Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 197ах Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулыға  310-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама жүргiзу.";
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жүйесiнiң қауіпсiздiк және еңбектi қорғау жөнiндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеу";

      2) көрсетiлген қаулыға  311-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "көбейткiш - 1 бiрлiк" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      ", экспонат - 1 бiрлiк";
      "бiрегей құралдарды сақтауға - 4 дана сейф" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "бiрегей құралдарды сақтауға арналған сейфтер - 1 дана; компьютер - 1 жиынтық; цифрлi фотоаппарат - 1 дана; үстел - 2 дана; орындық - 2 дана; кресло - 2 дана";
      "концерт роялi - 1 дана;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "концерттiк залға арналған жарық жабдықтары - 1 жиынтық; мұражай орталығын құруға және қалпына келтiруге арналған жабдықтар - 3 жиынтық; экспонаттар - 50 дана;";

      3) көрсетiлген қаулыға  312-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанының реттiк нөмiрi 2-жолында:
      "автомашина - 1 дана" деген жолдан кейiн ", көбейткiш аппарат - 1 дана" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) көрсетілген қаулыға  315-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "3 театрдың Каир, Лондон, Париж қалаларындағы халықаралық фестивальге қатысуы; 4 музыкалық топтың Италия, Франция, Германия, Қытай қалаларындағы халықаралық фестивальге қатысуы," деген сөздер "Театр және музыка ұжымдарының халықаралық фестивальдерге қатысуы;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Париж қаласында Қазақстанның халық суретшiсi Ә. Қастеев жұмыстарының мерейтойлық көрмесiн өткiзу" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады