Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 наурыздағы N 321 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 14, 179-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмнiң "Қаржыландыру көзi" деген жолында "2005 жылға - 1614,8 млн. теңге, 2006 жылға - 1384,8 млн. теңге" деген сөздер "2005 жылға - 1692,14 млн. теңге, 2006 жылға - 1170,652 млн. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау" деген 3-бөлiмде:
"Мемлекеттік эталондарға техникалық қызмет көрсету және оларды бiрге алып жүру" деген 3.7-кіші бөлiмнiң тақырыбындағы "техникалық қызмет" деген сөздер "қызмет" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы "Салыстырып тексеру зертханасын құру" деген 3.8 және "Зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру және жүргiзу" деген 3.9-кіші бөлiмдермен толықтырылсын:
"3.8 Салыстырып тексеру зертханасын құру
Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында пайдаланылатын өлшем құралдары салыстырып тексерiлетiн өлшем құралының белгiленген техникалық талаптарға сәйкестігі расталатын және оның бұдан әрi қолдануға жарамдылығы анықталатын мiндетті салыстырып тексеруге жатады.
Қазiргi уақытта азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғауды, соның iшiнде медицина және ел қорғанысы саласында қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстар кезiнде, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау кезiнде, сауда-коммерциялық операциялар және сатып алушы (тұтынушы) мен сатушы (жеткiзушi, өндiрушi, орындаушы) арасындағы, соның iшiнде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтерi және басқа салалардағы есептесулер кезiнде қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша аккредиттелген заңды тұлғалар көрсететiн қызметтердiң сапасы туралы мәселе өзектi болып отыр.
Өлшемдер нәтижелерiнiң шынайылығы көрсетілген қызмет салаларында мемлекет үшiн әлеуметтiк, экономикалық және саяси маңызға ие.
Шет ел тәжiрибесiн зерделеу жоғарыда көрсетiлген салаларда пайдаланылатын өлшем құралдарын салыстырып тексерудi мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратынын көрсетедi.
3.9 Зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру
және жүргiзу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу рәсiмiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды және жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асырады.
Жүргiзілетiн өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу сапасын қамтамасыз ету үшін аккредиттелген салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының (орталықтарының) арасында зертханааралық салыстырулар жүргiзу қажет.
Салыстырулар бақылау тәсiлдерiнiң бiрi болып табылады және республикада өлшемдердiң бiрлiгiн және талап етілетiн дәлдiктi қамтамасыз ету және метрологиялық қызметтердiң техникалық құзыреттілiгiн растау мақсатында жүргiзілуi тиiс.";
"Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi" деген 5-бөлiмде:
"Машина жасау, аспап жасау, металлургия және басқа да өндiрiстiк салалар" деген 5.1-кiшi бөлiмнiң бiрiншi абзацындағы "10 В-ға дейiнгi" деген сөздер "1 В-ға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Отын-энергетикалық кешенi" деген 5.2-кiшi бөлiмде:
"тұз өлшеуішті" деген сөздер "тұз өлшеуiш кондуктометрдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"1x01 -3 " деген сандар "1x10 -3 " деген сандармен ауыстырылсын;
"Қоршаған ортаны бақылау" деген 5.4-кiшi бөлiмнiң алтыншы абзацындағы "гигрометрлердi" деген сөз "гигрометрдi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Мемлекеттік эталондарға техникалық қызмет көрсету және оларды бiрге алып жүру" деген 5.7-кiшi бөлiмнiң тақырыбындағы "техникалық қызмет" деген сөздер "қызмет" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы "Салыстырып тексеру зертханасын құру" деген 5.8 және "Зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру және жүргiзу" деген 5.9-кiшi бөлiмдермен толықтырылсын:
"5.8 Салыстырып тексеру зертханасын құру
Негiзгi бағыт номенклатуралық тiзбеге енгiзілген және мемлекет үшiн әлеуметтiк, экономикалық және саяси маңызы бар қызмет салаларында пайдаланылатын барлық өлшеуiш техниканы салыстырып тексерумен қамтамасыз ету болып табылады.
Iске асыру тетігі: салыстырып тексеру зертханасын құру және салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыру үшiн салыстырып тексеретін және көмекшi жабдықты сатып алу қажет.
5.9 Зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру
және жүргiзу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру және жүргiзу қызметкерлер штатын ұстауды, персоналды оқытуды, зертханааралық салыстырмалы салыстырулар нәтижелерiн өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудi жасауды және әзiрлеудi, анықтамалық-ақпараттық қор құруды және жиынтықтауды, салыстыру объектілерiнiң 3 түрін сатып алуды, байланыс қызметтерiн, iссапар және басқа шығыстарды талап етедi.";
"Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi" деген 6-бөлiмнiң екiншi абзацында "2005 жылға 1614,8 млн. теңге, 2006 жылға 1384,8 млн. теңге" деген сөздер "2005 жылға 1692,14 млн. теңге, 2006 жылға 1170,652 млн. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтиже" деген 7-бөлiм мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"салыстырып тексеру зертханасын құру және әлеуметтiк, экономикалық және саяси маңызы бар қызмет салаларында пайдаланылатын өлшем құралдары үшін салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;
аккредиттелген зертханалар жүргiзетiн өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу сапасын қамтамасыз ету.";
"Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiн дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiм осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 14 сәуірдегі
N 356 қаулысына
қосымша
8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЛШЕМ БIРЛIГIН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МЕМЛЕКЕТТIК ЖYЙЕСIН ДАМЫТУДЫҢ
2004 - 2006 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН
IСКЕ АСЫРУ ЖӨНIНДЕГI IС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
P/c |
Іс-шара |
Аяқталу |
Орын- |
Орын- |
Болжам- |
Қаржы- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Мына жабдықтарды |
Қазақстан |
ИСМ |
Жыл |
2004 ж. |
Респуб- |
2 |
Мемлекеттік |
Қазақстан |
ИСМ |
Жыл |
2004 ж. |
Респуб- |
3 |
Астана қаласында |
Қазақстан |
ИСМ |
Жыл |
2004 ж. |
Респуб- |
4 |
Салыстырып тексеру |
Қазақстан |
ИСМ |
Жыл |
2005 ж. |
Респуб- |
5 |
Өлшем құралдарын |
Қазақстан |
ИСМ |
Жыл |
2005 ж. |
Респуб- |
Жиыны: Қазақстан |
2004 - |
2004 ж. |
Респуб- |