Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 247 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 545 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 545 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 151-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2005 жылғы 18 наурыздағы
N 247 қаулысымен  
бекiтiлген      

Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың
(бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру
ережесi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi.
      2. Ереже басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн дайындау, сондай-ақ басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн келiсу тәртiбiн айқындайды.
      3. Ереженiң мақсаты бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) (бұдан әрi - жоба(лар) iске асыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау жүйесiнiң тиiмділігiн арттыру болып табылады.
      4. Жоспарланатын кезеңнiң бiрiншi немесе екiншi жылы iске асырыла бастайтын басым жобалардың тiзбелерiн қалыптастыру белгiленген тәртiппен бекiтілген жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесi бар iрiктелген жобалар негiзiнде жүзеге асырылады.
      5. Жоспарланатын кезеңнiң екiншi немесе үшiншi жылы iске асырыла бастайтын жоспарланатын жобалар ретiнде басым жобалардың тiзбелерiн қалыптастыру iрiктелген инвестициялық ұсыныстар негiзiнде жүзеге асырылады.
      6. Басым жобалардың тiзбелерi басым жобалар бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң өтiнiмдерi (бұдан әрi - өтiнiмдер) негiзiнде қалыптастырылады.
      7. Өтiнiмдер мынадай құжаттармен қоса енгiзiледi:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк және салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар бөлiнiсiнде басымдылық тәртiбiмен ранжирленген басым жобалардың тiзбелерi;
      2) функционалдық топтар мен бюджеттiк бағдарламалар бөлiнiсiндегi басым жобалардың тiзбелерi;
      3) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиiстi құжаттардың көшiрмелерi қоса берілген басым жобалардың тiзбелерiне енгiзу үшiн ұсынылатын жобалар бойынша құжаттама құрамы;
      4) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны iске асырудың жоспар-кестесi;
      5) жоспарланатын кезеңнiң әрбiр жылы аяқталғаннан кейiн жобаларды iске асырудан күтілетiн нәтижелердiң сандық индикаторларын көрсете отырып, жоба бойынша қажеттi құжаттар мен есептер қоса берілген жоспарланатын кезеңнiң әрбiр жылына арналған жоба бойынша қаржыландыру көлемiнiң негiздемесi.
      8. Өтiнiмдердi, оның iшiнде жергiлiктi жобалар бойынша өтiнiмдердi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу үшiн заңнамада белгіленген мерзiмдерге сәйкес экономикалық жоспарлау жөнiндегi тиiсті уәкiлеттi органға тапсырады.
      Белгiленген мерзiмнен кеш тапсырылған өтiнiмдер басым жобалардың тiзбелерiне қосу тұрғысынан қаралмайды.

2-тарау. Басым жергiлікті жобалардың тiзбелерiн келісу

      9. Басым жергiлiктi жобалардың тiзбелерiн қалыптастырған кезде экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкілеттi органдар экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға басым жергілiктi жобалар тiзбелерiнiң жобаларын тапсырады.
      10. Басым жергілiктi жобалар тiзбелерiнiң жобаларына талдамалық анықтама қоса беріледi, онда:
      1) бюджеттiк инвестициялардың өткен орта мерзiмдi кезеңде жүзеге асырылуын талдау;
      2) алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған бюджеттiк инвестициялар саясаты;
      3) сандық индикаторларды келтiре отырып, жоспарланатын орта мерзiмдi кезеңнiң әрбiр жылы бойынша күтiлетiн нәтижелер көрсетіледi.
      11. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілеттi орган басым жергілiктi жобалар тiзбелерiнiң бюджеттiк инвестициялардың басымдықтарына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
      12. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган басым жергілiктi жобалар тiзбелерiнiң жобаларын қарағаннан кейiн экономикалық жоспарлау жөнiндегі жергілiктi уәкiлеттi органдар экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның ұсынымдарын қабылдау жөнiндегi (мұндай ұсынымдар болған жағдайда) салыстырма кестемен қоса, оларды мақұлдау үшiн жергілiктi бюджет комиссияларының қарауына тапсырады.
      13. Жергiлiктi бюджет комиссиялары мақұлдаған басым жергiлiктi жобалардың тiзбелерi экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның ұсынымдарын ескере отырып пысықталған талдамалық жазбамен қоса, қабылданбаған ұсынымдар (мұндай ұсынымдар болған жағдайда) жөнiндегi себептердiң негiздемесiмен бiрге экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жiберiледi.

                                     Басым бюджеттiк инвестициялық
                                     жобалардың (бағдарламалардың)
                                        тізбелерін қалыптастыру
                                          ережесіне 1-қосымша

       Ұсынылатын республикалық (жергілiктi) бюджеттiк
         инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
                            тiзбесi

Бюджеттiк бағдарламалардың
әкiмшiсi бойынша _______________

                                                    (мың. теңге)


Р/с
N

Бюджеттік
инвести-
  циялық
жобаның
(бағдар-
ламаның)
  атауы

Іске
асыру кезеңі

Жалпы
құны

Жылдар бойынша қаржыландыру көлемi:

     Жоспарланып отырған кезеңге
         дейiн, оның iшiнде

Барлығы

жоспарланып
отырғанның
алдындағы
жылға (факт)

   ағымдағы
     жылға
   (жоспар)

1

2

3

4

5

6

7

кестенің жалғасы

  Жылдар бойынша қаржыландыру көлемi:

Жоспарланып отырған кезеңге
     арналған (болжам)

Жоспарланып
  отырған
  кезеңнен
   кейін

жоспарланып
отырған
кезеңнiң
  1-жылы

жоспарланып
отырған
кезеңнiң
  2-жылы

жоспарланып
  отырған
кезеңнiң
  3-жылы

8

9

10

11

                                Толтырылған күнi ________________
                  _______________________________________________
                   (Бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсi жетекшiсiнiң
                               қолы және аты-жөнi)

Ескертпе: 1) 4, 8-11-бағандарда ақпарат бөлшек түрінде - бекітілген
             басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарлама-
             лардың) тізбесіне сәйкес алымында, бөлімінде ББӘ-нің
             ұсынысы көрсетіледі;
          2) 4-бағанда барлық қаржыландыру көздерін есепке ала
             отырып, жобаның жалпы құны көрсетіледі (2-бағанда
             қаржыландыру көздері көрсетіледі);
          3) 6-бағанда қаржы жылындағы жоба бойынша кассалық
             атқарылу көрсетіледі;
          4) 7-бағанда бекітілген бюджетке сәйкес жоба бойынша сома
             көрсетіледі.

                                     Басым бюджеттiк инвестициялық
                                     жобалардың (бағдарламалардың)
                                        тізбелерін қалыптастыру
                                          ережесіне 2-қосымша

______________________ жылдарға арналған Басым бюджеттiк
(кезеңi көрсетілсiн)  инвестициялық жобалардың тiзбесiне
                қосуға ұсынылатын бюджеттiк инвестициялық
                    жобалар (бағдарламалар) бойынша
                          құжаттаманың құрамы

Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшісi
         бойынша ______________________________

P/c
N

Бюджет-
тік
инвес-
тиция-
  лық
жобаның
(бағ-
дарла-
маның)
атауы


 

  ТЭН


   ТЭН
бойынша
Мем-
сарап-
таманың
қоры-
тындысы

Қазақстан
Республи-
   касы
Индустрия
және сауда
министр-
  лiгi
Құрылыс
   және
  тұрғын
үй-комму-
  налдық
шаруашылық
комитетi-
нiң TЭH-дi
  бекіту
  туралы
бұйрығы

Экономи-
калық
сарапта-
маның
қорытын-
  дысы

   ТЭН бекіту туралы
бюджеттік бағдарлама
әкімшiсiнің бұйрығы

N және күнi
(келiскен/
келiспеген)

Бұйрыққа
  сәйкес
жобаның
  жалпы
  құны
  (мың
  теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

кестенің жалғасы

ЖСҚ

  ЖСҚ
бойынша
Мемса-
раптама-
  ның
қорытын-
дысы

ЖСҚ-ны
бекіту
туралы
бұйрық

Бекiтіл-
  ген
ЖСҚ-ға
cәйкec
жобаның
жалпы
құны
(мың
теңге)

Тауарларды
(жұмыстарды
және қызмет-
  терді)
мемлекеттiк
сатып алу
  туралы
шарттарға
  сәйкес
  жобаның
жалпы құны
(мың теңге)

Жоба
бойынша
мемле-
кеттік
сатып алуды
жүргізу
туралы
ақпарат

Ескертпе

9

10

11

12

13

14

15

                                Толтырылған күнi ________________
                  _______________________________________________
                   (Бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсi жетекшiсiнiң
                               қолы және аты-жөнi)

      4-6, 10, 11-бағандарда құжаттың күні және нөмiрi көрсетіледi
      3, 9-бағандарда құжаттаманың болуы туралы ақпарат
      көрсетіледі, болмаған жағдайда әзiрлену сатысын немесе болмау
      себебiн көрсету қажет
      14-бағанда жобаны iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды және
      қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың
      өткiзiлетін күнiн, жеңімпаздардың атауын және шарттың сомасын
      көрсету қажет.

                                     Басым бюджеттiк инвестициялық
                                     жобалардың (бағдарламалардың)
                                        тізбелерін қалыптастыру
                                          ережесіне 3-қосымша

             Жобаны iске асырудың жоспар-кестесi

Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi:  ____________________
                                   ____________________
Жобаның атауы                      ____________________
Жобаның мақсаты                    ____________________
Мемлекеттiк, салалық (секторалдық)
немесе өңiрлiк бағдарламаның атауы
(Бағдарламаның немесе оны
iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар
жоспарының тармағы
көрсетiлсiн)

                       ___________________________
Iске асыру кезеңi 200_  200 _
Жобаның жалпы
құны _____       _____________________________ сәйкес айқындалған
               құжаттың атауы, N және күні көрсетілсін

Р/с
N

Құрау-
ыштар
атауы

Орындалу/
қаржылан-
дыру көлемi
   (жоба
  бойынша
  барлығы)

Iс-шара-
лардың
атауы

Орындалу/қаржыландыру көлемi



    Жоба
  бойынша
  барлығы

Заттай
көрсеткiштiң
өлшем бiрлігі

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

           Орындалу/қаржыландыру көлемi

            оның iшiнде жылдар бойынша:

жоспар-
ланып
отырған
кезеңге
дейiн

   Жоспарланып отырған
     кезеңнiң 1-жылы

Жоспар-
ланып отырған
кезеңнiң
2-жылы

Жоспар-
ланып
отырған
кезеңнің
3-жылы

Одан
кейiнгі
жыл-
дарға

1-
тоқсан

2-
тоқсан

3-
тоқсан

4-
тоқсан

7

8

9

10

11

Ескертпе: 2-бағанда жобаның бекiтiлген ТЭН-iне сәйкес айқындалған
          құрауыштар көрсетiледi;
          3, 5, 7-10-бағандарда ақпарат бөлшек түрiнде көрсетiледi
          (алымында - заттай көрсеткiш, бөлiмiнде - мың теңге).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады