Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту және "Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 422 Қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
      6-тармақтың отыз сегізінші бөлігінің 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Ұлттық жоспардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 6 сәуірдегі
№ 422 қаулысымен  
бекітілген      

Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында
мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі
ұлттық жоспар

1. Жалпы ережелер

      1. Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар (бұдан әрі — Ұлттық жоспар) «Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына сәйкес әзірленді.
      Ұлттық жоспардың мақсаты экологиялық сипаттағы ластануға әкеліп соғатын мұнайдың төгілуіне жедел, тиімді және білікті ден қоюды және олардың зардаптарын жою жөніндегі тиісті операцияларды орындауды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін құру болып табылады.
      Ұлттық жоспардың негізгі міндеті уақтылы, кешенді және тиімді алдын алу шараларын, тәуекелдерді бағалау және қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау негізінде қоршаған ортаға зиянын тигізуге әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған, мұнайдың авариялық төгілуіне ден қою даярлығын қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Авария, қақтығыс кезінде мұнайдың төгілуін болдырмау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты, иеліктегі объектілер мен елдің аумағын табиғи және техногендік сипаттағы зақымдаушы (бұзушы) фактордың әсерінен қорғау мақсатында өндірістік объектілердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне«Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі, «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Ұлттық жоспардың талаптары Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына қолданылады.
      4. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген шекара шектерінде Каспий және Арал теңізінің суларына және ішкі су айдыны мен жағалау аймақтарына қолданылады.
      5. Мұнайдың төгілуінің себептерін зерттеу, мұнайдың төгілуінен келген шығынды өтеу мен қоршаған ортаны қалпына келтіру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      6. Ұлттық жоспарда қолданылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында пайдаланылатын ұғымдарға сәйкес келеді.

2. Мұнайдың төгілуінің алдын алу

1. Мұнайдың төгілуінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар

      7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнайдың төгілуінің алдын алудағы негізгі міндеттер:
      1) мұнайдың төгілуінің әлеуетті көзі туралы ақпаратты жедел жинау, өңдеу және талдау;
      2) мұнайдың төгілуінің ықтимал орын алуын және ведомстволар мен бақылау қызметтерінен келіп түсетін жедел нақты және практикалық ақпараттың негізінде олардың зардаптарын болжау;
      3) мұнайдың төгілуінің алдын алу, ден қою және оны жою жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру тиімділігін бағалау;
      4) мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі, оларды әзірлеу және келісу жөніндегі талаптарға сәйкес белгіленген тәртіппен әзірленген және келісілген жоспарды бекіту;
      5) мұнайдың төгілуін жою үшін дербес құрылымдар (бөлімшелер) құру, аталған құрылымдарға заңнамаға сәйкес аттестация өткізу, оларды арнайы техникалық құралдармен жабдықтау немесе тиісті лицензиясы бар және/немесе белгіленген тәртіппен аттестациядан өткен, мұнайдың төгілуін жою жұмыстарын орындайтын кәсіби авариялық-құтқару құрылымдарымен (қызметтермен) шарттар жасасу;
      6) технологиялық жабдықтарды жарамды күйде ұстау, мұнайдың ықтимал төгілуінің алдын алуға және олардың зардаптарының қауіпті ауқымын төмендетуге бағытталған инженерлік-техникалық іс-шараларды алдын ала өткізу;
      7) қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу;
      8) қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      9) тиісті біліктілік талаптарын қанағаттандыратын және көрсетілген жұмысқа медициналық қарсы айғақтары жоқ тұлғаларды қауіпті өндірістік объектіге жұмысқа жіберу;
      10) мұнайдың төгілуін анықтау жүйесінің, сондай-ақ байланыс және хабарлау жүйесінің дайындығын жасау және қолдау болып табылады.
      8. Қазақстан Республикасының ішкі су айдынында және теңізде немесе қандай да бір операцияны, сондай-ақ мұнайды уақытша сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын жеке және/немесе заңды тұлғалар мұнайдың төгілуін және жағалау аймағын ластануын болдырмау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      9. Төтенше жағдайлар және жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аумақтық органдармен бірлесіп, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы тұлғалар жеке өндірістік құраммен және жағалау қызметі құрамымен жыл сайынғы өндірістік оқуды жүргізеді, сондай-ақ нақты жағдайларға барынша жақындатылған оқу-жаттығу мен дабылдар өткізеді.
      10. Кемелер үшін қолжетімді, бұрғылау баржасынан немесе акваторийлерде мұз жамылғысының болуы жағдайында платформаларда бұрғылау жұмыстарын жүргізу, мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін жеткілікті көлемде бұрғылаудан ашық су кеңістігіне дейінгі мұнайдың ықтимал төгілуін жоюға қажетті жабдығы бар мұзжарғыш үлгісіндегі кеменің тұрақты қатысуы қамтамасыз етіледі.
      11. Тұз асты қалыңдықтағы өнімді қабатты ашу және ұңғымаларды болжамды қысыммен және күкірт сутегінің жоғары құрамымен сынауды теңіздегі ауыр мұз жағдайларында өткізуге жол берілмейді.

2. Мұнайдың төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды
жоспарлау

      12. Мұнайдың төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау теңізде немесе Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында операцияларды жүргізу, сондай-ақ мұнайды уақытша сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде апаттық жағдайларды болдырмау жұмыстарының тиімділігін арттыру аса маңызды фактор болып табылады.
      13. Ұйым басшылары өндірістік қауіпсіздік және төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген мұнайдың төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі ұйымның жоспарын бекітеді.
      14. Мұнайдың төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі ұйымның жоспары, оның мазмұнына мыналарды енгізу бөлігін заңңамалық регламенттеуді талап етеді:
      1) жауапты тұлғаларды бекіте отырып, хабарландыру және ақпараттандыру нұсқаулықтары;
      2) мұнай төгілуі мүмкін объектілердің орналасқан орындары;
      3) мұнайдың төгілуін жоюды жүзеге асыратын органға байланыс арналары мен желілерін беру басымдығы жөніндегі нұсқаулық;
      4) компьютерлік модельдеу негізінде төгілудің ықтимал таралуы жағдайын, төгілу ауданын және таралу ықтималдығын көрсете отырып талдау;
      5) өндірілген мұнай және мұнай қалдықтарын сақтау мен жою орындарын, жағалаудағы елді мекендерді, сезімтал табиғи объектілерді, құю доктары мен станцияларын орналастыру карталары;
      6) мұнайдың төгілуінің барлық орын алатын қауіптерін анықтау;
      7) мұнайдың төгілуін жою үшін теңіз тасымалы құралдары жабдықтарының тізімі және фонтандау кезінде және төгілу жағдайында оқыған құрамның болуы;
      8) жабдықтарды, көлік құралдарын, материалдарды, құрамды орналастыру орны және мұнайдың төгілуін жою жөніндегі жұмыстардың әдістемесі;
      9) жұмыстарды бастау және мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті уақыттың есептемесі;
      10) құрамды оқыту және үйрету;
      11) авария жағдайында хабарлайтын лауазымды тұлғалар мен мекемелердің және оны жоюға қатысатындардың тізімі;
      12) мұнайдың төгілуіне ден қою шаралары;
      13) аварияны жоюға қатысатын персонал арасындағы міндеттерді бөлу және олардың іс-қимылының дәйектілігі;
      14) мұнайдың төгілуін жою кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі;
      15) жиналған мұнай мен қалдықтардың уақытша сақталуын және технологиялар мен оларды кәдеге жарату әдістерін ұйымдастыру;
      16) мемлекеттік органдарға хабарлау және есептілік;
      17) теңіздің ластану салдарынан тазартуды жылдам оқшаулау;
      18) мұнайдың төгілу аумағын, теңіз бетінің ластану ауданын, мұнай дағының қозғалысын анықтай отырып, мұнайдың төгілуінің жедел ғарыштық мониторингін жүргізу;
      19) екінші рет ластануды болдырмау мақсатында мұнай қалдықтарын жою;
      20) кемежай, пирс, жағажай конструкцияларын ластанудан тазарту;
      21) кемелердің корпустарын және балық аулау мен серуен кемелерінің су асты жүк бөлшектерін тазарту;
      22) балық аулау жабдықтарын тазалау.
      15. Мұнайдың төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі ұйым жоспары осы Ұлттық жоспар қабылданғаннан кейін алты ай ішінде бекітілетін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының және Ақтау портының Мұнайдың төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі өңірлік жоспарларына сәйкес болуы қажет.

3. Мұнайдың төгілуіне ден қою

1. Мұнайдың төгілуін оның деңгейі мен шығу себептері
бойынша жіктеу

      16. Мұнайдың төгілуінің алдын алудың және оған ден қоюдың халықаралық тәжірибесі нәтижелеріне сүйенетін болсақ, мұнайдың төгілуі мына жағдайларда туындайды:
      1) пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен оны бағалауға байланысты жұмыстар (операциялар) кезінде;
      2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге қатысты пайдалы қазбаларды өндіру және (немесе) барлау жұмыстары (операциялар) кезінде;
      3) құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңіздерде және басқа да ішкі су айдындарында мұнай-газ құбырын пайдалану және төсеу, құрылыс мақсатында жүргізілетін жұмыстар (операциялар) кезінде;
      4) ұңғыманы бұрғылау, күрделі жөндеу мен мұнайды өндіру кезінде;
      5) өндірістік қызметкерлердің қателіктерінен;
      6) фонтанға қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан;
      7) өндірістік қауіпсіздіктің талаптарын сақтамаудан;
      8) зауытта жасалған ақауға байланысты құбыр металының ішкі кемшілігі немесе салу, пайдалану кезінде болған механикалық зақымның салдарынан;
      9) басқа да мұнай операцияларын жүргізген кезде;
      10) мұнай танкерлерінің авариясы кезінде, оның ішінде қайраңға отыру, өрт, жарылыс кезінде;
      11) өндірістік авария кезінде, оның ішінде мұнай-газ фонтандары (100 м3 астам көмірсутекті мұнайды және газды лақтыру), газ-мұнайдың жиналуы, грифонның жинақталуы, өрттер, жарылыстар, су басу, теңіз құрылысы мен платформалардың қирауы, республика аумағында және шекаралас мемлекеттердің қоршаған ортаға теріс әсер етуі, ғимараттың және құрылыстың кенеттен қирауы кезінде;
      12) арқандап байлау операциясы кезінде жүк танкерлерінің зақымдануы және терминалдарға, танкерлерге жүк тиеу операциясы кезіңде;
      13) тоғытылған ұңғымалардан мұнайдың төгілуі;
      14) резервуарлардың, құбыр желілерінің және технологиялық жабдықтардың герметизациясы жойылған кезде;
      15) қосымша жабдықтардың жұмыс істемеуінен (жүктеуден босату жүйесі, сырт жақты тығыздау, төгілуді ағызу, майлау, электр қозғалтқыштың салқындауы, бақылап-өлшеу құралы мен автоматика);
      16) ағуға қарсы және сағалық жабдықтың жарамсыздығы;
      17) резервуардың ішкі, сыртқы және түпкі металының тоттануы мен металдың ішкі тозуы;
      18) зауытта жасалған ақауға байланысты құбыр металының ішкі кемшілігі немесе салу, пайдалану уақытында келтірілген механикалық зақымның салдары;
      19) мұнай құбыры орамасының бұзылуы;
      20) мұнай құбыры желісін электрохимиялық қорғаудың қалыпты жұмысының бұзылуы;
      21) металдың тозуы, істен шығуы.
      17. ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысымен бекітілген теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдарға және заттарға қойылатын талаптарға және нормативтерге сәйкес (бұдан әрі - Нормативтер) мұнайдың төгілуі бірінші, екінші, үшінші деңгейлерге бөлінеді.
      Бірінші деңгей - ғимарат құрамының мұнайдың төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі жоспарға сәйкес өндірістік жұмыс кезінде теңіз ғимаратында тұрған материалдар мен заттардың көмегімен жойылатын елеусіз төгілулер (10 тоннадан аспайтын мұнай).
      Екінші деңгей - ғимарат қызметтерімен мұнайдың төгілуін жою және алдын алу жөніндегі жоспарға сәйкес, өндірістік жұмыс кезіндегі теңіз құрылысында тұрған заттар және материалдар мен жергілікті жағалаулық қызмет персоналының көмегімен жойылатын біркелкі (орташа) төгілулер (10 тоннадан 250 тоннаға дейінгі мұнай).
      Үшінші деңгей — жою үшін мұнай төгілуін жою бойынша материалдарды, заттарды және халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, әртүрлі ұйымдардың персоналы талап ететін ірі мұнай төгілулері (250 тоннадан бастап).
      18. Екінші деңгейдегі авариялық жағдайға:
      1) жанармай сақтау резервуарларынан немесе үйлестіру жүйесінен;
      2) отын резервуарынан немесе баржадан;
      3) отын тасымалдайтын автоцистернадан;
      4) теңіз құрылысында ұңғымаларды бұрғылау немесе сынау кезінде уақытша немесе ішінара бақылауды жоғалту кезінде болатын жылыстау кіреді.
      19. Мұнай төгілуінің салдарын жою кезінде мұнай төгілуін оқшаулау және мұнай жинау үшін жер қойнауын пайдаланушының жағалау объектілерімен бірге қосымша ресурстарды (материалдарды, заттарды) тартуы міндетті.
      20. Үшінші деңгейдегі авариялық жағдайларға:
      1) ұңғыманы ұзақ бақылауды жоғалтудан;
      2) жүзетін отын резервуарынан немесе баржадан;
      3) отын сақтау резервуарынан немесе үйлестіру жүйесінен болатын жылыстау кіреді.
      21. Үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою отандық және халықаралық ресурстарға ие кез келген нүктеден материалдарды және заттарды жедел жұмылдыруды талап етеді.

2. Мұнайдың төгілуі және ден қою операцияларының барысы
туралы ақпарат

      22. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы мұнайдың төгілуінің пайда болуы туралы ақпарат мына ретпен беріледі:
      1) мұнайдың төгілуі анықталғаң сәттен бастап 5 минут ішінде тұлғалар осы Ұлттық жоспардың қосымшасындағы нысан бойынша кейін факсимиле байланысымен жіберетін, тұрақты қолданыстағы телефон желісінің арнасы арқылы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды. Бұл ретте, хабарламаны (ауызша, кейіннен қағаз түріндегі ескертуді) алған сәттен бастап 5 минут ішінде хабарламаны алған аумақтық бөлімше, тұлғаларға хабарламаны алғанын растайтын жауап хат (электрондық пошта немесе факсимиле байланыс арқылы) жібереді;
      2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің жедел кезекшісі тұлғалардан төгілу туралы ақпаратты (ауызша, кейіннен қағаз түрінде хабарланатың) алған сәттен бастап 10 минут ішінде, облыс әкіміне (егер ол болмаған жағдайда әкімнің орынбасарына) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығына хабарлайды;
      3) мұнайдың төгілуі туралы хабарламадан кейін және мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі Ұлттық комиссияны (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) шақырмас бұрын облыс әкімі (немесе оның орынбасары) авария орнындағы басқару органы ретіндегі жұмыс Басшысы және/немесе жұмысты үйлестірушісі болып табылады;
      4) мұнайдың төгілуі туралы хабарламаны алған сәттен бастап және Ұлттық, комиссияны шақыру сәтіне дейін Басшы және/немесе мұнайдың төгілуін жою жөніндегі жұмыстарды үйлестіруші аталған аумақтағы күштер мен құралдарды тартады.
      Облыс әкімі (немесе әкімнің орынбасары) хабарландыру болған сәттен бастап 15 минут ішінде шекаралас облыстардың әкімдерін (немесе олардың орынбасарларын) құлақтандырады;
      Барлық ақпарат мұнайдың төгілу орнынан бастап, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтың бөлімшесі арқылы Республикалық дағдарыс орталығына түседі.
      23. Қауіп-қатер немесе үшінші дәрежедегі мұнайдың төгілуі болған жағдайда, ақпаратты нақтылағаннан кейін Республикалық дағдарыс орталығы 30 минут ішінде Ұлттық комиссияның мүшелеріне хабарлайды.
      24. Мұнайдың төгілуі туралы хабарламаны алғаннан кейін Ұлттық комиссия кейін ден қою орнындағы жұмыстың Басшысын тағайындайды.
      25. Жағалау аймағында авария туындаған жағдайда, ақпаратты жеткізу үшін жағалау аймағындағы басқару пункті ұйымдастырылады.
      26. Республикалық дағдарыс орталығы мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, тұлға және байланыс операторлары байланыс желісінің жұмысын мына мақсатта қамтамасыз етеді:
      1) ластануды туғызатын авария туралы хабарламаны алу;
      2) ден қою операциясы уақытында көмек көрсету және жедел хаттармен алмасу туралы жұмыс Басшысының сұранысын беру;
      3) мұнайдың төгілуі аймағындағы жою кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға команда беру және уәкілетті органның өкімін қамтамасыз ету.
      27. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган мұнайдың төгілуін жоюға қатысатын барлық субъектілер арасында ақпарат алмасу үшін пайдаланылатын, авария, қақтығыс және басқа да хаттар туралы жеткізу нысанын әзірлейді және бекітеді.
      28. Байланыс және ақпарат алмасуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқауды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әзірлейді және үнемі жаңартып отырады.
      29. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган Ұлттық комиссияның келісімімен мұнайдың төгілуінің туындауы немесе ықтимал қауіп-қатері туралы елге хабарлау үшін ақпаратты белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынады.
       30. Мұнайдың төгілуі туралы ақпарат байланыс жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс және хабарлау жүйесі арқылы жариялауға жатады және тәуекел дәрежесі, қажетті қауіпсіздік, зардаптар, төтенше жағдайларды жою және алдын алу туралы мәліметтерден тұрады.

3. Бірінші және екінші дәрежедегі мұнайдың төгілуін
жою жөніндегі шаралар

      31. Бірінші және екінші деңгейдегі төгілуді жою үшін төтенше жағдайларды жоюдың мемлекеттік күшін тартпай-ақ, тұлғалар Нормативтерге сәйкес барлық қажетті ресурстармен жарақталады.
      32. Бірінші және екінші деңгейдегі төгілу кезінде тұлғалар мұнайдың төгілуін жою мен алдын алу жөніндегі жоспарға сәйкес қажетті шараларды қабылдайды.
      33. Бірінші және екінші деңгейдегі төгілу болған кезде, тұлғалар жедел түрде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органдардың бөлімшілеріне хабарлайды.
      34. Каспий теңізінің қорық аймағына қаупі жоқ екінші деңгейдегі төгілуге ден қою мемлекеттік органдардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.
      35. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнайдың төгілуін жою мен оқшаулау және авариялардың, қақтығыстардың болу себептерін зерттеу бойынша іс-шараларды өткізгеннен кейін тиісті мемлекеттік органдарға орындалған жұмыстар туралы есеп береді.

4. Үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін
жою жөніндегі шаралар

      36. Үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді.
      37. Ұлттық комиссияның мүшесі ден қою шарасының үйлестірушісі болып табылады және өзі білдіретін мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі іс-қимылдарға басшылық пен жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.
      38. Үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жоюға байланысты жалпы үйлестіруді және іс-қимылдарға басшылықты жүзеге асыру үшін Ұлттық комиссия мұнай төгілген жердегі жұмыстардың Басшысын тағайындайды. Мұнай төгілген жердегі жұмыстардың Басшысы құзыретіне тұлғалардың іс-қимылын реттеуге кіретін мемлекеттік органның өкілдері арасынан төгілу көзінің түріне байланысты тағайындалады.
      39. Жағалау аймағында ластану салдарын жою жөніндегі, сондай-ақ сол аумақтарда қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі іс-қимылды үйлестіруді облыс әкімі жүзеге асырады.
      40. Ұлттық комиссия мұнайдың төгілуіне ден қою кезінде мына мәселелерді шешеді:
      1) мына өлшемдер негізінде аварияны бағалау: мұнайдың төгілу орны, тасталған мұнайдың түрі мен массасы немесе жағалау аймағының ластану көлемі, мұнай дағының қозғалысы, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіп дәрежесі, мұнай төгілген авариялық орнындағы өрт-жарылыс ортаның пайда болу тәуекелі, тасталған ластаушының уыттылығы, балық аулауға және табиғи ресурстарға әлеуетті залалы, бағалы табиғи ресурстарға әлеуетті зардабы, экономикалық зардаптарды бағалау;
      2) қолда бар және қосымша талап етілетін ресурстарды бағалау, ден қоюға сәйкес әдістерді таңдау, сауал, қажет болғанда шетел мемлекетінің көмегі, мұнайдың төгілуіне авариялық ден қою жөніндегі іс-қимыл;
      3) ден қою барысы бойынша жағдайды бағалау және қажет болған жағдайда Ұлттық жоспар бойынша іс-қимылға қажетті өзгерістер енгізу;
      4) мұнайдың төгілуіне ден қою операцияларын аяқтау.
      41. Республикалық дағдарыс орталығы мен мұнай төгілген жердегі жұмыстардың Басшысы қабылдаған ден қою шаралары туралы, барлық жағдайда адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіптің өсу жағдайлары туралы ескерте отырып, Ұлттық комиссияны үнемі хабардар етеді.
      42. Ден қою жөніңдегі іс-қимыл процесінде Ұлттық комиссия:
      1) мұнайдың төгілуін және олардың салдарын жою шараларын ұйымдастыруды жүзеге асырады және мұнай төгілу орнындағы жұмыс Басшысының талаптарын орындауға жәрдемдесу үшін ұлттық комиссия мүшелері - мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың және ден қоюға тартылған ұйымдар мен ведомстволардың қызметін үйлестіреді;
      2) ден қою шараларына мониторинг жүргізеді;
      3) ден қою шараларын қабылдау бойынша ұсыныстар әзірлейді және жұмысты жүзеге асыру барысында мұнай төгілген жердегі жұмыстардың Басшысына техникалық консультация береді;
      4) қорғау үшін басым аймақты анықтауда мұнай төгілген жердегі жұмыстардың Басшысына көмек көрсетеді;
      5) қосымша күштер мен құралдар тартылған жағдайда, олардың орналасатын жерін белгілейді және олардың мұнай төгілген жерге жеткізілуіне көмектеседі;
      6) қолда бар күштер мен құралдарды орналастыру және қайта бөлу бойынша ұсыныстар береді;
      7) мемлекетаралық мәселелер мен дауларды шешу кезінде сыртқы саясат қызметі бойынша оның ішінде трансшекаралық мұнай төгілген жағалау аймағының ластануы жағдайында уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік органдардың мұнайдың төгілуіне ден қоюы

      43. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті орган, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мұнайдың төгілуін жоюды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      44. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган:
      1) ден қою кезінде қажетті көлік пен коммуникацияны қамтамасыз етуге байланысты барлық шараларды үйлестіреді;
      2) азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жеке меншіктегі көлік құралдарын тартады;
      3) мұнайдың төгілуін жою, эвакуациялық іс-шараларды өткізу үшін қажетті құрамның және жабдықтардың, материалдар мен техникалық ресурстардың тасымалдауын және эвакуациялық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
      4) ден қоюға қатысатын теңіз жолымен келетін шетел мемлекеттерінің күштерін және құралдарын қабылдауға дайындықты қамтамасыз етеді.
      45. Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықты төлемей, сондай-ақ тарифтік реттеу шараларын қолданбай, бірінші кезектегі тәртіппен, мұнайдың апатты аймағына жеткізілетін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, кездейсоқ апаттардың зардаптарын жою үшін қажетті тауарды кедендік ресімдеуді қамтамасыз етеді.
      46. Қоршаған ортаны қорғау салдасындағы уәкілетті орган:
      мұнай төгілген жерде гидрометрологиялық жағдайларға жедел болжамды жүзеге асырады;
      авариялық мұнай төгілу басталған сәттен бастап оның зардаптарын толық жойғанға дейін (қаржыландыру және тұлғалардың материалдық базасын тарту есебінен) қоршаған орта объектілеріне мемлекеттік мониторингті (соның ішінде, жедел ғарыштық мониторинг) жүзеге асырады;
      қазіргі заманғы ғарыштық түсірудің жедел деректерін пайдалана отырып, мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау ауданындағы, мұнаймен ластанған ауданды анықтау, мұнайдың төгілуіне мониторинг жүргізу аумағының экологиялық ахуалына мониторинг жүргізеді;
      жағалау аймағында ластану және/немесе мұнай төгілуінің таралу сипатын, көзін және ареалын анықтау мақсатында талдау жүргізу үшін қоршаған орта объектілеріне іріктеу сынағын жүргізеді.
      47. Сыртқы саясат қызметі жөніндегі уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен мұнайдың төгілуін жоюға көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетел қызметкерлеріне тиісті визалар ресімдейді.
      48. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті органның сұранысы бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (келісім бойынша) мұнайдың төгілуін жоюға қатысу үшін келетін шетел күші мен заттарын Қазақстан Республикасының аумағына жедел өткізу рәсімін қамтамасыз етеді.
      49. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі:
      1) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның келісімімен ден қою қызметкерлеріне және жабдығы бар әуе кемелеріне қауіпсіз дәлізді қамтамасыз етеді;
      2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті органның сұранысы бойынша ден қою операцияларын жүзеге асыру үшін теңіз және әуе кемелері мұнай төгілген жердегі Басшының қарамағына беріледі;
      3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті органның және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының сұранысы бойынша мұнай төгілген жердегі жұмыстар басшысының және/немесе жағалау аймағындағы жұмыстар басшысының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер бөлімшесінің қарамағына беріледі.
      50. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
      1) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті органның сұранысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мұнайдың төгілуі нәтижесінде және зардаптарды жою барысында зиян шеккен қызметкерлерге көмек көрсету үшін ден қоюдың барлық уақытында жедел медициналық жәрдем көмегінің болуын қамтамасыз етеді, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды өткізуді ұйымдастырады;
      2) емдеу мекемелерінде зиян шеккендерді эвакуациялауды жүзеге асырады.
      51. Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аңшылық жерлерде және балық шаруашылығы су қоймаларында және/немесе учаскелерінде мұнай төгілген кезде жаппай ауырған, олардың жойылуына қауіп төнген жағдайда жануарларға көмек көрсетуді ұйымдастырады.
      52. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мұнайдың төгілу аймағында және жағалау аймақтарында қажетті ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асырады.
      53. Мұнайдың төгілуін жою үшін жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және өз аймағында тұрған азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің күшін және құралдарын тартады.

4. Мұнайдың төгілуін жою

1. Авариялық жағдайды жою жұмысымен айналысатын
персоналдың еңбегі мен денсаулығын қорғау

      54. Авариялық жағдайды жоюға жұмылдырған персонал мен тұрғындардың денсаулығы мен еңбегін қорғау авариялық іс-шараларға ден қою кезінде бірінші кезектегі мәселе болып табылады. Тәуекелді бағалауды және тәуекелді төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыруды алдын ала жүргізбейінше, авариялық жағдайларды жою жөніндегі жоспарлар мен іс-шараларды орындауға жол берілмейді.
      Тәуекелді төмендету жөніндегі шаралар көлеміне мыналар кіреді:
      1) мұнаймен ластану немесе ілеспе газдың шығуы тұрғындар мен персоналдың денсаулығы үшін қауіп туғызатын аварияны жоюмен айналысатын аумақты оқшаулау;
      2) аварияны жоюмен айналысатын барлық персонал үшін нұсқама өткізу;
      3) арнайы жабдықтарды немесе химиялық заттарды қолданған кездегі техника қауіпсіздігіне оқыту;
      4) ластанған заттардан тікелей байланыстан аулақ болу үшін зардаптарды жоюмен айналысатын персоналды жеке қорғау және қоршаған ортаның қауіпті факторларының әсерін бақылау құралдарын пайдалану;
      5) тиісті демалыспен қамтамасыз ету үшін персоналдың ауыспалы жұмысы;
      6) персонал денсаулықты және еңбекті қорғауға қолданылатын барлық заңнама талаптарын сақтайды. Мұнайдың төгілуін жоюшы топ қауіпті факторларды бақылау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау мақсатында сол жерде авариялық іс-шаралардың іске асуына есеп жүргізеді.
      Үшінші деңгейдегі мұнай төгілгенде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өндірістік жарақаттарды емдеу үшін тиісті құралдар мен персоналдың болуын қамтамасыз етеді. Өндірістік жұмыстың барлық учаскелерінде алғашқы көмектің дәрі қобдишалары болады, жұмысқа қосылған персонал дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетудің тиісті оқуынан өтеді.

2. Ашық теңіз үшін теңіз және жағалау аймақтарында
мұнайдың төгілуіне ден қою шаралары

      55. Ден кою шараларына мыналар кіреді:
      1) жағалау аймағында ластану және/немесе мұнайдың төгілу көзін және таралу сипатын анықтау мақсатында сынаманы іріктеу және оларды талдау;
      2) авариялық мұнай төгілудің көзін бақылау мен жою;
      3) жағалау аймағында ластанудың және/немесе мұнай төгілуінің таралуын бақылау;
      4) физикалық немесе механикалық құралдарды пайдалану арқылы жағалау аймағындағы мұнай төгілудің және/немесе ластанудың алдын алу немесе оқшаулау;
      5) осы іс-шараларды өткізуге арналған құралдардың көмегімен мұнайдың төгілуін жою.
      56. Мұнайдың төгілуін жою үшін мына әдістер қолданылады:
      1) су бетінен мұнайды механикалық тежеу және жинау (сезімтал ресурстардан мұнай дағының ауытқуын қоса алғанда);
      2) химиялық құралдарды қолдану;
      3) төгілген мұнайды жағу.
      57. Төгілуді жою үшін тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен құралдарды пайдаланады. Ден қою шараларын таңдаған кезде, оның ішінде мұнайды жинау немесе жою әдістерін таңдаған кезде, әдетте қолданылатын химиялық және физикалық үдерістерді есепке ала отырып, мұнай төгілген жердегі жұмыс Басшысы адамдардың денсаулығын және қоршаған ортаны барынша қорғауға бағытталған әдістерге артықшылық береді.
      58. Ден қоюды және тазалауды жүзеге асырған кезде қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан неғұрлым тиімді нәтижелерге қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

3. Механикалық тежеу және су бетінен мұнайды жинау

      59. Егер жағдай және қолда бар жабдықтар мүмкіндік берсе, бұл оңтайлы шара. Іс-шара мұнай жинауды және бондық қоршауды, сондай-ақ бондық қоршауды тартуға, мұнай жинаушыны және мұнайды уақытша қаттауға арналған бір, екі немесе үш кемені пайдалануды білдіреді. Тиімді механикалық қалпына келтіру жұмысты төгілу көзіне жақын жүргізуді талап етеді; қалпына келтіру жүйесі төгілген мұнаймен күресе алатын жылдамдықпен шектелген. Әдіс табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті орган бекіткен нұсқаулықта көзделген жағдайларда қолданылады.

4. Химиялық құралдарды (сорбенттерді, диспергенттерді) қолдану

      60. Химиялық құралдарды пайдалану - араластыру мен еріту төгілген мұнайдың қоюлығын суда тіршілік ететін организмдерге қаупі жоқ деңгейге дейін тез төмендетуі мүмкін механикалық ден қою аймағындағы резервтік нұсқа. Химиялық құралдарды таңдау және қолдану экологиялық қауіпсіздік талаптары ескере отырып жүзеге асырылады және мұнайдың төгілуінің алдын алу мен жою жөніндегі жоспарда көрсетіледі.
      61. Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін, тұлға қоршаған ортаны қорғау және елдің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау саласындағы уәкілетті органдарға химиялық құралдарды қолдану туралы есеп береді.
      Есеп химиялық құралдардың мөлшері, оларды қолдану кезіндегі тиімділігі, су объектісінің экожүйесіне олардың әсер ету мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды.
      62. Химиялық заттарды қолдану әуеден немесе теңізден қадағалау көрсеткіштерімен үйлестірілуі тиіс. Көзбен шолып бақылау химиялық құралдарды қолданудың тиімділігін бағалау үшін жүргізіледі. Әуеден және теңізден қадағалау сондай-ақ бақылау үшін химиялық құралдарды ыдырату қажет болған географиялық шектеулерді сақтау үшін пайдалынылады.

5. Төгілген мұнайды жағу

      63. Мұнайдың төгілуінің алдын алу және жою жөніндегі ұйымдастыру жоспары мұнай төгілген жерде мұнай дағын жағу мен тиісті рұқсат алу жөніндегі іс-қимыл тәртібін қамтиды.
      64. Мұнай дағын жағу жөніндегі шешімді мұнайдың төгілуін алдын алу мен жою жоспарына сәйкес мұнай төгілген жердегі жұмыс басшысы қабылдайды.

5. Мұнайдың төгілу зардаптарын жою

1. Ден қою шаралары, мұнайды жинау және қоршаған
ортаны қалпына келтіру

      65. Мұнайды жағалау сызығына жібермеуге күш жұмсалғанына қарамастан, көп жағдайда мұнайдың белгілі бір бөлігі жағалауды ластайды. Мұнайдың төгілуіне ұшыраған жағалаулық ауданды тазалаудың әртүрлі әдістері бар. Себебі, жағалау аймақтары көбінесе жоғары сезімтал болып келеді және осы аймақтар үшін әдісті таңдауға айрықша назар аудару қажет. Тәжірибе көрсеткендей, жағалауды тазалау әрекеті мұнайдың төгілуіне қарағанда едәуір көп зиян келтіреді.
      66. Мұнайдың төгілуіне зиянды әсерді азайтуды қамтамасыз ету үшін ден қою әдісін таңдау қажет. Көп жағдайда табиғи үдеріс жолымен мұнайды тазалау және азайту/жоюды мұнайдың агрессивті емес механикалық әдістерін үйлестіру арқылы қол жеткізіледі.

2. Жиналған мұнайды кәдеге жарату

      67. Жиналған мұнайды және басқа да улы заттарды, сондай-ақ ластанған материалдарды түпкілікті орналастыру тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалады.
      68. Жинау мен оларда жиналған мұнайды орналастыру, арнайы тұрақты сақтау резервуарларына одан әрі қотару үшін қаптар мен бөшкелерді, пластикалық қапшықтарды, ауыспалы және жылжымалы сыйымдылықтарды қолдануға рұқсат етіледі. Жиналған мұнай және/немесе мұнай өнімдерін көп мөлшерде жинаудың тиімді әдісі арнайы жағалау объектісіне тасымалдау және аса үлкен кемеге одан әрі тиеуге арналған мұнай өнімдерін баржалар мен ірі қалқымалы резервуарларға қотару болып табылады.
      69. Жиналған мұнайды қайта өңдеу, сондай-ақ топырақты ластанудан тазалау кезінде шетелдік және отандық тәжірибеде қолданылатын тазалаудың ең тиімді әдісін пайдалану керек.
      70. Қажет болған жағдайда, мұнаймен қаныққан құмды және басқа да қалдықтарды, сондай-ақ құрлықта жиналған мұнайды кәдеге жарату қоршаған ортаны қорғау және елдің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің хабардар ете отырып құрлықта жүзеге асырылады.

3. Мұнайдың төгілуін жою туралы есептілік

      71. Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі операция басталған сәтте шығынды қалпына келтіру талаптарын атқаруды кейіннен жеңілдету үшін барлық жедел іс-әрекеттерге және қадағалауларға құжаттама жүргізіледі. Осы жұмыстарды орындау үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органнан және Республикалық дағдарыс орталығынан, сондай-ақ жедел іс-әрекеттерді және қадағалауларды жазатын қаржылық есептілікті жүргізуге қаржы саласындағы уәкілетті органның қызметкері тағайындалады.
      72. Жедел іс-әрекеттер мен қадағалаулардың жазбасына, сондай-ақ қаржылық есептілікке мыналар кіреді:
      1) мұнайдың төгілуін сипаттау (суреттер мен мүмкіндігінше бейнематериалдарды қоса алғанда);
      2) қабылданған шешімдер мен жүзеге асырылған ден қою шаралары;
      3) ден қою операциялары кезінде жұмсалған барлық шығындар туралы есептер.
      73. Жедел іс-әрекеттер мен қадағалаулардың жазбасын жүргізетін қызметкер күнделікті жұмыс журналын жүргізеді, олар:
      1) ден қою операциясының барысы туралы (орны, уақыты, мақсаты);
      2) жабдықтар және басқа да пайдаланылған құралдар туралы (орны, уақыты, мақсаты);
      3) жалданған қызметкерлер туралы (орны, саны, уақыты);
      4) пайдаланылған ден қою материалдары мен пайдаланылған басқа да материалдар туралы (мысалы, жанармай түрі, оның мөлшері, пайдалану мақсаты) туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді қамтиды.
      74. Жұмыс басшысы мұнай төгілген жерде мынаны қамтамасыз етеді:
      1) мұнай төгілу көзін жою кезінде алынған барлық сынаманы жинау және сақтау;
      2) мұнай төгілуінің тұрғындар мен қызметкерлер денсаулығына және қоршаған ортаға әсері жөніндегі құжаттаманы жүргізу;
      3) барлық талдаудың көшірмелерін сақтау;
      4) ден қою штабы мәжілісінің хаттамасын жүргізу;
      5) барлық келтірілген шығындар бойынша құжаттаманы дайындау.
      75. Аталған құжаттар кейіннен шығындарды өтеуді есептеу үшін және оларды құжаттық растау, сондай-ақ ден қою шараларын кейін бағалау мақсатында пайдаланылады.
      76. Мұнайдың төгілуіне ден қою операциясы аяқталғаннан кейін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган есеп дайындайды, ал қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы қолдаухат дайындайды.
      Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган есепте мыналарды көрсетеді:
      1) мұнайдың төгілуіне әкеп соққан аварияның сипаттамасы және оның дамуы;
      2) қабылданған ден қою шараларының сипаттамасы;
      3) шетел мемлекеттері ұсынған көмекті сипаттау мен бағалау;
      4) ден қоюдың барлық операциясын бағалау;
      5) ден қою кезінде пайда болған проблеманы сипаттау мен талдау;
      6) қолданылатын шараларды, атап айтқанда, мұнайдың төгілуінің алдын алу мен жою жөніндегі үлгі жобаның ережелерін мүмкіндігінше жақсарту туралы ұсынымдар;
      7) мұнайдың төгілуіне ден қою уақытында келтірілген шығынды есептеу;
      8) мұнайдың төгілуінен болған экологиялық және экономикалық зиянды бағалау.
      77. Қоршаған ортаны қалпына келтіру мен төгілудің зардаптарын жою жұмысы аяқталғаннан кейін мұнай төгілген жердегі басшысы мерзімді негізде, сондай-ақ түпкілікті есеп түрінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға барлық жедел іс-әрекеттер мен қадағалау құжаттамасын тапсырады.
      78. Зерттеудің материалдарын ескере отырып, мұнайдың төгілуін жойғаннан кейін ұсынылған материал бойынша Ұлттық комиссияның Төрағасы, төгілу туралы екі апта мерзімде жиынтық есеп дайындайды және оны одан әрі шешімдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.

6. Мұнай төгілуіне ден қоюдың халықаралық аспектілері

      79. Каспий теңізінің әлеуетті ластану көздерінің болуы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен Каспий жағалауындағы мемлекеттерге ұсынылады.
      80. Трансшекаралық төгілуге әсер ету аспектілерін қозғайтын ден қою жөніндегі іс-әрекет сыртқы саясат қызметі жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      81. Авария (мұнайдың төгілуі) немесе оған ден қою шаралары басқа мемлекеттердің қоршаған ортасына теріс әсер етуі мүмкін болған жағдайда, бұл мемлекеттерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды сақтау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, тиісті деңгейде хабарлама жіберіледі.

7. Ұлттық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Болжанатын шығындар

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1.

Мұнайдың төгілуінің алдын алу мен жою және мұнайдың төгілуі салдарынан келтірілген зардапты өтеуді қамтамасыз ету шаралары туралы Қазақстан Республикасының занңамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚР МГМ,
ҚР ТЖМ,
ҚР Қоршағанортамині

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҚР МГМ,
ҚР ТЖМ,
ҚР Қоршаған ртамині

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

3.

Оқиғалардың әлеуетті қаупін тудыратын объектілер орналасқан жерде қоршаған ортаның бастапқы жағдайы туралы деректерді жинау мен талдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚР Қоршағанортамині,
ҚР АШМ

2012 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді

-

4.

Оқиға параметрін, су қоймалары мен биотонын ерекшеліктерін, сондай-ақ оларды қолдануға рұқсат беретін шарттарды ескере отырып, төгілуге және/немесе ластауға қарсы күресу үшін қолданылатын химиялық құралдардың (сорбенттер, диспергенттер) тізімін анықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚР Қоршағанортамині, ҚР АШМ, ҚР ДСМ

2012 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді

-

5.

Жергілікті жердегі аэропорттарды және ұшу-қону алаңдарын пайдалану мүмкіндігін анықтау және қонуына қойылатын шектеулерді көрсете отырып, оларды орналастыру картасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚР ККМ

2012 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді

-

6.

Жағалау аймағында ластануды және/немесе мұнайдың төгілуін жою кезінде жиналған қалдықтарды көму, кәдеге жарату және уақытша қаттап қоюға арналған объектілер орналасқан орталарды белгілеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Жергілікті атқарушы органдар, ҚР Қоршағанортамині

2012 жылы қыркүйек

Талап етілмейді

-

7.

«Ақберен» фонтанына қарсы әскери жасақты енгізуде Солтүстік Каспийдің жедел ден қою экологиялық базасына беру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оның жанынан тиісті мамандарды даярлау үшін оқу-жаттығу базасын құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚР ТЖМ,
ҚР МГМ,
«ҚМГ»ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

8.

Теңізде мұнайдың төгілуін жою үшін құралдарды шоғырландыру қорын құрудың орындылығын қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚР ТЖМ,
ҚР МГМ,
ҚР Қаржымині,
ҚР Қоршағанортамині,
«ҚМГ» ҰК»
АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

9.

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіне әуеғарыштық экологиялық мониторинг жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚР Қоршағанортамині, ҚР МГМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

10.

Каспий теңізінің сандық және ұқсастық нұсқасында теңіздік навигациялық карта әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚР Қорғанысмині,
ҚР ЖРА

2012-2014 ж.ж.

Талап етілмейді

-

11.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында батып кеткен кемелер мен басқа да заттарды шығару мәселесін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ҚР ККМ-ге ақпарат

ҚР ТЖМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

12.

Кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы алдын ала ескертетін навигациялық белгілермен, батып кеткен кемелердің орнын белгілеу бойынша шаралар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚР Қорғанысмині, ҚР ККМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

13.

Жоғалған теңіздік жүзгіш және навигациялық жабдықтың жағалаулық стационарлық құралдарын қалпына келтіру мен оларды жұмыс жағдайында ұстау жөнінде шаралар қабылдау. Теңіз жүзушілеріне хабарлама жіберуді реттеу, навигациялық қатерді табу мәнінде Каспий теңізінің Қазақстандық секторына үнемі мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚР Қорғанысмині

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

14.

Мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі Өңірлік жоспарларды бекіту

ҚР МГМ-ге ақпарат

Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының әкімдігі және Ақтау порты

2012 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді

-

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҚР МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      КР Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      ҚР Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ҚР ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      ҚР ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ҚР Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      ҚР ЖРА — Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
      «ҚМГ» ҰК» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Теңізде және Қазақстан Республикасының
ішкі су айдындарында мұнайдың     
төгілуінің алдын алу және оған ден қою
жөніндегі ұлттық жоспарға      
қосымша               

Мұнайдың төгілуі туралы хабарлау нысаны

КІМГЕ: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға

1-бөлім, Алғашқы ескертпе (1-бөлім оқиға болғаннан кейін тікелей толтырылады және Онда оқиғаға қатысты алғашқы ақпарат көрсетіледі. Оқиға болған сәттен бастап, 5 минут ішінде облыстың әкімі мен аумақтық төтенше жағдайлар органына жіберіледі).

1.

Кімнен

(Т.А.Ә, және ұйым)

2.

Күні

кк/аа/жж уақыт (жергілікті):

3.

Оқиға


4.

Байланыс деректері:

Телефон:
Факс:

5.

Учаске/орналасуы


6.

Кеме объектісінің атауы


7.

Болжамды көлем

(өлшем бірлігін көрсету)

8.

Жылыстау жалғастырылады

Иә/Жоқ

9.

Қолы


2-бөлім, толық сипаттама (1-нысан бойынша ескертпе жіберілгеннен кейін қысқа мерзімде мәліметтің жиналуына орай 2-бөлім қосымша ақпаратпен толтырылады. Толтырылған 1-бөлім 2-бөлімді толтыру үшін ақпарат болмаса да жіберілу керек).

1.

Күні

кк/аа/жж уақыт (жергілікті):

2.

Орналасуы (ендік пен бойлық)


3.

Желдің жылдамдығы

(өлшем бірлігін көрсету)

4.

Желдің бағыты


5.

Теңіздің жағдайы

(өлшем бірлігін көрсету)

6.

Теңіз суының температурасы

(өлшем бірлігін көрсету)

7.

Ауаның температурасы

(өлшем бірлігін көрсету)

8.

Дақтың қалқуы

(жылдамдық пен бағытын көрсету)

9.

Оқиғаның негізі



Төгілудің алдын алу болжамы


10.

Оқиға түрі


11.

Дақтың сыртқы түрі


12.

Сынамаларды алынды

Иә/Жоқ

13.

Фотосуреттер жасалды

Иә/Жоқ

14.

Зардаптарды болжамдау

Сезгіш учаскелерді көрсету:

15.

Авариялық ден қою бойынша қабылданған шаралар


16.

Қолы


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 6  сәуірдегі
№ 422 қаулысына   
қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден кою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 676 қаулысы.
      2. «Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі Ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 13, 147-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қаңтардағы № 9 қаулысы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 339 қаулысы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 183 қаулысы.
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 шілдедегі № 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 366-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 676 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 маусымдағы № 602 қаулысы.
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 616 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 26, 322-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қарашадағы № 1126 қаулысы.
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1280 қаулысы.
      11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 730 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 342-құжат).
      12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 131 қаулысы.
      13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 764 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 608-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады