Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 54 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 289 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 289 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 266-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 20-жолдағы "*" белгісi алынып тасталсын;
      "*8702, 8703-тен - автокөлiк құралының паспортында көрсетiлген шығарылған жылын негiзге ала отырып, есептелген 5 жылдан аспайтын пайдалану мерзiмiмен" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады