Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2015 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргiзу және Қылмыстық-атқару кодекстерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы қылмыстық заңдардың кейбiр нормаларының өзгеруіне байланысты жалпы отырыс
қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 19 қазандағы N 15 нормативтiк қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 3-тармақтың екiншi абзацында:
"сегіз жасқа", "балалары" деген сөздер "он төрт жасқа", "баласы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақтың екiншi абзацында:
"қылмысты ауырлататын жағдайда кiсi өлтiру үшін тағайындалатын мерзiмнен" деген сөздер "12" жылдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-тармақтың үшінші абзацында:
"2-бөлігіне" деген сөздер "3-бөлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады әрi ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының Төрағасы |
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының судьясы, |
жалпы отырыс хатшысы |