Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қазандағы N 1108 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы N 581 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының штат саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қазандағы N 1108 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      кiрiспедегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 2464 Заң күші бар  Жарлығының 11-бабына және" деген сөздер алынып тасталсын;      
      1-тармақтағы "39" деген сандар "44" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады