"Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының деректер банкi туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президент Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 620 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының деректер банкi туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ
ЖАРЛЫҒЫ Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге
қарсы құрылымының деректер банкi туралы
келiсiмдi бекiту туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. 2004 жылғы 17 маусымда Ташкент қаласында жасалған Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының деректер банкi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге
қарсы құрылымының деректер банкi туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай  конвенциясына қатысушы болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер,
      2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң арасындағы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылым туралы  келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
      Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының (бұдан әрi - Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылым) тиiмдi қызметiне тиiстi жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      1. Тараптар Тараптардың арнайы уәкiлеттi органдардың ақпараттық өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету және оның деңгейiн арттыру, сондай-ақ Тараптарды Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитетiнде (бұдан әрi - Атқарушы комитет) Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның деректер банкiн (бұдан әрi - деректер банкi) құрады және онда бар ақпараттарды пайдаланады.
      2. Деректер банкi есептеу техникасы құралдарын пайдалана отырып, автоматтандырылған ақпараттар жүйесiнiң негізiнде, сондай-ақ құжаттамалық материалдарды қатты (қағаз) және өзге де тасушыларда жинақтау жолымен жұмыс істейдi.

  2-бап

      1. Тараптар деректер банкiнiң жұмыс iстеуiне қатысты мәселелер жөнiнде өзара iс-қимылды жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi органдарды айқындайды, бұл туралы осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдер орындалғаннан кейiн Атқарушы комитеттi 60 күннiң iшiнде жазбаша нысанда хабардар етедi.
      2. Арнайы уәкiлеттi орган ауыстырылған жағдайда, бұл туралы жазбаша нысандағы хабарлама 10 күн мерзiмде Атқарушы комитетке жiберiледi.
      3. Деректер банкiндегі ақпарат құпия және құпия емес болып бөлiнедi.
      4. Құпия ақпараттарға қол жеткiзу Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымындағы құпия ақпаратты қорғау туралы  келiсiмге қатысушы болып табылатын Тараптарға ғана берiледi.
      5. Деректер банкiнiң құрылымын, құпия емес ақпаратты қолдану және оларға қол жеткiзу тәртiбiн Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның кеңесi айқындайды.
      6. Деректер банкiндегi ақпаратты техникалық қорғауға қатысты мәселелер жеке Келiсiммен реттеледi.

  3-бап

      1. Деректер банкi Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның құзыретiне жататын, Тараптардың арнайы уәкiлеттi органдарынан келiп түсетiн, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының органдарынан және басқа да көздерден, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарынан, баспа басылымдарынан, телекоммуникациялық жүйелер мен "Интернет" халықаралық компьютер желiсiнен алынатын ақпараттар есебiнен қалыптасады.
      2. Деректер банкiнде:
      халықаралық террористiк, сепаратистiк және экстремистiк ұйымдар, олардың құрылымы, қызметiнiң нысандары мен әдiстерi, көшбасшылары, мүшелерi мен осы ұйымдарға қатысы бар басқа да адамдар туралы, сондай-ақ есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымын қоса алғанда, осы ұйымдарды қаржыландыру көздерi мен арналары туралы;
      терроризм, сепаратизм және экстремизмнiң жай-күйi, олардың таралымының серпiнi мен үрдiстерi туралы;
      террористiк, сепаратистiк және экстремистiк ұйымдарға қолдау көрсететiн ұйымдар мен адамдар туралы;
      терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы iс-қимыл жөнiндегi шаралар туралы;
      Тараптардың, оның iшiнде Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылыммен өзара iс-қимылды жүзеге асыратын құзыреттi органдардың қызметiн регламенттейтiн ұлттық заңнамалары туралы;
      жасалған террористiк актiлер, оларды жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерi туралы;
      террористiк актiлер жасау кезiнде жарылғыш құрылғылардың (жарылғыш құрылғылар бөлiктерiнiң), қарулардың, оқ-дәрiлердiң, уландырғыш және өзге де заттардың пайдаланылуы туралы ақпараттар жинақталады.

  4-бап

      1. Атқарушы комитет деректер банкi үшiн ақпарат алу мақсатында бiр немесе бiрнеше арнайы уәкiлеттi органдарға олардың кез келгенiнiң бастамасы бойынша да, өз бастамасы бойынша да сұрау салулар жiбере алады.
      2. Атқарушы комитет арнайы уәкiлеттi органдардың тиiстi сұрау салулары бойынша 30 күннiң ішiнде деректер банкiнде бар қажеттi ақпаратты бередi.
      3. Атқарушы комитет тоқсан сайын арнайы уәкiлеттi органдарға деректер банкiнде бар мәлiметтер мен материалдар тiзiлiмiн жiбередi.
      4. Атқарушы комитеттiң ақпарат беру туралы сұрау салуларын орындау тәртiбi орындаушы Тараптың ұлттық заңнамасымен реттеледi. Сұрау салуларды орындау мерзiмi 30 күннен аспауы тиiс.
      5. Сұрау салуларды орындау осы Келiсiмнiң 7-бабында белгiленген тiлдерде жүзеге асырылады.
      6. Арнайы уәкiлеттi органдар деректер банкiне ақпаратты оның түсуiне қарай жiбередi, оның барынша толықтығы мен сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi. Арнайы уәкiлетті органдар берiлген ақпаратты Тараптардың және Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның мүдделерiне залал келтiрiлмей пайдаланады.

  5-бап

      Атқарушы комитет деректер банкiнiң жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етудi, соның iшiнде:
      деректер банкiн басқаруды және оны пайдалануды;
      Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның Кеңесi бекiтетiн деректер банкiне ену, оны пайдалану, деректер банкi үшiн ақпарат жеткiзушiлермен жұмыс iстеу және ақпараттарды қорғау тәртiбi туралы нұсқаулық әзiрлеудi және оны орындауды;
      ақпаратты қорғауды және деректер банкi шеңберiнде ақпараттық алмасуды бақылауды жүзеге асырады.

  6-бап

      Деректер банкiн құрумен, оның жұмысын қамтамасыз етумен, оны дамытумен, сондай-ақ онда бар ақпараттарды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырумен байланысты шығыстар Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетiнен Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның қызметiне бөлiнетiн қаражат есебiнен жүргiзiледi.

  7-бап

      Деректер банкi орыс және қытай тiлдерiнде қалыптасуы мүмкiн.

  8-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмiмен осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 10-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енетiн хаттамалар түрiнде ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкін.

  9-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын даулы мәселелер мүдделi Тараптардың арасында консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiледi.

  10-бап

      1. Осы Келiсiм белгіленбеген мерзiмге жасалады және депозитарий Тараптардың осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы жазбаша нысандағы төртiншi хабарламаны алған күнiнен бастап 30-күнi күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығы Тараптарға оның расталған көшiрмесiн жiбередi.
      3. Осы Келiсiм 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай  конвенциясына қатысушылар болып табылатын мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық. Қосылған мемлекет үшiн осы Келiсiм депозитарийдiң оның қосылғаны туралы құжатты алған күнiнен бастап 30-күнi күшiне енедi.
      4. Осы Келiсiм Тараптардың Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет болып табылатын кез келгенiне қатысты күшiнде қалады.

      2004 жылғы 17 маусымда Ташкент қаласында бiр түпнұсқа данада орыс және қытай тiлдерiнде жасалды, әрi екi тiлдегi мәтiннiң күшi бiрдей.

       Қазақстан Республикасы үшiн

      Қытай Халық Республикасы үшiн

      Қырғыз Республикасы үшiн

      Ресей Федерациясы үшiн

      Тәжiкстан Республикасы үшiн

      Өзбекстан Республикасы үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады