2005 жылғы 25-27 мамырда Астана қаласында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы бойынша халықаралық конференцияны (бұдан әрi - Халықаралық конференция) дайындауды және өткiзудi тиiмдi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасына жiберiлетiн шетелдiк азаматтарға - Халықаралық конференцияға қатысушыларға визалық қолдау көрсетсiн және консулдық алым төлемей виза берудi жүргізсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі