"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 мамырдағы N 485 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы
 
  Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актілеріне бiлiм беру мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж. N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат; N 18, 111-құжат):
      9-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "Қазақстан Республикасының Yкiметi" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк бiлiм беру саласындағы кәсiпорындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 30-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, ведомстволық бағынысты мемлекеттiк білiм беру саласындағы ұйымдарының бiрiншi басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;";

      2) 34-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      Бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтеді.";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларын аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.".

      3. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2004 ж., N 14, 83-құжат; N 17, 101-құжат; 2005 жылғы 16 сәуiрде "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуiрдегi  Заңы ):
      27-1-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы "акциздік маркаларды" деген сөздерден кейiн ", бiлiм туралы мемлекеттiк үлгідегi құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады