Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi болжамдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 959 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
4-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерi" деген кестеде:
3-бағанның тақырыбында "Ағымдағы жылдың есептi тоқсаны" деген сөздер "Есептi тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-бағанның тақырыбында "Алдағы екі тоқсанға" деген сөздер "Ағымдағы жылдың алдағы екі тоқсанына" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-баған алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"12 Мемлекеттiк бюджет
көрсеткiштерi,
млрд. теңге:
1) кiрістер,
оның iшiнде:
салықтық түсiмдер; Қаржыминi
салықтық емес
түсiмдер; Қаржымині
негiзгi капиталды
сатудан түсетiн Қаржыминi,
түсiмдер; ЭБЖМ
2) шығындар; Қаржыминi
3) операциялық
сальдо; ЭБЖМ
4) таза бюджеттiк
кредит беру; Қаржымині
5) қаржы активте-
рiмен жасалатын Қаржымині,
операциялар ЭБЖМ
бойынша сальдо;
6) бюджет тапшы-
лығы (профицитi) ЭБЖМ";
реттiк нөмiрлерi 13, 14-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі