Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 2 сәуiрдегi N 431 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 616 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 422 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.06 № 422 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 2 сәуiрдегi N 431  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 147-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      Мұнайдың төгілуiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Көпеев                     - Қазақстан Республикасының Төтенше
Мұхамбет Жұманазарұлы        жағдайлар министрi, төраға

Сатылғанов                 - Қазақстан Республикасы Төтенше
Диханбек Жанқоразұлы         жағдайлар министрлiгi Азаматтық
                             қорғаныс, әскери бөлiмдер және жедел
                             ден қою департаментiнiң директоры,
                             хатшы

Абайдiлдин                 - Қазақстан Республикасының
Талғатбек Жәмшитұлы          Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi

Рысқалиев                  - Атырау облысы әкiмiнiң орынбасары
Бергей Сәулебайұлы

Оңғарбаев                  - Қызылорда облысы әкiмiнiң
Имамадин Зәкiрұлы            орынбасары

Өмiрзақов                  - Ақтөбе облысы әкiмiнiң бiрiншi
Iзбақ Қуанышұлы              орынбасары;

      мына:
      "Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары";

      көрсетiлген құрамнан Күшенов Ахметжан Рахымбайұлы, Байғожин Марат Имашұлы, Ретаев Серiк Сәлiмұлы, Химчук Олег Геннадьевич, Дүйсекенов Нұрсiләм Рахымұлы шығарылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ережеде:
      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігi төрағасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ алынып тасталсын;

      8-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады