"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 391 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актiлерiне салық салу мәселелері бойынша өзгерiстер
мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 87-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат):
      207-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке адамдарға, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiлерi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгі мөлшерiнде, жеке адамдарға, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiлерi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндетті төлемдер сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.".

      2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140-құжат, 142-құжат; N 24, 153-құжат):

      1) 140-1-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      3) тармақшада:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына сәйкес келетiн мынадай қызмет түрлерi:";
      үшінші және төртiншi абзацтардағы "және (немесе)" деген сөздер алып тасталсын;
      төртiншi абзацындағы "жүргiзу" деген сөзден кейiн ";" белгiсі қойылып, мынадай мазмұндағы бесiншi - жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "киiмнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;
      трикотаж бұйымдарын өндiру;
      тоқыма материалдарынан киiм өндiру";
      "нәтижесiнде" деген сөз "бойынша меншiктi өндiріс тауарларын (жұмыстарын, қызметтерiн) сатудан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) нақты түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға:
      жер қойнауын пайдаланушылар;
      акцизделетiн тауарлар өндiретiн ұйымдар;
      арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;
      инвестициялық салық преференциялары берiлген ұйымдар жатпайды.";

      2) 140-2-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "50" деген сандар "100" деген сандармен ауыстырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс объектiлерiн және (немесе) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға арналған әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын өткiзу жөнiндегi айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тараудың мақсаттары үшiн әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлерге офистiк, өнеркәсiптiк ғимараттар мен қоймалар жатады.";

      3) 208-баптың 3-тармағындағы "12000 еселенген" деген сөздер "15000 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 224-1-баппен толықтырылсын:

      "224-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағына
                  сатылатын тауарларға салық салу

      1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу және қолданысқа енгiзу процесiнде толығымен тұтынылатын тауарлар сатуға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.
      Электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда, осы тармақтың мақсаттары үшiн әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi тұрғызу процесіне тiкелей тартылған тауарлар құрылыс процесiнде толығымен тұтынылатын тауарлар деп ұғынылады.
      2. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасының осы баптың 1-тармағында көрсетiлген айналымдар бойынша есептi кезеңге есептелген салық сомасынан артығы арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейiн әкелінген тауарлардың әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу процесiнде нақты тұтынылу бөлiгiнде белгiленген мерзiмдерде салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оған қайтарылады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған атқарушы орган арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органының сұрауы бойынша беретiн әкелiнген тауарлардың әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу процесiнде пайдаланылғаны туралы құжат растау үшiн негiздеме болып табылады.
      3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдiк ставканы қолдану үшін:
      1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы баптың 1-тармағында көрсетiлген объектiлердi салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарлар жеткiзуге жасалған шарт (келiсiм-шарт);
      2) тауарлар шығаруды еркiн кеден аймағының кеден режимінде жүзеге асыратын кеден органы белгi қойған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген ұйымдарға тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;
      4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi негiз болып табылады.";

      5) 225-баптың бiрiншi бөлiгінде: 1-тармағы 17) тармақшадағы "тауарларды" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарына сатылатын, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру процесiнде тұтынылатын тауарларды";

      6) 246-баптың 2-тармағындағы "224" деген сандар "224-1" деген сандармен ауыстырылсын;

      7) 252-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) осы Кодекстiң 224-1-бабына сәйкес тауарлардың арнайы экономикалық аймақтардың аумағына өткiзiлгенiн растау үшiн қажетті құжаттар;";

      8) 312-1-бапта:
      3-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жоғарыда аталған триггерлер осы баптың 4-6-тармақтарында көрсетiлген әдiстемеге сәйкес айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға беруге жататын пайда түсiретiн өнiмдегі үлестiң проценттiк мәнін айқындау үшiн әрбір триггерден алынған нәтиже өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген төменгi мәндермен салыстырылады.
      Жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта айқындалған пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң нақты проценттiк мәнi жобаның экономикалық көрсеткiштерiне қарай осы бапта көзделген шектерде осы Кодекстiң 285-бабында көзделген тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн оның әрекет ету мерзiмi бойына өзгерiссiз сақталады.";
      4-тармақтың бесiншi, алтыншы, жетiншi және сегiзiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдаланушының пайда түcipeтiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажетті проценттiк мәнi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде белгiленедi:

R-фактордың (кiрiс
көрсеткiшiнiң) мәнi

Жер қойнауын пайдаланушының
пайда түсiретiн өнiмдегi
үлесiнiң проценттiк мәнi

1,2-ден аз немесе соған
тең

70 проценттен 90 процентке
дейiн

1,5-тен көп немесе
соған тең

10 процент

      R-фактордың (табыс көрсеткiшiнің) алынған мәнi 1,2-ден көп және 1,5-тен аз болса, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесі мынадай формула бойынша есептеледi:
      жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi = (А% - 10%)/0,3 * (X - 1,2) * 100%), мұнда:
      А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесінің өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген, R-фактордың (кiрiс көрсеткiшiнің) 1,2-ден аз немесе соған тең мәнiне сәйкес келетiн проценттiк мәнi;
      X - жобаның iске асырылуы кезеңiндегi R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) іс жүзінде алынған мәні.
      R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) мәнi үтірден кейiнгi екiншi белгiге дейiн дәлдiкпен айқындалады.";
      5-тармақтың он жетiнші - жиырмасыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнімдегi үлесінің көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетін және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажеттi проценттік мәні өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде белгіленедi:

Рентабелдiлiктiң iшкi
нормасының (РIН) мәні

Жер қойнауын пайдаланушының
пайда түсiретiн өнiмдегі
үлесiнiң проценттiк мәнi

12 проценттен кем
немесе соған тең

70 проценттен 90 процентке
дейін

20 проценттен көп
немесе соған тең

10 процент

      Егер рентабельдiлiктің ішкi нормасының (РIН) алынған мәнi он екі проценттен астам және жиырма проценттен кем болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мынадай формула бойынша есептеледі:
      жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнімдегi үлесi = (А% - (A% - 10%)/8% * (X - 12%)), мұнда:
      А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетілген, рентабелдiлiктiң iшкi нормасының (РIН) 12 проценттен аз немесе соған тең мәнiне сәйкес келетiн проценттiк мәні;
      Х - жобаның iске асырылуы кезеңiндегi рентабелдiлiктiң ішкi нормасының (РIН) іс жүзінде алынған мәнi.
      Рентабельдiлiктiң ішкi нормасының (РIН) мәнi үтірден кейiнгi екiнші белгіге дейiн дәлдiкпен айқындалады.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Р-фактор (бaғa коэффициентi) есептi кезеңдегi өтемдiк өнiмнiң нақты құны мен жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңдегi пайда түсiретiн өнiм үлесiнiң нақты құны сомасының есептi кезеңдегі мұнай өндiру көлемiне қатынасы ретiнде айқындалады.
      Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажеттi проценттiк мәнi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде белгiленедi:

P-фактордың (баға
коэффициентiнiң) мәнi

Жер қойнауын пайдаланушының
пайда түсiретін өнiмдегi
үлесiнiң проценттік мәнi

1 баррель үшiн 12 АҚШ
долларынан кем немесе
соған тең

70 проценттен 90 процентке
дейiн

1 баррель үшiн 27 АҚШ
долларынан астам немесе
соған тең

10 процент

      Егер P-факторының (бaғa коэффициентiнiң) алынған мәнi 1 баррель үшiн 12 АҚШ долларынан астам және 27 AҚШ долларынан кем болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мынадай формула бойынша есептеледi:
      жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi = (А% - (А% - 10%)/15% * (Х - 12) * 100%), мұнда:
      А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген, Р-фактордың (бaғa коэффициентiнiң) 1 баррель үшiн 12 АҚШ долларынан кем немесе соған тең мәнiне сәйкес келетiн проценттiк мәнi;
      X - жобаның iске асырылуы кезеңiндегi Р-фактордың (баға коэффициентiнiң) iс жүзiнде алынған мәнi.
      P-фактордың (бaғa коэффициентiнiң) мәнi үтiрден кейiнгі екiншi белгiге дейiн дәлдiкпен айқындалады.";

      9) 314-5-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартты орындаған кезде өндiру басталған кезден бастап салынған инвестицияларды қайтару сәтiне дейiнгi әрбiр салық кезеңiндегi мемлекет түсiмдерiнiң үлесi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта белгiленген бес проценттен он процентке дейiнгi аралықтағы мәннен кем болмауға және салық кезеңiнде, кейiнгi кезеңдерде жер қойнауын пайдаланушы алған өнiм көлемiнiң қырық процентiнен кем болмауға тиiс.
      2. Осы баптың мақсаттары үшiн мемлекет түсiмдерiнiң үлесi дегенiмiз өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн бiлдiретiн, жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде орындалған салықтық мiндеттемелерi, салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер. Мемлекет түсiмдерiнiң үлесiне қосылған құн салығы және жер қойнауын пайдаланушы соларға қатысты салық агентi ретiнде қатысатын салықтар кiрмейді.";

      10) 355-бапта:
      1-тармағында:
      "2-тармағында" деген сөздер "2 және 2-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мен жеке кәсiпкерлер" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жеке кәсiпкерлер мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейдi.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейдi.";

      11) 357-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "357-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

      1. Жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметiн тұрғын үй қорының құрамындағы үй-жайларда жүзеге асыратын жағдайда бұл үй-жайлар бойынша салық осы Кодекстiң 361-367-баптарында көзделген ставкалар бойынша және тәртiппен есептеледi және төленедi.
      2. Жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үй қорының құрамынан шығарылған үй-жайларда жүзеге асыратын жағдайда бұл үй-жайлар бойынша салық осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептеледi және төленедi.";

      12) 365-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "365-бап. Салық ставкалары

      Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық, салық салу объектiлерiнiң құнына қарай мынадай ставкалар бойынша есептеледi:

5 000 000 теңгеге дейiн қоса
алғанда

салық салу объектiлерi құнының
0,05 процентi;

5 000 000 теңгеден жоғары
10 000 000 теңгеге дейiн

2 500 теңге + 5 000 000
теңгеден асатын сомадан 0,1 %;

10 000 000 теңгеден жоғары
15 000 000 теңгеге дейiн

7 500 теңге +  10 000 000
теңгеден асатын сомадан 0,15 %;

15 000 000 теңгеден жоғары
20 000 000 теңгеге дейiн

15 500 теңге + 15 000 000
теңгеден асатын сомадан 0,2 %;

20 000 000 теңгеден жоғары
25 000 000 теңгеге дейiн

25 500 теңге + 20 000 000
теңгеден асатын сомадан 0,25 %;

25 000 000 теңгеден жоғары

37 500 теңге + 25 000 000
теңгеден асатын сомадан 0,3 %."

      13) 376-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшада:
      екiншi абзацтағы "он бес" деген сөздер "жиырма бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "4500,0" деген сандар "9000,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      тармақшада:
      екiншi абзацтағы "жиырма бес" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "9000,0" деген сандар "20000,0" деген сандармен ауыстырылсын;

      14) 377-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жеке кәсiпкердiң табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:

Тоқсандық табысы

Ставкасы

3000,0 мың теңгеге дейiн

табыс сомасының 3 процентi

3000,0 мың теңгеден
жоғары 6000,0 мың
теңгеге дейiн

90,0 мың теңге + 3000,0 мың
теңгеден асатын табыс
сомасының 5 процентi

6000,0 мың теңгеден
жоғары

240,0 мың теңге + 6000,0
мың теңгеден асатын табыс
сомасының 7 процентi

      3. Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:

Тоқсандық табысы

Ставкасы

3000,0 мың теңгеге дейiн

табыс сомасының 4 процентi

3000,0 мың теңгеден
жоғары 7000,0 мың
теңгеге дейiн

120,0 мың теңге + 3000,0 мың
теңгеден асатын табыс
сомасының 5 процентi

7000,0 мың теңгеден
жоғары 14000,0 мың
теңгеге дейiн

320,0 мың теңге + 7000,0
мың теңгеден асатын табыс
сомасының 7 процентi

14000,0 мың теңгеден
жоғары

810,0 мың теңге + 14000,0
мың теңгеден асатын табыс
сомасының 9 процентi

       2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады