Ескерту. Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2007.03.28. N 236 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлісінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерiс енгiзу туралы
1-бап. "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
14-баптың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті