Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi мен Беларусь Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арасындағы Ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 71 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi мен Беларусь Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арасындағы Ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға келiсiм берiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі мен
Беларусь Республикасы Сыртқы iстер министрлігі
арасындағы Ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi мен Беларусь Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi,
      Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесе отырып,
      екi Тараптың мүдделерiне сәйкес екi жақты қатынастар мен халықаралық проблемалар мәселелерi бойынша әртүрлi деңгейдегi консультациялар мен пiкiр алмасулар өткiзудi пайдалы деп санай отырып,
      өзара тиiмдi ынтымақтастық мәселелерiн жедел шешуге ықпал ете отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Сыртқы істер министрлері немесе олар уәкілеттік берген адамдар өзара мүдденi бiлдiретiн екi жақты қатынастар, көп жақты ынтымақтастық мәселелерi бойынша тұрақты консультациялар өткізеді.
      Қажет болған жағдайда Тараптар халықаралық ұйымдар мен форумдар шеңберiнде консультациялар мен пікір алмасулар өткiзедi.
      Қажеттілiгiне қарай консультациялар Тараптардың тиiсті құрылымдық бөлiмшелерінің арасында да өткiзеді.

  2-бап

      Тараптардың саяси консультацияларының мәнi мыналар болады:
      - екi жақты саяси байланыстарды дамыту және екi жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерi;
      - Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мен әмбебап және өңiрлiк сипаттағы басқа да халықаралық ұйымдар, соның iшiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiндегi Тараптардың ынтымақтастығы мәселелерi;
      - өзара мүдденi бiлдiретiн жаһандық және өңiрлiк мәселелер, халықаралық қатынастар проблемалары;
      - екi жақты халықаралық шарттар ережелерiнiң, сондай-ақ көп жақты халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелердiң орындалуының жай-күйi.

  3-бап

      Тараптар тұрақты негiзде өзiнiң қызметi туралы ақпарат алмасуды жүзеге асыратын, қажеттi халықаралық құқықтық ақпаратты бiр-бiрiне беретiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының екi жақты қатынастары шарттық-құқықтық базасының жай-күйiне және оның даму перспективасына салыстыру жүргізетiн болады.

  4-бап

      Тараптар өздерiнiң құзыретi шеңберiнде Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы өзара тиiмдi экономикалық және сауда ынтымақтастығын дамытуға, екi мемлекеттiң мемлекеттiк органдары мен мекемелерi, қоғамдық және ғылыми ұйымдары арасында байланыстар орнатуға және оны дамытуға жәрдемдеседi.

  5-бап

      Тараптар гуманитарлық саладағы, атап айтқанда, басқа мемлекеттер аумағында тұратын өз мемлекеттерiнiң азаматтарын әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететiн болады.

  6-бап

      Тараптар Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiгiнiң және Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiгiнiң жұмыс iстеуi үшiн қолайлы жағдайлар жасау және оны қамтамасыз етудегi ынтымақтастықты жалғастырады.

  7-бап

      Тараптар тәжiрибе алмасу, жұмыс бабындағы байланыстарды орнату мен нығайту және тағылымдамалардың әртүрлi нысандарын ұйымдастыру, дипломатиялық кадрлар даярлау жөнiндегi мүмкiндiктердi өзара пайдалану үшiн жағдайлар жасау саласында ынтымақтасатын болады.

  8-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыруға байланысты қаржылық шығыстарды Тараптардың әрқайсысы дербес көтередi.

  9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер жолымен шешетiн болады.

  10-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.

  11-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптардың бiрi екiншi Тараптың оның осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен алты ай өткенге дейiн қолданылады.

      200_ жылғы "__" ______ ________ қаласында әрқайсысы екi данадағы қазақ, беларусь және орыс тiлдерiнде жасалды, және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезінде келiспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасы                Беларусь Республикасы
      Сыртқы iстер министрлiгi              Сыртқы iстер министрлiгi
              үшiн                                    үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады