"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 ақпандағы N 167 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актiлерiне ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
мәселелерi бойынша толықтырулар мен
өзгерiстер енгiзу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:

      1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; 2005 жылғы 7 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне аралық соттар және төрелiк қызметiнiң мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы  Заңы ):
      273-баптың бiрiншi бөлігінiң бiрiншi абзацында:
      "кезеңiнде," деген сөзден кейiн "сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бiр ай iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және дауыс беру күнi түскен арыз дереу" деген сөздер ", дауыс беру күнi және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн дереу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжaт; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; 2004 жылғы 28 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсiмдерiн жеңілдету, қылмыстардың кейбiр құрамдарын қылмыстық сипатта арылту және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы  Заңы ):
      1) 233-баптың екiншi бөлігінiң б) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) қаруды немесе азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн қару, жарылғыш заттар немесе жарылғыш құрылғы ретiнде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып жасалса,-";
      2) мынадай мазмұндағы 233-3-баппен толықтырылсын:
      "233-3-бап. Экстремистiк және террористiк қызметтi
                  қаржыландыру
      1. Экстремистiк және террористік қызметтi қаржыландыру,-
      бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
      үш жылдан сегiз жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      3) 250-бапта:
      екiншi бөлiкте:
      мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
      "г) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса,-";
      екiншi абзацта "екi жылдан сегiз жылға дейiнгi" деген сөздер "жетi жылдан он екi жылға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiкте:
      бiрiншi абзац "немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзацта "жетi" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 328-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Конституциясында белгiленген лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiнше иелену,-
      үш жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      5) 337-бапта:
      тақырыбы "қоғамдық" деген сөзден кейiн "және басқа да" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi бөлiкте "шет мемлекет, немесе шетел азаматтары, немесе шетелдiк не халықаралық ұйымдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған көздер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) мынадай мазмұндағы 337-1-баппен толықтырылсын:
      "337-1-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не олардың
                  қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы соттың
                  шешiмiнен кейiн өзге де ұйымдардың қызметiн
                  ұйымдастыру
      1. Қоғамдық немесе дiни бiрлестіктiң не оларға қатысты тарату немесе экстремистiк қызметтi жүзеге асырумен байланысты қызметiне тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бар өзге де ұйымдардың қызметiн ұйымдастыру,-
      үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр жылдан екi жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң немесе оларға қатысты тарату немесе экстремистiк қызметтi жүзеге асырумен байланысты қызметiне тыйым салу туралы сот заңды күшiне енген шешiм қабылдаған өзге де ұйымдардың қызметiне қатысу,-
      екi жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он сегіз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң немесе оларға қатысты тарату немесе экстремистiк қызметті жүзеге асырумен байланысты қызметiне тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешiмі бар өзге де ұйымдардың қызметіне қатысуды өз еркiмен тоқтатқан адам егер оның әрекетiнде қылмыстың өзге құрамы қамтылмаса қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.".

      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; 2004 жылғы 28 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсімдерін жеңілдету, қылмыстардың кейбiр құрамдарын қылмыстық сипаттан арылту және әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы  Заңы ; 2005 жылғы 7 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне аралық соттар және төрелiк қызметiнің мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы  Заңы ; 2005 жылғы 8 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 7 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне әділет органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы  Заңы ; 2005 жылғы 11 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 8 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 31 желтоқсандағы  Заңы ):
      192-бапта:
      бiрiнші бөлiкте "233-2" деген сандардан кейiн "233-3" деген сандармен толықтырылсын;
      4-1-бөлік "259 (үшiншi және төртiншi бөліктерiнде)," деген сөздерден кейiн "337-1," деген сандармен толықтырылсын.

      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат, N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; 2005 жылғы 7 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне аралық соттар және төрелiк қызметiнiң мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы  Заңы ; 2004 жылғы 28 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргiзу, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсiмдерiн жеңiлдету, қылмыстардың кейбiр құрамдарын қылмыстық сипаттан арылту және әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы  Заңы ):
      1) мынадай мазмұндағы 102-2, 102-3-баптармен толықтырылсын:
      "102-2-бап. Тең дауыс беру құқығы туралы талапты бұзу
      Екі немесе одан да көп немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы тең дауыс беру құқығын бұзу,-
      айлық есептік көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      102-3-бап. Кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси
                 партияларды ұсыну мен сайлауға, сайлауда белгiлi
                 бір нәтижеге қол жеткiзуге септігін тигiзетiн
                 қызметті жүзеге асыру
      Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсыну мен сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге септiгiн тигізетiн қызметтi жүзеге асыруы,-
      жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен кетiре отырып айлық есептік көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде немесе онсыз, заңды тұлғаларға отыздан алпысқа дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) 343-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткіштiң жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не баспа өнімдерінің тәркiленуiмен он бес тәулiкке дейін мерзiмге әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.";
      3) 344-бапта:
      бiрінші бөліктің екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштің елуден екі жүзге дейiнгi мөлшерінде, лауазымды адамдарға жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерінде не он бес тәулiкке дейiн мерзiмге әкiмшiлік қамаумен, заңды тұлғаларға - бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң тәркiленуiмен бес жүзден екi мыңға дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде не он бес тәулiкке дейiн мерзiмге әкiмшілiк қамаумен, заңды тұлғаларға - өнiмдердiң тәркiленуiмен бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      4) 373-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      "кедергi жасау," деген сөздерден кейiн "сондай-ақ заңсыз жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де жариялы iс-шараларға қатысу," деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      5) 374-бап мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi және сегiзiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      4. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шетелдiктердiң қатысуымен заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, дiни бiрлестiктердiң, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы,-
      заңсыз қайырмалдықтардың тәркiленуiмен, лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңсыз қайырмалдықтардың тәркiленуiмен, заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың саяси партияларды қаржыландыруы,-
      заңсыз қайырмалдықтардың тәркiленуiмен, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен келтiре отырып екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Саяси партиялардың заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы,-
      заңсыз қайырмалдықтардың тәркіленуiмен, саяси партияның басшысына төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға және он бес тәулiкке дейiн мерзiмге әкiмшiлiк қамаумен не онсыз саяси партияның қызметiне тыйым салуға әкеп соғады.
      7. Саяси партиялардың қаржылық қызметi туралы жылдық есептi жарияламау,-
      партияның басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға саяси партияның қызметiн алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
      8. Саяси партиялардың, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдар немесе өкілдiктердiң) заңда көзделген жағдайларда қайта тiркеусiз қызметтi жүзеге асыруы,-
      партияның басшысына айлық есептік көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға, саяси партияның қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.";
      6) 374-1-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында
                    белгiленген тәртiппен тiркелмеген қоғамдық,
                    дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасау,
                    қатысу, сондай-ақ олардың қызметiн қаржыландыру
      1. Белгіленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасау,-
      жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Белгіленген тәртiппен тiркелмеген сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу,-
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Белгіленген тәртiппен тiркелмеген сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру,-
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7) 375-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "3. Азаматтардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың есептiк тiркеусiз миссионерлiк қызметті жүзеге асыруы,-
      азаматтарға айлық есептік көрсеткiштiң он беске дейiнгi, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетіре отырып он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      8) 636-баптың бiрiншi бөлігiнің 1) тармақшасында:
      екiншi абзацта:
      "372-374," деген сандардан кейiн "374-1," деген сандармен толықтырылсын;
      жиырма алтыншы абзацта "355," деген сандардан кейiн "374 (алтыншы бөлiгі)," деген сандармен толықтырылсын;
      жиырма сегізiншi абзацта "361," деген саннан кейiн "374 (төртiншi, бесiнші, жетiншi, сегiзiншi бөлiктермен)," деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Дiни сенiм бостандығы және діни бiрлестiктер туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 84-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 2004 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 28 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңы ):
      1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
      "1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен
                ұғымдар
      Осы Заңда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
      1) ғибадат орны (ғимарат) - құдайға құлшылық етуге, уағыздар мен дiни жиналыстарға, тәу етуге арналған объект;
      2) миссионерлiк қызмет - дiни-ағартушылық қызмет арқылы қандай да бiр дiни ілiмдi уағыздау және тарату.";
      2) 4-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берілмейдi.";
      3) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:
      "4-1-бап. Миссионерлiк қызмет
      Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрi - миссионер) Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлiк қызметті уәкiлеттi органда есептiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.
      Есептiк тiркеуден өтпей миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
      4-2-бап. Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарды
               есептiк тiркеу
      Миссионерлiк қызметпен айналысатын адамдарды есептiк тiркеудi жергілiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер миссионерлiк қызметтi жүзеге асыра бастаған соң бiр жылдан кейiн жергілiктi атқарушы органдарда қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
      Есептiк тiркеу үшiн миссионерлер жергілiкті атқарушы органға мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады:
      1) дiни нанымға тиесілігін, миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiш;
      2) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына дiни ұйым берген сенiмхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесi;
      3) тiркеу туралы куәлiктiң немесе миссионер мүддесiн бiлдiретiн дiни ұйым өз елiнiң заңнамасына сәйкес ресми тiркелгендігін куәландыратын өзге де құжаттың көшiрмесi;
      4) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни ұйымның шақыруы;
      5) миссионерлiк қызметке арналған дiни мақсаттағы әдебиеттер, аудио-, бейне- материалдар және (немесе) өзге де заттар. Есептiк тiркелгеннен кейiнгi қосымша пайдаланылатын дiни мазмұндағы материалдар жергiлiктi атқарушы органдармен келiсіледi.
      Көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде өтiнiш берушi белгiленген тәртiппен тiркелген төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетедi.
      Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарды есептiк тiркеудi құжат берілген күннен бастап жетi тәулiктен аспайтын мерзiмде жергiлiкті атқарушы орган жүргiзедi.".
      4) 5-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Баланы дiни тәрбиелеу оның жан-жақты дамуына, дене немесе рухани денсаулығына зиян келтiрмеуге тиiс.";
      5) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      "10-1-бап. Дiни бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру
      1. Дiни бiрлестiктiң қызметiн соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге немесе сот шешiм шығарғанға дейiн прокурор тоқтата тұруы мүмкiн. Прокурор дiни бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұрған жағдайда, ол үш күн iшiнде дiни бiрлестіктің қызметін үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуге тиiс.
      Дiни бiрлестiктiң қызметi:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған;
      2) дiни бiрлестіктiң жарғысына (ережесiне) қайшы келетiн iс-әрекеттердi үнемi жүзеге асырған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      2. Дiни бiрлестiктiң қызметi тоқтатылып тұрған кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында оның атынан сөйлеуге, жиналыстар, митингілер және өзге де жария сөз сөйлеудi ұйымдастыруға және өткiзуге тыйым салынады, сондай-ақ еңбек шарттары, оның қызметi салдарынан келтiрілген залалдың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу жөнiндегi есеп айырысуларды қоспағанда, дiни бiрлестiктiң банктiк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады.
      3. Егер дiни бiрлестіктің қызметiн тоқтата тұрудың белгіленген мерзiмi iшiнде тәртiп бұзушылықтар жойылатын болса, дiни бiрлестiк өз қызметiн қайта бастайды.
      4. Дiни бiрлестiктiң орын алған тәртiп бұзушылықты жойғандығы фактiсiн дiни бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм шығарған сот анықтайды.";
      6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-бап. Дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату
      1. Дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру (қосылу, бiрiгу, бөлiну, бөлiнiп шығу, қайта құру) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және дiни бiрлестіктiң жарғысында (ережесiнде) көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында оның жоғары органының шешiмi бойынша жүргiзіледi.
      2. Қайта ұйымдастырылғаннан кейiн жаңадан құрылған дiни бiрлестiктi тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Дiни бiрлестiк:
      1) оның органының шешiмi бойынша;
      2) соттың шешiмi бойынша таратылады.
      4. Дiни бiрлестiктi таратуды дiни бiрлестiктiң жоғары органы тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен сот жүргiзедi.
      5. Соттың шешiмi бойынша дiни бiрлестік:
      1) осы Заңның талаптарын орындамаған;
      2) дiни бiрлестіктiң қызметiн тоқтата тұру үшiн негiз болған тәртiп бұзушылықтарды cот белгiлеген мерзiмде жоймаған;
      3) діни бiрлестiктiң жарғысына (ережесіне) қайшы келетiн iс-әрекеттердi үнемi жүзеге асырған;
      4) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған не Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше мәрте (кемiнде екі рет) немесе өрескел бұзған;
      5) мемлекеттік тiркеу үшiн табыс етілген құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыс еместігі анықталған кезде дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп таныған не дiни бiрлестiктi мемлекеттік тiркеудiң күшi жойылған жағдайларда;
      6) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген өзге де жағдайларда таратылуы мүмкiн.".

      6. "Жедел-iздестіру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; N 15, 147-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 жылғы 8 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 7 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне әдiлет органдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы  Заңы ):
      1) 11-баптың 3-тармағының төртiншi абзацында "почта, телеграф арналарында сыртқы белгілерi бойынша" деген сөздер "желiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 12-бапта:
      2-тармақтың б) тармақшасында "почта, телеграф арналарында сыртқы белгілері бойынша" деген сөздер "желілерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "жедел-iздестiру шаралары" деген сөздер "арнайы жедел-iздестiру шаралары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):
      1) 6-баптың тоғызыншы бөлiгі "Қоғамдық бiрлестiктер туралы," деген сөздерден кейiн "Саяси партиялар туралы," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 9-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Саяси партияларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкілдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттар қоса тiркелiп, өтiнiш берілген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жүргізілуге тиіс.".

      8. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшілiк қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шiлдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 13, 272-құжат; 2002 ж., N 18, 158-құжат):
      2-баптың а) тармақшасы "қылмыстар үшiн" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ экстремизм белгілерiн қамтитын қылмыстар үшiн" деген сөздермен толықтырылсын.

      9. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжaт; 2003 ж., N 24, 175-құжат):
      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге, терроризм мен экстремизмдi насихаттауға және ақтауға, Қазақстан Республикасында террорға қарсы операцияларды жүргiзу барысында осы операциялардың техникалық тәсiлдерiн, тактикасын ашатын ақпараттарды таратуға есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ порнографияны насихаттауға жол берiлмейдi.";
      2) 13-бапта:
      1-тармақта:
      "тоқтатыла тұруы не" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) меншiк иесi, сот немесе прокурор тоқтата тұруы мүмкiн. Прокурор бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтата тұрған жағдайда, ол үш күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгінуге тиiс.";
      3 және 4-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәлiметтердi жария ету, қатыгездiк пен зорлыққа бас ұруды, әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттау немесе үгіттеу, террорға қарсы операциялардың техникалық тәсілдерi мен тактикасын ашатын ақпараттарды тарату, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, теле-, радио-, бейнеөнiмдердi, порнографиялық жыныстық-эротикалық сипаттағы өнiмдердi насихаттау, осы Заңның 2-бабының 3-тармағында, 3-бапта 10-баптың 3-2-тармағында көзделген талаптарды бұзу, 14-баптың 3-1-тармағының, 15-баптың талаптарын бiр жыл iшiнде қайталап бұзу белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтата тұруға негіз болып табылады.
      4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты насихаттау және үгіттеу, терроризм мен экстремизмдi насихаттау және ақтау, сондай-ақ белгіленген мерзiмде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтата тұру себебiн жоймау бұқаралық ақпарат құралдарын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтатуға негіз болып табылады.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес меншiк иесiнiң шешiмi бойынша да бұқаралық ақпарат құралдарын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтатуға болады.".

      10. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 10, 56-құжат):
      41-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдiк ұйымдар мен азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар өтеусіз негiзде беретiн қаражаттың есебінен қызметiн жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдарына осы қаражатты пайдалану туралы есеп ұсынады.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) баспасөз басылымдарында өз қызметi туралы, соның iшiнде өз құрылтайшылары, мүлiктiң құрамы туралы, қалыптастыру көздерi мен ақшаны жұмсау бағыттары туралы жыл сайын жариялайды.".

      11. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 153-құжат):
      1) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Азаматтар саяси партияның құрылтай съезiне (конференциясына) жеке қатысады. Азаматтардың өкiлдігі саяси партияның құрылтай съезiне (конференциясына) сенiмхатпен жiберілмейдi. Саяси партияның құрылуын, соның iшiнде құрылтай съезiнiң (конференция) өткiзiлуiн ұйымдастыруды қаржыландыру осы Заңның 18-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
      2-тармақ "нысан бойынша" деген сөздерден кейiн "электрондық жеткiзушi арқылы және қағазға түсiрiлген күйінде" деген сөздермен толықтырылсын.
      2) 10-баптың 7-тармағының 4) тармақшасы "сай келетiн" деген сөздерден кейiн "электрондық жеткізуші арқылы және қағазға түсiрілген күйiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-бап. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден бас тарту
      1. Тiркеушi орган заң актілерiнде көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ партия құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзған, ұсынылған құжаттар, соның ішiнде оның құрылтай құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерi) тiзiмдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тартады.
      Тiркеушi орган заң актiлерiне көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшенi (филиалды немесе өкілдiктi) құрудың заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзған, есептiк тiркеуге ұсынылған құжаттар, соның iшiнде партия мүшелерiнiң тiзiмдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалын немесе өкiлдiктi) есептiк тiркеуден бас тартады.
      2. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда саяси партия тiркеушi органға үш ай өткен соң оны мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар ұсына алады.
      3. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден, оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеуден бас тарту сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн.";
      4) 12-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашыл тобының, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығы осы Заңның 6-бабы 1-тармағының, 8-бабының, 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келуiн тексерудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.";
      5) 13-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Саяси партияның қызметiн сот шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге немесе прокурор сот шешiмi шыққанға дейiн тоқтата тұруы мүмкiн. Прокурор саяси партияның қызметiн тоқтата тұрған жағдайда, ол үш күн iшiнде саяси партияның қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуге тиiс.
      Саяси партияның қызметi:".
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) саяси партиялар мүшелерінің саны осы Заңның 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;";
      6) 14-баптың 5-тармағында:
      7) тармақша мынадай сөздермен толықтырылсын "саяси партия осы Заңда тыйым салынған қайырмалдықтарды қабылдаған";
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) саяси партия, оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары немесе өкiлдiктерi) қызметiн заңдарда көзделген жағдайларда қайта тiркеусiз жүзеге асырған;";
      7) 18-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы тармақта көрсетiлген адамдардан келiп түскен қайырмалдықтар соттың шешiмi бойынша мемлекеттің кiрiсiне аударылады.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Саяси партияның жылдық қаржылық есебi жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады.".

       2-бап. Осы Заң оны ресми жариялаған күннен бастап, он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларын және 4-тармағының 1)-7) тармақшаларын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады