"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 211 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы  келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба    

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия
Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы
еркiн сауда туралы келiсiмге өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы бекiту туралы

      2004 жылғы 11 қарашада Женева қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы  келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Үкiметi
арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы
келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
хаттама

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Үкiметiнiң арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы  келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы келiстi:
      1. Келiсiмнiң 2-бабында:
      1-тармақта:
      "жыл сайын" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Хаттамамен" деген сөздiң алдынан "осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Тараптар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын көрсетілген Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында қолданылатын еркiн сауда режимiнен алуларды қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы еркiн сауда режимiнен алуларды кезең-кезеңiмен жою кестесiне сәйкес жоюға келiстi.";
      2-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай редакцияда жаза отырып, 3-тармақ 2-тармақ болып есептелсiн:
      "2. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн және оны қолдану кезеңiндегі Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумағынан шығатын тауарлар деп, шығарылуы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерiнiң басшылары Кеңесiнiң 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекiтiлген Тауарларды шығаратын елдердi айқындау ережесiне сәйкес айқындалған тауарлар ұғынылады.".
      2. Келiсiм осы Хаттаманың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылады және Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2004 жылғы 11 қарашада Женева қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерiнде жасалған, әрі барлық мәтіндердiң бiрдей күшi бар.
      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру барысында келiспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының                 Грузия
            Үкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн

                                 Қазақстан Республикасының Yкiметі
                                   мен Грузия Yкiметi арасындағы
                                   1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн
                                  caуда туралы келiсiмге өзгерістер
                                    мен толықтырулар енгізу туралы
                                          хаттамаға қосымша

                                 "Қазақстан Республикасының Yкiметі
                                   мен Грузия Yкiметi арасындағы
                                   1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн
                                        caуда туралы келiсiмге
                                                қосымша

         Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы
      еркiн сауда режимінен алуларды кезең-кезеңiмен жою
                             кестесi

  СЭҚ ТН
   коды

       Тауар атауы

Алуларды
жою мерзiмi

2203

Уытты сыралар:

2005 жылғы
1 сәуiр

2205

Өсiмдiк немесе хош иiсті
заттар қосылған вермуттар
мен өзге де жүзiмнен
жасалған табиғи шараптар

2005 жылғы
1 сәуiр

2206

Өзге ашытылған сусындар
(алма сидрi, перри
/алмұрт сидрi/ бал
сусыны); ашытылған
сусындардан жасалған
қоспалар мен басқа жерде
аталмаған ашытылған сусын
қоспалары мен алкогольсiз
сусындар

2005 жылғы
1 сәуiр

2207

Көлемi 80% немесе одан да
көп спирт қоспасы бар
денатураландырылмаған
этил спиртi;
этил спиртi және өзге
денатураландырылған, кез
келген қоспадағы спирттер

2006 жылғы
1 қаңтар

24

Темекi және темекiнi өнер-
кәсiптік алмастырғыштар

2005 жылғы
1 сәуiр

170199100

Ақ қант

2005 жылғы
1 сәуiр

"

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi
арасындағы еркiн сауда туралы
КЕЛIСIM

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Грузия Үкiметi,
      өзара экономикалық ынтымақтастықты еркiн дамытуды ұстанатындықтарын растай отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Грузияның қалыптасқан интеграциялық экономикалық байланыстарын ескере отырып,
      тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң еркiн қозғалысы өзара келiсiлген шараларды жүзеге асыруды талап ететiнiн тани келiп,
      Қазақстан Республикасы мен Грузияның Тарифтер және сауда жөнiндегi Бас Келiсiмнiң (ТСБК) және Бүкілдүниежүзілiк Сауда Ұйымының (БСҰ) принциптерiн ұстанатындықтарын растай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар, тең құқық, өзара тиiмділiк және мүдделілік принциптерiн басшылыққа алып, Тарап-Мемлекеттерде қолданылатын заң актiлерiн сақтай отырып, тiке шаруашылық байланыстардың негiзiнде, меншiк түрлерiне қарамастан, шаруашылық қызметi субъектілерi арасында сауда-экономикалық қатынастарды дамытып, кеңейтетiн болады.
      Тараптардың әрқайсысы басқа Тарабына экономикалық нұқсан келтiрерлiк әрекеттерге бармайтын болады.

  2-бап

      1. Тараптар бiрiнiң кеден аумағынан шығып, басқа Тарабының кеден аумағына арналған тауарлардың кедендік ресiмделуiндегi алымдардан, сондай-ақ экспортына және/немесе импортына қойылатын сандық шектеулерiнен басқа, барабар күшi бар кедендік баж алым, салықтар қолданбайды. Жыл сайын, екi жақты негiзде жеке Хаттамамен ресiмделiп, тауарлар келісiлген номенклатура бойынша аталған сауда тәртiбiнен алынып отырады.
      2. Тараптар, осы баптың 1-тармағына сәйкес, еркiн caуда тәртiбiнен алынатындардың тiзбесiн, сондай-ақ осы алынатындарды қолданудың жалпы әдiстерiн жыл сайын әзiрлеп келiсiп, отырады.
      3. Осы Келiсiмнiң және оның қолданылу кезеңіндегi мақсаттар үшiн, Тарап-мемлекеттердің кеден аумағынан шығатын тауарлар деп, халықаралық нормаларға сәйкес тауар шыққан елдің Айқындайтын ережесiмен белгiленген тауарларды айтамыз.

  3-бап

      Әрбiр Тарап:
      - iшкi өндiрiстің ұқсас тауарларына немесе үшіншi бiр елден шығатын тауарларға салынатын тиiстi салықтардан немесе алымдардан асатын iшкi алым немесе салықтарды осы Келiсiмнiң күшi қолданылатын тауарларға тiкелей немесе жанама салмайтын;
      - басқа Тараптан шығатын тауарларды жинастыруға, қайта тиеуге, сақтауға, тасымалдауға, сондай-ақ төлемдерге және төлемдердi аударуға қатысты, осындай жағдайларда өз тауарларына немесе үшінші бiр елден шығатын тауарларға қатысты қолданылатындарынан өзге ережелердi қолданбайтын болады.

  4-бап

      Тараптар осы Келісiмнің шеңберiнде өзара саудада тауарлардың экспортына және/немесе импортына, кемсiтушiлiк шаралар қолданудан, сандық шектеулер немесе оларға барабар шаралар қолданудан бас тартатын болады.
      Тараптар тек, ақылға сай шамамен және қатаң белгілi бiр мерзiмге бiржақты түрде сандық немесе өзге арнайы шектеулер тағайындай алады.
      Аталған шектеулер айрықша сипатта болуға тиiс және ТСБК мен БСҰ шеңберiнде көзделген келiсiмдер жағдайында ғана қолданылуы мүмкiн.
      Осы бапқа сәйкес сандық шектеулер қолданатын Тарап аталған шектеулердi қолдануды енгiзудiң негізгі себептерi, оның нысаны мен болжамды мерзiмдерi туралы басқа Тарапқа мүмкiндігінше күнi бұрын толық ақпарат табыс етуге тиiс, осыдан кейiн консультация тағайындалады.
      Баптың 1-тармағында аталған сандық шектеулер, сондай-ақ Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша белгiленiп, Хаттамамен ресiмделуi мүмкiн.

  5-бап

      Тараптар, осы тауарлар өз аумағынан шыққан басқа Тараптың оның экспортына қатысты тарифтік немесе тарифтік емес реттеу шараларын қолданатын, сол тауарларды қайта экспорттауға жол бермейтiн болады.
      Тараптар тарифтiк немесе тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың тiзiмдерiн алысады.
      Осы тауарлар шығатын елдің мемлекетінiң өкiлеттi органының жазбаша келiсiмiмен және сол айқындаған жағдайлармен мұндай тауарлар үшiншi бiр елге қайта экспортталуы мүмкiн. Осы ереже орындалмаған жағдайда, мүддесi бұрмаланған Тарап рұқсатсыз қайта экспорттауға жол берген Тараптың аумағына тауарлар шығаруды бiржақты түрде реттеу жөнiнде шараларды енгiзуге құқылы. Рұқсатсыз қайта экспортталған жағдайда, тауарлар шығатын ел, келтiрiлген зиянның өтемiн талап етуi және айыпшара қолдануы мүмкiн.
      Осы бапта, қайта экспорттау деп, басқа Тараптың, тауарларды үшiншi бiр елге экспорттау мақсатымен келесi бiр Тараптың кеден аумағынан шығатын тауарларды оның аумағынан тысқары жерлерге шығаруын айтамыз.

  6-бап

      Тараптар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi барлық есеп айырысу мен төлемдер Тараптардың өкiлетті банктерi арасында есеп айырысу ұйымдастыру туралы Банкаралық келiсiмге сәйкес жүзеге асырылуға тиiстi.

  7-бап

      Тараптар кедендiк статистиканы қоса алғанда, экономикалық қызметке байланысты заңдар және басқа нормативтiк актiлер, соның iшiнде сауда, инвестиция, салық салу, банк, сақтандыру қызметтерi және өзге де қаржылық қызметтер, көлiк және кеден мәселелерi жөнiнде тұрақты негізде ақпарат алысатын болады.
      Тараптар осы Келiсiмнiң орындалуына ықпал етуi мүмкiн, ұлттық заңдардағы өзгерiстер туралы бiр-бiрiне кiдiрiссiз хабарлайды.
      Мұндай ақпарат алысудың ретiн Тараптардың өкiлеттi органдары келiсiп алады.
      Осы баптың ережелерi:
      кез-келген Тараптың құзырлы органдарын Тараптардың бiрiнiң заңы бойынша немесе кәдiмгi әкiмшiлiк iс-тәжiрибесінiң барысында алуға болмайтын ақпар берулерiне;
      қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсіптiк, сауда-саттық немесе кәсіптiк құпияны немесе ашылуы Тараптардың мемлекеттік мүдделерiне қайшы келетiн ақпар берулерiне мiндеттейтіндей етiп, түсiндiрiлмейтін болады.

  8-бап

      Тараптар терiс iскерлік тәжiрибенi осы Келiсiмiң мақсаттарына сай келмейдi деп таниды және атап айтқанда, аса бiр жағдайларда болсын болмасын, оның мынадай әдiстерiне жол бермеуге мiндеттенедi:
      - Тарап мемлекеттерiнiң аумағында бәсекелестікке кедергі келтiру немесе шектеу немесе оған жасалған жағдайларды бұрмалау мақсатымен кәсiпорындар арасында жасалған шарттар, кәсіпорындар бiрлестiгi қабылдаған шешiмдер және iс-тәжiрибесiнің жалпы әдiстерi;
      - Тарап мемлекеттерiнiң аумағының барлық немесе едәуiр бөлiгiнде бәсекелестіктi шектей отырып, бiр немесе бiрнеше кәсiпорынның өздерінің үстем жағдайын пайдаланатын iс-әрекетi.

  9-бап

      Тараптар статистикалық ақпарат алысу, кедендік рәсiмдер жүргiзу үшiн екіжақты экономикалық қарым-қатынастың тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын жүзеге асыру кезiнде Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлесiмдi жүйесiне және Еуропалық Экономикалық Одақтың Құрамды тарифтiк-статистикалық номенклатурасына негiзделген Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (СЭҚ TH) бiрыңғай тоғыз таңбасын пайдаланатын болады. Тараптар бұл орайда, өз қажеттіліктерi үшiн қажет болғанда, тоғыз таңбадан тыс Тауарлық номенклатураны дамытуды жүзеге асырады.
      Тиiстi халықаралық ұйымдардағы өкiлеттіктер арқылы өзара келiсiлген негiзде тауарлық номенклатураның эталондық нұсқасы енгiзiледi.

  10-бап

      Тараптар транзиттік өту еркiндiгi принципiн сақтау осы Келiсiмге қол жеткiзудiң аса маңызды шарты және халықаралық еңбек бөлiнiсi мен серiктесу жүйесiне қосылу процесінің елеулi буыны екендігімен келiседi.
      Осыған байланысты әрбiр Тарап басқа Тараптың және/немесе үшіншi бiр елдiң кедендiк аумағынан шығатын және басқа Тараптың немесе кез келген үшінші бiр елдiң кедендiк аумағына арналған тауарлардың өз аумағы арқылы кедергісiз транзитiн қамтамасыз етедi және экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға өзiнiң экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе үшiншi бiр мемлекеттің экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына берiлетiндерiнен кем болмайтындай етiп, құралдар мен қызметтердің транзитiн қамтамасыз ету үшiн қолындағы барлық жағдайларды жасайтын болады.
      Мемлекеттердің аумағы бойынша жүктердi өткiзудiң ретi мен шарты Халықаралық тасымалдаудың ережелерiне сәйкес реттеледi.

  11-бап

      Егер бұл шаралар мыналарға қатысы болса, осы Келiсiм Тараптардың кез-келгенінің өзiнiң өмiрлiк мүдделерiн қорғау үшiн қажет деп санайтын немесе ол қатысып отырған немесе қатыспақ ниетi бар халықаралық шарттарды орындауы үшiн сөзсiз қажеттi, халықаралық iс-тәжiрибеде жалпы қабылданған шараларды қолдану құқығына кедергi болмайды, олар:
      ұлттық қорғаныс мүдделерi;
      қару-жарақ, оқ-дәрi және әскери техника саудасы;
      қорғаныс қажеттiлігімен байланысты өндiрiстер үшiн зерттеулер;
      ядролық өнеркәсiпте пайдаланылатын материалдар мен құрал-жабдықтар беру;
      қоғамдық имандылықты, қоғамдық тәртіптi қорғау;
      өнеркәсiп немесе ақыл-ой меншiгiн қорғау;
      алтын, күмiс немесе өзге құнды металдар және асыл тастар;
      адам денсаулығын және айнала ортаны қорғау.

  12-бап

      Тараптар экспорттық бақылаудың тиiмдi жүйесiн жасау үшін экспорттық бақылаудың келісiмдi саясатын жүргiзу мақсатында үшiншi бiр елге қатысты тұрақты түрде консультация өткiзiп, өзара келiсiлген шаралар қабылдайтын болады.

  13-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар арасында бұрын жасалған екiжақты келiсiмдердiң ережелерiн, осы Келiсiмге сәйкес келмейтiн, не онымен ұқсас келетiн шамасына қарай алмастырады.

  14-бап

      Осы Келісiмнің ережелерiн түсiндiру немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы дау-талас келiссөздермен шешiлетiн болады.
      Тараптар өзара сауда мәселесiнде шиеленiстi жағдайды болдырмауға ұмтылатын болады.
      Әрбiр Тарап өз аумағында төрелiк сот шешімдерiн тану және оны жүзеге асыру жөнiнде тиiмдi құралдар болуын қамтамасыз eтeдi.

  15-бап

      Қажет болған жағдайда, Осы Келiсiмге Тараптардың келiсуi бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

  16-бап

      Осы Келiсiм, Тараптардың осы үшiн қажетті ішкi мемлекеттік рәсiмдердi орындағандары туралы жазбаша хабарлама алысқан мерзiмнен бастап күшiне енедi және Тараптың бiрi екiншi Тарапқа осы Келiсiмнiң күшін тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберген мерзiмнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде болады.
      Осы Келiсiмнiң күші тоқтатылғаннан кейiн, оның ережелерi оның күшiнде болған мерзiмiнде екi елдің кәсiпорындары мен ұйымдары арасында жасалған, бiрақ орындалмаған шарттамаларға, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмге қолданылатын болады.

      1995 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында, әрқайсысы қазақ, грузин және oрыс тілдерінде екi түпнұсқа данамен жасалды және де барлық мәтiндердiң күші бiрдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсатымен орыс тіліндегі мәтіннің күші басым болады.

       Қазақстан Республикасының                   Грузия
            Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

  Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Грузия Үкiметi
арасындағы 1997 жылғы 11 қарашаның Келiсiмдегі
еркiн сауда тәртiбiнен алынатындар туралы
ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасы мен Грузияның уәкiлетті өкiлдерi мына төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасады:

  1-бап

      Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы еркiн сауда туралы 1997 жылғы 11 қарашадағы Келiсiмнiң 2-бабымен көзделген алынатындар N 1 қосымшаға сай Грузиядан Қазақстан Республикасына экспортталатын тауарларға қолданылады.
      Қазақстан Республикасынан Грузияға экспортталатын тауарлардың тiзбесi қажет болған кезде анықталатын болады.

  2-бап

      1. Тараптар осы Хаттаманың 1-бабына сәйкес еркiн сауда тәртібiнен алынатындары қолданылатын тауарларға, соның iшiнде мыналарға қатысты бiр-бiрiне аса қолайлы жағдай жасайды, олар:
      - осындай алым-салықтарды алудың әдiсiн қоса алғанда, экспортталғанда (N 1 қосымшада аталған тауарларға қатысты) алынатын алым-салықтар;
      - транзиттеуге, тасымалдауға, жинастыруға, қайта тиеуге және басқа осындай қызметтерге қатысты ережелер;
      - төлем және төлем аудару әдiстерi;
      - импорттық лицензиялар бepу;
      - ішкі нарықта тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлуге және пайдалануға қатысты ережелер.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi қолданылмайтындары:
      - Тараптардың кез-келгенiнiң Кеден одағын немесе еркiн сауда аймағын құру мақсатымен немесе осындай одақ не, аймақ құру нәтижесiнде үшіншi бiр елге беретiн басымдықтары;
      - Тараптардың заңдарына сәйкес дамушы елдерге берiлетiн басымдықтары шекара бойындағы сауданы жеңілдету мақсатымен көршi елдерге берілетiн басымдықтар;
      - арнайы келiсімдерге сәйкес Тараптардың бiр-бiрiне беретiн басымдықтары.

3-бап

      Тарап-Мемлекеттердің кеден аумағына тауарлардың экспорты мен импорты кезінде кедендік ресімдеуде қолданылатын, тауарлардың (жұмыс пен қызметтің) экспорты мен импортын лицензиялау және квоталау туралы өздерінің заңдарына сәйкес, тараптар өзара саудада тарифтік емес реттеу шараларын сақтайды.

4-бап

      1. Осы Хаттама Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы 1997 жылғы 11 қарашада Келісімнің ажырамас бөлігі болады және осы Келісіммен бір мезгілде күшіне кіреді.
      2. Осы Хаттама Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы 1997 жылғы 11 қарашада Келісімнің 2-бабымен көзделген, жаңа Хаттама жасалғанға дейінгі кезеңде күшінде болады.

      1997 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында, әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде, екі түпнұсқа данамен жасалды.

       Қазақстан Республикасы               Грузия Үкіметі
          Үкіметі үшін                          үшін

                                 Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
                                   Грузия Үкіметі арасындағы Еркін
                                   сауда туралы Келісімдегі Еркін
                                    сауда тәртібінен алынатындар
                                           туралы Хаттамаға
                                             N 1 ҚОСЫМША
                                      1997 жылғы _________________

     Грузиядағы Қазақстан Республикасына экспортталғанда
       еркін сауда тәртібінен алуға жататын тауарлардың
                           Тізбесі

     Тауардың аты

   ВЭД ТН-сының коды

Алкогольді және алкогольсіз
ішімдіктер

22-топ (2201, 2202,
2204, 2208, 2209-дан
басқа)

Темекі, темекіні өндірістік
ауыстыратындар

24-топ

Қант

1701 99 100

Ескерту: Шараптар мен коньяктарды есептемегенде, алкогольді
өнімдер. Грузиядан жеткізілетін шараптар мен коньяктарды
жеткізу көлемі мен маркалары жыл сайын бекітілетін квоталарға
сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады