"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес және асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң 2005 жылға арналған ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 7 ақпандағы
N 111 қаулысымен
бекiтiлген
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң 2005 жылға арналған ережесi (бұдан - әрi Ереже) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту мақсатында 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау" бағдарламасының 101 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және соның шегiнде мал тұқымын асылдандыру зауыттарына, асыл тұқымды мал шаруашылықтарына, мал тұқымын асылдандыру және дистрибьютерлiк орталықтарына (бұдан әрi - асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi) қаражат төлеудiң (бұдан әрi - субсидиялау) жалпы шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
2. Субсидиялар:
1) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) құнын iшiнара арзандатуға;
2) мал тұқымын асылдандыру iсiн дамыту үшiн сатып алынатын арнайы технологиялық және зертханалық жабдықтар (бұдан әрі - жабдықтар) мен жиһаздың, сондай-ақ арнайы және ұйымдастыру техникасының (бұдан әрi - техника) құнын толық өтеуге;
3) мал тұқымын асылдандыру орталығына асыл тұқымды бұқаларды сатып алу және күтiп ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөнiндегі шығындарды толық өтеуге;
4) мал тұқымын асылдандыру орталығына асыл тұқымды қошқарларды сатып алу және күтiп ұстау жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
5) еттi құс өсiру жөнiндегi асыл тұқымды шаруашылықта (бұдан әрі - асыл тұқымды шаруашылық) асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды сатып алу жөнiндегi шығындарды және оларды азықтандыру үшiн сатып алынатын құрама азықтардың құнын толық өтеуге;
6) қостанай жылқысын өсіретiн асыл тұқымды мал зауытында (бұдан әрi - асыл тұқымды мал зауыты) асыл тұқымды жылқыларды өсiру, күтiп ұстау және жаттықтыру, тұқымдық айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөніндегi шығындарды толық өтеуге;
7) асыл тұқымды мал зауыты үшiн араб тұқымының айғырларын сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
8) асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген салық берешегiн (бұдан әрi - мерзiмi ұзартылған салық берешегi) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге өтеуiне арналады.
3. Осы Ереженiң 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) мал тұқымын асылдандыру iсiне белгiлеген квоталар шегiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылған құны бойынша нақты көлемiн сатқаны үшiн белгiленген тәртiппен аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерiне төленедi.
4. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне субсидия нормативтерi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленедi.
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi асыл тұқымды өнiмдi (материалды) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Ауылшарминiмен келiсiлген, төленетiн субсидия мөлшерiне кемітілген баға бойынша дербес сатады.
6. Аудан бойынша, облыс бойынша ұсынылатын асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартының, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мақсатты пайдалану актiсiнiң, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы жиынтық актiлердiң нысандарын Ауылшарминi бекiтедi.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға
арналған субсидияларды төлеу тәртiбi
7. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) арзандатылған құн бойынша сатқанына субсидия алу үшiн:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектiлерi мәмiлелердiң жасалуына қарай, бiрақ 2005 жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрмей Ауылшарминiнiң аудандық аумақтық органына (бұдан әрi - аудандық аумақтық басқарма) мынадай құжаттарды:
асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартын;
төлем құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады;
2) аудандық аумақтық басқарманың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы (бұдан әрi - мемасылдандыру инспекторы) ай сайын 5-күнге қарай, бiрақ 2005 жылғы 5 желтоқсаннан кешiктірмей, алдыңғы ай үшiн аудандық аумақтық басқарма басшысы бекiткен аудан бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актiнi және мақсатты пайдалану актiсiн, сатып алу-сату шарттарының түпнұсқаларын қоса Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң облыстық аумақтық органына (бұдан әрi - облыстық аумақтық басқарма) ұсынады;
3) облыстық аумақтық басқарма ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi. Облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша оларда көрсетілген көлемдер мен асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне нормативтер негiзiнде тиесілi бюджеттiк ақшаның көлемiн айқындайды және облыс бойынша белгiленген квоталар шегiнде асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидияларды төлеу туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомостi жасайды. Облыстық аумақтық басқарма республикалық бюджеттен бюджеттiк ақшаның бөлiну шамасына қарай күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн тиiстi асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң ағымдағы шотына тиесілі субсидияларды аударады. Облыстық аумақтық басқарма ай сайын 10-күнге қарай, бiрақ 2005 жылғы 10 желтоқсаннан кешiктiрмей, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатуға және субсидияларды төлеуге арналған бiрiктiрілген жиынтық ведомостердiң көшiрмелерiн, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаны iске асыру туралы есептi Ауылшарминiне ұсынады;
4) облыстық аумақтық басқарма Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына (бұдан әрi - Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органы) мынадай құжаттарды:
осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидиялар төлеу туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомостi;
ақы төлеу шотын ұсынады.
8. Мал тұқымын асылдандыру орталығына асыл тұқымды бұқалар, жабдықтар, жиһаз, сондай-ақ техника сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Ауылшарминiне отандық немесе шетелдiк селекцияның асыл тұқымды бұқаларын, жабдықтарды, жиһазды, сондай-ақ техниканы Ауылшарминiмен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алуға арналған шарттардың бiр-бiр данасын ұсынады;
2) Ауылшарминi ұсынылған шарттарды 10 күн iшiнде тексередi және асыл тұқымды бұқаларды, жабдықтарды, жиһазды, сондай-ақ техниканы сатып алу үшiн белгіленген тәртiппен мал тұқымын асылдандыру орталығының ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Мал тұқымын асылдандыру орталығы асыл тұқымды бұқаларды, жабдықтарды, жиһазды, сондай-ақ техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде Ауылшарминiне төлем құжаттары мен жеткiзу актілерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
9. Мал тұқымын асылдандыру орталығында асыл тұқымды бұқаларды күтiп ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, пайдалануға, сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Ауылшарминіне асыл тұқымды бұқаларды күтіп ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөніндегі есептемелердің бір данасын, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды күтіп ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) Ауылшармині ұсынылған құжаттарды 10 күн iшiнде тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн асыл тұқымды бұқаларды күтiп ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, пайдалануға, сақтауға бюджеттiк ақшаны мал тұқымын асылдандыру орталығының ағымдағы шотына аударады.
10. Асыл тұқымды қошқарларды мал тұқымын асылдандыру орталығына сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Ауылшарминiне отандық немесе шетелдiк селекцияның асыл тұқымды қошқарларын сатып алуға арналған шарттардың бiр-бiр данасын ұсынады;
2) Ауылшарминi ұсынылған шарттарды 10 күн iшiнде тексередi және асыл тұқымды қошқарларды сатып алу үшiн белгiленген тәртiппен мал тұқымын асылдандыру орталығының ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Мал тұқымын асылдандыру орталығы асыл тұқымды қошқарларды сатып алғаннан кейiн келесі айдың iшiнде Ауылшарминiне төлем құжаттары мен жеткiзу актiлерiнiң көшірмелерiн ұсынады.
11. Мал тұқымын асылдандыру орталығында асыл тұқымды қошқарларды күтiп ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Ауылшарминiне асыл тұқымды қошқарларды күтіп ұстау жөнiндегi есептемелердiң бiр данасын, сондай-ақ асыл тұқымды қошқарларды күтiп ұстау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) Ауылшармині ұсынылған құжаттарды 10 күн iшiнде тексередi және күнтізбелік жылдың соңына дейiн асыл тұқымды қошқарларды күтiп ұстауға бюджеттiк ақшаны мал тұқымын асылдандыру орталығының ағымдағы шотына аударады.
12. Асыл тұқымды шаруашылықта асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды, жабдықтар мен техниканы сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеу үшiн:
1) асыл тұқымды шаруашылық Ауылшарминіне асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды, жабдықтар мен техниканы Ауылшарминiмен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алуға арналған шарттардың бiр-бiр данасын ұсынады;
2) Ауылшарминi ұсынылған шарттарды 10 күн iшiнде тексередi және асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды, жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн белгiленген тәртiппен асыл тұқымды шаруашылықтың ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Асыл тұқымды шаруашылық асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды, жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде Ауылшарминiне төлем құжаттары мен жеткiзу актілерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
13. Асыл тұқымды шаруашылықта асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды азықтандыру үшiн сатып алынатын құрама азықтардың құнын толық өтеу үшiн:
1) асыл тұқымды шаруашылық Ауылшарминіне құрама азықтарды сатып алуға арналған шарттың бiр данасын, асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды азықтандыру жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) Ауылшармині ұсынылған құжаттарды 10 күн iшінде тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды азықтандыру үшiн құрама жем сатып алуға бюджеттiк ақшаны асыл тұқымды шаруашылықтың ағымдағы шотына аударады.
14. Араб тұқымының айғырларын, жабдықтар мен техниканы асыл тұқымды мал зауытына сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) асыл тұқымды мал зауыты Ауылшарминiне apaб тұқымының айғырларын, сондай-ақ жабдықтар мен техниканы Ауылшарминімен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алуға арналған шарттардың бiр-бiр данасын ұсынады;
2) Ауылшармині жасалған шарттарды 10 күн iшiнде тексередi және араб тұқымының айғырларын, жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн белгiленген тәртiппен асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Асыл тұқымды мал зауыты араб тұқымының айғырлары, жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде Ауылшарминiне төлем құжаттары мен жеткiзу актілерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
15. Асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, күтiп ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) асыл тұқымды мал зауыты Ауылшарминіне асыл тұқымды жылқыларды өciру, күтiп ұстау, жаттықтыру және олардың ұрығын сақтау жөнiндегi есептемелердің бiр данасын және асыл тұқымды жылқыларды өсiру, күтiп ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) Ауылшарминi ұсынылған есептемелердi 10 күн iшiнде тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, күтіп ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға бюджеттiк ақшаны асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына аударады.
16. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң республикалық және жергілiкті бюджеттерге мерзiмi ұзартылған салық берешегiн өтеу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) Ауылшармині 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дәрежесi бар және 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн оны жоғалтпаған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнің бекiтiлген тiзбесi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне (бұдан әрi - Салық комитетi) ұсынылады;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi және тиістi салық органдары бюджеттер, салық түрлері мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер, өсімақылар мен айыппұлдар бөлiнiсiнде мерзiмі ұзартылған салық берешегiнің салыстыру актiлерiн жасайды. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жергiлiктi салық органдарының асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiмен салыстыру актілерiнiң тiзiлiмдерiн бекiтедi және оларды Салық комитетiне ұсынады;
3) Салық комитеті Ауылшарминімен бiрлесiп, осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттер, салық түрлерi мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, өсімақылар мен айыппұлдар бөлiнiсiнде мерзiмi ұзартылған салық берешегiнiң сомасын көрсете отырып, үш данада жиынтық салыстыру актісін жасайды және оған қол қояды;
4) Caлық комитеті Ауылшарминiне асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерiнiң және ақы төлеу шотын толтыру үшiн қажетті көрсетiлген субъектiлердi тiркеу есебінiң орны бойынша тиiстi салық органдарының деректемелерін бередi;
5) Ауылшармині Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi үшін мерзiмi ұзартылған салық берешегiн өтеуге жиынтық салыстыру актісінің бір данасы мен ақы төлеу шоттарын ұсынады.
17. Ауылшармині Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына осы Ереженiң 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтарына сәйкес субсидияларды төлеу үшін ақы төлеу шотын ұсынады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға қаражат төлеудiң 2005 жылға
арналған ережесiне 1-қосымша
Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне
арналған субсидия нормативтерi
1. Сатылатын асыл тұқымды төлдерге арналған
субсидия нормативтерi
Мал мен құстың түрлерi мен тұқымдары |
Сатылатын 1 кг
|
|
асыл тұ-
|
асыл тұ-
|
|
1 |
2 |
3 |
Iрi қара мал |
|
|
сүттi бағыттағы: |
|
|
Қара-ала (әулиеата, голштин) сиыры |
76 |
69 |
Қызыл (қырдың қызыл сиыры) |
76 |
69 |
Қоңыр (алатау) сиыры |
76 |
69 |
Қызғылт сары шұбар (симментал) |
76 |
69 |
Айршир сиыры |
76 |
69 |
еттi бағыттағы: |
|
|
Қазақтың ақбас сиыры |
76 |
69 |
Әулиекөл сиыры |
76 |
69 |
Герефорд сиыры |
66 |
60 |
Қалмақ сиыры |
69 |
63 |
Санта-гертруда сиыры |
66 |
60 |
Галловей сиыры |
34 |
31 |
Қойлар |
|
|
биязы жүндi бағыттағы: |
|
|
Қазақтың арқар мериносы |
79 |
72 |
Солтүстiк қазақ мериносы |
79 |
72 |
Оңтүстiк қазақ мериносы |
79 |
72 |
Қазақтың биязы жүндi қойы |
79 |
72 |
Австралия мериносы |
330 |
300 |
биязылау жүндi бағыттағы: |
|
|
Қазақтың биязылау жүндi қойы |
79 |
72 |
Қазақтың етті-жүндi қойы |
79 |
72 |
Ақжайық етті-жүндi қойы |
79 |
72 |
Дегерес қойы (биязылау жүндi) |
79 |
72 |
Цигай қойы |
79 |
72 |
еттi-майлы бағыттағы: |
|
|
Еділбай қойы |
74 |
67 |
Гиссар қойы |
72 |
65 |
Қазақтың қылшық жүндi құйрықты қойы |
72 |
65 |
Сарыарқа қойы |
72 |
65 |
Қазақтың ұяң жүндi құйрықты қойы |
72 |
65 |
Дегерес қойы (ұяң жүндi) |
72 |
65 |
Атырау елтiрілiк құйрықты қойы |
72 |
65 |
Қаракөл қойы |
72 |
65 |
Шошқалар |
|
|
Iрi ақ шошқа |
80 |
70 |
Немiстің асыл тектi шошқасы |
65 |
60 |
Дюрок |
60 |
50 |
Ақсай қара-ала шошқасы |
47 |
42 |
Жетiсу шошқасы |
47 |
42 |
Жылқылар |
|
|
спорт бағытындағы: |
|
|
Таза тұқымды мiнiс жылқысы |
81 |
75 |
Ақалтеке жылқысы |
81 |
75 |
Араб жылқысы |
75 |
67 |
Қостанай жылқысы |
81 |
75 |
Дон жылқысы |
75 |
67 |
Орыстың желiс жылқысы |
75 |
67 |
Орлов желiс жылқысы |
75 |
67 |
Қарабайыр жылқысы |
75 |
67 |
өнiмдiк бағыттағы: |
|
|
Қазақтың жабы жылқысы |
81 |
75 |
Мұғалжар жылқысы |
81 |
75 |
Көшiм жылқысы |
81 |
75 |
Адай жылқысы |
81 |
75 |
Орыстың ауыр жүк таситын жылқысы |
81 |
75 |
Түйелер |
|
|
Қазақтың айыр түйесi |
74 |
66 |
Түрiкменнiң аруанасы |
72 |
65 |
Бұғылар |
74 |
69 |
Маралдар |
74 |
69 |
2. Тұқымдық бұқалар ұрығының бiр дозасына
субсидиялар нормативi
Асыл тұқымды өнiмнiң түрi |
Ұрықтың 1 дозасына арналған субсидия нормативi, теңге (құнының 50% дейiн) |
Асыл тұқымды бұқалардың ұрығы |
140 |
3. Сатылған асыл тұқымды бiр жұмыртқаға
арналған субсидиялар нормативтерi
Асыл тұқымды өнiмнiң түрi |
Асыл тұқымды 1 жұмыртқаның
|
Тауық (жұмыртқалағыш) жұмыртқасы |
12 |
Тауық (еттiк) жұмыртқасы |
40 |
Үйрек жұмыртқасы |
12 |
Күркетауық жұмыртқасы |
50 |
Қаз жұмыртқасы |
50 |
Түйеқұс жұмыртқасы |
2400 |
4. Мал тұқымын асылдандыру iсi үшiн сатып алынатын жабдықтар мен техниканың құнын толық өтеу.
5. Мал тұқымын асылдандыру орталығына асыл тұқымды бұқаларды сатып алу және күтiп ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөнiндегi шығындарды толық өтеу.
6. Мал тұқымын асылдандыру орталығына асыл тұқымды қошқарларды сатып алу және күтiп ұстау жөнiндегi шығындарды толық өтеу.
7. Асыл тұқымды шаруашылық үшiн асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеу.
8. Асыл тұқымды шаруашылықта асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды азықтандыру үшiн сатып алынатын құрама азықтардың құнын толық өтеу.
9. Асыл тұқымды мал зауыты үшiн араб тұқымының айғырларын сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеу.
10. Асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсiру, күтiп ұстау, жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын сақтау жөнiндегi шығындарды толық өтеу.
"
Бекiтемiн
" Асыл тұқымды мал шаруашылығын
Қазақстан Республикасы Ауыл дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң
шаруашылығы министрлігінiң 2005 жылға арналған ережесiне
_______________облыстық 2-қосымша
аумақтық басқармасының
бастығы __________________
(аты-жөнi, қолы, мөрi)
2005 жылғы "__"__________
___________________облысы бойынша 2005 жылдың_____
айындағы асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың)_________
___________________________________________________
(асыл тұқымды төлдер, тұқымдық бұқалар
_____________________________________________________
ұрығы, асыл тұқымды жұмыртқа - қажеттiсi қалдырылсын)
сатылуы және субсидиялар төлеу туралы
БIРIКТIРIЛГEH ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСТЬ
Атауы |
Жылдық квота |
Сатылған
|
Асыл тұқымды
|
|||
аудан-
|
асыл
|
(кг,
|
теңге |
жылдың
|
есеп
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
таблицаның жалғасы
Жылдың басынан
|
Жылдың басынан
|
Субсидияның
|
Төленуге тиісті, теңге |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
|
|
|
* Сатылған асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір
түріне жеке жасалады
Облыстың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi
мемлекеттiк инспекторы _____________________________________
(аты-жөнi, қолы)
Облыстық аумақтық басқарманың бас бухгалтерi______________
(аты-жөнi, қолы)
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға қаражат төлеудiң 2005 жылға
арналған ережесiне 3-қосымша
Бекiтемiн
____________________________
(аумақтық салық органының
басшысы)
2005 жылғы "__" __________
Салық органдарының республикалық және жергілікті
бюджеттерге мерзімі ұзартылған салық берешегiн
өтеу жөнiндегі есеп айырысуларға қатысатын
асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерiмен
тексеру актiлерiнiң
ТIЗIЛIМI
теңге
Бюджет
|
Салық-
|
Салық төлеу-
|
Салыс-
|
Өтеуге ұйғарылатын сома |
|||
республикалық бюджеттен
|
|||||||
бар-
|
негiз-
|
өсiмақы |
айып-
|
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
таблицаның жалғасы
Өтеуге ұйғарылатын сома |
|||||||
жергіліктi бюджеттен
|
Барлығы |
||||||
барлы-
|
негiз-гi
|
өсiмақы |
айып-
|
бар-
|
негіз-
|
өсiм-
|
айып-
|
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Сомасы жазумен____________теңге, оның iшiнде республикалық
бюджетке______________теңге,_________________________________
бюджетке______________теңге,_______________теңге,________теңге.
Аумақтық салық органы
тиiстi құрылымдық бөлімшесінің басшысы__________ ____________
(қолы) (аты-жөнi)
M.O.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға қаражат төлеудiң 2005 жылға
арналған ережесiне 4-қосымша
Салық комитетiнiң________________________________________
(республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы)
200__жылғы "__"___________жағдай бойынша республикалық
және жергілікті бюджеттерге мерзімі ұзартылған салық берешегін
өтеу жөніндегі
ЖИЫНТЫҚ САЛЫСТЫРУ АКТIСI
теңге
Бюджет
|
Салық-
|
Салық төлеу-
|
Өтеуге ұйғарылатын сома |
|||
республикалық бюджеттен түсетін
|
||||||
барлығы |
негізгі
|
өсiмақы |
айыппұл |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
таблицаның жалғасы:
Өтеуге ұйғарылатын сома |
|||||||
жергіліктi бюджеттен
|
барлығы |
||||||
бар-
|
негіз-
|
өсiм-
|
айып-
|
бар-
|
негіз-
|
өсiм-
|
айып-
|
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны: Берешектi республикалық бюджеттен өтеуге
ұйғарылатын сома_________________________________теңге.
Салыстыру актiсi жасалған күн 2005 жылғы "__"_____
Салық комитетінің басшысы Республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшісінің
басшысы
_________________________ __________________________
(аты-жөнi, қолы) (аты-жөнi, қолы)
Tиiсті құрылымдық бөлiмшенiң
басшысы
__________________________
(аты-жөнi, қолы)
M.O. M.O.