Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы N 197ж қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
 

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 123-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      реттiк нөмiрi 3-жолдың 5-бағанының 2-тармағында:
      "3200", "304500", "97335", "87000", "97000", "166000", "95665" деген сандар тиiсiнше "3586", "215544", "87829", "61885", "48504", "149212", "72040" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бурабай - Көкшетау - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы - 305 км 95 665 мың теңге сомасына" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Екатеринбург - Алматы - 161 км 62486 мың теңге сомасына;
      Астана - Щучинск - 225 км 150000 мың теңге сомасына";
      7-тармақта "3200" деген сандар "3586" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 124-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-бағанның I бөлiмiнде:
      "47", "7", "1868964" деген сандар тиiсiнше "65", "9", "1936271" деген сандармен ауыстырылсын;
      "1868964 мың теңге сомасына, соның iшiнде" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы 1-тармақпен толықтырылсын:
      "1. Ақмола облысы - Бурабай курорт аймағының автомобиль жолындағы Щучинск - Бурабай учаскесiндегі Громотуха өзенi арқылы өтетiн көпірдi күрделi жөндеу;";
      1-тармақтағы "1." деген реттік нөмiр "1-1." деген реттік нөмiрмен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "144,149 км" деген сөздерден кейiн "Алматы - Шамалған - Ұзынағаш - Прудки - Қырғызстан шекарасы 21-23, 31 км; Алматы - Космостанция 2-10 км автожолдарындағы су тасқынының зардаптарын жою; Алматы - Көкпек - Шонжы - Көктал - Қорғас 35 км автожолы бойынша Бесағаш өзенi арқылы өтетiн көпір; Алматы - Өскемен автожолының 213,5 км құбырды қалпына келтiру" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "автожолдарын күрделi жөндеу" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Қызылорда облысы - Самара - Шымкент 1779-1786 км автожолындағы су тасқынының зардаптарын жою";
      II бөлiмдегi "1411,9", "4531036", "97", "200", "51", "97,9" деген сандар тиiсiнше "1462,9", "4463729", "113", "213", "55", "115,9" деген сандармен ауыстырылсын;
      III бөлiмдегi "1002", "600000" деген сандар тиiсiнше "1018", "578880" деген сандармен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "тракторлы жол фрезi - 17 бiрлiк" деген сөздер алынып тасталсын;
      7-тармақтағы "47", "7", "1411,9", "178" деген сандар тиiсiнше "65", "9", "1462,9", "161" деген сандармен ауыстырылсын.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады