Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
1-бап. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 ж. 20 желтоқсандағы Заңы , 2004 ж. 30 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" және 2004 ж. 28 желтоқсандағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңмен белгiленген зейнеткерлік жасына жетуiне қарай берiлетiн ақшалай төлем;
11) тармақшада:
"(келiсiм)" деген сөз алынып тасталсын;
"салымшы" деген сөзден кейiнгi "мен" деген жалғаулық "және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын;
15-1) ең төмен зейнетақы - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген зейнетақы төлемдерiнiң ең төмен мөлшерi;";
2) 5-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алып келген;
2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен азаматтарына;
3) әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және iшкi істер органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртіп қолданылатын, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар қызметкерлерiне мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi Орталықтан берiлетiн және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн, сондай-ақ мүгедектiгі бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi кезең-кезеңiмен ең төмен күнкөріс деңгейіне жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленедi.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерін төлеу бюджет қаражаты есебiнен, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
Осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен кезде, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар азаматтардың қалауы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылуы мүмкiн.";
3) 6-баптың 2-тармағындағы 12-1) тармақшасындағы "жылына кемiнде бір рет" деген сөздер алынып тасталсын;
4) 8-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "9-бабына" деген сөздер "9-бабының 1-3-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 13-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1), 4-1), 4-2), 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды есепке алуды;";
4-1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке адамдардың бірыңғай тiзiмiн қалыптастыруды;
4-2) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған және (немесе) әлеуметтiк жеке кодтың берiлуi туралы куәлiгi жоқ, және (немесе) деректемелерiнде қате жiберілген салымшылардың мiндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды;
4-3) салымшылардың зейнетақы жинақтарын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аударуды;";
6) 22-баптың 3-тармағындағы "9-бабына" деген сөздер "9-бабының 1-3-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 22-1-бапта:
1-тармағындағы "ең төменгі айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен" деген сөздер "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Адвокаттар, жеке нотариустер, сондай-ақ жеке кәсiпкерлер үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жатқызылған, салық кезеңiнiң әр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалатын кiрiстiң он процентi мөлшерiнде белгіленедi, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген ең төменгі жалақының он процентiнен кем болмауға және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгi жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнiң он процентiнен жоғары болмауға тиiс.
Арнаулы салық тәртiбiн қолданатын шаруа (фермерлiк) қожалықтары үшiн шapуa (фермерлiк) қожалығы мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жатқызылған, салық кезеңiнiң әр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының кемiнде он процентi мөлшерiнде белгiленедi.
Арнаулы салық тәртiбiн бiржолғы талон негiзiнде қолданатын жеке тұлғалар үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жатқызылған, бiржолғы талондар сатып алынатын әрбiр отыз күн күнге есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі жалақының он процентi мөлшерiнде белгiленедi.";
8) 22-2-баптың 2-тармағындағы "оларды салық салынғаннан кейiнгi табыс есебiнен жүзеге асырған жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын;
9) 23-3-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгі алынып тасталсын;
10) 24-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
11) 27-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "құрылтайшылары (акционерлерi)" деген сөздер "акционерлерi" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Агенттердiң Орталықтан қызметкерде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен растама алуға құқығы бap.";
3-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
12) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
"27-1-бап. Зейнетақы жинақтарын аудару
1. Зейнетақы жинақтарын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аудару салымшының (алушының) жеке өтiнiшi бойынша, уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтiнiшпен баруға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарын аударуға өтiнiшпен баруға нотариалды расталған сенiмхатты, онда зейнетақы жинақтарын аудару жүзеге асырылатын жинақтаушы зейнетақы қорын көрсете отырып жеке немесе заңды тұлғаға бередi.
Сенiмдi өкiл зейнетақы жинақтарын аудару жүзеге асырылатын жинақтаушы зейнетақы қорына өтiнiш берген кезде, зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтiнiшпен баруға нотариалды расталған сенiмхатты және уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген құжаттарды ұсынады.";
13) 29-баптың 1-тармағында:
4) тармақшадағы "ақпарат берудi" деген сөздер "ақпарат берудiң тәртiбiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1) тармақшадағы "құрылтайшылары (акционерлерi)" деген сөздер "акционерлерi" деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 31-баптың 4-тармағы мынадай реакцияда жазылсын:
"4. Егер жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша ай сайын есептелетін номиналдық кiрiсiнiң мәнi орташа өлшемдi номиналдық кiрiстiң төменгi мәнiнен кем көлемдi құрайтын болса, онда зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры номиналдық кiрiстiң мәнi мен ең төменгі орташа өлшемдi номиналдық кiрiс арасындағы айырманы осы көрсеткiштердiң есебi жүзеге асырылған күннен бастап 5 күннiң iшiнде, өзiнiң меншiктi капиталы есебiнен, уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнде белгіленген тәртiппен қалпына келтіреді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша номиналдық кiрiсiн және ең төменгi орташа өлшемдi номиналдық кiрiстiң ең төменгi мәнiн есептеудiң тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.";
15) 31-1-бапта:
1-тармақ "1-3-тармақтарында" деген сөздерден кейiн "және 23-бабының 1-тармағы 3) тармақшасында" деген сөздермен толықтырылсын;
"тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күнге белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi бөлiгiндегi "2) және 3) тармақшаларында" деген сөздер "2) тармақшада" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiгiндегi "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген" деген сөздер "зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күнге белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 31-2-баптың 2-тармағындағы "шарт тараптарының келiсiмiмен" деген сөздер "осы Заң талаптарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 40-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бiрінші басшы немесе бас бухгалтер лауазымына үмiткердiң қызметiнiң негiзгі түрi қаржы қызметтерiн көрсету болып табылатын ұйымдағы кемінде үш жыл жұмыс стажы болуы тиiс.";
2-тармақтың бесiншi абзацы алынып тасталсын;
18) 41-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға;";
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сұрауы бойынша салымшыға және алушыға оның зейнетақы жинақтарының кез келген сұралатын күнгi жай-күйi туралы ақы алмай ақпарат беруге және оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткiзуінiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге;";
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасалған шарттар туралы деректердi, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен электронды құжат айналымын пайдалана отырып Орталыққа ұсынуға;";
13) тармақша "шарт жасасу" деген сөздерден кейiн "және осы Заңда көзделген жағдайлар туындаған кезде оны бұзу" деген сөздермен толықтырылсын;
19) 45-баптың 5-тармағында:
бiрiншi бөлiгi алынып тасталсын;
екiншi бөлiк "тарату комиссиясы" деген сөздерден кейiн "немесе уақытша әкiмшiлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
20) 45-1-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Ерiктi түрде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы зейнетақы активтерiн, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша оның мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тапсыру жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.";
21) 45-2-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiк зейнетақы активтерiн, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша оның мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына, уәкілеттi орган белгiлеген тәртiппен тапсыру жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.";
7-тармақтың екiншi бөлiгi "тағайындау" деген сөзден кейін "және босату" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорын таратумен байланысты шығыстар таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен жүргiзiледі.";
22) 47-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлігіндегi "заңды тұлға акционерлер" деген сөздерден кейiн "акцияларға орналастырылған активтерiн және басқа тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерiн шегере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
23) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Комиссиялық сыйақының шектi шамасын жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) инвестициялық табыстың он бес процентiнен;
2) айына зейнетақы активтерiнiң 0,05 процентiнен аспайтын шекте белгілейдi.
Комиссиялық сыйақының шамасы жылына ең көбі бір рет өзгертiлуi мүмкiн және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемiнде екі мерзімдік басылымда мемлекеттiк және орыс тілдерiнде жариялау жолымен салымшылар мен алушыларға күнтiзбелiк жыл басталғанға дейiн бiр айдан кешіктiрмей хабарландырылуға тиiс. Комиссиялық сыйақыны өндiрiп алудың тәртiбiн уәкiлеттi орган белгілейдi.";
24) 49-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Зейнетақы активтері мен жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтардың есебiне арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.".
2-бап. Осы заң, 2005 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізiлетiн 1-баптың 2) тармақшасын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті