Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыздарды тiркеу мен есепке алу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1467 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 739 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.20 N 739 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыздарды тiркеу мен есепке алу ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. Тақырыпқа және 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1467 қаулысымен    
бекiтілген       

   Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу мен есепке алу ережесi

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу мен есепке алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне сәйкес әзiрлендi және Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу мен есепке алу тәртiбiн айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      2. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды есепке алу мемлекеттiк функцияларды орындау үшiн мониторингтi жүзеге асыру және мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген борышты басқару, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған борыш мониторингi мақсатында жүргiзіледi.
      Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған борыштың есебiн жүргiзу үшiн мәлiметтердi тиiстi тiзілiмге енгiзу жолымен мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу жүзеге асырылады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
       2-1. Тiзілім тiркеу журналында және дерекқорда жүргiзiледi.
      Нөмiрленген және тiгiнделген, тiзiлiмдi жүргiзуге жауапты бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiнiң мөрiмен және басшысының қолымен бекiтiлген тiркеу журналы мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) тiркеу күнi;
      2) тiркеу нөмiрi;
      3) құжаттың атауы және нөмiрi;
      4) жауапты тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы.
      Дерекқор ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн бiлдiредi.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      3. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу мен есепке алуды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      4. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк);
      Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергілiктi атқарушы органдар) тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қарыздары (бұдан әрi - мемлекеттiк қарыздар);
      2) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдiк берген қарыздары (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген қарыздар);
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдiктерi (бұдан әрi - мемлекеттiк кепiлдiктер);
      4) мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздар;
      5) мемлекет кепiлгерлiгi тiркеуге және есепке алуға жатады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

  2. Үкiметтiк қарыздарды тiркеу мен есепке алу

      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi тартқан қарыздарды тiркеу мен есепке алу:
      қарыз шартын жасасу нысанында - қарыз шарты негiзiнде жүзеге асырылады;
      халықаралық капитал рыноктарына мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және олардың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының негізiнде жүзеге асырылады;
      ішкі капитал рыноктарына мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелерi және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" акционерлiк қоғамының бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті органға оның көлемi туралы растауы негiзiнде оларды орналастырғаннан кейiнгi күнi жүзеге асырылады.
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi тартқан қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттiк қарыздардың тiзiлiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi тартқан қарыздарды есепке алу қарыз шартының негiзгi есептiк сипаттамаларын дерекқорға енгiзу немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (қарыздың нөмiрi және оның ресiмделген күнi, қарыздың түрi, кредит берушi, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) жолымен жүргiзiледi.
      8. Мынадай нысанда тартылған үкiметтік қарыздарды тiркеу:
      қарыз шартын жасасу - оған қол қойылғаннан кейiн 15 күн iшiнде жүзеге асырылады;
      мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - ол орналастырылғаннан кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады.

  3. Ұлттық Банктiң қарыздарын тiркеу мен есепке алу

      9. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды тiркеу мен есепке алу:
      1) қарыз шартын жасасу нысанында - тiгiлген және Ұлттық Банктiң мөрiмен куәландырылған қарыз шартының көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады;
      2) ішкi капитал рыноктарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелерi және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" акционерлiк қоғамының бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті органға оның көлемi туралы растауы негiзiнде оларды орналастырғаннан кейiнгі күнi жүзеге асырылады.
      10. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды тiркеу (айналымдағы ақша базасын реттеу үшін орналастырылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзiмдi ноталарынан басқа) қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттiк қарыздарын тiзiлiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
      11. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды есепке алу (айналымдағы ақша базасын реттеу үшiн орналастырылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзiмдi ноталарынан басқа) қарыз шартының негiзгi есептiк сипаттамаларын дерекқорға енгiзу немесе Ұлттық Банктiң бағалы қағаздарын орналастыру (қарыздың нөмiрi және оның ресiмделген күні, қарыздың түрi, кредит берушi, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) жолымен жүргiзiледi.
      12. Ұлттық Банк өзi тартқан қарыздарды тiркеу үшiн осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды қарыз шартына қол қойылғаннан немесе мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру жүргiзiлгеннен кейiн 15 күн iшiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілеттi органға ұсынады.
      13. Ұлттық Банктің қарыздарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады.

  4. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын
тiркеу мен есепке алу

      14. Жергілiктi атқарушы органдар тартқан қарыздарды тіркеу мен есепке алу қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады.
      15. Жергілiктi атқарушы органдар тартқан қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттiк қарыздардың тiзiлiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
      16. Жергiлiктi атқарушы органдар тартқан қарыздарды есепке алу қарыз шартының негізгі есептік сипаттамаларын дерекқорға енгізу (қарыздың нөмiрi және оның ресімделген күнi, қарыздың түрi, кредит берушi, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) жолымен жүргiзiледi.
      17. Жергiлiктi атқарушы органдар өздерi тартқан қарыздарды тiркеу үшiн осы Ереженiң 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қарыз шартына қол қойылғаннан кейiн 15 күн iшiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
      18. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады.

  5. Мемлекеттiк кепiлдiктердi және
мемлекет кепілдiк берген қарыздарды тiркеу мен есепке алу

      19. Мынадай нысанда ұсынылған мемлекеттiк кепілдiктердi тiркеу мен есепке алу:
      мемлекеттік кепiлдiктің арнайы бланкілерiнде ресiмделген кепiлдi мiндеттеме - оны Кредит берушiге берген сәтке дейiн кепiлдiк түпнұсқасының негiзiнде жүзеге асырылады;
      кепiлдiк шарты - кепiлдiк шартының негiзiнде үш күн iшiнде жүзеге асырылады.
      20. Мынадай нысанда тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу:
      1) қарыз шартын жасасу - қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң негiзiнде жүзеге асырылады;
      2) борыштық бағалы қағаздарды шығару - облигацияларды шығару проспектiсi, облигацияларды бастапқы орналастыру және облигациялар ұстаушылар өкiлiнiң оның көлемi туралы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға оларды орналастырғаннан кейiн келесi күнi растауы негізiнде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      21. Қарыз алушылар өздерi тартқан, қарыз шартын жасасу нысанында тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу үшін қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн қарыз шартына қол қойылғаннан кейiн 5 күн iшiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілеттi органға ұсынады.
       Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
       21-1. Қарыз алушылар өздерi тартқан борыштық бағалы қағаздар нысанында тартылған, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу үшiн облигацияларды шығару проспектiсiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн мемлекеттiк емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркегеннен кейiн 5 күн iшiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
      Ескерту. 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      22. Мемлекеттiк кепiлдiктердi тiркеу кепiлдiкке тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттiк кепiлдiктердiң тiзілiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
      23. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың тiзiлiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
      24. Мемлекеттік кепiлдiктердi есепке алу мемлекеттік кепiлдiктiң негiзгi есептiк сипаттамаларын (кепiлдiктiң нөмiрi және оның ресiмделген күнi, кепілдiктiң нөмiрi және оның тiркелген күнi, оған кепiлдiк берiлген валюта және сома, кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi) дерекқорға енгізу жолымен жүргiзiледi.
      Қарыз алушы мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша мiндеттемелердi толық көлемде орындаған жағдайда, мемлекеттік кепiлдiк гарантқа қайтарылуға жатады.
      25. Қарыз шарты нысанында тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды есепке алу қарыз шартының негiзгi есептік сипаттамаларын (кепiлдiктiң нөмiрi және берiлген күнi, қарыздың нөмiрi және оның ресімделген күнi, қарыздың түрi, кредит беруші, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) дерекқорға енгiзу жолымен жүргiзiледi.
       Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
       25-1. Борыштық бағалы қағаздар нысанында тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды есепке алу облигацияларды шығару проспектiсiнiң негiзгі есептiк сипаттамаларын (облигацияларды шығару проспектiсiнiң нөмiрi және күнi, шығарылатын облигациялар саны, бiр облигацияның номиналды құны, облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттар мен тәртiбi, облигациялар бойынша қамтамасыз ету, облигациялар айналысы және оларды өтеу туралы мәлiметтер, деректемелер, облигация ұстаушылар өкiлi туралы мәлiметтер) дерекқорға енгiзу жолымен жүргiзiледi.
       Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
       26. Мынадай нысанда тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу:
      қарыз шартын жасасу - қарыз алушы тиiстi құжаттарды ұсынғаннан кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады;
      борыштық бағалы қағаздар - оларды орналастырғаннан кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

       5-1. Мемлекет кепiлгерлiгiн және мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу және
есепке алу.

       Ескерту. 5-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

       26-1. Мемлекет кепiлгерлiгiн тiркеу және есепке алу кепiлгерлiк шарты негiзiнде үш күн iшiнде жүзеге асырылады.
      26-2. Инфрақұрылымдық облигациялар шығару нысанындағы мемлекет кепiлгерлiгiмен берiлген қарыздарды тiркеу және есепке алу концессионер облигацияларын шығару проспектiсi, инфрақұрылымдық облигацияларды бастапқы орналастыру және облигациялар ұстаушылары өкiлiнiң оның көлемi туралы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға оларды орналастырғаннан кейiн келесi күнi растауы негiзiнде жүзеге асырылады. 
      26-3. Мемлекет кепiлгерлiгiн тiркеу кепілгерлiк шартына тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
      26-4. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздар тiзiлiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
      26-5. Мемлекет кепiлгерлiгін есепке алу кепiлгерлiк шарттарының негiзгi есепке алу сипаттамаларын (кепiлгерлiк шартын тiркеу нөмiрi және күнi, мемлекет кепiлгерлiгi берiлген валюта және сома, мемлекет кепiлгерлiгiнiң қолданылу мерзiмi) дерекқорға енгiзу жолымен жүргiзiледi.
      Қарыз алушы мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыз бойынша мiндеттемелердi толық көлемде орындаған жағдайда, мемлекет кепiлгерлiгi кепiлгерге қайтарылуға тиiс.
      26-6. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды есепке алу облигацияларды шығару проспектiсiнiң негiзгi есепке алу сипаттамаларын (облигацияларды шығару проспектiсiнiң нөмiрi және күнi, шығарылатын инфрақұрылымдық облигациялар саны, бiр инфрақұрылымдық облигацияның номиналды құны, инфрақұрылымдық облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттары мен тәртiбi, инфрақұрылымдық облигациялар бойынша қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық облигациялар айналымы және оларды өтеу туралы мәлiметтер, концессия шартының және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекет кепiлгерлiгiн беру туралы қаулысының деректемелерi, облигациялар ұстаушылар өкiлi туралы мәлiметтер) дерекқорға енгiзу жолымен жүргiзiледi.
      26-7. Инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы тартылған мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу оны орналастырғаннан кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады.
      26-8. Қарыз алушылар өздерi тартқан инфрақұрылымдық облигациялар нысанында тартылған мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға мемлекеттiк емес облигацияларды шығаруды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн 5 күн iшiнде облигациялар шығару проспектiсiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады.

  6. Ерекше жағдайлар

      27. Қарыз шарттарын жасасу нысанында тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды және мемлекеттік қарыздарды тiркеу кезiнде бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлетті орган қарыз алушыға осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандағы тiркеу куәлігін бередi.
      28. Тiркелген құжаттарға, сондай-ақ оның негiзiнде мемлекеттiк кепiлдiктердi, мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiн және мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу жүргізілген құжаттарға енгізілген өзгерiстер туралы ақпарат осындай өзгерiстер енгізілгеннен кейiн 10 күн iшiнде есепке алу үшiн бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынылуы тиiс.
       Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы       Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк
  Қаржы министрлігі           берген қарыздарды, мемлекет
                              кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды
                              тіркеу мен есепке алу ережесіне
                              1-қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

                      N_______тiркеу куәлiгi

    ___________қаласы                      200_жылғы "_"________

            Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
          мемлекеттік қарыздардың тізіліміне _________ нөмірлі
                     мынадай қарыз шартын тіркейді

       200_жылғы "_"________N_______ _________қарыз шарты

      Кредит берушi         ____________________________________
                            (кредит берушінің атауы,
                             орналасқан орны)

      Қарыз алушы           ____________________________________
                            (қарыз алушының атауы, орналасқан
                             орны)

      Кредит желiсi         ____________________________________

      Қарыз алудың түрi     ____________________________________

      Қарыз алудың мақсаты  ____________________________________

      Қарыздың сомасы       ____________________________________

      Валютаның атауы       ____________________________________

      Игеру кезеңi          ____________________________________
                            (басталған күні - аяқталған күні
                            (пайдалану мерзімі)

      Өтеу кезеңi           ____________________________________
                               басталған күні - аяқталған күні

      Сыйақы ставкасы       ____________________________________
                                  ставканың түрі, шамасы

      Өтеу көздерi          ____________________________________
                                      (көздің атауы)

      Iлеспе шығыстардың
      көздерi:
      шығыстардың атауы_______көзi_________

      шығыстардың атауы_______көзi_________

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы вице-министрi         _________

           М.О.

Қазақстан Республикасы       Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк
  Қаржы министрлігі           берген қарыздарды, мемлекет
                              кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды
                              тіркеу мен есепке алу ережесіне
                              2-қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N  1062 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

                      N_______тiркеу куәлiгi

    ___________қаласы                      200_жылғы "_"________

            Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
                 мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың
                     тiзiлiмiне_____________нөмiрлi
                     мынадай қарыз шартын тiркейдi

       200_жылғы "_"________N_______ _________қарыз шарты

        200 жылғы "_"_________N________мемлекеттік кепiлдiк

      Кредит берушi         ____________________________________
                            (кредит берушінің атауы,
                             орналасқан орны)

      Қарыз алушы           ____________________________________
                            (қарыз алушының атауы, орналасқан
                             орны)

      Кредит желiсi         ____________________________________

      Қарыздың сомасы       ____________________________________

      Валютаның атауы       ____________________________________

      Игеру кезеңi          ____________________________________
                            (басталған күні - аяқталған күні
                            (пайдалану мерзімі)

      Сыйақы ставкасы       ____________________________________
                                  ставканың түрі, шамасы

      Өтеу кезеңi           ____________________________________
                               басталған күні - аяқталған күні

      Өтеу көздерi          ____________________________________
                                      (көздің атауы)

      Iлеспе шығыстардың
      көздерi:
      шығыстардың атауы_______көзi_________

      шығыстардың атауы_______көзi_________

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы вице-министрi         _________

           М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады