"Мелиоратор" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 314 Қаулысы

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы  Заңына және "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмділiгiн арттырудың 2003 - 2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 118  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Мелиоратор" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi қызмет бейiнiнiң сақталуын негiзгi шарт етiп анықтай отырып, Кәсiпорынды тендерде мүлiктік кешен ретiнде сатуды жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Павлодар облысы" деген бөлiмдегi реттік нөмiрi 265-9-жол алынып тасталсын;
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне" деген бөлiмде реттік нөмiрi 205-5-жол алынып тасталсын.

      4. "Мелиоратор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 1395  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады