Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 197ц Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға  412-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда:
      реттік нөмірі 2-жолдағы "жалюздер, перделер - 48 дана." деген сөздерден кейін "Маңдайша жазулар дайындау." деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 4-жол ", Pentium 4,2 компьютері - 1 бірлік, HP-1150 принтері - 1 бірлік, MS Windows XP Russian - 1 бірлік, MS Oficce XP SBE Rus.OEM - 1 бірлік, еденде тұратын BC T-610 сейфі - 1 бірлік, Dialog-4222 телефоны - 1 бірлік, Dialog-4223 телефоны - 1 бірлік, Nokia 8910A телефоны - 1 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады