Еңбекшiлердiң демалысы үшiн қолайлы жағдай жасау және 2005 жылғы наурыздағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демалыс күндерi 2005 жылғы сенбi - 5 наурыздан дүйсенбi 7 наурызға және сенбi - 19 наурыздан дүйсенбi - 21 наурызға ауыстырылсын.
2. Қажеттi өнiм шығару, қаржылық қызметтi қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектiлерiн iске қосу үшiн еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлген ұйымдарға кәсiподақ ұйымдарымен келiсiм бойынша 2005 жылғы 7 және 21 наурызда жұмыс жүргiзу құқығы берiлсiн.
Көрсетiлген күндердегi жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледi.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі