Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 130-бабына , Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Орман және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi "Ақкөл" мемлекеттiк мекемесiнiң орман қорының жерiнен алаңы 1,0926 гектар (оның iшiнде 0,48 гектар - орман алаптары, 0,4526 гектар - ашық алаңқайлар, жолдар, орман соқпақтары, 0,16 гектар - жартас) жер учаскесi өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер санатына ауыстырылсын.
2. Ақмола облысының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесiнiң "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) ғарыш аппараттарын жерден басқару кешенiн және байланыс мониторингi жүйесін салуға берiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қоғам орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсатқа пайдалану үшiн оларды алумен туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджет кiрiсiне өтесiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі