Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде не қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат немесе мертiгу салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда олардың асырауындағылары мен мұрагерлерiне бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы N 114 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 53-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде не қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат немесе мертiгу салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда олардың асырауындағылары мен мұрагерлерiне бiржолғы өтемақы төлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 7 ақпандағы 
N 114 қаулысымен   
бекітілген   

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерi
қызметтік мiндеттерiн атқару кезеңiнде не қызметтік
мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат немесе мертiгу
салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл
iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда олардың
асырауындағылары мен мұрагерлерiне бiржолғы
өтемақы төлеу ережесi

      1. Осы Ереже "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерi қызметтік мiндеттерiн атқару кезеңінде не қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақат немесе мертiгу салдарынан қызметтен босатылғаннан кейінгi бір жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда олардың асырауындағылары мен мұрагерлеріне бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбін белгілейді.
      2. Бiржолғы өтемақы төлеу оны алуға құқығы бар адамдарға прокуратура органдарының қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде не қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақат немесе мертігу салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгі бір жыл ішiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай үлес мөлшерiнде жүзеге асырылады.
      Бiржолғы өтемақыны есептеу үшін қолданылатын ақшалай үлес лауазымдық жалақы мен сыныптық шенi (әскери атағы бойынша) үшiн төленетін қосымша ақыдан (жалақыдан) тұрады.
      3. Егер прокуратура органдары қызметкерінiң қаза табуы (қайтыс болуы) не қызметкердiң қаза табуына (қайтыс болуына) себеп болған жарақаты, жаралануы (мертiгуi), ауруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруға қатыссыз жағдайларға байланысты болғандығы заңнамада белгiленген тәртiппен анықталса, тиiстi құжаттар ресімделмейді және біржолғы өтемақы төленбейді. V053932
      4. Бiржолғы өтемақы төлеуді қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша прокуратура органдарының қаржы бөлімшесi (бұдан әрi - қаржы бөлімшесі) республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының шегiнде екінші деңгейдегі банктегi алушының жеке шотына аудару, сондай-ақ оларды өтінiш берген сәттен бастап екi aй iшiнде алушының шотына почта арқылы аудару жолымен жүргiзедi.
      Кәмелетке толмаған алушыға бiржолғы өтемақы төлеу тұрғылықты жерi бойынша өтiнiш берген сәттен бастап екi ай iшiнде қамқорлық және қорғаншылық органдарын, сондай-ақ оның заңды өкiлдерiн ол жайында бip мезгiлде хабардар ете отырып, екiншi деңгейдегi банктегi оның жеке шотына аудару жолымен ғана жүргiзiледi.
      5. Прокуратура органдарының кадр қызметi 15 күн iшiнде өтемақыны алуға құқығы бар тұлғаларды прокуратура органдарына бiржолғы өтемақы төлеу туралы өтiнiштер беру құқығы туралы жазбаша хабардар етедi.
      6. Бiржолғы өтемақы алу үшiн оны алуға құқығы бар адам қаржы бөлiмшесiне мынадай құжаттарды ресiмдейдi және ұсынады:
      осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
      алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      кәмелетке толмаған алушының туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      неке туралы куәлiк не сот органдарының алимент туралы атқару парағы (қамқорлық туралы құжат);
      нотариалды расталған қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      егер төлемақыға өтiнiш берушi қаза тапқанның (қайтыс болғанның) мұрагерi болып табылса немесе асырауындағы адам болса, мұраға құқығы туралы куәлiгi.
      Қаржы бөлiмшесi кадр қызметiнен қызметкердiң қаза табу (қайтыс болу) жағдайы туралы қорытындының көшiрмесiн сұратады.
      Сондай-ақ қаза тапқанның (қайтыс болғанның) қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне ақшалай үлесi туралы қаржы бөлiмшесiнiң анықтамасы материалдарға қоса тiркеледi.
      Оқиға орын алған кезде денсаулығына зақым келуi салдарынан бiр жыл өткеннен кейiн қайтыс болған қызметкердiң қаза табу (қайтыс болу) фактiсi бойынша, бұдан басқа, өтiнiш иесi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы (контузия), мертiгуi, ауруы қайтыс болуына себепшi болғандығын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссияның (бұдан әрi - ӘДК) қорытындысын ұсынады.
      7. Бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адам өтемақы төлеу туралы өтiнiш берген кезде, қаржы бөлiмшесi осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтығын және дұрыс ресiмделуiн тексередi және мекеме басшысының атына ресiмделген өтiнiштi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес өтiнiштердi тiркеу және бiржолғы өтемақылар төлеу журналына тiркейдi. Осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, өтiнiш тiркеуге жатпайды, ол туралы өтiнiш иесiне жетiспейтiн құжаттарды көрсете отырып, тиiстi түсiнiктеме берiледi.
      8. Бiржолғы өтемақы төлеу туралы өтiнiштердi қарау Қазақстан Республикасының азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде не қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат немесе мертiгу салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу туралы өтiнiш бойынша қабылданған прокуратура органдарының шешiмiне өтiнiш иесi жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағым беруiне болады.

                             Қазақстан Республикасы прокуратура
                             органдарының қызметкерi қызметтiк
                         мiндеттерiн атқару кезеңiнде не қызметтiк
                          мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат
                            немесе мертiгу салдарынан қызметтен
                         босатылғаннан кейiнгі бiр жыл iшiнде қаза
                           тапқан (қайтыс болған) жағдайда олардың
                             асырауындағылары мен мұрагерлерiне
                              бiржолғы өтемақы төлеу ережесiне
                                         1-қосымша

                                    Кiмге__________________________
                                          (мекеме (ұйым) басшысының
                                    _______________________________
                                    лауазымы сыныптық шенi, Т.А.Ә.)
                                    ________мекен-жайында тұратын
                                    _______________________________
                                      (өтiнiш иесiнiң Т.А.Ә.)
                                    СТН N_______________________

                    Бiржолғы өтемақы төлеуге
                          ӨТIНIШ

      Сiзден_______________________________________________________
                 (ол бойынша залалдың орны толтырылуы тиiс
___________________________________________________________________
               оқиғаның сипаты көрсетіледi)
байланысты маған бiржолғы өтемақы төлеуiңiздi сұраймын.
      Маған тиiстi соманы__________________________________________
                    (банктiң атауы, банктiң СТН-i, банктiң МФО-сы,
___________________________________________________________________
   алушының жеке есеп шотының N немесе байланыс бөлiмшесi арқылы
_________________________________________________аударуды сұраймын.
  аударған жағдайда оның мекен-жайы көрсетiледi)

      Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремiн:
1._______________________________________________
2._______________________________________________
3._______________________________________________
4._______________________________________________
5._______________________________________________
200__жылғы "__" ___________    _____________өтiнiш иесiнiң қолы
Құжаттар 200__ жылғы "__" ___________ қабылданды.
_______________________________(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

                             Қазақстан Республикасы прокуратура
                             органдарының қызметкерi қызметтiк
                         мiндеттерiн атқару кезеңiнде не қызметтiк
                          мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат
                            немесе мертiгу салдарынан қызметтен
                         босатылғаннан кейiнгі бiр жыл iшiнде қаза
                           тапқан (қайтыс болған) жағдайда олардың
                             асырауындағылары мен мұрагерлерiне
                              бiржолғы өтемақы төлеу ережесiне
                                         2-қосымша

           Қазақстан Республикасы прокуратура
           органдарының қызметкерi қызметтiк
         мiндеттерiн атқару кезеңiнде не қызметтiк
         мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат
           немесе мертiгу салдарынан қызметтен
       босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза
           тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның
           асырауындағылары мен мұрагерлерiне
       бiржолғы өтемақы төлеу өтiнiштерiн тiркеу
                         ЖУРНАЛЫ

N

Қайтыс болған
қызмет-
кердiң
Т.А.Ә.
және оның
мекен-
жайы

Қайтыс
болған
қызмет-
кердің
асырау-
ындағы-
ның, мұ-
рагерi-
нiң Т.А.Ә.
және
оның
мекен-
жайы

Залал-
дың
орнын
толты-
ру себебі

Бiр-
жолғы
өтема-
қы со-
масы
 

Төлем
құжа-
тының
N мен
күні

Егер өтi-
нiштi тiр-
кеуден
бас тар-
тылса,
онда бас
тартудың
себебi

1

2

3

4

5

6

7








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады