"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 35 Заңы

      1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2004 ж., N 14, 83-құжат; N 17, 101-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      14-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "табылса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді." деген сөздер "табылса;" деген сөзбен ауыстырылып, 2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйымдар болып табылса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.".

      2. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады