Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттіік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы N 133 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "ЗАМАН-ТУ" акционерлiк қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар дизайнерлiк әзiрлемелердi көрсету, мұражай жабдықтарын жасау, мұражай экспозицияларын құру жөнiндегi қызметтердi және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi мұражайының үй-жайлары мен ғимаратын безендiру жөнiндегі басқа да қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттік мекемесi (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2005 жылға арналған республикалық бюджетте 004 "Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жасалатын шартты қаржыландыруды;
      қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады