақсатында өзара делегациялар жiберудi жолға қояды.

  5-бап

      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде iс-шараларды өткiзу бойынша шығыстарды Тараптардың әрқайсысы өз есебiнен дербес жүзеге асырады.

  6-бап

      Қажет болған жағдайда Тараптар осы Келiсiмдi iске асыруға қатысты мәселелер бойынша бiр-бiрiне консультациялар берiп отырады.

  7-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiлуi және толықтырылуы мүмкiн. Барлық өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайды және жеке хаттамалармен ресiмделетiн болады.

  8-бап

      Осы Келiсiм олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.

  9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер жолымен шешетін болады.

  10-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi, белгiсiз мерзiмге жасалады және Тараптардың бipeуi екiншi Тараптан оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалады.

      Астана қаласында 2004 жылғы "___" _______ әрқайсысы қазақ, белорус және орыс тiлдерiнде, екi түпнұсқалық данада жасалды, сондай-ақ барлық мәтiннiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушілiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасы                Беларусь Республикасының
      Республикалық бюджеттiң               Мемлекеттiк бақылау
      атқарылуын бақылайтын                 комитетi үшін
      есеп комитетi үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады