Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 553 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлiк қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды - MБУ-125 ұтқыр бұрғылау қондырғыларының үш бiрлiгiн және оның модификацияларын берушi болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамымен аффилиирленген "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндiру" акционерлiк қоғамының қаражаты есебiнен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен 1950000000 (бip миллиард тоғыз жүз елу миллион) теңге сомада 2005-2006 жылдарға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      ақшаның оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатының, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 3 және 4-тармақтарының сақталуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.20. N  1052 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады