Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жергiлiктi атқарушы органдардың халықпен есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 279 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жергiлiктi атқарушы органдардың халықпен есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Жергiлiктi атқарушы органдардың халықпен
есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының  17 ,  21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрi демократияландыру, халықты елiмiзде жүргiзiлiп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершiлiгi мен есеп беруiн арттыру, халықты мемлекеттiк басқару процесiне кеңiнен тарту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Барлық деңгейдегi әкiмдер жыл сайын бiрiншi тоқсанның iшiнде халықпен есеп беру кездесулерiн өткiзсiн, оның барысында елiмiзде әлеуметтiк-экономикалық және саяси реформалардың iске асырылуы, тиiсті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өткен жылда әлеуметтiк-экономикалық дамуы, оны одан әрi дамытудың мiндеттерi мен негiзгi бағыттары туралы ақпарат берсiн.
      2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерi есеп беру кездесулерi өткен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей оның нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметі есеп беру кездесулерiнiң қорытындылары бойынша тиiстi шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады