Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07. N 117 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 3.11-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында геодезияны және картографияны дамытудың 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07. N 117 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттiгi Бағдарламаның iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жыл сайын 10 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат берсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1455 қаулысымен
бекiтiлген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ГЕОДЕЗИЯНЫ ЖӘНЕ
КАРТОГРАФИЯНЫ ДАМЫТУДЫҢ 2005-2008 ЖЫЛДАРҒА
АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07. N 117 Қаулысымен.
АСТАНА-2004
1. Бағдарлама паспорты
Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07. N 117 Қаулысымен.
Атауы Қазақстан Республикасында Геодезияны және
картографияны дамытудың 2005-2008 жылдарға
арналған бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы
негіздеме 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы ,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5
қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006
жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру
жөнiндегi іс-шаралар жоспарының 3.11.-тармағы,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12
қыркүйектегi N 926 қаулысымен бекiтiлген
2004-2006 жылдарға арналған қолданыстағы және
әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық
(секторальдық) бағдарламаларының тiзбесi
Негізгі Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
әзiрлеушi агенттiгi
Бағдарламаның Халықаралық талаптарға жауап беретiн және
мақсаты мемлекеттiң өскелең қажеттерiн қамтамасыз
ететiн, жоғары дәлдiктегi жерсерiктiк
геодезиялық желiлер мен бәсекеге қабiлеттi
қазiргi заманғы геодезиялық және картографиялық
өнiмдер жасауға бағытталған, қазiргi заманғы
техника мен прогрессивтiк технологияларды
қолдана отырып геодезия мен картография саласын
одан әрi дамыту.
Бағдарламаның Геодезиялық өндiрiстi жерсерiктiк анықтаудың
мiндеттерi автономдық әдiстерiне көшiру жөнiнде
аэроғарыштық түсiрiлiмдер, ұйымдық-техникалық
іс-шаралар жүргiзу;
азаматтық және әскери мақсаттағы навигациялық
жүйелердiң жұмыс icтеуi үшiн жоғары дәлдiктегі
геодезиялық негiз жасау;
өңiрлердi дамыту міндеттерiн ескере отырып
әртүрлi масштабтағы мемлекеттiк топографиялық
карталарды цифрлық технология негiзiнде жаңарту;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара
желiсiнiң өтуiн тексерудi, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының теңiз кеңiстiгiн
делимитациялауды геодезиялық, картографиялық,
топографиялық және гидрографикалық қамтамасыз
ету;
геодезиялық және картографиялық қызмет
субъектiлерiнiң бiрыңғай картографиялық негiздi
пайдалануына, сондай-ақ олардың геодезиялық және
картографиялық материалдармен және деректермен,
географиялық объектiлердiң атауларымен
қамтамасыз етiлуiне жағдай жасау;
ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;
геодезия және картография саласын
нормативтiк-құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк,
техникалық, бағдарламалық және кадрлық
қамтамасыз ету.
Қажеттi pecypcтар Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету 2005-2008
мен қаржыландыру жылдардағы iс-шараларды iске асыру үшiн қажетті
көздерi бюджеттiк қаражат көлемiнде Бағдарлама әкiмшiсi
тиiстi қаржы жылына арналған республикалық
бюджетте көздеген қаражат шегіндегi мемлекеттiк
тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген
қаржы шығыны барлығы 1327,9 млн. теңгенi, соның
iшiнде жылдар бойынша: 2005 жылы - 214,4 млн.
теңгенi; 2006 жылы - 225,1 млн. теңгенi, 2007
жылы - 236,4 млн. теңгенi; 2008 жылы - 652,0
млн. теңгені құрайды.
Бюджеттiк қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi
тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттi
қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
Күтілетiн Бағдарламаның белгіленген iс-шараларын
нәтижелер iске асыру:
геодезия және картография саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын
айқындауға;
республика экономикасының аэроғарыштық
түсiрiлiмдiк, топографиялық-геодезиялық және
картографиялық материалдар мен деректердi
тұтынуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға;
жоғары дәлдiктегi геодезиялық негіз жасауға;
саланың материалдық базасын нығайтуға;
республика аумағының 11%-iн аэроғарыштық
түсiрiлiмдер орындауға;
топографиялық карталардың мемлекеттiк
масштабтық қатар карталарының парақтар
номенклатурасы санына 11% жаңартуға мүмкiндiк
туғызады.
Iске асыру 2005-2008 жылдар
мерзiмдерi
2. Кiрiспе
Ескерту. 2-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07. N 117 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында Геодезияны және картографияны дамытудың 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар жоспарының 3.11.-тармағына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 926 қаулысымен бекiтiлген 2004-2006 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторальдық) бағдарламаларының тiзбесiне, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспарына сәйкес әзiрлендi.
Геостратегиялық және геосаяси жағдай, мемлекеттiң қауiпсiздiгi мен қорғанысын қамтамасыз ету, мемлекеттiк шекараны делимитациялау және демаркациялау, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жер нарығының моделiн қалыптастыру, мемлекеттiк кадастрлар мен геоақпараттық жүйелердi одан әрi жетiлдiру, ел өңiрлерiнiң тектоникалық және сейсмикалық белсендiлiгi жергiлiктi жердiң жай-күйi туралы жедел ақпарат алудың және оны картографиялық материалдарда бейнелеудiң, сондай-ақ осындай материалдармен геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiн қамтамасыз етудiң маңыздылығын айқындайды.
Картографиялық материалдардың мемлекеттiк топонимикаға, сәйкестендiрiлуi, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындаған кезде мемлекеттiк құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету төтенше өзектi болып табылады.
Осы жағдайда геодезия мен картографияны одан әрi дамытудың, саланың өндiрiстiк қуатын жаңғыртудың қажеттiгi пiсiп-жетiлдi.
Бағдарлама өзара тығыз байланысты экономикалық, техникалық, ұйымдық және басқа iс-шараларды жетiлдiру негiзiнде осы заманғы бәсекеге қабiлеттi геодезиялық және картографиялық өнiмдер жасаудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiн айқындайды.
3. Геодезиялық және картографиялық саланың қазiргі
жай-күйiн талдау
Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында елдiң геодезиялық және картографиялық саласы тиiстi дәрежеде дамымады. 2002 жылға дейін мемлекеттің геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру үшін заңнамалық базасының болмау фактiсiнiң өзi ғана геодезия және картография саласында мемлекеттiк саясат жасауда мақсаткерлiк пен жүйелiлiктiң болмағандығын дәлелдейдi.
Құрылған мемлекеттiк геодезиялық желi бұрынғы Кеңес Одағының игiлігі болды және негiзiнен қорғаныс пен жоспарлы экономика мiндеттерiне жауап бердi.
Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері өндірісте ресейлiк әзiрлемелердiң әдiстемелерiн басшылыққа алды.
Осы уақыт iшiнде топографиялық-геодезиялық өндiрiс алты есеге дерлiк құлдырап кеттi. Топографиялық карталардың бүкіл масштабтық қатарларын жаңарту жөнiндегi өндiрiс жұмысы iс жүзiнде тоқтады, аэрофото түсiрілім жұмыстары жүзеге асырылмады.
Осымен бір мезгiлде жеткiлiксіз қаржыландырудың, моральдық жағынан ескiрген приборлардың, жабдықтардың және технологиялардың фонында Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық өнiмдерге деген қажеттiлігі өстi.
Жыл сайынғы қаржыландыру көлемi 70,0 млн. теңге болып сақталған жағдайда карталарды жаңарту мерзiмдiлiгі 38 жылды құрайды, бұл олардың ірі масштабтағы жобалар үшiн сұранысын тоқтатады, сондай-ақ отандық, сонымен бiрге шетелдiк инвесторлардың тарапынан елдiң беделiн өсiруге ықпалын тигізбейдi.
Шет елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы мемлекет тарапынан қаржыландырудың көлемi 1 шаршы км аумаққа шаққанда 0,15 еуроны құрайды, ресейде бұл сома 1,3 еуроға, Қытайда - 9,7 еуроға, АҚШ-та - 16,3 eуpoғa, Канадада - 3,8 еуроға жетеді.
Картографиялық-геодезиялық саладағы іс жағдайының салыстырмалы көрсеткiштерi 2-кестеде беріліп отыр.
2-кесте
Көрсеткіштер |
Қазақстан Республи-касы |
Ресей |
Шығыс Еуропа елдерi |
Басқа дамыған елдер |
Қытай |
Ашық карталар |
Бар |
Жоқ |
Құрылуда |
Бар |
Жоқ |
Әскери карталар |
Бар |
Бар |
HATO стандар- |
Бар, HATО- |
Бар |
Техникамен және технология- |
EO елде- |
EO елдерімен салыстыр- |
Жаңа технология-лардың жетiстiк- |
Дамудың қазiргi заманғы деңгей-iне жауап бередi |
Дамудың қазiргi заманғы деңгей-iне жауап бередi |
Мемлекеттiк сектор |
Бар |
Бар |
Бар |
Бар |
Бар |
Рыноктың сипаттамасы |
Қалыпта- |
Қалыптасу-дың бастапқы сатысында |
Қалыптасуда |
Толық жұмыс iстей- |
Қалып- |
Ескірген карталар |
80% |
80% |
20% |
15% |
30% |
Координат- |
Қойылады |
Қойылады |
Жоқ |
Жоқ |
Қойыла-ды |
Контрафак- |
Жоғары |
Жоғары |
Орташа |
Мардым-сыз |
Төмен |
Күштi жақтары
Негiзгi бағдарлық мемлекеттiк мекеме сақталған.
Геодезиялық және картографиялық қызмет саласында бiрыңғай мемлекеттік және техникалық саясат жүргiзу, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң жұмысын үйлестiру, мемлекеттiк мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, сондай-ақ арнайы және салалық мақсаттағы жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметтi мемлекеттiк геодезиялық қадағалауды, лицензиялауды және есепке алуды жүзеге асыру жөнiндегі функциялар бiр арнайы уәкiлеттi органда шоғырландырылған.
Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттiк басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалардың арасындағы қатынасты реттейтiн негiздеушi заңнамалық кесiм - "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес нормативтiк құқықтық баға жетiлдiрiлуде.
Геодинамикалық полигондарда жоғары дәлдiктегi геодезиялық өлшемдер орындалады. Географиялық объектiлер атауларының жүйеленген қорын бiлдiретiн Қазақстан Республикасы географиялық атауларының каталогы жасалуда.
Республикалық картографиялық фабриканың құрылысы басталды.
Әлсiз жақтары
Қаржыландырудың жеткiлiксiз деңгейi, қолданылатын технологиялардың осы заманғы талаптарға сәйкес келмеуi, моральдық және физикалық жағынан ескiрген приборлар, технологиялық және полиграфиялық жабдықтар геодезиялық және картографиялық өнiмдер мен қызметтер рыногының дамымағанын айқындайды.
Қазiргi кезде бүкiл масштабтық қатар бойынша жыл сайын топографиялық карталардың 350-ден 400-ге дейiнгi парақтары немесе олардың санының 10%-ы жаңартылады. Жергiлiктi жердегi, әсiресе экономикасы дамыған аумақтарда болып жатқан өзгерiстердiң, апатты құбылыстардың немесе белсендi геодинамиканың нәтижесiнде соңғы бiрнеше жылдар бойы топографиялық карталардың ескiруi жалғасуда.
Қазақстан Республикасының аумағын толық жабатын, масштабы
1:25000 - 1:1000000 осы заманғы топографиялық карталар дәрежесi 10-20 жыл бұрынғыны қамтиды. Сондықтан қазiргi кезде масштабтық қатардағы мемлекеттiк топографиялық карталарды жасау және шығару проблемасы өткiр қойылып отыр.
Топографиялық карталардың сипаттамасы 3-кестеде келтiрiлген.
3-кесте
Масштаб |
Карта парақтары номенклатурасының саны |
Жабу алаңы, мың шаршы км. |
Ескiрген карталар көлемi, мың шаршы км. |
1:25000 |
32386 |
2688038 |
2123550 |
1:50000 |
8218 |
2726075 |
2289903 |
1:100000 |
2166 |
2726075 |
1853731 |
1:200000 |
550 |
2726075 |
2071817 |
1:500000 |
79 |
2726075 |
2344424,5 |
1:1000000 |
25 |
2726075 |
2289903 |
Республиканың мемлекеттiк шекарасының барлық периметрлерi бойынша алапқа картографиялық материалдар жергiлiктi жердiң және мемлекеттiк топонимиканың нақты жай-күйiне сәйкес келмейді.
Жаңа геодинамикалық полигондар құру жөнiндегi жұмыстар тоқтатылған, бұл республиканың батыс, орталық және шығыс бөлiктерiнде табиғи және техногендiк сейсмикалық процестердiң туындау мүмкiндiгiн зерделеуге ықпал етпейдi.
Координаттардың 1942 жылғы мемлекеттiк жүйесiн пайдалану республика ғылымының, экономикасының және қорғанысының осы заманғы және перспективалық мiндеттерiне жауап бермейдi және оны одан әрi пайдалану координаттарды дербес анықтаудың жерсерiктiк әдiстерiн қолдануға байланысты аса жаңа технологияларды топографиялық- геодезиялық өндiрiсте қолданудың тиiмдiлiгiн төмендетедi.
Топографиялық-геодезиялық мақсаттар үшiн негізiнен 1974-1993 жылдарда орындалған республика аумағындағы аэрофото түсiрiлiмдiк жұмыстар экономиканың, қорғаныстың, жер реформасының мiндеттерiн, пайдалы қазбалардың жаңадан ашылған кен орындарын игерудi қамтамасыз етпейдi.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер жоспарлық-картографиялық материалдармен қанағаттанарлықтай қамтамасыз етiлмеген. Егер республиканың солтүстік және шығыс өңiрлерi iшiнара жаңартылса, елдiң батыс және орталық бөлiгiнiң едәуiр бөлiгi жаңартылуға мұқтаж, бұрынғы әскери полигон аумақтарында ауыл шаруашылығын картографиялау материалдары жоқ.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Осы Бағдарламаның мақсаты халықаралық талаптарға жауап беретiн және мемлекеттiң өскелең қажеттерiн қамтамасыз ететiн, жоғары дәлдiктегi жерсерiктiк геодезиялық желiлер мен бәсекеге қабiлеттi қазiргi заманғы геодезиялық және картографиялық өнiмдер жасауға бағытталған, қазiргi заманғы техника мен прогрессивтiк технологияларды қолдана отырып геодезия мен картография саласын одан әрi дамыту, сондай-ақ геодезия мен картография саласындағы iстiң жағдайын тұрақтандыру, геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы тиiмдiлiктi бұдан былай да арттыру үшiн оның әлеуетiн өрiстету болып табылады.
Мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай негiзгi мiндеттердi:
аэроғарыштық түсiрiлiмдер мен топографиялық-геодезиялық жұмыстар жүргiзудi;
геодезиялық өндiрiстi жерсерiктiк анықтаудың дербес әдiстерiне көшiру жөнiнде аэроғарыштық түсiрілiмдер, ұйымдық-техникалық iс-шаралар жүргiзу;
азаматтық және әскери мақсаттағы навигациялық жүйелердiң жұмыс істеуі үшiн жоғары дәлдiктегi геодезиялық негiз жасау;
өңiрлердi дамыту мiндеттерiн ескере отырып әртүрлi масштабтағы мемлекеттiк топографиялық карталарды цифрлық технологиялар негiзiнде жаңарту;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара желiсiнiң өтуiн тексерудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңiз кеңiстiгiн делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографикалық қамтамасыз етудi;
цифрлық технологиялар негiзiнде картографиялық өнiмдер, соның iшiнде ақпараттылығы жоғары карталар, геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ географиялық атаулардың мемлекеттiк каталогын жасауды;
геодезиялық және картографиялық қызметтi мемлекеттiк қадағалаудың жүзеге асырылуын, топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметтiң лицензиялануы мен есепке алынуын қамтамасыз етудi;
мемлекеттiк құпия болып табылатын геодезиялық және картографиялық ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етудi;
геодезия және картография саласын нормативтiк құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк, техникалық, бағдарламалық және кадрлық қамтамасыз етудi шешу қажет.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны
iске асырудың тетiктерi
Бағдарламаны iске асыру геодезия және картография саласындағы мемлекеттiк саясатты жетiлдiрудi, топографиялық-геодезиялық жаңа картографиялық өндiрiстi халықаралық талаптарға сәйкес дамытуды көздейдi.
Бағдарлама сондай-ақ халықаралық мiндеттемелердiң, соның iшінде шекараны делимитациялау мен демаркациялау мiндеттемелерiнiң орындалуын көздейдi.
Саланы мамандармен қажеттi мөлшерде қамтамасыз ету үшiн геодезия және картография саласындағы кадрларын даярлау мен бiлiктiлігін арттыру көзделедi.
1. Аэроғарыштық түсiрiлiмдер және
топографиялық-геодезиялық жұмыстар
Экономиканың, ғылымның және қорғаныстың мүдделерiн геодезиялық қамтамасыз етудiң жоғары тиiмдi мемлекеттiк жүйесiн жасау үшiн:
мемлекеттiк топографиялық карталардың масштабтық қатарын жаңарту үшiн аэроғарыштық түсiрiлiмдер орындалады;
геодезиялық желiлердi зерттеу, қалпына келтiру және қайта құру жөнiнде жұмыстар орындалады;
базалық масштабтардың топографиялық карталарын мерзiмдiк жаңарту бойынша Қазақстан Республикасының аумағын аудандарға бөлу схемасы нақтыланады;
мемлекеттiк топографиялық карталар, бiрiншi кезекте - базалық масштабтар, қазiргі заманғы технологиялар қолданыла отырып базалық масштабтардың топографиялық карталарын мерзiмдiк жаңартудың нақтыланған схемасына сәйкес жаңартылады;
жер қыртысының деформациялануын зерделеу үшiн геодезиялық негiз жасалады, бұл жер сiлкiнiсiн және басқа қауiптi табиғи құбылыстарды болжау мүмкiндiгiн кеңейтедi;
картографиялау мақсаттары үшiн ғарыштық кешен ресурстарын пайдалану жөнiндегі мүдделi мемлекеттік органдармен өзара ic-қимыл айқындалады;
мыналар бойынша:
жоғары дәлдiктегі геодезиялық жерсерiктiк желiлер салу;
топографиялық-геодезиялық өндiрiстi жерсерiктiк айқындаудың дербес әдiстерiне және компьютерлiк әрi цифрлық технологияларға көшiру;
координаттардың жоғары дәлдiктегі бiрыңғай геодезиялық жүйесiн жасау және орнату;
қалалардың iрi масштабты топографиялық жоспарларын жасау және жаңарту;
Қазақстан Республикасының нивелирлiк желiсiн дамыту және жаңғырту;
Мемлекеттiк гравиметриялық желiнi дамыту;
бұрынғы әскери полигондардың аумағын ауыл шаруашылық картографиялауды қамтамасыз ету;
қазiргi заманғы технологиялық процестер мен техникалық құралдарды өндiрiске енгiзу жөнiнде ұсыныстар дайындалды.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы желiсiнiң
өтуiн тексерудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы теңiз
кеңiстiгінiң делимитациялануын геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз ету
Республиканың ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында шектес мемлекеттермен мемлекеттiк шекараны ресiмдеу процесiн топографиялық-геодезиялық және картографиялық қамтамасыз eту жөнiндегi жұмыс жоспарлы түрде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын шектес елдермен делимитациялау және демаркациялау мынадай жағдайларды анықтады.
Әкiмшілік-аумақтық шекараны соңғы сипаттаған кезден берi 50 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақытта жергiлiктi жерлерде халықтың белсендi шаруашылық қызметiне байланысты, сондай-ақ табиғи құбылыстардың әсерiнен едәуiр өзгерiстер болды.
Қазiргi кезде мемлекеттiк шекараның өту желiсi кеңес уақытында жасалған, масштабы 1:50000, 1:100000 карталардың парақтарына түсiрiлген, бұл жергiлiктi жердiң қазiргi жай-күйiн көрсетпейдi және мемлекеттік топонимикаға сәйкес келмейдi. Шекараны құқықтық ресiмдеудiң халықаралық ережелерiне сәйкес, карталар мен мемлекеттiк шекараның өту желiсiнiң сипаттамалары әрбiр тараптың тiлдерiнде жасалуға тиiс.
Халықаралық мiндеттемелердi, сондай-ақ ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Бағдарламада:
мемлекеттiк шекараның барлық периметрлерi бойынша Қазақстан Республикасының шекара маңындағы белдеулерiнде аэротүсiрiлiмдер орындау және масштабы 1:25000-тен 1:200000-ге дейiнгi топографиялық қарталарды жаңарту және оларды шектес мемлекеттермен келiсу;
топографиялық карталарды жаңартудың басты геодезиялық негiзi болып табылатын шекара аймақтарындағы геодезиялық пункттердi зерттеу және қалпына келтiру;
мемлекеттiк шекараның барлық периметрлерi бойынша Қазақстан Республикасының шекара маңындағы белдеулерiнде 100 километрге дейiнгi белдеулердi картографиямен жабу шартымен топографиялық карталарды жаңарту көзделедi.
3. Картографиялық жұмыстар, географиялық атаулар
және геоақпараттық жүйелер
Әлемдiк практикада жедел геодезиялық қамтамасыз етудiң неғұрлым перспективалық бағыттарының бiрi аэроғарыштық түсiрiлiм, әртүрлi деңгейдегi және мақсаттағы геоақпараттық жүйе материалдары бойынша топографиялық карталар дайындау мен жаңартудың цифрлық технологияларын жасау болып табылады. Оларды енгiзу дәстүрлi геодезиялық және картографиялық өлшемдердiң көптеген түрлерiн алып тастауға, едәуiр қысқартуға және оңайлатуға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi заманғы талаптарды iске асыру мақсатында Бағдарламамен:
қазiргi заманғы технологиялық процестер мен техникалық құралдарды өндiрiске енгiзу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
бейнеленетiн аумақтың қазiргi заманғы жай-күйiне және мемлекеттік топонимикаға жауап беретiн картографиялық өнiмдер шығару жөнiндегi мiндеттердi шешу;
цифрлық технологиялар негізiнде мемлекеттiк топографиялық, тақырыптық карталарды дайындау және шығару;
Географиялық атаулардың мемлекеттiк каталогын электрондық көздерде жасау және жүргiзу;
1:25000 және 1:50000 масштабтағы цифрлық топографиялық карталардың, сондай-ақ қалалардың жоспарларын жасау тұжырымдамасын және кезектiлiгiн әзiрлеу;
мемлекеттiк мақсаттағы жұмыстарды орындау үшiн цифрлық картографиялық өнiмдердi бағдарламалық-ақпараттық қамтамасыз етудiң бiрыңғай технологиясын әзiрлеу;
геоақпараттық жүйе жасау үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың қажетiн бiрыңғай картографиялық негiзбен қамтамасыз ету көзделген.
4. Мемлекеттік реттеу, қадағалау және лицензиялау
Республиканың нарықтық экономикаға көшуi қалалардың және басқа елдi мекендердiң аумақтарында iрi ауқымдағы топографиялық және арнаулы кадастрлық түсiрiлiмдер, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн есепке алу, құқықтарды және олармен мәмiлелердi тiркеу, салық жинау үшiн кадастрлық түсiрiлiмдер жүргiзуге арналған сұранысты ұлғайтты.
Осыған байланысты топографиялық және басқа арнаулы түсiрiлiмдер материалдары, жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жерiн және объектiлердiң көлемiн тiркейтiн, оларды орындаудағы техникалық кемшiлiктер сот талқылауының нысанасы болатын құжаттар, заң тұрғысынан барған сайын маңызды сапаға ие бола түсуде.
Қазiргi кезде барлық қалалар мен елдi мекендердің топографиялық карталары iс жүзінде жаңартылуға тиiс. Соңғы топографиялық түсiрiлiмдер 1980 жылы орындалды және бүгiнгi күнi жергiлiктi жердiң шын мәнiндегi жай-күйіне сәйкес келмейдi. Бұдан басқа, қалаларда координаттардың бiрнеше жүйесі пайдаланылады, олар бiр-бiрiне дәл емес, теңдестiрiлмеген және өзара келiсiлмеген, бұл бiрыңғай дәл координаттық кеңiстiк қалыптастыруға мүмкiндiк бермейдi.
Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру жөнiндегі қызметтi қамтамасыз ету, геодезиялық және картографиялық қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердiң жұмысын бақылау мақсатында Бағдарлама аэротүсiрiлiмдiк, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды есепке алуды және тiркеудi көздейдi.
5. Құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдердi жетiлдiру
Өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаратын жаңа технологияларға көшуге байланысты геодезиялық және картографиялық жұмыстардың дәстүрлi әдiстерiн көрсететiн қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарды қайта өңдеп, қазiргі заманғы технологияларға сай келетiн жаңасын әзiрлеу керек.
6. Халықаралық ынтымақтастық
Бағдарламамен:
бұрын қол қойылғандарын iске асыру және жаңа халықаралық келiсiмдер жасасу;
геодезиялық және картографиялық қызмет үшiн тағылымдамадан өту және кадрлар даярлау жөнiнде ұсыныстар дайындау;
Халықаралық геодезистер федерациясының, Халықаралық фотограмметрия және қашықтықтан зондтау қоғамының, Халықаралық картография қауымдастығының жұмыстарына қатысуға ұсыныстар дайындау;
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Көп жақты сауда-экономикалық бағдарламасының шеңберiнде жер сiлкiнiсiн болжау мақсатында жер қыртысының қозғалысын зерделеу саласындағы ынтымақтастық;
Азия және Тынық мұхит өңiрлерi елдерiнiң ГИС-инфрақұрылым бойынша тұрақты комитетiнiң жұмысына қатысу;
БҰҰ-ның Географиялық атаулар жөнiндегi сарапшылар тобының жұмысына қатысу көзделген.
7. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07. N 117 Қаулысымен.
Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету 2005-2008 жылдардағы iс- шараларды iске асыру үшiн қажеттi бюджеттiк қаражат көлемiнде Бағдарлама әкiмшiсiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегiндегі мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты қажеттi қаржы шығыны барлығы 1327,9 млн. теңгенi, соның iшiнде жылдар бойынша: 2005 жылы - 214,4 млн. теңгенi, 2006 жылы - 225,1 млн. теңгенi, 2007 жылы - 236,4 млн. теңгенi; 2008 жылы - 652,0 млн. теңгені құрайды.
2006-2008 жылдарға арналған шығыс көлемi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.
8. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07. N 117 Қаулысымен.
Бағдарламаны iске асыру геодезия және картография саласындағы жағдайды тұрақтандыруға және мемлекеттiк билiк органдарының, экономика, ғылым және қорғаныс салаларының қажеттерiн қазiргi заманға сай және тиiмдi картографиялық-геодезиялық қамтамасыз етуге негiз қалайды.
Бағдарламаның iс-шараларын 2005-2008 жылдары iске асыру мынадай жағдайларды:
республика аумағында барлығы 11% аэроғарыштық түсiрiлiмдер орындауды;
мемлекеттiк геодезиялық желiлер пункттерiнiң жалпы санының 11%-ын зерттеудi және қайта жаңартуды;
масштабтық қатарлардың мемлекеттiк топографиялық карталарының парақтары номенклатурасы санының 11%-ын жаңартуды, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының iрi масштабты жоспарларын жаңартуды;
жер қыртысының тектоникалық деформациялануын зерделеу үшiн Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында геодинамикалық полигондар құруды;
масштабтық қатардың мемлекеттiк топографиялық карталары парақтарының номенклатура санының 10%-ын жасауды, шығаруға дайындауды және шығаруды, сондай-ақ цифрлауды;
республиканың барлық облыстарына Географиялық атаулардың мемлекеттiк каталогын жасау жөнiнде жұмыстарды аяқтауды;
шектес мемлекеттермен мемлекеттiк шекара периметрi бойынша топографиялық карталарды жаңартуды;
қазiргі заманғы техникалар мен прогрессивтiк технологиялар қолдануды;
топографиялық-геодезиялық өндiрiстi жерсерiктiк айқындаудың дербес әдiстерiне көшiрудi;
жоғары дәлдiктегi геодезиялық жерсерiктiк желi жасауды қамтамасыз етедi.
Бағдарламаны ойдағыдай iске асыру мемлекеттiң экономикасын, оның қорғанысын, ғылымын, бiлiмiн халықаралық талаптарға жауап беретiн қазiргi заманғы геодезиялық және картографиялық өнiмдермен қамтамасыз етуге, саланың өндiрiстiк қуаттарын жаңғыртуға, прогрессивтiк технологияларды енгізуге ықпал ететiн болады.
Қазақстан Республикасында Геодезияны және
картографияны дамытудың 2005-2008 жылдарға
арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Ескерту. Тақырыпқа және Жоспарға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07. N 117 Қаулысымен.
Р/с |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауапты |
Орындау мерзiмi |
Болжамды шығыстар (мың теңге) |
Қаржылан- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Аэроғарыштық түсiрілiм және топографиялық-геодезиалық жұмыстар | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1. |
Топография- |
Қазақ- |
ЖРА, ТЖМ, БҒМ, Қорғаныс-минi |
жыл сайын қаңтар |
405383 |
Республи |
2. |
Жоғары дәлдiктегi геодезиялық жерсерiктiк желiлер салу жөнiнде ұсыныстар дайындау |
Қазақ- |
ЖРА |
2005 жылғы II-IY тоқсан |
||
3. |
Геодезиялық желiлердi зерттеу, қалпына келтiру және қайта жаңарту |
Қазақ- |
ЖРА |
жыл сайын қаңтар |
100168 |
Республи- |
4. |
Топография- |
Қазақ- |
ЖРА |
2005 жылғы II-IY тоқсан |
||
5. |
Координат- |
Қазақ- |
ЖРА |
2005 жылғы II-IY тоқсан |
||
6. |
Базалық масштабтар-дың топография-лық карталарын мерзімдiк жаңарту бойынша Қазақстан Республика-сының аумағын аудандарға бөлу схемасын нақтылау |
Қазақ- |
ЖРА |
жыл сайын қаңтар |
Талап етілмейдi |
|
7. |
Топография-лық карталардың мемлекеттік масштабтық қатарын жаңарту |
Қазақ- |
ЖРА, Қорғаныс-минi |
жыл сайын қаңтар |
176875 |
Республи- |
8. |
Қалалардың iрi масштабты топография-лық жоспарларын жасау және жаңарту жөнiнде ұсыныстар дайындау |
Қазақ- |
ЖРА |
2005 жылғы II-IY тоқсан |
||
9. |
Қазақстан Республика- |
Қазақ- |
ЖРА |
2005 жылғы II-IҮ тоқсан |
||
10. |
Мемлекеттік iргелi гравимет- |
Қазақ- |
ЖРА |
2005 жылғы II-IY тоқсан |
||
11. |
Қазақстан Республика-сының мем- |
Қазақ- |
ЖРА |
2005 жылғы II-IY тоқсан |
||
12. |
Геодинами- |
Қазақ- |
ЖРА |
жыл сайын қаңтар |
203857 |
Республика-лық бюджет |
13. |
Бұрынғы полигондар-дың аума- |
Қазақ- |
ЖРА |
2005 жылғы ІІ-ІҮ тоқсан |
||
14. |
Ғарыштық кешен ресурстарын картогра- |
Қазақ- |
ЖРА |
жыл сайын қаңтар |
Талап етiлмейдi |
- |
2. Картографиялық жұмыстар, географиялық атаулар және геоақпараттық жүйе | ||||||
15. |
Мынадай картогра- |
Қазақ- |
ЖРА, Қорғаныс-минi |
жыл сайын қаңтар |
329449 |
Республика-лық бюджет |
16. |
Қазiргi заманғы технология- |
Қазақ- |
ЖРА |
2005 жылғы |
||
17. |
География- |
Қазақ- |
ЖРА, БҒМ |
жыл сайын |
65738 |
Республика-лық бюджет |
18. |
1:25000 және 1:50000 масштабтағы цифрлық топография-лық карталар, қалалардың цифрлық жоспарларын жасаудың тұжырымда- |
ЖРА бұйрығы |
ЖРА, |
2007 ж. IY тоқсан |
Талап етiлмейдi |
- |
19. |
Цифрлық карталар негiзiнде өнiмнiң жаңа түрле- |
Қазақ- |
ЖРА |
жыл сайын |
Талап етiлмейдi |
- |
20. |
Бағдарлама-лық-ақпа- |
Қазақ- |
ЖРА |
жыл сайын |
Талап етiлмейдi |
- |
21. |
Топография- |
Қазақ- |
ЖРА, |
жыл сайын |
46478 |
Республи- |
3. Мемлекеттiк реттеу, қадағалау және лицензиялау | ||||||
22. |
Геодезия- |
ЖРА бұйрығы |
ЖРА |
2005 ж. III тоқсан |
Талап етілмейдi |
- |
4. Құқықтық және нормативтiк-техникалық құжаттарды жетiлдіру | ||||||
23. |
Геодезия және картография саласында құқықтық және нормативтiк-техникалық құжаттар, нұсқаулық- |
Қазақ- |
ЖРА |
2005 жылғы |
||
5. Халықаралық ынтымақтастық | ||||||
24. |
Бұрын қол қойылған- |
Қазақ- |
ЖРА |
жыл сайын |
||
25. |
Тағылымда- |
Қазақ- |
ЖРА |
2005 жылғы II-IY тоқсан |
||
26. |
Халықаралық симпозиум- |
Қазақ- |
ЖРА |
2005 жылғы II-IY тоқсан |
||
27. |
Жер сiлкi- |
Қазақ- |
ЖРА |
жыл сайын қаңтар |
Талап етiлмейдi |
- |
Барлығы |
1327948 |
Ескерту: * - бюджеттiк қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгi
Қорғанысминi - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi