Балқаш алабұғасы iле популяциясының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 50 Қаулысы

      Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын жойылып бара жатқан "Persa schrenki" балқаш алабұғасы іле популяциясының биологиялық жай-күйi мен саны мөлшерiнiң өзгеруi мониторингі" тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттiк еншiлес кәсiпорнына 2005 жылы Iле өзенi бассейнiнiң су тоғандарынан (Балқаш көлiнен басқа), оның iшiнде:
      балқаш алабұғасының табиғи таралу аймағының бiрнеше стационарлық пункттерiндегi (Күртi, Қаскелең, Кiшi Алматы, Талғар, Есiк өзендерiнiң бассейндерi) және олар мекендейтiн екi су тоғанындағы (Есiк көлi, Сорбұлақ көлi - сарқынды су жинауышы) балқаш алабұғасы iле популяциясының 160 дарақ санын аулауға рұқсат берiлсiн.

      2. Ғылыми-зерттеу жұмысы үшiн 1-тармақта көрсетiлген балықтарды табиғи ортадан аулау кезiнде жануарлар әлемiн пайдаланғаны үшiн төлем бiр дараққа 80 теңге мөлшерiнде белгіленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен жануарлар әлемiн пайдаланғаны үшiн төлемнiң республикалық бюджеттiң кiрiсiне түсуiн қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады