Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 291 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 558 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.07.2015 № 558 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Темiр жол көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған Темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетін қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң        
2005 жылғы 31 наурыздағы
N 291 қаулысымен    
бекiтілген       

Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезінде жүктердің
әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Темiр жол көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Ереженiң әрекетi әскери және арнайы тасымалдарға қолданылмайды.

      3. Осы Ережедегi ұғымдар Қазақстан Республикасының " Темiр жол көлігі туралы " 2001 жылғы 8 желтоқсандағы және " Күзет қызметi туралы " 2000 жылғы 19 қазандағы Заңдарында айқындалған мағынада пайдаланылады.

      4. Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезiнде әскерилендiрілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердi күзетудi тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша қамтамасыз етедi.

      5. Темiр жол көлігімен тасымалдау кезiнде әскерилендiрілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тiзбесiн көлiк және коммуникация саласындағы уәкілеттi орган бекiтедi.

      6. Жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілер жүргiзедi.

      7. Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсіпорындар және акционерлiк қоғамдар болып табылатын ұлттық тасымалдаушы, тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушiлер және олармен қосылма заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес күзету қызметтерін күзет қызметi субъектiлерiнен сатып алады.

      8. Халықаралық қатынаста тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi күзету Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес, сондай-ақ тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi басқа мемлекеттердiң тасымалдаушыларымен жасасатын шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Тасымалданатын жүктердi күзетудi ұйымдастыру тәртiбi

      9. Күзетуге берiлген жүктердiң маңыздылығын, құндылығын және қауiптiлігін ескере отырып, күзет ұйымы оларды күзетудiң мынадай тәсiлдерiн қолдануы мүмкiн:
      1) жүру жолындағы жекелеген темiр жол станцияларында күзетшiлердi ауыстыра отырып жүктердi күзетуге тағайындалған күзетшiлер тобының (бұдан әрi - наряд) бiрге алып жүруi;
      2) жөнелту станциясынан баратын станциясына дейiнгі жүру жолында жүктердi күзетудi жүзеге асыратын нарядтардың бiрге алып жүруi (жол бойы алып жүруi).

      10. Қоса есептегенде он вагонға дейінгі бір топтағы жүктерді күзетудi атыс қаруымен қаруланған бiр және одан да көп күзетшi жүзеге асырады.

      11. Құрамында екі және одан да көп күзетшi наряды бөлiнген жағдайда олардың бiреуi наряд жетекшiсi болып тағайындалады.

      12. Бағыттарды жол бойы алып жүруге арналған күзет нарядының сандық құрамын осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген талаптарды ескере отырып және " Күзет қызметi туралы " Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 сәуiрдегi N 407 қаулысымен белгiленген сан нормативтерi шегiнде күзет ұйымы белгiлейдi.

      13. Жүру жолында күзет нарядтарының ауысуы қару-жарақ бөлмесiмен жабдықталған, нарядтарды ауыстыруға арналған, күзет ұйымы алдын ала белгiлеген поездық локомотивтік бригадалардың ауысуы жүргiзiлетiн темiр жол станцияларындағы күзет ұйымының объектiлерiнде (бұдан әрi - ауысым пунктi) жүргiзiледi.

      14. Әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi үздiксiз бiрге алып жүрудi қамтамасыз ету жөнiндегi нарядтардың iс-әрекеттерiн үйлестіруді күзет ұйымы өз бетiмен жүзеге асырады.

      15. Әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдау құжаттарын ресiмдеу ерекшелiктерi көлiк және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекiткен жүктердi тасымалдау ережесiмен айқындалады.

      16. Поездарды жасақтау кезiнде және жүру жолында күзетiлетiн вагондармен жасалатын алдағы маневрлiк жұмыс туралы темiр жол станциясының қызметкерлерi наряд жетекшiсiне маневрлер басталғанға дейiн ескертедi. Күтілетiн вагондарды дөңестен төмен жiберуге үзiлдi-кесiлді тыйым салынады.

3. Жүктерi бар вагондарды күзетуге қабылдау тәртiбi

      17. Нарядтың жүктерi бар вагондарды күзетуге қабылдауы тасымалдаушының жүк жөнелтушіден вагондарды қабылдау орындарында поезд жөнелтiлгенге дейiн 2 сағаттан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.

      18. Вагондар мен жүктердi күзетуге қабылдауды наряд жетекшiсi тасымалдаушы немесе жүк жөнелтуші өкiлiнiң қатысуымен, Ережеге 1-қосымшаға сәйкес темiр жол станциясында тасымалдаушының өкiлi жүргiзетін станцияда жүктерi бар вагондарды күзетуге тапсыруды есепке алу кiтабында наряд жетекшiсiнiң қол қоюымен жүргiзедi.

      19. Әскерилендiрiлген күзеттiң бiрге алып жүруіне жататын жүктерi бар вагондарды күзетуге қабылдау және беру туралы мәлiметтердi наряд жетекшiсi Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жүру жолында жүктердi әскерилендiрiлген күзетудiң бағыт қағазында және Ережеге 3-қосымшаға сәйкес күзеттің ауысым пунктiнде жүргiзілетiн күзет нарядтарының жүктерi бар вагондарды тапсыруын және қабылдауын есепке алу кiтабында тiркейдi.

      20. Ашық жылжымалы құрамдағы вагондарды, жүктерді күзетуге қабылдау кезiнде наряд жетекшiсi жүктер, едендер, люктер, төменгi және жоғарғы төгу приборлары, бұраулар мен пломбалары бекiтілуiнiң жарамдылығын, ашық жылжымалы құрамдағы жүк орындарының жарамдылығын тексередi. Адамдардың өмiрiне, жүктердiң немесе жылжымалы құрамның сақталуына қауiп төндiретiн ақаулар анықталған кезде вагондарды күзетуге қабылдамайды, ақауларды жоюды талап етедi және бұл туралы күзет ұйымының өкiлiне немесе темiр жол станциясының бастығына баяндайды.

4. Жүру жолында жүктердi әскерилендiрiлген күзету

      21. Күзет нарядтарының күзетілетiн вагондарды ауысым пункттерiнде қабылдауы және тапсыруы поездың темiр жол станциясында тұрған уақыты iшiнде жүру жолында жүктердi әскерилендiрiлген күзетудің бағыт қағазында және күзет нарядтарының жүктерi бар вагондарды тапсыруы мен қабылдауын есепке алу кiтабында қол қоюымен жүргiзіледi.

      22. Жүктерi бар вагондарды күзету кезiнде наряд "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес қаруды және арнайы құралдарды қолданады.

      23. Вагоннан немесе контейнерден бекiту-пломбалау құрылғыларының жұлынғаны, жүктер, едендер, люктер, төменгі және жоғарғы төгу приборлары, ашық жылжымалы құрамдағы жүк орындары бекiтілуiнiң ақаулары анықталған жағдайда, наряд жетекшiсi осы және басқа да оқиғалар туралы күзет ұйымының және тасымалдаушының өкілдеріне хабарлайды. Бұл ретте вагонды не контейнердi тасымалдаушының өкiлiне не жүк жөнелтушiге тапсырғанға дейiн наряд жүктiң күзетілуiн қамтамасыз етедi.
      Тасымалдаушы көрсетілген оқиғалар туралы көлiктегi iшкi iстер органдарын хабардар етедi.

      24. Поезға қатер төндiретiн қауiптi (буксалар мен жүктің өртенуi, жылжымалы құрамның рельстен шығуы және т.б.) жағдайда наряд жетекшiсi локомотив бригадасымен бiрлесіп, қауiптіліктi жою үшiн ықтимал шараларды қабылдайды. Наряд оқиға болған жердi қарауға және қауiптiлікті жоюға келген лауазымды тұлғалардан басқа ешкiмдi оқиға болған жерге және жүктерге жiбермейдi.

      25. Күзетілетiн вагондары бар поезд аралық станцияда локомотивсiз уақытша қалдырылған жағдайда, наряд жетекшiсi бұл туралы күзет ұйымына кешіктiрмей хабарлайды. Қажетті жағдайларда күзет ұйымы жүктерi бар вагондарды тәулiк бойы күзетудi ұйымдастыру үшiн көрсетiлген станцияға қосымша наряд жiбередi.

5. Жүктерi бар вагондарды тапсыру тәртiбi

      26. Поезд баратын темiр жол станциясына келгенде наряд күзетiлетін вагондарды ауысым наряды, тасымалдаушының темiр жол станциясындағы өкiлi немесе жүктi алушы оларды қабылдағанға дейiн қалдырмайды.

      27. Тасымалдаушы немесе жүк алушы вагондарды қабылдағаннан кейiн бұл туралы жүру жолында жүктердi әскерилендiрілген күзетудiң бағыт қағазына белгi жасайды.

6. Темiр жол көлiгiнде ықтимал құқыққа қарсы
акцияларды анықтау және олардың алдын алу

      28. Темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi күзетудi жүзеге асыру үшiн күзет қызметiнiң субъектiсi диверсиялық және террористік қатерлерден күзетілетін объектілердiң қорғалу деңгейiн арттыру, темiр жол көлiгiндегi құқыққа қарсы актiлердi анықтау және олардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және орындалуын қамтамасыз етедi және оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес аумақтық iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiседi.

      29. Темiр жол көлiгіндегi құқыққа қарсы актiлердi анықтау және олардың алдын алу жөнiндегі iс-шаралар алдын алу шараларын өткiзудi, күзетшiлердiң жеке қорғану шараларын, қысылтаяң жағдайлардағы және шұғыл көшiру кезiндегi iс-әрекеттердi, сонымен қатар тиiстi мемлекеттік органдарды хабардар ету тәртiбiн көздейдi.
      Осы шаралар орындалмаған жағдайда күзет қызметiне бақылауды жүзеге асыратын уәкiлетті орган күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияны тоқтата тұруы немесе қайтарып алуы, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де шаралар қолдануы мүмкiн.

                                   Темір жол көлігімен тасымалдау
                                 кезінде жүктердің әскерилендірілген
                                   күзетін қамтамасыз ету ережесіне
                                              1-қосымша

             ___________СТАНЦИЯСЫНДА ЖҮКТЕРІ БАР
           ВАГОНДАРДЫ КҮЗЕТУГЕ ТАПСЫРУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
                            КІТАБЫ

Поездың
   келу
  уақыты

Поез-
дың
нөмірі

Вагон-ның
нөмі-
рі

Жүк-
тің
түрі

Станцияның
қызметкері
тапсырды
(лауазымы,
тегі, қолы,
   күні,
  сағаты)

  Наряд
жетекшісі
қабылдады
(лауазымы,
тегі, қолы,
   күні,
  сағаты)

Қабыл-
данған
вагон-
дардың
жай-күйі
туралы
белгі

Күні

Саға-
ты

1

2

3

4

5

6

7

8

















































                          Темір жол көлігімен тасымалдау
                        кезінде жүктердің әскерилендірілген
                         күзетін қамтамасыз ету ережесіне
                                     2-қосымша

      НАРЯДТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ
____________________________________
Көрсет-  |Күні|  Уақыты |Ауы-|Күзет|
кіштер   |мен |_________|сым |ұйымы|
          |айы |Сағ.|Мин.|пун-|өкі- |
          |    |    |    |кті-|лінің|      Жүру жолында жүктерді
          |    |    |    |нің |қолы |   әскерилендірілген күзетудің
          |    |    |    |мөр-|     |      N __ БАҒЫТ ПАРАҒЫ
          |    |    |    |та- |     |
          |    |    |    |баны|     | т.ж. ____________ станциясынан
__________|____|____|____|____|_____| т.ж. _______ станциясына дейін
Наряд кетті                         |
____________________________________|       НАРЯДТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ
Наряд келді                         |
____________________________________| _____________________________
Наряд кетті                         ||Лауа-|Тегі, аты,|Қару-| Қару-|
____________________________________||зымы | әкесінің | дың |  N   |
Наряд келді                         ||     |   аты    |түрі |      |
____________________________________||_____________________________|
Наряд кетті                         ||_____________________________|
____________________________________||_____________________________|
Наряд келді                         ||_____________________________|
____________________________________||_____________________________|
Наряд кетті                         | Нарядтармен бірге аттары
____________________________________| мынадай қызметтік иттер
Наряд келді                         | жүреді ______________________
____________________________________| _____________________________
Наряд кетті                         | М.О.  Станциядағы күзет
____________________________________|       ұйымының өкілі ______
Нарядтың                            | __ жылғы "__" _____________
ауысым                              |
пунктіне                            | НҰСҚАМА АЛҒАН ТУРАЛЫ БЕЛГІЛЕР
келуі                               |
____________________________________|

      ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ
____________________________________
Көрсеткіштер    Уақыты   Күзет ұйымы|
              __________  өкілінің  |
               Сағ. Мин.    қолы    |
____________________________________|
Қарауыл үй-                         |
жайында күту                        |
____________________________________|
Поездарды                           |
бірге алып                          |
жүру                                |
____________________________________|
Ауысым                              |
пунктінде                           |
демалу                              |
____________________________________|
Резервпен                           |
қайта                               |
оралу                               |
____________________________________|
Станция                             |
паркінде                            |
жүктерді                            |
күзету                              |
____________________________________|
Жедел                               |
жұмыс                               |
____________________________________|
Пикет                               |
қызметі                             |
____________________________________|
Барлығы:                            |
____________________________________|

Жол жүру барысында нарядтарды тексеру
туралы белгілер үшін

             ҚОЛХАТ                             ҚОЛХАТ

Баратын жері: күні __ поездың      Баратын жері: күні ___ поездың
N ___                              N ___
_______________________________     _______________________________
Вагон|Жүктің |Жүктерді қабылдау|   |Вагон|Жүктің| Жүктерді қабылдау|
  N  | түрі  |нәтижелері туралы|   |  N  | түрі | нәтижелері туралы|
     |       |     белгі       |   |     |      |      белгі       |
_____|_______|_________________|   |_____|______|__________________|
_______________________________|   |_______________________________|
_______________________________|   |_______________________________|
_______________________________|   |_______________________________|

___ станциясын-   ___ станция-      ___станциясын-  ____станциясын-
    дағы          сындағы күзет        дағы             дағы
(ауысым пунктінің    ұйымының       (ауысым         күзет ұйымының
мөртабаны)           өкілдері       пунктінің       өкілдері
                     (ауысым        мөртабаны)     (ауысым пунктінің
                     пунктінің                      мөртабаны)
                     мөртабаны)
 

                                  ҚОЛХАТ                             ҚОЛХАТ

Баратын жері: күні __ поездың      Баратын жері: күні ___ поездың
N ___                              N ___
_______________________________     _______________________________
Вагон|Жүктің |Жүктерді қабылдау|   |Вагон|Жүктің|Жүктерді қабылдау |
  N  | түрі  |нәтижелері туралы|   |  N  | түрі | нәтижелері туралы|
     |       |     белгі       |   |     |      |      белгі       |
_____|_______|_________________|   |_____|______|__________________|
_______________________________|   |_______________________________|
_______________________________|   |_______________________________|
_______________________________|   |_______________________________|

___ станциясын-   ___ станция-      ___станциясын-  ____станциясын-
    дағы          сындағы күзет        дағы              дағы
(ауысым пунктінің    ұйымының       (ауысым         күзет ұйымының
мөртабаны)           өкілдері       пунктінің       өкілдері
                     (ауысым        мөртабаны)     (ауысым пунктінің
                     пунктінің                      мөртабаны)
                     мөртабаны)

                                   Темір жол көлігімен тасымалдау
                                 кезінде жүктердің әскерилендірілген
                                   күзетін қамтамасыз ету ережесіне
                                              3-қосымша

    КҮЗЕТУ НАРЯДТАРЫНЫҢ ЖҮКТЕРІ БАР ВАГОНДАРДЫ ТАПСЫРУЫ
               МЕН ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЕСЕПКЕ АЛУ КІТАБЫ

                          КЕЛУІ

  Поездың
   келу
  уақыты

Поез-
дың
нөмірі

Вагон-
ның
нөмірі

Жүктің
түрі

Тапсырды
(лауазымы,
тегі, қолы,
   күні,
  сағаты)

Қабылдады
(лауазымы,
  тегі,
  қолы,
  күні,
сағаты)

Қабыл-
данған
вагон-
дардың
жай-күйі
туралы
белгі

Күні

Саға-ты

1

2

3

4

5

6

7

8

















































  кестенің жалғасы

                       КЕТУІ

  Поездың
   кету
  уақыты

Поез-
дың
нөмірі

Қабылдады
(лауазы-
мы, тегі,
  қолы,
  күні,
сағаты)

Тапсырды
(лауазымы,
  тегі,
  қолы,
  күні,
сағаты)

Поездың
жөнелтілуі
және
жай-күйі
туралы
кімге
хабарланды

Поездың
көршілес
ауысым
пунктіне
келген
уақыты,
вагонның
(жүктің)
жай-күйі

Күні

Саға-
ты

9

10

11

12

13

14

15











































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады