Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк қызметшілерiн шетелде оқыту мәселелерi бойынша маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N 497 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң "Еуразия мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 2005 жылға арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар орталық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерiн шетелде оқытуды ұйымдастыру жөнiндегі қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiне (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорынмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жасасу;
      жасалатын шарттарды қаржыландыруды 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Мемлекеттiк қызметшiлердiң шетелдерде бiлiктiлiгiн арттыру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде жүргiзу;
      осы қаулыға сәйкес қызметтердi мемлекеттік сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатын сақтау;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады