Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 30 наурыздағы N 281 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы N 582 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2005 жылға арналған 004 "Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және сараптау" республикалық бюджеттік бағдарламаны бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 наурыздағы N 281  қаулысына мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметінің
                                           2005 жылғы 11 маусымдағы
                                               N 582 қаулысына
                                                   қосымша

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметiнiң
                                           2005 жылғы 30 наурыздағы
                                                N 281 қаулысына
                                                    қосымша

       2005 жылға арналған 004 "Республикалық бюджеттік
         инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
    техникалық-экономикалық негіздемелерiн әзiрлеу және
    сараптау" республикалық бюджеттік бағдарламаны бөлу

Р/с
N

Жобаның атауы

Техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеудi
және оларға мемлекеттiк сараптама жүргізудi қаржыландыру көлемi
(мың теңге)

1

2

3

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі

1

Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм алқабының ІІI және IV кезектерін игеру

85000

2

Алматы облысы Панфилов ауданындағы магистральды арналарды қосумен Қорғас өзенiндегi "Достық" бiрiккен гидроторабы (техникалық-
экономикалық негiздеменi түзету)

33000

3

Булаев топтық су құбырын қайта жаңарту

45000

4

Көксарай контрреттеуішін салу жобасының техникалық-экономика-
лық негіздемесiне тәуелсiз сараптама және Сырдария өзенінің көлдер жүйесiне су беру үшін өзендердiң ескi арналарын қалпына келтiру жөнiндегi ұсыныстарға сараптамалық бағалау жүргізу

18400

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

5

Жер асты суларының авиациялық керосинмен ластануын жою жөніндегі жобаны iске асыру (Семей қаласы)

2500

6

Ақтөбе қаласы Елек өзенiндегi тазарту құрылыстары кешенiн қайта жаңарту

16050

7

Щучье-Бурабай курорттық аймағының ағынды суларын биологиялық тазартудың тазарту құрылыстары кешенiн салу  

19630

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi

8

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" мемлекеттік республикалық кәсiпорны "Атом энергиясы институты" еншілес мемлекеттік кәсiпорнының "Байкал-1" зерттеу реакторлары кешенiнде радиациялық қорғау камерасын және ұзақ мерзiмдi сақтау пунктін құру

24000

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi

9

Протездiк-ортопедиялық орталықтарды, Республикалық эксперименттік протездеу орталығын техникалық қайта жарақтандыру, протездiк-
ортопедиялық шағын зауыт салу

810

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі

10

Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлігі Iшкi әскерлерінің Жоғары әскери училищесінің ғимараттары мен құрылыстарын салу

3000

11

Әскерлердiң құралымдары мен бөлiмдерiнiң казарма жанындағы оқу-материалдық базасын: сап түзу алаңдарын, кедергi жолақтарын, инженерлiк қалашықтар, жаппай зақымдау қаруларынан қорғану, кезекшiлер мен қарауылдарды даярлау жөнiндегi қалашықтар (барлық әскери бөлiмдерде) салу

3700

12

Семей қаласында 5511 әскери бөлiмiнiң iшкi әскерлерi үшiн казарма салу

2500

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi

13

Қызылорда облысында негiзгi ағызу құрылысы бар Қараөзек сағасын қайта жаңарту

7000

14

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң "Көкшетау техникалық институты" мемлекеттiк мекемесiнiң оқу кешенiн салу

17880

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттігі

15

Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын орталық мемлекеттік органдардың жас мамандары үшiн 1000 орындық 2 жатақхана салу

7140

16

Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдар орталық аппараттарының мемлекеттік қызметшілерi үшiн 100 пәтерлiк тұрғын үй салу

5000

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Кедендiк бақылау комитетi

17

Шекара маңындағы кеден бекеттерiн, бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiн, кедендiк инфрақұрылым объектiлерiн дамыту және салу

41000

Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы

18

Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлерi үшiн 60 отбасына арналған жатақхананың күрделi құрылысы

2280

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi

19

Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру

16860

20

Семей, Өскемен, Орал қалаларында тергеу изоляторларын салу

19730

21

Алматы, Шымкент, Павлодар қалаларында тергеу изоляторларын салу жобаларының техникалық-экономикалық негiздемелерiн түзету

8830

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

22

Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кентiнде Ақтөбе обаға қарсы станциясы мемлекеттік мекемесiнiң Шұбарқұдық бактериологиялық зертханасын салу

900

23

Қырғыз жотасы Мерке шатқалында Жамбыл облысы Мерке ауданындағы "Жамбыл обаға қарсы станциясы" мемлекеттік мекемесiнiң Мерке тау эпидемияға қарсы жасағы зертханасының ғимараттарын және 20 орындық жатақханасын салу

170

24

Астана қаласында Қазақ мемлекеттiк медициналық академиясының жанынан 500 төсек-орындық студенттер жатақханасын салу

2400

25

Сот медицинасы орталығы Ақмола филиалының үлгi ғимаратын салу

9000

Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгi

26

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық биотехнологиялар орталығын дамыту

60000

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi

27

"Ақсай - Шонжы - Көлжат (Қытай Халық Республикасының шекарасы)" автожолын қайта жаңарту

4500

28

"Таскескен - Бақты (Қытай Халық Республикасының шекарасы)" автожолын қайта жаңарту

5600

29

"Ақтөбе қаласын айналып өту" автомобиль жолын салу және қайта жаңарту

4000

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi

30

Мәскеу қаласында Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату

1000

                  Жиыны:                     466880

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады