"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 маусымдағы N 621 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне
лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау
мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексi (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 ж., N 23-24 Жаршысы (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжат; N 13-14, 195-құжат; N 205; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжат; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжат; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжат; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; 16, 91-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 жылғы 21 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 21 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне толықтырулар енгiзу туралы (Жалпы бөлiм)" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 мамырдағы  Заңы ):

      1) 43-баптың 2-тармағы ", Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген жағдайлардан басқа жағдайлардағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 328-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "328-бап. Ломбардтарға зат салу

      1. Қысқа мерзiмдi несиелердi қамтамасыз ету үшiн азаматтардан жеке тұтынуға арналған жылжымалы мүлiктi кепiлге алуды ломбардтар ретiнде тiркелген заңды тұлғалар айрықша кәсiпкерлiк қызмет түрi ретiнде былайша жүзеге асыра алады:
      1) жылжымалы мүлiктерге кепiлге қысқа мерзiмдi кредиттер беру;
      2) қымбат металдар мен асыл тастары бар зергерлiк бұйымдарды есепке алу, сақтау және сату.
      Ломбардтар инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      2. Ломбардтағы заттарды кепiлге aлу шарты ломбардтың кепiлдiк билетін беру арқылы ресімделедi және онда кепiлдiк берiлген мүлiктi сақтандыру талаптары болуы мүмкін. Кепiлдiк берiлген мүлiктi сақтандыру ломбардтың есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Ломбардтың кепiлдiкке алынған заттарды пайдалануына және иелігіне алуына құқығы жоқ.
      4. Ломбард кепiлдiкке алынған заттардың жоғалуы және бүлiнуi дүлей күштің салдарынан болғандығы дәлелденбесе, онда кепілдiкке алынған заттардың жоғалуына және бүлiнуiне жауап бередi.
      5. Ломбардтар өз қызметтерiн ломбардтың жоғарғы органы бекiткен операцияларды жүргiзудiң жалпы талаптары туралы Ережесi болған жағдайда ғана жүзеге асырады және онда мынадай ақпараттар болуы тиіс:
      1) берілiп отырған кредиттердің белгілi сомалары мен мерзiмдерi;
      2) берілiп отырған кредиттер бойынша сыйақы ставкасының белгілі шегi;
      3) операцияларды жүргізудiң ставкалары мен тарифтерi;
      4) ломбардтардың және олардың клиенттерiнің құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершіліктерi;
      5) кепiл берушi кепіл билетiн жоғалтып алған кезде оның дубликатын беру тәртiбi;
      6) өзге де талаптар.
      Ломбард операцияларын жүргiзу туралы Ереже ломбард клиенттерi қарауға ыңғайлы жерге iлiнуi тиiс.
      6. Кепiл берушiнiң осы Кодекс бойынша ұсынылған құқықтармен салыстырғанда ломбардтағы заттарға кепілдiк беру құқықтарын шектейтiн шарт талаптары шарт жасалған сәттен бастап өзiнiң күшін жояды. Ол талаптардың орнына осы Кодекстiң тиістi ережелерi қолданылады.";

      3) 370-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) егер консервация немесе таратылу процесiнде болып отырған банкке қоятын кредитордың талаптары талап ету құқықтарын басқаға беру шарт(тар)ынан туындап жатса".

      2. 1999 жылғы 1 шiлдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 715-баптың үшіншi бөлiгіндегі "банктер болып табылады" деген сөздердiң алдынан "және почтаның ұлттық операторы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 727-баптың 1-тармағы "төлемділiк, мерзiмділiк, қайтарымдылық талаптары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 728-баптың 4-тармақшасы алып тасталсын;

      4) 743-баптың екiншi бөлiгiндегі ", банк қызметiн реттейтiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне (Қазақстан Республикасының Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжат; N 14,109-құжат; N 15, 122, 139-құжат; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат):

      1) 168-2-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "банктердiң" деген сөздерден кейiн "банктердiң iрi қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ банк холдингінiң немесе банктiң iрi қатысушысының белгiлерiне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың," деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлiктегі "банктердiң" деген сөздерден кейiн "банктердiң iрi қатысушыларының, банк холдингтерiнiң," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 170-баптағы "мәртебесi" деген сөз "белгiлерi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 173-бапта:
      сегізiнші бөлігіндегі "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздерден кейiн "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысының белгiлерiне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы он жетiнші, он сегізiншi, он тоғызыншы бөлiктермен толықтырылсын:
      "17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы болуға келiсiм алуға байланысты Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгіленген талаптарын бұзу - азаматтар үшiн елуден екi жүзге, ал заңды тұлғаларға -
      жүзден мыңға дейiнгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуы осы құжаттың он тоғызыншы бөлігіне көзделгеннен басқа жағдайда Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі жөніндегі заңдар талаптарын бұзған жағдайда -
      лауазымды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгі, ал заңды тұлғаларға - бес жүзден мыңға дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      19. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы алдын-ала мемлекеттiк уәкiлеттi органның рұқсатынсыз еншілес ұйымын құрған не иеленген жағдайда -
      лауазымды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi, ал заңды тұлғаларға -
      бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) мынадай мазмұндағы 175-1, 175-2-баптармен толықтырылсын:

      "175-1-бап. Заңдарда белгіленген қаржы ұйымдарының басшы
                  қызметкерлерiн келiсу туралы талаптардың бұзылуы

      Қаржы ұйымы қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерi қызметiне тағайындау (сайлау) тәртiбiне қойылатын талаптарды бұзған жағдайда - заңды тұлғаға -
      жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдарының, өкiлдiктерiнiң
                 қызметін ашу және тоқтату тәртiбiнің бұзылуы

      Қаржы ұйымы филиалдарының және өкiлдiктерiнiң қызметін ашу, тоқтату, сондай-aқ қаржы ұйымы филиалдарының және өкiлдiктерiнiң қызметiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары сақталмағандығы туралы уәкiлеттi органға уақтылы хабарлама жасамау
             Қаржы ұйымы филиалдарының және өкілдiктерiнiң қызметiн ашу тоқтату тәртiбiн бұзған, сондай-aқ қаржы ұйымы филиалдарының және өкiлдiктерiнiң қызметiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы банктік заңдарының, қаржы ұйымдары филиалдарының және өкiлдiктерiнiң қызметiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарының талаптары сақталмаған жағдайда -
      лауазымды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi, заңды тұлғаға жиырмадан екi жүзге дейiнгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) мынадай мазмұндағы 199-1, 199-2, 199-3-баптармен толықтырылсын:

      199-1-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы
                 келiсiмiн алуға байланысты Қазақстан
                 Республикасының заң актiлерінде белгіленген
                 талаптарының бұзылуы

      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы келiсiмiн алуға байланысты Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгіленген талаптарының бұзылуы -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейінгі, заңды тұлғаға - жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      199-2-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаларға
                 сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру талап
                 етiлетiн мәлiметтердi бермеуге, уақтылы бермеуге
                 немесе күмәнді мәлiметтердi беруге байланысты
                 бұзушылықтар

      Жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының белгілерiне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң (құрылтайшыларының) және оның аффилиирленген тұлғаларының мәлiметтердi бермеуi, уақтылы бермеуi немесе күмәнді мәлiметтердi беруi -
      елу айлық есептік көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      199-3-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы
                 жинақтаушы зейнетақы қорларының
                 заңсыз қатысуына байланысты бұзушылықтар

      1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзуға қатысуы -
      лауазымды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейінгі, заңды тұлғаға - бес жүзден бiр мыңға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Уәкілетті органның алдын ала келiсiмiнсiз жинақтаушы зейнетақы қорының еншiлес ұйымды құруы не сатып алуы -
      лауазымды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейінгі, заңды тұлғаға - бiр мыңнан екi мыңға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      6) 573-баптың бiрiншi бөлiгiндегі "175 (бiрiнші бөлiк)," деген сөздерден кейiн "175-1, 175-2" деген сандармен толықтырылсын, "198," деген сандардан кейiн "199-1, 199-2, 199-3," деген сандармен толықтырылсын.

      4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжат; 75; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133-құжат; N 139; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 91-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) сатылатын күнi қор биржасының ең жоғары және жоғарыдан кейiнгi санат ресми тiзiмдерiнде бар акциялар мен облигациялардың қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен сатылу кезiндегi құнының өсiмiнен түскен кiрiс;";

      2) 131-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "уәкiлетті органның лицензиясы негізiндегi заем операциялары және резидент банктерге және лизинг берушілерге төленетiн сыйақылар" деген сөздер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын peттeу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиясы негiзiндегi кредиттiк серiктестіктердiң, микрокредиттік ұйымдардың банктік заем операциялары және резидент банктерге және лизинг берушілерге төленетiн сыйақылар" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 227-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржы қызметтерiне мыналар жатады:

      1) Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын peттeу мен қадағалау жөніндегі уәкiлетті мемлекеттiк орган немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын және банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн, сондай-aқ олардың қызметiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегінде уәкiлеттi органның лицензиясынсыз реттейтiн өзге заңды тұлғалар жүргізетiн мынадай банктiк және өзге де операциялар:
      депозиттердi қабылдау заңды және жеке тұлғалардың банктiк шоттарын жүргiзу;
      банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
      тазартылған қымбат металдардың монеталарының сол тұлғаға қатысты нақты саны көрсетілетiн жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;
      аударым операциялары;
      банктік заем операциялары;
      сенiмгерлiк (траст) операциялары;
      банкаралық клиринг;
      касса операциялары;
      шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
      инкассоға төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) қабылдау;
      аккредитив ашу (көрсету) және растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
      сенiмгерлiк операциялары: сенiм бiлдiрушiнiң мүддесi және тапсырмасы бойынша банкiлер және ипотекалық компаниялар жүзеге асырып отырған ақшаны, тазартылған қымбат металдарды басқару;
      ақшалай нысанда орындау көзделген банктiк кепiлдiктердi беру;
      үшiнші тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделген банктiк кепiлдемелердi және өзге де мiндеттемелердi беру;
      банктер жүзеге асыратын факторинг және форфейтинг операциялары.
      2) бағалы қағаздармен операциялар, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының қызметi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген лицензиялар негізiнде бағалы қағаздар нарығында жүзеге асырылатын қызметтi ұйымдардың көрсетуi және олардың қызметiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясаты Қазақстан Республикасының заң актісiне сай iске асыруға уәкілеттi банктiң лицензиясыз реттейтін өзге де заңды тұлғалардың бағалы қағаздармен жүзеге асыратын операциялары;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінiң (сақтандыру агенттерiнiң) қызмет көpceтуi;
      4) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен операциялар;
      5) зейнетақы активтерiмен, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтік қорының активтерiмен инвестициялық басқару жөнiнде қызмет көрсету;
      6) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын басқару жөнiнде қызмет көрсету;
      7) зейнетақы активтерiнен алынған инвестициялық кiрiстi бөлу және есепке алу жөнiндегi зейнетақы жарналарын тарту бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi;
      8) кәсiпорынның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн iске асыру;
      9) микрокредиттер беру жөнiндегi операциялар;
      10) ломбардтардың жылжитын мүлiктi кепiлге ала отырып қысқа мерзiмдi заемдар беруi;
      11) кредиттiк серiктестiктердiң өз қатысушылары үшiн көрсететiн мынадай операциялары бар:
      аударым операциялары: ақша төлеу және аударым жасау тапсырмаларын орындау;
      заем операциялары: ақшалай нысандағы кредиттердi төлемдiлiк, мерзiмділік және қайтарымдылық талаптары бойынша беру;
      кредиттік серiктестiк қатысушыларының шоттарын ашу және жүргізу;
      кредиттiк серiктестiк қатысушылары үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн кепiлдiктер, кепілдемелер және өзге мiндеттемелер беру.".

      5. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі  Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжат; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжат; N 13-14, 173, 176-құжат; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжат; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжат; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):
      7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Лицензиялауды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-қимылды (операцияларды) жасауға мемлекеттiк орган, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi, кредиттік серiктестiктер, Почтаның ұлттық операторы жүзеге асыратын қызметтен (операциялардан) басқа, мұндай қызметтi (операцияларды) лицензиясыз жүргiзу мүмкiндiгi Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда ғана жол беріледi.".

      6. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі  Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):

      1) 6-бапта:
      екiншi бөлiктегі "банктiк және сақтандыру қызметі" деген сөздер "қаржылық қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ал банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын есептiк тiркеу үшiн - аталған органның келiсiмi" деген сөздер алып тасталсын;
      үшiншi бөлiк алып тасталсын;

      2) 8-баптың екiншi бөлігіндегi "орналасқан жерi" деген сөздерден кейiн "(банктiң филиалдарының бiр облыс (аудан), Алматы (ауданы) және Астана (ауданы) қалалары шегінде орналасқан бiрнеше мекен-жайлар иелену құқығы бap)".

      7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):
      8-бапта:
      д-1) ", осы тұлғаға тиесiлi; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейфтiк операциялар; ломбардтық операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және салып жiберу; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлетті орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкiлетті органның лицензия еру мүмкiндігi туралы қорытынды бередi;" деген сөздердi ", және осы тұлғаға тиесiлi қымбат металдардан жасалған монеталар; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкаралық клиринг; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы д-2) тармақшасымен толықтырылсын:
      "д-2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда банктердiң банктiк операциялары және сейф операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкiлеттi органның лицензия беру мүмкiндігі туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органға (бұдан әрi - уәкілеттi орган) қорытынды бередi, сондай-ақ осындай қорытындыны беру тәртiбiн айқындайды;".

      8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы  Заңына 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжат; N 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат):

      1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) банктiң аффилиирленген тұлғасы - "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабымен белгіленген тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары;
      2) банк конгломераты - сабақтас ұйымнан және оның еншiлес ұйымынан, сондай-ақ сабақтас ұйым және/немесе оның еншiлес ұйымының капиталында мейлiнше қатысы бар ұйымнан тұратын және мынадай талаптарға сәйкес келетiн заңды тұлғалар тобы:
      банк сабақтас ұйым болып табылады немесе еншiлес ұйымдардың бiрi банк болып табылады;
      банк сабақтас ұйым болып табылмайды, бiрақ топтың жұмысы негізiнен банктiк секторға жинақталған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерiнiң, топтың жиынтық активтерiнiң қатынасы қырық және одан артық процент болып отыр;
      банк сабақтас ұйым болып табылмайды, бiрақ топта бiр банк және өзге қаржы ұйымы бар;
      Егер заңды тұлғалар тобында сабақтас ұйым - Қазақстан Республикасының резидент емес банкi бар болса, онда банк конгломераты Қазақстан Республикасының резиденті еншiлес банкiн, оның еншілес ұйымдарын, сондай-ақ еншiлес банктiң және оның еншiлес ұйымдарының капиталында едәуiр қатысы бар еншiлес банктi таниды.
      3) банк холдингі - бұл уәкілеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес банктiң дауыс беретiн акциясының жиырма бес немесе одан астам процентiн тiкелей немесе жанама иеленетiн немесе:
      банктiң дауыс беретiн акциясының жиырма бес немесе одан астам процентiмен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
      шарттың күшiмен не өзге жағдаймен бақылау жасау жолымен банк қабылдап отырған шешiмдердi айқындау мүмкiндігі бар заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидентi немесе резидент емесi (мұндай иеленушi мемлекет болатын жағдайлардан басқа);
      Осы Заңның банк холдингi мәртебесiн алу жөнiндегi талаптары өзi тұратын елде шоғырландырылған қадағалауға жатпайтын Қазақстан Республикасының резидент емес банкiне қолданылмайды.
      4) депозит - бiр тұлғаның (депозитордың) басқа тұлғаға - банкке, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрi - Ұлттық Банк) почтаның Ұлттық операторына олардың алғашқы талап етуi бойынша ма немесе белгiлі бiр уақыт аралығында қайтарыла ма жоқ па, алдын ала келiсілген үстеме бойынша ма, жоқ па тiкелей депозиторға ма, жоқ әлде оның тапсыруы бойынша үшiншi тұлғаға берiле ме жоқ па, осыларға қатыссыз, оларды номиналды түрде қайтару талабымен берген ақшасы;
      5) еншілес ұйым - оған қатысы бар заңды тұлға бақылау жасап отыратын заңды тұлға. Акциялары кепiл туралы шарт талаптарына сәйкес банк меншігі ретiнде қабылданатын заңды тұлғалар еншілес ұйым болып есептелмейдi, сонымен бiрге мұндай акциялардың сатылу мерзiмi бiр жылдан аспауы тиiс;
      6) капиталға қомақты қатысу - бiр немесе бiрнеше тұлғалармен тiкелей немесе жанама, жеке немесе бiрлесе отырып иелену не дауыс берушi акциялардың (қатысушылардың салымдарының) жиырма не одан аса процентiне дауыс беру мүмкіндігіне ие болу;
      7) бақылау - мынадай талаптардың бiрi пайда болған кезде бiр заңды тұлғаның екiнші заңды тұлғаның қаржылық немесе шаруашылық қызметiн айқындау мүмкiндігі:
      бiр немесе бiрнеше тұлғалармен жекелей не бiрлесiп басқа тұлғаның дауыс берушi акцияларының елу процентiнен астамын тiкелей немесе жанама иелену не басқа заңды тұлғаның дауыс берушi акцияларының елу процентiнен астамына дербес дауыс беру мүмкiндігінiң болуы;
      басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесiнiң немесе Басқармасының жартыдан кем емес құрамымен басқа заңды тұлғаның сайлану мүмкiндігі; 
      аудиторлық есепке сәйкес бiр заңды тұлғаның қаржылық есебiнiң басқа заңды тұлғаның қаржылық есебiне қосылуы;
      бiр заңды тұлғаның екiншi заңды тұлғаны қаржылық немесе шаруашылық қызметін шарттың (растаушы құжаттар), сондай-ақ өзге жағдайда не уәкiлетті органның нормативтік құқықтық актісiнде көзделген жағдайларда айқындау мүмкiндігінiң болуы;
      8) банк акциясын жанама иелену (дауыс бepу) - банктiң iрi қатысушысының (банк холдингiнiң) немесе банктiң бiрлескен iрi қатысушысы (банк холдингі) болып табылатын тұлғаларының бiрiнiң немесе уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актілерiнде белгіленген тәртiппен көзделген басқа жағдаймен акцияларын иеленуi (дауыс беру мүмкіндігі);
      9) банктің iрi қатысушысы - бұл уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес банктің дауыс беретiн акциясының он немесе одан астам процентiн тiкелей немесе жанама иеленетiн немесе:
      банктің дауыс беретiн акциясының он немесе одан астам процентiмен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
      уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiнде белгіленген тәртiппен шарттың күшiмен немесе басқа жағдаймен банк қабылдаған шешiмдерге ықпал ету мүмкiндігі бар жеке немесе заңды тұлға - Қазақстан Республикасының резидентi немесе резидент емесi (мұндай иеленуші мемлекет болатын жағдайлардан басқа);
      10) заңды тұлғаның iрi қатысушысы - заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының (қатысушылар салымдарының) он немесе одан артық процентiн иеленiп отырған, мемлекет иеленгеннен басқа жағдайлардағы, Қазақстан Республикасының резиденті немесе резидентi емес жеке немесе заңды тұлға;
      11) банктің реттеушi меншiктi капиталы (бұдан әрi - меншікті капитал) банктiң инвестицияларын шегере отырып, бiрiнші деңгейдегі капиталдың және екiншi деңгейдегі капиталдың сомасын өзiне қосып алады. Меншiктi капиталды, бiрiншi деңгейдегi капиталды, екiншi деңгейдегі капиталды және банк инвестицияларын есептеудiң әдiстемесiн уәкілеттi орган айқындайды;
      12) сабақтас ұйым - басқа заңды тұлғаны бақылаушы заңды тұлға.";

      2) 5-баптағы "Ұлттық Банктiң" деген сөздерден кейiн "не Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 6-баптың 2-тармағы "Қазақстан Республикасының заң актiсi лицензиясыз банк операцияларын жүзеге асыру мүмкiндiгін көздеген жағдайлардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Банктерге тыйым салушы және шектеушi қызмет

      1. Банктердiң банктiк қызметке қатысы жоқ кәсiпкерлiк қызмет ретiндегі не осы Заңның 30-бабының 11-тармағында көзделмеген операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруға, сондай-ақ осы баптың 2 және 3 тармақтарында және осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардағы бағалы қағаздармен мәмiленi жүзеге асыру белгіленген жағдайлардан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдары мен акцияларына қатысу үлестерiн иеленуге тыйым салынады.
      2. Осы баптың 1-тармағымен белгiленген тыйым салу банктiң жарғылық капиталдары мен акцияларына қатысу үлестерiн иеленудiң мынадай жағдайларында қолданылмайды:
      1) қаржы ұйымдарына;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында қызмет атқаратын қор биржасының барынша жоғары санатты тiзiмiне акциялары енгізiлген қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғаларға;
      3) лизинг ұйымдарының бағалы қағаздарын орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резидент емес банктер, кредиттiк бюролар, арнайы ұйымдардың қызметiн автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-aқ банктің операциялық қызметін қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiк иелену және басқару сияқты айырықша қызмет түрiн атқаратын ұйымдарға;
      4) осы ұйымдардың кепiл ретiнде қабылданған акцияларын (қатысу үлесi) банктер сатып алған сәтке дейiн кепiлдiк беру туралы шарт талаптарына сәйкес оларды банктердiң меншігіне беретiн заңды тұлғаларға;
      5) осы Заңның 10-бабында көрсетiлген заңды тұлғаларға;
      6) Қазақстан Республикасының резиденттерi - тәуекелсiз инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорларға;
      7) банкiлер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығы қатысушылары мәртебесi бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларына.
      Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу бiр заңды тұлғаның орналастырған акцияларының жалпы санының он процентiнен аспауы тиiс.
      3. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 6), 7) тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына банктiң қатысуы бiр заңды тұлғадан аспауы тиiс:
      1) 1), 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген ұйымдар үшiн - банктiң меншiктi капиталының он бес процентiнен;
      2) осы баптың 2-тармағының 2) және 6) тармақшаларында көрсетiлген қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалар үшiн - банктің меншiктi капиталының он процентiнен;
      3) банктiң заңды тұлғаның жарғылық капиталына осының алдында кепiлдiкке алынған акциялардың банктiң меншігіне көшуi арқылы заңды тұлғаның банктiң жарғылық капиталына тiкелей қатысуы жағдайында - сату мерзiмi бiр жылдан кем болмауы тиiс банктiң меншiкті капиталының жиырма бес процентінен.
      Банктiң жарғылық капиталға қатысудағы жиынтық сомасы мынадан аспауы тиiс:
      қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалар үшiн - банктiң меншiкті капиталының алпыс процентiнен;
      сақтандыру ұйымдары үшiн - банктің меншiкті капиталының қырық процентiнен.
      Банктер он күн iшiнде егер қатысу үлесiнiң мөлшерi он бес, отыз немесе қырық проценттен асып кетсе немесе төмендегі кеткен жағдайда заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесiнiң өзгеруi туралы уәкілеттi органға хабарлауы тиiс.
      4. Осы баптың 2-тармағымен белгіленген шектеулер банктің еншiлес ұйымдары мен оның капиталында банк пен оның еншiлес ұйымдарының едәуiр қатысу үлесi бар ұйымдар қызметiнде қолданылады.
      5. Осы баптың 1-тармағымен белгіленген тыйым салулар мынадай мәмiлелердi жүзеге асыруда қолданылмайды:
      өз қызметін бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырып отырған қор биржасының ең жоғарғы және ең жоғарғыдан кейiнгi санаттар тiзiмiне енгізілген заңды тұлғалардың облигацияларымен;
      тiзбесiн уәкілеттi орган белгілейтiн халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;
      рейтинг агенттіктерiнiң бiрi талап ететiн барынша төмен рейтингі бар шетел эмитенттерiнiң облигацияларымен";

      5) 11-бап алып тасталсын;

      6) 11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1-бап. Банктердiң еншiлес ұйымдары және банктердiң
                 ұйымдардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуы

      1. Банк осы Заңның 8-бабы ұсынып отырған өкiлеттiктердi жүзеге асыру мақсатында тек уәкiлеттi органның рұқсаты болғанда ғана еншілес ұйымын құра алады немесе иелене алады.
      Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады.
      2. Банктердiң еншiлес ұйымдарының еншiлес ұйым құруға құқығы жоқ.
      Банктің еншiлес ұйымы өзiнiң толық атауында "еншiлес" деген сөздi пайдалануы және сабақтас ұйымының атын көрсетуi мiндетті.
      3. Рұқсат алу жөнiндегі өтiнiшке мынадай құжаттарды қосып беру керек:
      1) еншiлес ұйымның тағайындау жөнiндегi құжаттары, жарғының бекiтiлгендігі туралы хаттама;
      2) банктің уәкiлеттi органының еншілес ұйымды құруы немесе сатып алуы туралы шешiмi;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерi туралы ақпарат;
      4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және аффилиирленген тұлғалар туралы мәлiметтер;
      Банкте банк холдингі болмаған жағдайда еншiлес ұйыммен байланысты ұйымдар туралы мынадай қосымша ақпараттар берiледi:
      осы ұйымдар қауымдастығының меморандумы немесе ережесi талаптарына сәйкес олардың қызметiн бiрлескен негiзде басқару;
      аталған ұйымдардың басқару немесе атқарушы органдарының құрамының үштен бiрi сол бұрынғы адамдардан тұратын болса.";
      5) бизнес-жоспарын бере отырып, еншiлес ұйым түрi немесе түрлерi туралы ақпарат;
      6) құрылған еншілес ұйымның мәлiмделген жарғылық капиталының мөлшерi туралы ақпарат;
      7) құрылған еншілес ұйымның жарғылық капиталына банктiң қатысу үлесi мен сомасы туралы ақпарат;
      8) еншілес ұйымның сатып алу жағдайлары мен тәртiбi туралы мәлiметтер;
      9) аудиторлық ұйымның есебi мен аудиторлық ұйым куәландырған, сатып алынған еншiлес ұйымның қаржылық есебi;
      10) сатып алынған еншiлес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендігі туралы нотариатта куәландырылған көшірмесi;
      11) сатып алынған еншілес ұйымның мәлiмделген (тiркелген), ақысы төленген жарғылық капиталының мөлшерi туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық қорытындыда болмаса), сатып алынған ұйымның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесi мен сомасы туралы ақпарат;
      12) мыналар:
      заңды тұлғаның атауы мен тұратын жерi;
      заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктiң қатысу үлесi мен сомасы туралы мәлiметтер;
      банк сатып алған еншiлес ұйымның жарғылық капиталына заңды тұлғаның қатысу үлесi мен сомасы туралы мәлiметтер бар, жарғылық капиталға оның қатысуы арқылы банк еншілес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректер;
      13) iшкі бақылау және тәуекелдердi басқару жүйесiнiң болуын, оның ішінде еншілес ұйым қызметiне байланысты тәуекелдерге қатыстылығын растайтын құжаттар.
      14) еншiлес ұйымды бақылауды және бақылаудың негiздерiн растайтын құжаттар.
      4. Банк соңғы аяқталған eкі қаржы жылының нәтижесi бойынша банктiң шығынсыз қызмет талаптары бойынша және рұқсат алуға уәкiлеттi органға өтiнiш берген күннiң алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкiлеттi орган белгілеген пруденциалдық нормативтердi сақтаған жағдайда еншiлес ұйым құруға құқылы.
      5. Мыналар рұқсат беруден бас тартуға негiздеме болып табылады:
      1) рұқсат алу үшiн қажеттi құжаттардың берiлмеуi;
      2) еншiлес ұйымның басшы қызметкерлерiнiң (немесе басшы қызмет лауазымына тағайындалуға немесе сайлануға ұсынылып отырған кандидаттар) осы Заңның 20-бабының 2-тармағының 3), 4) тармақшаларының талаптарына сай келмеуi;
      3) банктің болуы болжанып отырған еншiлес ұйымдардың шоғырландырылған негіздегі пруденциалдық нормативтерi нәтижесiнде және банктiң уәкiлетті орган белгiлеген басқа да сақтауы мiндетті нормалар мен лимиттердi сақтамауы нәтижесiнде;
      4) банктің қаржылық жағдайының болжам бойынша нашарлауы және (немесе) еншілес ұйымдардың қызметінің немесе банк жоспарлап отырған инвестициялар негізiнде банк салымшыларының мүдделерiне зиян келтiрiлген жағдайда;
      5) iшкi бақылау және тәуекелдердi басқару жүйесiнiң болуын растап берiлген құжаттардың, оның ішінде еншілес ұйым қызметінiң уәкiлетті органның ішкi бақылау және тәуекелдердi басқару жүйесiне қоятын талаптарына байланысты құжаттардың сәйкессіздiгi;
      6) банктің уәкiлеттi органға рұқсат алуға және/немесе өтiнiштi қарау кезеңiнде өтiнiш берген күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтердi сақтамаған жағдайында;
      7) өтініш берiлген күнге банкке қатысты қолданылып жүрген шектеулi ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы.
      6. Уәкiлеттi орган өтiнiш берілгеннен кейiн үш ай ішінде рұқсат беруi немесе рұқсат беруден бас тартуы мiндеттi.
      Уәкілетті орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда бас тартудың негіздемелерi туралы өтінiш иесiн хабардар етуi мiндетті.
      7. Банктiң еншiлес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізiлген барлық өзгерiстер және толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуi тиiс.
      8. Уәкiлетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк үш айлық мерзiм iшiнде еншiлес ұйымдағы оған тиесілі акцияларды (қатысу үлесiн) өз иелiгінен осы банкпен айырықша қатынасы жоқ тұлғалардың иелiгіне беруi не еншiлес ұйым қабылдайтын шешiмдердi айқындау мүмкiндiгінен бас тартуы және уәкiлетті органға растайтын құжаттарды ұсынуы тиiс.
      9. Ұйымның жарғылық капиталындағы едәуiр қатысуға рұқсат бepу уәкiлеттi органның рұқсаты болғанда ғана жол беріледi.
      Ұйымның жарғылық капиталындағы едәуiр қатысуға рұқсат беру уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгіленген тәртіп бойынша айқындалады.
      10. Рұқсат алуға өтiнiш осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5)-8) тармақшаларында көзделген құжаттар қосымшаларымен бiрге ұсынылады.
      Ұйымның жарғылық капиталындағы едәуiр қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жасалады.
      Iшкi бақылау және тәуекелдердi басқару жүйесiнiң болуын растап берiлген құжаттардың, оның ішінде еншiлес ұйым қызметінің тәуекелдерiне, уәкiлеттi органның iшкі бақылау және тәуекелдердi басқару жүйесiне қоятын талаптары жарғылық капиталындағы едәуiр қатысуға рұқсат беруден бас тартуға негіз болмауына байланысты құжаттардың сәйкессiздiгi;

      7) 16-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      7-тармақтың бiрiнші бөлiгiнде:
      бiрiнші сөйлем алып тасталсын;
      "есептеу" деген сөздiң алдында "меншiктi" деген сөзбен, "қарыз" сөзi "заем" сөзiмен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "мөлшерi" деген сөз "меншiктi" деген сөзбен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктiң абзацындағы "нақты капиталының мөлшерiн" деген сөздер "оның мiндеттемелерiнiң сомасын шегергендегi банк активтерi құнының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 17-баптың 6-тармағы алып тасталсын;

      9) 17-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1-бап. Банк холдингi және банктің iрi қатысушысы

      1. Қандай да бiр тұлға, жеке немесе басқа (басқалар) тұлғамен (тұлғалармен) бiрлесiп, уәкiлетті органның алдын-ала жазбаша келiсiмiнсiз банк холдингi, банктiң iрi қатысушысы бола алмайды.
      Заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резидент еместерi тiзбесiн уәкiлеттi орган белгілейтiн негізгі рейтинг агенттiктерiнiң бiрi талап етiп отырған барынша төмен рейтингiн алған кезде ғана iрi қатысушы немесе банк холдингі мәртебесiн иеленуге уәкiлеттi органның келiсiмiн ала алады. Барынша төмен рейтинг және рейтинг агенттіктерiнiң тiзбесi уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актілерiмен белгіленедi.
      2. Банк холдингі немесе банктiң iрi қатысушы мәртебесiн иеленуге келiсiм бepу қайтарып алу тәртiбi, аталған келiсiмдi алу үшiн ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленедi.
      3. Банктiң iрi қатысушысы болғысы келетiн тұлға уәкiлеттi органға осы баптың 4-7-тармақтарымен белгіленетiн құжаттар мен мәлiметтердi қосып бере отырып, банктің iрi қатысушысы мәртебесiн иелену туралы өтiнiштi беруi мiндетті.
      4. Банктiң iрi қатысушысы мәртебесiн иелену үшiн келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес жеке тұлғасы - мынадай құжаттарды беруi керек:
      1) растаушы қосымша құжаттар көшiрмесi бар, акцияларды сатып алудың талаптары мен тәртiбi жөнiндегi мәлiметтердi және дерек көздерi мен ақша сомасының сипаттамасын қосқандағы банк акцияларын сатып алудың талаптары мен тәртiбi туралы мәлiметтер;
      2) өтiнiш берушiнiң мүддесiн ұсыну тапсырылатын өтінiш берушiнiң өкілі туралы мәлiметтер;
      3) iрi қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар тiзiмi және олардың құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырылған көшiрмелерi;
      4) уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген нысан бойынша бiлiмi, еңбек қызметi, сондай-ақ сотталғандығы, сыбайлас жемқорлық, қаржы, салық салу саласында жасаған құқық бұзушылықтары үшiн әкiмшілiк жауапкершiлiкке тартылуын қосқандағы өтiнiш берушi туралы қысқаша деректер;
      5) Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғасы тұрған елдiң сәйкес мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң жарғылық капиталға қатысуына осы елдiң заңдарымен рұқсат берiлгендiгi туралы жазбаша растамасы, не мұндай рұқсаттың аталған құрылтайшы мемлекетінiң заңдары бойынша талап етілмейтiндігі туралы сәйкес мемлекеттің уәкiлеттi органының өтiнiші.
      5. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы iрi қатысушы мәртебесiн иеленуге келiсiм алу үшiн мынадай құжаттарды беруi керек:
      1) өтінiш берушiнiң банк акцияларын сатып алғандығы туралы жоғарғы органның шешімiнiң көшiрмесiн;
      2) осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3)-тармақтарында көрсетілген мәлiметтер мен құжаттарды;
      3) құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн, өтiнiш берушiнiң iрi қатысушылары туралы, сондай-ақ өтiнiш берушiнің iрi қатысушысының iрi қатысушылар туралы қысқаша деректерi;
      4) уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiнде көзделген нысан бойынша білiмi, еңбек қызметі, сондай-ақ сотталғандығы, сыбайлас жемқорлық, қаржы, салық салу саласында жасаған құқық бұзушылықтары үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылуын қосқандағы өтiнiш берушiнiң басшы қызметкерлерi туралы қысқаша деректер;
      5) аудиторлық ұйым растаған өткен соңғы екi аяқталған қаржы жылының жылдық қаржылық есебi, сондай-ақ тиiстi өтiнiштi берердiң алдындағы соңғы аяқталған тоқсанның қаржылық есеп беруi;
      6) өтінiш берушiнiң иеленуiнен кейiнгi болжалды есеп айырысу балансын қосқандағы iрi қатысушының мәртебесiн иелену салдарларының қаржылық болжамы, бар болған жағдайдағы өтiнiш берушінiң банк активтерiн сату, банктiң басқа заңды тұлғамен бiрiгуi немесе бизнес-жоспар мен ұйымдық құрылымды қосқандағы банктiң қызметіне немесе басқару iсiне едәуiр өзгерiстер енгізу.
      6. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы iрi қатысушы мәртебесiн иеленуге келiсiм алу үшiн мынадай құжаттарды бередi:
      1) осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларындағы және 5-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6)-тармақшаларындағы көрсетілген мәлiметтер мен құжаттар;
      2) тiзбесін уәкiлеттi орган белгiлейтін халықаралық рейтинг агенттіктерiнiң бiрi берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәлiметтер.
      7. Қазақстан Республикасының резидентi емес қаржы ұйымы - өтiнiш иесi iрi қатысушы мәртебесiн иеленуге келiсiм алу үшiн мынадай құжаттарды бередi:
      1) осы баптың 6-тармағында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
      2) өтiнiш берушiнің шыққан елiнiң қаржылық қадағалау органының өтiнiш берушiнiң аталған елдiң заңдары аясында қаржылық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттілігі туралы жазбаша растаманы, не мұндай рұқсаттың осы елдің заңдары бойынша талап етілмейтiндігі туралы өтініш берушi шыққан елдiң қаржылық қадағалау органының өтiнiшi.
      8. Бiрлесiп банктiң iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалар болып, банк акцияларының он немесе одан артық процентi үшiн тура немесе жанама дауыс беретiн мүмкiндiкті иеленетін немесе иелену мүмкiндiгі бар тұлғалар болып, табылады және:
      1) олардың арасындағы шарттың күшiмен немесе басқа жағдаймен банктiң шешiміне бiрлесіп ықпал ететін;
      2) жеке немесе өзара бiр-бiрінің iрi қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бiрi лауазымды тұлға немесе басқа тұлға өкiлі болып табылса;
      4) олардың арасында жасалған шарт бойынша бiрi басқасына банк акциясын сатып алуына мүмкiндiк тудырса;
      5) олар жақын туыс немесе ерлi-зайыпты болып табылса.
      9. Уәкілеттi органның банктiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беруден бас тартуының негiздемелерi мыналар болып табылады:
      осы Заңның 20-бабының 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптары сақталмаған кезде (жеке тұлға немесе өтініш берушi заңды тұлғаның басшы қызметкерлерiне қатысты);
      өтінiш берушiнiң қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      осы бапта көрсетілген құжаттардың берiлмеуi;
      банктiң iрi қатысушысы мәртебесiн иелену нәтижесiнде монополияға қарсы заңдар талаптарының бұзылуы;
      банктiң iрi қатысушысы мәртебесiн иелену жөнiндегі мәмiледе тараптардың бiрi оффшорлық аймақта тiркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) болып табылса немесе тiзбесiн уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғаның қатысушысы (құрылтайшысы, акционерi) болып табылған жеке тұлға болған жағдайда;
      өтiнiш берушiнiң банктердiң құрылтайшылары мен акционерлерi үшiн осы Заң белгілеген өзге де талаптарды сақтамаған жағдайында;
      өтiнiш берушінің қаржылық болжамы банктiң қаржылық жағдайының нашарлауын болжалдаса;
      Қазақстан Республикасының резидент емес қаржы ұйымының - өтініш иесiнiң шыққан елiнiң заңдары аясында қаржылық қызметтi жүзеге асыру жөнiндегі өкілеттігі болмаса;
      Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасының - өтiнiш иесiнiң тiзбесiн уәкілеттi орган белгілейтiн халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң барынша төмен қажетті рейтингі болмаса.
      10. Мыналардың бiрi өтiніш берушiнiң қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісi болып табылады:
      өтінiш берушi заңды тұлға өтiнiш берген күнге дейінгі екi жылдан кем емес аралықта құрылса;
      өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерi банк акцияларының иелену болжалданып отырған басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерi мен акцияларына орналастырылған активтер сомасын шегергендегі оның активтерiнен асып кеткен жағдайда;
      соңғы екi аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша шығындар;
      өтінiш берушiнiң мiндеттемелерiнiң мөлшерi банктің қаржылық жағдайы үшiн едәуiр тәуекел келтiретiн болса;
      өтінiш берушінiң банк алдында мерзiмi өткен және (немесе) банктiң балансына қойылған берешектерi болса;
      өтініш берушiнің қаржылық болжамы банктiң қаржылық жағдайының нашарлауын болжалдаса;
      банкке және (немесе) оның депозиторларына зиян келтiру мүмкiндiгі бар өзге де негіздемелер бойынша.
      11. Тұлға iрi қатысушы мәртебесiн алуға келiсiм алмаған жағдайда уәкілеттi орган осы тұлғаға осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      12. Уәкiлеттi органның банк холдингі мәртебесiн иеленуге тiлек бiлдiрген тұлғаларға келiсiм беруi де банктің iрi қатысушысы үшiн белгіленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
      Банк холдингі болғысы келетін тұлға осы баптың 4-7-тармағымен көзделген құжаттар мен мәлiметтерден басқа, iшкi бақылау және тәуекелдердi басқару жүйесiн, оның iшiнде еншілес ұйымның қызметiне байланысты тәуекелдерге қатыстылығын растайтын құжаттарды бередi.
      Уәкiлетті органның банк холдингі мәртебесiн иеленуге тiлек бiлдiрген тұлғаларға келiсiм беруден бас тарту жөнiндегі негіздемелерiне, осы баптың 9-тармағында көзделген негiздемелерден басқа, мыналар жатады:
      өтiніш берушi қаржы ұйымы өзi тұрған жерiндегі елде шоғырландырылған негіздегі қадағалауға жатпаған жағдайда;
      Қазақстан Республикасының резидент емес банк конгломераты қатысушыларының тұрған жерiндегі елдiң заңдары оларға және банк конгломератына осы Заңда көзделген талаптардың орындалуының мүмкiн болмауына байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкiн еместiгі.
      13. Бiрлесіп банк холдингi болып табылатын тұлғалар болып, банк акцияларының жиырма бес немесе одан артық процентi үшiн тура немесе жанама дауыс беру мүмкіндiгiн иеленетін немесе иелену мүмкіндiгi бар тұлғалар болып табылады және:
      1) олардың арасындағы шарттың күшiмен немесе басқа жағдаймен банктің шешiміне бiрлесіп ықпал ететiн;
      2) жеке немесе өзара бiр-бiрiнiң iрi қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бiрi лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкiлi болып табылса;
      4) олардың бiрi олардың арасында жасалған шартқа сәйкес басқасына банк акциясын сатып алуға мүмкіндiк берсе;
      14. Осы баптың талаптарына сәйкес банктiң немесе банк холдингінiң iрi қатысушысы мәртебесiн алу үшiн берiлген өтiнiш бойынша шешiмдi уәкілетті орган баптардың толық пакетi берiлген күннен бастап үш ай iшiнде қабылдауы тиiс.
      15. Уәкiлетті орган iрi қатысушы немесе банк холдингінiң осы Заң талаптарымен келiскенi немесе оны сақтамағаны негізiнде сенiмсiз мәлiметтердi анықтаған жағдайда осы бапқа сәйкес iрi қатысушы немесе банк холдингінiң осы Заң талаптарын сақтамауына сәйкес берiлген келiсiмдi қайтарып алу құқығы бар. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға осы Заңда белгiленген банктегі өзiнiң қатысу үлесiн төменгі деңгейге дейiн қысқартуға немесе банк басшылығына немесе өзiнiң тiкелей немесе жанама дауысын қолдана отырып, оның саясатына ықпал етуiн (немесе тырысуын) тоқтатуға өзiне мiндеттеме қабылдауға мiндетті.
      16. Осы баптың уәкiлеттi органның алдын-ала келiсiмiн мiндеттi түрде алу қажеттілігі туралы талаптары банктің акциялары кепiл болып табылуына байланысты борыштық мiндеттемелер бойынша салынған мүлiктiң оған ауысуы нәтижесiнде осы баппен белгiленген шектерден асып кеткен немесе тең санмен банктің акциялар меншiгіне ие болған не оған қатыссыз себептермен тұлға банктің iрi қатысушысы немесе банк холдингі белгiсiне сәйкес келген жағдайларға қатысы жоқ болып есептеледi.
      Аталған жағдайларда банктің iрi қатысушысы немесе банк холдингi белгісiне сәйкес келген тұлға акцияларды сатып алған сәттен бастап немесе банктің iрi қатысушысы немесе банк холдингі белгiсiне сәйкес келгендiгi белгілi болған сәттен бастап отыз күн iшiнде немесе банктің iрi қатысушысы немесе банк холдингi белгісiне сәйкес келген сәттен бастап уәкiлетті органға хабарлама жасауы мiндетті және осы баптың ережелерiне сәйкес уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiн алғанға дейiн банк басшылығына немесе оның саясатына ықпал етуге немесе осындай жолмен сатып алған акцияларымен дауыс бepугe бағытталған ешқандай iс-қимылдарды осы баптың ережелерiне сәйкес уәкiлетті органның жазбаша келiсiмiн алғанға дейiн көрмеуi керек.
      Тиiстi мәртебе иелену жөніндегі өтiнiш уәкiлетті органға акцияларды сатып алған күннен бастап не оған банктің iрi қатысушысы немесе банк холдингі белгісіне сәйкес келгендiгі белгiлi болған сәттен бастап алпыс күн iшiнде, тек осы тұлға аталған мерзiмде акцияларын басыбайлы бергісi келмеген жағдайда ғана беріледi. Акцияларды басыбайлы бергiсi келгендiгі жөнiнде олар сатып алынған күннен бастап алпыс күн ішінде шешім қабылданғандығы туралы ақпарат уәкiлеттi органға дереу осы шешім қабылданған сәттен бастап беріледi.
      17. Уәкiлеттi орган, егер оған тұлғаның банктiң iрi қатысушысы немесе банк холдингі белгiсiне сәйкес келгендiгі туралы мәлiметтер болған кезде немесе ол банк акцияларының тiкелей немесе жанама иесi болып табылса немесе осы Заңның талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның келiсімінсiз осы бапта белгіленген шекке тең немесе одан асатын мөлшердегі банк акцияларымен келiсiм негiзiнде немесе басқа жағдаймен дауыс беруге мүмкiндігі бар болса, заңды және жеке тұлғалардан ақпарат талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленушi кез-келген тұлғадан, сондай-aқ осы тұлғалардың бақылауындағы ұйымдардан талап етілуi мүмкiн.
      18. Банктiң iрi қатысушысы, банк холдингi отыз күндiк мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға ол өзi тiкелей немесе жанама иеленiп отырған немесе растаушы құжаттар беру арқылы тiкелей немесе жанама дауыс беру мүмкiндiгi бар банктiң дауыс беретін акцияларының үлестерiнің өзгеруi туралы хабарлауы міндетті.
      19. Банк тоқсан сайын уәкiлеттi органға келесi есептi тоқсаннан кейiнгі айдың онынан кешiктірмей банктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн көрсете отырып, өздерiнiң барлық iрi қатысушылары мен банк холдингтерiнiң тiзiмiн уәкiлеттi органға беруге міндетті.
      Қайталама бағалы қағаздар нарығында банктің дауыс берушi акцияларының он және одан артық процентiн иелену жөнiнде ойы бар тұлға өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесiп немесе жеке түрде бұл туралы банкке және уәкiлетті органға уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес белгіленген тәртiппен хабарлама жолдауы мiндетті.
      20. Банктер банктiң дауыс беретiн акцияларының он және одан артық процентiн иеленіп отырған акционерлер құрамының өзгергенi туралы уәкiлеттi органды осы факт белгілі болған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде хабарландыруы мiндеттi.
      21. Банктер, банктердiң iрi қатысушылары, банк холдингтерi, сондай-ақ банк холдингі немесе банктің iрi қатысушысы белгісiне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың уәкiлетті органға осы баптың 16-20-тармақтарына сәйкес талап етiлетін ақпаратты бермеуi, бiрнеше мәрте уақтылы бермеуi немесе күмәнді мәлiметтердi беруi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілiкке әкеп соғады.";

      10) 19-бапта:
      3-тармақта:
      б) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      "б) құрылтайшылар туралы (уәкiлеттi орган белгілеген тізбе бойынша) мәлiметтер, соңғы екi шоғырландырылған қаржы жылын қосқандағы тиiстi нысанда жасалған қаржылық есеп бepу құрылтайшылардың қаржылық жағдайы туралы аудиторлық ұйым есебi;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) егер тұлға банктiң iрi қатысушысы немесе банк холдингi болатын болса, онда осы Заңның 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәлiметтер;";
      в), г) тармақтар алып тасталсын;
      д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "д) банктiң басшы қызметкерлерін келiсу жөнiндегі құжаттар осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес, оның ішінде банк басқармасының мүшелерi үштен кем болмаса.";
      к) тармақшасы алып тасталсын;

      11) 20, 21-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Банктiң басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптар

      1. Банктің басшы қызметкерлерi болып директорлар кеңесiнiң бiрiнші басшысы және мүшелерi, басқарманың бiрiншi басшысы және мүшелерi, банктің құрылымдық бөлімшелерiн үйлестiретiн және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын, банктiң аумақтық бөлiмшелерiнiң бiрiншi басшылары, банктiң бас бухгалтерiнен басқа, баптарға қол қою құқығы негiзiнде банктiк операциялар жүргізетiн өзге де басшылар танылады.
      2. Банктiң басшысы қызметіне мынадай тұлға тағайындала (сайлана) алмайды:
      1) жоғары бiлімі болмаса;
      2) осы бап белгілеген қаржы қызметiн ұсыну және (немесе) реттеу саласындағы жұмыс стажы болмаса;
      3) экономикалық қызмет саласында жасалған мемлекеттік қызмет және мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар үшiн сотталғандығы белгiленген заңды тәртiппен өтелмесе немесе алынбаса;
      4) уәкiлеттi орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, акцияларды мәжбүрлеп төлеттiру, қаржы ұйымының лицензиясын қайтарып aлу, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлi түрде тарату немесе оны заңда белгіленген тәртiппен банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағанға дейін бiр жылдан астам кезеңде осының алдында директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы және оның орынбасары, қаржы ұйымының бас бухгалтерi болып табылғандар. Аталған талап ету уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, акцияларды мәжбүрлеп төлеттiру, қаржы ұйымының лицензиясын қайтарып алу, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлi түрде тарату немесе оны заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бес жыл аралығында қолданылады;
      5) осы тұлға өзге қаржы ұйымының басшы қызметiнде болған кезеңiнде басшы қызмет лауазымына тағайындауға (сайлауға) келiсiм қайтарып алынған жағдайда. Аталған талап ету уәкiлетті орган басшы қызмет лауазымына тағайындауға (сайлауға) келiсiмдi қайтарып алу туралы шешiм қабылданғаннан бастап қатарынан он екi ай iшiнде қолданылады.
      3. Банктiң iрi қатысушысы банк басқармасының бiрiншi басшысы қызметiне тағайындала (сайлана) алмайды.
      Банктің директорлар кеңесiнiң құрамындағы тәуелсiз директорлар отыз проценттен кем болмауы тиiс.
      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес болу үшiн мынадай жұмыс стажы болуы қажет:
      1) атқарушы органның тәуелсiз директоры, басқарманың бiрiншi басшысы, банктің бас бухгалтерi қызметiне кандидаттар үшiн - қаржы қызметін ұсыну және (немесе) реттеу саласында үш жылдан кем емес;
      2) банк басқармасының мүшелерi қызметiне кандидаттар үшiн - қаржы қызметін ұсыну және (немесе) реттеу саласында екi жылдан кем емес;
      3) құжаттарға қол қою құқығын иелену негiзiнде банктік операцияларды жасайтын банктің құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметін үйлестiрудi және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын банктің өзге де басшылары қызметiне кандидаттар үшiн - қаржы қызметiн ұсыну және (немесе) реттеу саласында бiр жылдан кем емес.
      Тәуелсiз директорды қоспағанда, директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы және мүшелерi қызметiне кандидаттар үшiн қаржы қызметiн көрсету және (немесе) pеттeу саласында жұмыс стажының болуы талап етiлмейдi.
      Осы тармақпен белгіленген жұмыс стажына қаржы ұйымдарының бөлiмшелерiндегі шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға байланысты жұмыс қосылмайды.
      5. Басшы қызметкер ол тағайындалған (сайланған) күннен бастап алпыс күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытта уәкiлетті органмен келiспей өз қызметiне кiрiсуге құқығы бар.
      Осы тармақта көрсетiлген мерзiм еткеннен кейiн және уәкiлетті органға келiсуге құжаттарды берген жағдайда не уәкілеттi орган келiсуден бас тартқан жағдайда, банк осы тұлғамен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға мiндеттi.
      6. Уәкiлетті органның банктiң басшы қызметкерi лауазымына сайлауға (тағайындауға) келiсiм беру тәртiбi, келiсім алуға қажетті құжаттар уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiмен белгіленедi.
      7. Уәкiлетті орган банктiң басшы қызметкерi лауазымды қызметiне кандидаттың тағайындалуына (сайлануына) не оның банктiң басшы қызметкерi мiндетiн атқарудан шығарылуына немесе оның осы банктегі өзге қызметке ауысуына келiсiм беруден бас тартқан жағдайда осы кандидаттың тағайындалуына (сайлануына) не оның банктің басшы қызметкерi мiндетiн атқарудан шығарылуына келiсiм беруден не өзге қызметке ауыстырудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш ай өткеннен кейiн кандидат осы банктің басшы қызметкерi лауазымды мiндетін атқару қызметiне екіншi рет тағайындала алады, бiрақ ол қатарынан он екi айда екi реттен көп болмауы керек.
      8. Уәкiлеттi орган банктің басшы қызметкерi лауазымды қызметіне кандидаттың тағайындалуына (сайлануына) жүйелi түрде екi рет бас тартқан жағдайда осы кандидат уәкілетті орган оның осы банкте тағайындалуына (сайлануына) екiншi рет бас тарту туралы шешiм қабылдаған күннен бастап қатарынан он екi ай өткен соң банктiң басшы қызметкерiнiң мiндетiн атқаруға тағайындалуы (сайлануы) мүмкiн.
      9. Уәкiлеттi орган банктің басшы қызметкерi лауазымды қызметiне сайлануға (тағайындалуға) берген келiсiмiн мынадай негiздемелер бойынша қайтарып алу құқығы бар:
      1) келiсiм берiлген негіздемелерде анық емес мәлiметтер анықталған жағдайда;
      2) уәкілеттi орган банктің басшы қызметкерiне жүйелi түрде санкция қолданса (жүйелi он екi күнтiзбелiк ай ішінде банкке үш және одан да көп) санкциялар қолданса;
      Уәкiлеттi орган банктiң басшы қызметкерi лауазымды қызметiне сайлануға (тағайындалуға) берген келiсiмiн қайтарып алған жағдайда банк осы тұлғамен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға мiндетті.
      10. Уәкілеттi орган банкке консервация жасау және оның акцияларын осы Заң белгiлеген тәртіппен мәжбүрлеп сату жөнiнде шешiм қабылдаған жағдайда банк директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтерi болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға мiндеттi.
      11. Банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бiрiншi басшысы осы бап белгiлеген талаптарға сәйкес болуы тиiс және қызметке уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз тағайындалуы (сайлануы) тиiс.

      21-бап. Қазақстан Республикасының резидент еместерiнің
              қатысуымен банктi құруға арналған қосымша талаптар

      1. Банктiң құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды немесе жеке тұлға, осы Заңның 19-бабында көрсетілген құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiшiне тиiстi мемлекеттің уәкiлетті органының (Қазақстан Республикасының резидентi емес банктер үшiн - банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінiң акцияларын иеленуге рұқсат берiлетіндiгі жөнiндегі жазбаша хабарламасын не тиiстi мемлекеттің уәкiлетті органының (Қазақстан Республикасының резидентi емес банктер үшiн - банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшының мемлекетiнiң заңдары бойынша мұндай шешiм талап етiлмейтiндiгі жөнiндегі өтінiшi қоса беруi мiндетті.";

      12) 22-бап алып тасталсын;

      13) 24-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы г-1), г-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "г-1) құрылтайшының мынадай жағдайларында:
      экономикалық қызмет саласында жасалған мемлекеттiк қызмет және мемлекеттік басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар үшiн белгіленген заңды тәртiппен өтелмеген немесе түсiнiксiз сотталған болса;
      уәкiлетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, акцияларды мәжбүрлеп төлеттіру, қаржы ұйымының лицензиясын қайтарып алу, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлi түрде тарату немесе оны заңда белгіленген тәртiппен банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағанға дейiн бiр жылдан астам кезеңде осының алдында директорлар кеңесiнiң бiрiнші басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы және оның орынбасары, қаржы ұйымының бас бухгалтерi болып қызмет атқарса.
      Аталған талап ету уәкiлеттi орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, акцияларды мәжбүрлеп төлеттіру, қаржы ұйымының лицензиясын қайтарып алу, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлi түрде тарату немесе оны заңда белгiленген тәртiппен банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бес жыл аралығында қолданылады;
      г-2) осы Заңның 17-1-бабының талаптарын сақтамау;";
      e) тармақшасындағы "20-баптың 3-5-тармақтарымен" деген сөздер "20-баптың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ж) тармақшасындағы "22-баптың 1-тармағы" деген сөздер "21-баптың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "22" деген сан "21" деген санмен ауыстырылсын;

      14) 26-бапта:
      2-тармақта:
      б) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) жарғылық капитал уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актiлерiмен белгіленген талаптарға сәйкес мөлшерде болуы керек.";
      мынадай мазмұндағы в) тармақшамен толықтырылсын:
      "в) лицензиялық алым төлесiн.";
      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1. Қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшiн жұмыс iстеп тұрған банк мыналарды жасауы тиiс:
      1) қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшiн өтінiш берген айдың алдындағы айдың қатарынан үш айы iшiнде пруденциялдық нормативтердiң орындалуын қамтамасыз ету;
      2) тәуекелдерді басқару жүйесi мен iшкi бақылау жүйелерi бар бөлiкте уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиiс;
      3) банктік операциялардың қосымша түрлерiн жүргізудiң жалпы талаптары мен рәсiмдерiн реттеп отыратын банк саясатының бар екендігін растайтын құжатты беру.";
      3-тармақтағы "осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалуын растайтын" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктің нормативтiк құқықтық актiлерi белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтағы "оны қабылдаған күннен бастап" деген сөздер "құжаттардың толық пакетiн берген күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 29, 30-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Банктiң филиалдары мен өкілдiктерiн құру, жабу

      1. Қазақстан Республикасының резидент банкi банктің директорлар кеңесiнiң шешімі негiзiнде уәкілетті органның келiсiмiнсiз өзінiң оқшауланған бөлiмшелерiн: Қазақстан Республикасының аумағында, одан тысқары да филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға құқылы.
      2. Банк өз филиалы мен өкілдігін әдiлет органдары есепке алып тiркеген күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде олардың ашылғандығы туралы уәкiлеттi органдар мынадай қосымшалармен жазбаша хабарландыруы мiндетті:
      1) Банк филиалы мен өкiлдігінiң есепке алып тiркелгендігі туралы куәлігінiң нотариатта куәландырылған көшiрмесi;
      2) Банктiң филиалы немесе өкiлдігі туралы Ереженiң есепке алып тiркеген әдiлет органының нотариатта куәландырылған көшірмесi;
      3) Ұлттық Банктің нормативтiк құқықтық актілерiмен белгіленген талаптарға филиалдың үй-жайының сай келуiн растайтын нотариатта куәландырылған Ұлттық Банктiң тексеру актiсi және қорытындысының көшірмесi (филиалдың ашылуы кезiнде);
      4) банктiң филиалға немесе өкiлдiктiң бiрiнші басшысына берген нотариатта куәландырылған сенiмхатының көшiрмесi.
      3. Қазақстан Республикасы аумағындағы банкті, филиалды немесе банк өкiлдігін құруға жергілiкті өкілдердiң және атқарушы органдардың келiсiмi талап етiлмейдi.
      4. Банктiң филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тысқары орналасқан және банк атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және өзiне банк берген өкiлеттілiк шегінде әрекет ететiн банк бөлiмшесi. Банк филиалының банкпен бiрыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
      5. Банк өкiлдігі - банктiң атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететiн, банк тұрған жерден тыс орналасқан және банк операцияларын жүзеге асырмайтын және заңды тұлға болып табылмайтын банк бөлiмшесi.
      6. Банк филиалының ашылуының, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған филиалдардың қосымша үй-жайларының санын өcipу, оның iшiнде бiрнеше мекен-жайлар бойынша орналасқандарының мiндеттi талабы мыналар болып табылады:
      1) Банктiң соңғы аяқталған қаржы жылы бойынша шығынсыз қызметi;
      2) филиалдың әдiлет органдарында есептi тiркелген күннiң алдындағы үш ай iшiнде банктiң пруденциалдық нормативтердi сақтауы;
      3) филиалдың әдiлет органдарында есепте тiркелген күннiң алдындағы үш ай iшiнде уәкiлеттi органның банкке санкция қолданбауы;
      4) Ұлттық Банктің нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленген талаптарға филиалдың үй-жайларының сай келуiн растайтын Ұлттық Банктің тексеру актiсiнің және қорытындысының болуы.
      7. Қазақстан Республикасының резидент банкi өкiлдігін Қазақстан Республикасының аумағында, одан тыс аумақтарда соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша шығынсыздық талабы бойынша ашуға құқылы.
      8. Қазақстан Республикасының резидент банкi қызмет атқарған филиал өкiлдiк туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгізген кезде әдiлет органында есепке алып тiркелген күннен бастап (қайта тiркелу) он төрт жұмыс күнi iшiнде осы баптардың нотариатта куәландырылған көшiрмесiн уәкiлетті органға тапсыруы тиiс.
      Банк филиалдың мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілеттi органға Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген филиалдың үй-жайының талаптарға сай болуын растайтын Ұлттық Банктiң тексеру актiсiн және қорытындысының көшiрмесiн нотариатта куәландырылған қосымшасымен бiрге беруi мiндетті.
      9. Қазақстан Республикасының резидент банкi Қазақстан Республикасынан тысқары жерде филиалдары мен өкiлдiктерiн ашқан жағдайда тиiстi мемлекеттiк органда тiркеген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде тиiстi мемлекеттік органда тіркелгендігін растайтын құжаттарды қоса беру арқылы олардың ашылғандығы туралы уәкiлеттi органды жазбаша хабарландыруы мiндетті.
      10. Қазақстан Республикасының резидент банкi өз өкілдігін уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз ашуға құқылы.
      11. Қазақстан Республикасының резидент емес банк өкiлдігі әдiлет органдарында есепке алып тiркелген күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде ашылу жөніндегі жазбаша хабарламаны мынадай қосымшалармен беруi тиiс:
      1) Қазақстан Республикасының резидент емес банк өкiлдігінiң есепке алып тiркелгендігі туралы куәлігінiң нотариатта куәландырылған көшiрмесiн;
      2) өкiлдiк туралы ереженi тiркеген әдiлет органының мөрiмен және белгісiмен нотариатта куәландырылған көшірмесiн;
      3) тиiстi мемлекеттiк банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының резидент емес банк қызметiне қолданыстағы лицензиясының бар екендiгі туралы жазбаша растамасын;
      4) тиiстi мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында резидентi емес банк өкілдiгінiң ашылуына қарсы емес екендігі туралы жазбаша хабарламасын не банктік қадағалау органының немесе тиiстi мемлекеттiң беделдi заң қызметінің мұндай рұқсатты Қазақстан Республикасының резидент емес банкiнiң мемлекеттік банк заңдары талап етпейдi деген жазбаша хабарламасын;
      5) банк өкiлдігі басшысының атына нотариатта куәландырылған сенiмхатты.
      12. Қазақстан Республикасының резидентi емес банкiнiң филиалдарын ашуға тыйым салынады.
      13. Қазақстан Республикасының резидентi емес банк өкiлдігі әдiлет органында есепке алып тiркелген (қайта тіркелген) күннен бастап он төрт жұмыс күнi ішінде уәкiлеттi органға өкiлдiк туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзгендiгі туралы хабарлама беруi мiндеттi.
      14. Банк әдiлет органдарында (Қазақстан Республикасынан тысқары жерде филиалдар немесе өкiлдiктер қызметi тоқтатылған кезде мемлекеттік тиiстi тiркеу органы) өзiнің филиалының және (немесе) өкілдігінiң есепке алып тiркелген күннен бастап он төрт жұмыс күнi ішінде банк филиалының және (немесе) өкілдігінiң есептен алып тiркеуден шығарылғанын растайтын әдiлет органы құжатының нотариатта куәландырылған көшірмесiн олардың қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы қосымшасымен бiрге уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауы тиiс.
      15. Уәкiлетті орган Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң өкiлдiгi және/немесе филиалының және Қазақстан Республикасының резидентi емес банк өкiлдігінің жабылуы туралы осы баптың 2, 6, 7, 8, 9, 11 және 13-тармақтарының талаптарын орындамаған жағдайда талап етуге құқылы.

      30-бап. Банк қызметі

      1. Банктердің осы бапта белгiленген банктік және өзге операцияларды жүргізуi банк қызметi болып табылады.
      2. Банк операцияларына мыналар жатады:
      1) депозиттердi қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
      2) депозиттердi қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу;
      3) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргiзу;
      4) осы тұлғаның иелігіндегі тазартылған бағалы металдардың осы тұлғаға тиесiлi қымбат металдар монеталарының нақты саны көрсетiлетiн жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу;
      5) касса операциялары: осы тармақтың 1), 2), 6), 7), 8), 9), 12), 13) тармақшаларында көзделген банктік операциялардың бiрiн жүзеге асыру кезiнде банкноттар мен монеталарды ұсақтау, айырбастау, қайта есептеу, сұрыптау, орау, сақтауды қосқандағы қолма-қол ақшаны қабылдау және беру;
      6) аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларды орындау;
      7) есептеу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерi мен өзге де қарыз мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт);
      8) Банктiк заем операциялары: банктің және ипотекалық компанияның акционерi (қатысушысы) бiр ғана мемлекет болып табылатын заңды тұлғаның төлемдiлiк, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық талаптары бойынша ақшалай нысанда кредиттер беруi;
      9) шетел валютасында айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
      10) банкаралық клиринг: алым, салыстыру, сұрыптау және төлемдердi растау, сондай-ақ олардың өзара есебiн жүргiзу және клиринг қатысушылары - банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдардың таза позицияларын айқындау;
      11) төлем карточкаларын шығару;
      12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
      13) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдерден басқа);
      14) аккредитивтердi ашу (көрсету) және растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
      15) ақшалай нысанда орындау көзделген банк кепiлдiктерiн беру;
      16) үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделген банктiк кепiлдемелердi және өзге де мiндеттемелердi беру.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен микрокредиттiк ұйымдар ретінде тiркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөнiндегi қызметi банк операцияларына жатпайды.
      4. Осы баптың 2-тармағында аталған банк операциялары Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      5. Банктерге осы баптың 2-тармағында көзделген банктік және осы бапта көзделген өзге операцияларды жүргізуге лицензияларды уәкiлеттi орган бередi.
      Осы баптың 10-тармағының 9) тармақшасының және 2-тармақтың 5), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргiзу үшiн банктерге лицензия беру кезiнде Ұлттық Банктiң оң қорытындысы керек.
      6. Осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бiр немесе бiрнеше түрiн жүргізудi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық Банктiң немесе уәкiлеттi органның лицензиясы болған кезде, бұндай ұйымдардың қызметін реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көрсетiлген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыруға мүмкiндiк көзделген жағдайды қоспағанда, жүзеге асыруы мүмкін.
      Банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру кезiңде осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге Ұлттық Банктiң оң қорытындысы талап етiледi.
      7. Осы бапта көзделген банктер жүзеге асырып отырған банктік және өзге де операцияларды лицензиялау тәртiбi Ұлттық Банктің немесе уәкiлетті органның нормативтік құқықтық актілерiмен белгiленедi.
      8. Осы баптың 2-тармағының 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргізуге банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген операциялар айырықша қызмет түрi болып табылатын заңды тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк бередi.
      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы баптың 2-тармағында көзделген өзге банк операцияларын жүргiзуiне лицензияны уәкiлетті орган бередi.
      9. Қазақстан Республикасының банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн заң актілерiнiң 2-тармағының 9), 10), 11) және 12) тармақшаларымен көзделген банк операцияларын жүргізу мүмкiндiгi осы баптың 2-тармағында көзделген өзге банк операцияларымен қоса атқарылған жағдайда, лицензияны уәкiлетті орган Ұлттық Банктiң оң қорытындысы бойынша бередi.
      10. Банктер осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының басқа, мынадай операцияларды уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда жүзеге асыруға құқылы:
      1) тазартылған қымбат металдарды (алтын, күмiс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйiнде, қымбат металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
      2) құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау есепке алу және сақтау;
      3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлемшілердiң вексельдi төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртiбiмен вексель акцептiң, ескертпелі вексельдердi төлеу;
      4) лизинг қызметін жүзеге асыру;
      5) меншікті бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару;
      6) факторингтік операциялары: тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушыдан төлемсiз тәуекел етiп қабылдай отырып төлем төлеудi талап ету құқығына ие болу;
      7) форфейтинг операциялары (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының қарыз мiндеттемесiн сатушыға айналым жасамау жолымен вексель сатып алу арқылы;
      8) сенiмгерлiк операциялары: сенiм бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және оның тапсыруымен ақшаны, ипотекалық заемдар және тазартылған қымбат металдарды бойынша талаптар құқығын, ақшаны басқару;
      9) сейф операциялары: клиенттердiң құндылықтары және құжаттарын, құжаттамалық түрде шығарылған бағалы қағаздарды сақтау бойынша сонымен қоса үй-жай мен шкафтарды, сейфтiк жәшiктердi жалға беру қызметi;
      11. Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсiби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
      1) делдалдық - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен және рейтингтік агенттіктердiң бiрiнiң талап ететiн ең төменгi рейтингін алған елдердiң не оны иеленбей уәкiлеттi органның шешiмi бойынша, белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегі банктердiң иемденiп алуына рұқсат берiлген, базалық активi шетелдiк валюта және (немесе) облигациялар және (немесе) екiнші деңгейдегі банктерге сатып алуға белгіленген тәртіппен рұқсат берiлген тазартылған қымбат металдармен;
      2) дилерлiк - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен және рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң талап ететін ең төменгі рейтингiн алған елдердiң не уәкiлеттi органның шешiмi бойынша, сондай-ақ белгiленген тәртiппен екiнші деңгейдегi банктердiң иемденіп алуына рұқсат берiлген шетелдiк вахта және (немесе) облигациялар базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздармен осы Заңның 8-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен;
      4) кастодиандық;
      5) трансфер-агенттiк.
      Банктердiң бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтің жоғарыда айтылған бiр немесе бiрнеше бiрлескен түрлерiн жүзеге асыруына лицензияларды уәкiлеттi орган бередi.
      Осы тармақтың 1) және 2) - тармақшаларында көзделген рейтингтік агенттіктердiң тiзбесiн және талап етілетiн барынша төмен рейтингін уәкiлеттi орган белгілейдi.
      12. Уәкiлетті органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшін жекелеген қызмет түрлеріне лицензия алуға байланысты қосымша талаптар белгіленуi мүмкiн.
      13. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банктiк операцияларды депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушылары болып табылатын банктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес уәкiлетті орган берген лицензия негізiнде оның қызметiн реттеп отыратын Ұлттық почта операторы ғана жүргiзуге құқылы.

      16) 32-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Қаржы қызметі бойынша сыйақының шамасы туралы ақпаратты тарату, сонымен қатар жариялау кезiнде банктер тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн сенiмдi, жылдық, тиiмдi түрде салыстырылып есептелген сыйақы ставкасын қосымша көрсетуi мiндеттi.
      Банк көрсетiлген талапты орындамаған жағдайда уәкілеттi орган оған осы заңның 47-бабында көрсетiлген санкцияны қолдануға құқылы.";

      17) 34-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Банктiк заем операциялары

      1-тармақ алып тасталсын;
      1-1-тармақтағы "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар" деген сөздер "акционерi (қатысушысы) бiр ғана мемлекет болып табылатын ипотекалық компания немесе заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Банктiң заем операциялары банктің директорлар кеңесi бекiтетiн iшкi кредит саясаты туралы Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.";
      4-тармақта "жүзеге асыру" деген сөзден кейін "банктік" деген сөзбен толықтырылсын.";

      18) 40-бапта:
      3-тармақта:
      а) тармақшасында "басқарушы қызметкер" деген сөзден кейiн "бiрiншi басшы және филиалдың бас бухгалтерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын:
      "д) банктің аффилиирленген тұлғасы, сондай-ақ банк конгломератына қатысушылар.";
      4-тармақ алып тасталсын;
      7-тармақтың екiншi абзацындағы "басқарушы қызметкер" деген сөздерден кейін "бiрiншi басшы және филиалдың бас бухгалтерi" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 41-баптың екiншi бөлігінде "банктiк топтар" деген сөздер "банк конгломераты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 42-бапта:
      1-тармақта:
      екiншi бөліктің бiрiншi абзацындағы "банктік топтармен" деген сөздер "банк конгломераттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiкке "лауазымды тұлғалар" деген сөздерден кейiн "және (немесе) банк акцияларының жиырма бес процентiнен көп акцияларды иеленген банктiң iрi қатысушылары - жеке тұлғалары" деген сөздермен толықтырылсын;";
      мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Уәкiлеттi орган банк холдингi жоқ банктерге және банк конгломераттарына жекелеген пруденциалдық нормативтер мен аталған банкке және банк конгломератына тән тәуекел факторларының ықтимал барынша жоғары өзгерiстерi кезiнде туындайтын әлуетті қомақты шығындардың орнын толтыру үшiн жеткiлiктi деңгейдегі олардың нормативтік мәнiн белгілеуге 3-тармақтағы "банктiк топтар" деген сөздер "банк конгломераты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Банк холдингтерi, сондай-ақ банктің дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен көп акцияларын иеленген банктiң iрi қатысушылары - жеке тұлғалар уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен көзделген банк конгломераты және банктің меншiкті капиталының коэффициенттік жеткiлiктілiгін қолдау бойынша шаралар қабылдауға мiндеттi.
      Банктің қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда банк холдингi уәкілеттi органның талабы банктің қаржылық жағдайын жақсарту үшiн шаралар қабылдауға, оның iшiнде банктiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткiлiктi мөлшерде банктiң меншiктi капиталын өсiруге міндеттi.

      21) 46-бапта:
      6-тармақтағы "жағдайдағы," деген сөздер "уәкiлетті орган банктiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы анықталған жағдайда немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-бабындағы "банктiң аффилиирленген тұлғалары" деген сөздер "банк холдингінiң, банктің iрi қатысушылары және аффилиирленген тұлғалары, сондай-ақ банк конгломераты құрамына кiретiн ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 47-баптың 2-тармағында:
      д) тармақшасындағы "капиталдың нақты болмауы" деген сөздер "меншікті капиталдың терiс мөлшерi" деген сөздерiмен, "банктiң нақты капиталының мөлшерi" сөздер "банк міндеттемелерiнiң сомасын шегергендегі банк активтерiнiң құны" деген сөздермен ауыстырылсын.
      ж) тармақшасы алып тасталсын;
      з) тармақшасындағы "банк топтары" деген сөздер "банк конгломераты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 47-1-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-1-бап. Банктің iрi қатысушыларына, банк конгломератының
                 құрамына кiретiн заңды тұлғаларға және банк
                 холдингтерiне қатысты қолданылатын мәжбүрлеу
                 шаралары";

      1-тармақта:
      "және банк холдингтерiне" деген сөздерден кейiн "немесе банк конгломератының құрамына кiретiн заңды тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiнші абзацтағы "5" саны "10" санымен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесiншi, алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "банктiң iрi қатысушыларының (оның iшiнде iрi қатысушының бақылауындағы ұйымдардың), банк холдингтерiнiң немесе банкке зиян келтiру мүмкiндігін куәландыратын банк конгломератының құрамына кiретiн заңды тұлғалардың iс-әрекет жасауы,
      банктің iрi қатысушыларының (оның iшiнде iрi қатысушының бақылауындағы ұйымдардың), банк холдингтерiнiң немесе банкке зиян келтiру мүмкiндігін куәландыратын банк конгломератының құрамына кiретiн заңды тұлғалардың тұрақсыз қаржылық жағдайы;
      2-тармақта:
      төртiнші абзацтағы "қатысушы болып табылатын" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ банк конгломератының құрамына кiретiн ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын, "олар" деген сөз "олармен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "банктен немесе банк холдингінен өз үлесiнен бас тартуды иеленудi немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталында қомақты қатысуы бар ұйымдарға бақылау жасауды талап ету.";

      24) 48-бапта:
      1-тармақта:
      а) тармақшадағы "22-баптың 1-тармағының (б)-тармақшасының" деген сөздер "21-баптың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      з) тармақшасындағы "не" деген сөзден кейiн "жүйелi түрде (қатарынан он екi күнтізбелiк ай ішінде үш және одан көп рет)";
      мынадай мазмұндағы з-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "з-1) тәуекелдi басқару және iшкi бақылау жүйесi бар бөлiгінде уәкiлетті орган белгілеген талаптарды сақтамау;";
      мынадай мазмұндағы м-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "м-1) банк холдингінiң банктiң меншікті капиталын ұлғайту жөнiндегі уәкiлетті орган белгілеген талаптарды сақтамау;";
      1-1-тармақтағы "жеке тұлғалардың депозиттерiне (ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру)" деген сөздер "депозиттерге мiндетті кепілдiк беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 48-1-бапта:
      1-тармақтағы "банкті ұстау жөнiндегі ағымдағы шығыстар" деген сөздер "уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актілерiнде көзделген шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Банктiң уақытша әкiмшілігінің (уақытша әкiмiнiң) және тарату комиссиясының құрамына қосылған уәкiлетті орган қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шығыстарын қоспағанда, уәкiлетті органның банктердiң мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылуы мен таратылуына байланысты шығыстарды қаржыландыруына, сондай-ақ банктің мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда, соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi жөнiндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы әдiлет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жариялау жөнiндегi шығыстарды өтеуiне тыйым салынады.";

      26) 50-бапта:
      4-тармақтың екiншi бөлігіндегі "салымдарға (депозиттерге) ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жөніндегі" деген сөздер ", депозиттердi мiндетті сақтандыруды жүзеге асыратын," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Банк құпиясы бар ақпарат басқа мемлекеттің банктiк қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органына уәкiлеттi орган мен ақпарат алмасуды көздейтiн басқа мемлекеттiң банктер қызметiн реттеу жөнiндегі уәкiлеттi органы арасындағы ақпарат алмасуды көздейтiн келiсiм белгiлеген тәртіппен ұсынылады.";

      27) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Депозиттердi мiндетті сақтандыру

      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банк салымшыларының (депозиторларының) мүдделерiн қорғау мақсатында депозиттерге мiндетті кепiлдiк беру жүйесi құрылады.
      Депозиттерге мiндетті кепiлдiк берудi арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады.
      Депозиттерге мiндетті кепiлдiк беру жүйесi қызметінiң құқықтық негіздемелерi, оның қатысушыларының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi Қазақстан Республикасының заң актісiмен белгіленедi.
      2. Депозиттерге мiндетті кепiлдiк беру жүйесiне қатысу депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктiк шоттарын ашуға және жүргiзуге лицензиялары бар барлық екінші деңгейдегі банктер үшiн мiндетті болып табылады.";

      28) 54-баптың 1-тармағындағы "және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін нысандар" деген сөздер алып тасталсын;

      29) 54-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "54-1-бап. Банктің iрi қатысушыларының және банк
                 холдингтерiнiң есеп беруi

      1. Заңды тұлға болып табылатын банктің iрi қатысушысы жыл сайын уәкiлеттi органға өзiнiң қаржылық жағдайы мен қызметi туралы қаржы жылы аяқталғаннан кейiнгі тоқсан күн ішінде қаржылық есеп және оған түсiндiрме жазбаны беруi мiндетті.
      2. Жеке тұлға болып табылатын банктiң iрi қатысушысы жыл сайын уәкiлеттi органға өзiнің қаржылық жағдайы мен қызметі туралы қаржы жылы аяқталғаннан кейiнгі тоқсан күн iшiнде мүлiктiк кiрiстерi туралы мәлiметтерi, сондай-ақ ақпараты бар есеп беруi мiндетті:
      1) басқа тұлғалармен бiрлесiп олардың арасындағы шартқа не банк басқаша қабылдаған шешiмге ықпал етуге, оның iшiнде осындай ықпал ету мүмкiндігін белгілейтін өкiлеттiктердi бөлетін сипаттаманы жүзеге асыру туралы;
      2) жарғылық капиталдардағы (акциялар) оған тиiстi қатысу үлесiн көрсете отырып, ұйымдардағы иеленушi қызметтер туралы;
      3) алынған заемдар есебiнен ұйымдардың жарғылық капиталдардағы (акциялар) оған тиiстi қатысу үлестерiн иелену туралы;
      4) жақын туыстар, жұбайы және жұбайының (жұбайларының) жақын туыстары туралы.
      3. Банк холдингі уәкiлетті органға мыналарды беруi тиiс:
      1) есептi тоқсаннан кейiнгі қырық бес күн iшiнде тоқсандық шоғырландырылған қаржылық есеп пен түсiндiрме жазбаны;
      2) есептi жыл аяқталғаннан соң тоқсан күн iшiнде шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептi оған қоса аудиторлық ұйым растамаған түсiндiрме жазбаны.
      4. Заңды тұлға болып табылатын банктiң iрi қатысушысының жылдық қаржылық есебiне түсiндiрме жазбада, сондай-ақ банк холдингiнiң тоқсандық және жылдық қаржылық есебiнiң түсiндiрме жазбаларында мыналармен шектелмейтiн мынадай ақпарат көрсетiлуi тиiс:
      1) iрi қатысушының (банк холдингiнiң) қызмет түрлерiнiң сипаты;
      2) әрбiр ұйымның немесе банк холдингі қатысушысы болып табылатын iрi қатысушы (банк холдингі) ұйымның атауын, оның жарғылық капиталындағы қатысу мөлшерi мен үлесiн (тиiстi акциялар санын), iрi қатысушы (банк холдингi) iрi қатысушы (ipi акционер) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есебiн;
      3) банктің iрi қатысушының (банк холдингінiң) iрi қатысушы (акционерi) болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу мөлшерi мен үлесi (тиiстi акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрi және түрлерi және қаржылық есеп беруiнiң сипаты, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, iрi қатысушыға бақылауды жүзеге асырушы тұлғалар туралы, банктің iрi қатысушысына бақылау жасайтын тұлғалардың еншiлес және бағынышты ұйымдары туралы мәлiметтер;
      Банкте банк холдингі болмаған жағдайда банктiң iрi қатысушысы тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейінгі бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы баптың 4-тармағында көрсетiлген қаржылық есептi және ақпаратты беруi тиiс.";

      30) 55-бапта "нысандар бойынша" деген сөздер "қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 57-бапта:
      1-1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банк конгломераты қатысушыларының аудитiн сол бұрынғы аудиторлық ұйым жүзеге асырады.";
      4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Аудиторлық ұйым аудит қорытындысын және өз тұжырымдарын банк басқармасы мен директорлар кеңесiне ұсынатын, қажет болған жағдайда банк конгломераты құрамына кiретiн банк басқа заңды тұлға белгiлейтiн есебiнде көрсетедi.
      Банк конгломераты құрамына кiретiн банктің және басқа заңды тұлғалардың қаржылық есеп беру аудиторлық есебi және басқа ақпараттар құпия болып есептелмейдi. Басқа ақпараттар аудиттің құрамында банктiң активтер және шартты мiндеттемелерi (провизиялар мен пруденциалдық нормативтердi қалыптастыру) жiктелiмiн орындауын уәкiлетті органның тексеруi жөнiндегi ақпараттар бар.
      Аудиторлық ұйымның жанама қызмет көрсету шарты уәкiлетті орган белгiлеген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      5. Аудиторлық ұйым уәкiлетті органға жылдық қаржылық есептi беру үшін банктер белгiлеген мерзiмде уәкiлеттi органға аудиторлық есептiң көшiрмесiн беруге мiндетті.
      Банк аудиторлық есептiң көшiрмесiн оны алғаннан кейiн он күн iшiнде банк конгломераты құрамына кiретiн басқа заңды тұлғаларға беруi мiндеттi.";
      6-тармақта:
      бiрiншi абзацта "банк тобының" деген сөздер "банк конгломератының" деген сөздермен ауыстырылсын.";
      екiншi абзац алып тасталсын;

      32) 63-баптың 1-тармағындағы "не оның қызметкерлерi болып табылмайтын адамдар" деген сөздер "депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымдар өкiлдерi, не осы Заңның 20-бабының 2-тармағында белгiленген барынша төмен талаптарға сәйкес келетiн өзге тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын.";

      33) 65-бапта:
      1-тармақта:
      б) тармақшасындағы "басшы қызметкерлер" деген сөздер "басшы қызметкерлер жұмыстан шеттетiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы ж) тармақшасымен толықтырылсын:
      "ж) кредитор мен борышкер бiр адам болып келген жағдайда өзара талап ету сынағын өткiзу.
      Кредитормен өзара талап ету сынағын өткiзу, егер консервация барысындағы банктiң талаптары талап ету құқығын басқаға беру шарт(тар)ынан туындаған жағдайда тыйым салынады.";

      34) 73-бапта:
      4) тармақшадағы "салық органдарының" деген сөздер "салық қызметi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Аралық тарату балансын бекiткенге дейiн бәрi бiр адам болып келген кезде кредитор мен борышкердiң өзара талап ету сынақтарын жүргізуге жол берiледi.
      Аралық тарату балансы бекiтiлгеннен кейiн өзара талап ету сынақтары аталған кредитордың талаптарын қанағаттандырудың тиiстi кезегі келген кезде ғана жасалады.
      Таратылып отырған банкке қоятын талаптары талап ету құқығын басқаға беру шарт(тар)ынан туындап отырған кредитормен өзара талап ету сынақтарын жүргiзуге жол берiлмейдi.";

      35) мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:

      "73-1-бап. Мәжбүрлеп таратылып отырған банктiң дебиторлық
                 берешегі, мүлкi бойынша мiндеттемелерiнiң бөлігін
                 және талап ету құқығын бiр мезгiлде басқа
                 банк(терге)ке беру жөнiндегi операция

      1. Соттың банкті мәжбүрлеп тарату жөнiндегі шешiмi күшіне енген күннен бастап уәкілеттi органмен келiсе отырып, банктің дебиторлық берешегi бойынша талап ету бiр мезгiлде беру жөнiндегi операцияларды бiр жыл және одан артық өтеу мерзiмiмен ұзақ мерзiмдi кредиттер түрiнде басқа банк(терге)ке беру жөнiндегі операцияларды депозиттерге мiндетті кепiлдiк беруді жүзеге асыратын ұйымның кепiлдiк берген депозиттерi бойынша банк мiндеттемелерiнiң бөлiгімен жүргізуге жол берiледi.
      2. Мәжбүрлеп таратылып отырған банктiң аралық тарату балансы бекiтiлгеннен кейiн осы Заңның 74-2-бабымен белгіленген кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кезегі сақтала отырып, оның міндеттемелерi мен мүлкін беру операцияларын жүргізуге жол берiледi.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген операцияларды жүргiзу тәртiбi және ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады.
      4. Қатысушы банктің кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша мiндеттемелерiн басқа банк(терге)ке беру депозиторлардың келiсiмiмен жүзеге асырылады. Уақытша әкiмшілік депозиторлардың келiсiмiн алу үшiн таратылушы банктiң тарату комиссиясы республикалық мерзiмдiк баспа басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша болғалы отырған мiндеттемелердi беру туралы хабарландыруларды жариялайды. Хабарландыру жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде депозиторлардан жазбаша қарсылық болмаған жағдайда бұл депозитордың депозитті беруге келiсiм беруi деп түсiндiрiледi.";

      36) 74-баптың 1-тармағының үшiнші бөлігіндегі "тағайындау" деген сөзден кейiн "және таратуды жүзеге асыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      37) 74-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-2-бап. Таратылатын банк кредиторларының талаптарын
                 қанағаттандырудың кезектілігі

      1. Таратылатын банк кредиторларының, оның ішінде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
      2. Тарату өндiрiсiмен байланысты, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегі шығыстар кезектен тыс жасалады.
      3. Белгіленген тәртіппен танылған кредиторлардың талаптары, мынадай кезектiлiкте қанағаттандырылуға тиiс:
      1) бiрiнші кезекте жеке тұлғалардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауап бере отырып, таратылатын банк олардың талаптарын тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капитализациялау жолымен қанағаттандырады;
      2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтін адамдардың еңбекақысын төлеу, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударым бойынша берешек жөнiнде, жалақыдан ұсталған алименттi төлеу жөнiнде, авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысулар жүргiзiледi;
      3) үшінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банк берген есеп-қисапқа сәйкес кепiлдiк берiлген депозит бойынша ол төлеген (төлейтiн) өтем сомасы бойынша депозиттерге мiндетті кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның талаптары қанағаттандырылады;
      4) төртiнші кезекте депозиттер мен ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың талаптары, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің есебiнен жүзеге асырылған депозиттер бойынша, өмiрдi сақтандыру саласы бойынша тартылған қаражаттың есебiнен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттерi бойынша талаптар қанағаттандырылады;
      5) бесiнші кезекте тек қана қайырымдылық қызметімен айналысатын коммерциялық ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерi ұйымдарымен және оған теңестiрiлген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншікті болып табылатын өндiрiстiк ұйымдармен және олардың банктiк шоттарында бар және депозитке орналастырылған қаражаты бойынша олардың есебiнен құрылған басқа да мүгедектердiң ұйымдарымен есеп айырысулар жүзеге асырылады;
      6) алтыншы кезекте таратылатын банктің мүлкiн кепiлге алумен қамтамасыз етілген мiндеттемелер бойынша заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады;
      7) жетiнші кезекте салық, алым және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, сондай-aқ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша мiндетті төлемдер бойынша қарыздар өтеледi;
      8) сегiзiншi кезекте Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысулар жүргізiледi.
      4. Әр кезектiң талабы өзiнiң алдындағы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейiн орындалады.
      Кредитордың талаптары оның келiсiмiмен заңға қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) мүлiктi заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Бiр кезектегi кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкi осы кезектегі кредиторлардың арасында бiр мезгiлде қанағаттандыруға тиiстi талаптар сомасына бара-бар бөлiнедi.";

      38) 74-4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) тарату шығыстары сметасының ерекшелiктерiн және қалыптастыру мен бекiту тәртібiн белгілеу;
      7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау ережелерiн орындау жөнiндегі талаптарын, қолма-қол ақшамен кiрiс және шығыс операцияларын жасауды, кассалық құжаттарды жүргiзудi, қолма-қол ақшаны шығыстауды қамтамасыз етудi, касса қалдықтарының лимиттерiн, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткiзу мерзiмдерiн айқындау.".

      9. "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы заң күшi бар   Жарлығына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) ипотекалық компания - қызметінің ерекше түрi осы Жарлықта көзделген қызмет болып табылатын заңды тұлға;
      10) уәкiлеттi орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк орган.";

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Осы Жарлықта көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға олардың лицензиялар алуына, сондай-ақ олардың қызметін реттеуге байланысты ипотекалық компанияларға арналған талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.".

      3) мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

      "6-тарау. Ипотекалық компания";

      4) мынадай мазмұндағы 37-1, 37-2, 37-3, 37-4, 37-5-баптармен толықтырылсын:

      "37-1-бап. Ипотекалық компанияны құру

      1. Ипотекалық компания Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
      2. Ипотекалық компанияның атауында "ипотекалық компания" деген сөздер болуы тиiс.
      Ипотекалық компания ретiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген заңды тұлға ипотекалық компания деп аталына алмайды.
      3. Ипотекалық компания уәкiлеттi орган берген лицензияның негізiнде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады.

      37-2-бап. Ипотекалық компанияның қызметi

      1. Ипотекалық компания қызметiнiң негізгі түрi банктiк заем операцияларын жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензияның негiзiнде ипотекалық заем мен ипотекалық тұрғын үй заемын беру болып табылады.
      2. Ипотекалық компания мынадай қосымша операцияларды:
      1) сенiмгерлiк операциялар: ипотекалық тұрғын үй заемдарын басқару;
      2) факторингтiк және форфейтинг операцияларын;
      3) лизинг қызметін жүзеге асыруға құқылы.
      3. Ипотекалық компанияның лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленедi.
      4. Ипотекалық компания мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:
      1) осы баптың 6-тармағында көзделген шектеулердi есепке ала отырып инвестициялық қызметті;
      2) ақпарат тасымалдаушылардың кез келген түрiнде ипотекалық кредиттеу мәселелерi бойынша арнайы әдебиеттi сатуға;
      3) меншiк мүлігін сатуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен заемшы салған мүлікті сатуға;
      5) оның қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуге;
      6) бағалы қағаздарды, оның iшiнде облигацияларды шығару мен орналастыруға.
      5. Ипотекалық компания өзiнiң қызметін қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған қаржыландыру көздерiн пайдалануға құқылы.
      6. Ипотекалық компанияға:
      1) қаржы ұйымдарының;
      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметті жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санатының тiзiмiне акциялары енген қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
      3) ипотекалық компаниялардың қызметiн автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жағдайларынан басқа, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынады.

      37-3-бап. Уәкiлеттi органның құзыреті

      1. Уәкiлеттi орган ипотекалық компанияларға қатысты мынадай функцияларды:
      1) ипотекалық компанияларға осы Жарлықта көзделген банктiк және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензиялар бередi;
      2) ипотекалық компаниялардың тiзiлiмiн жүргізедi;
      3) пруденциалдық нормативтердi және ипотекалық компаниялар сақтауға мiндетті басқа нормалар мен лимиттердi белгілейдi;
      4) ипотекалық компаниялар орындауға мiндетті нормативтік құқықтық актілердi шығарады;
      5) ипотекалық компаниялардың есеп беру тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн және тәртiбiн белгілейдi;
      6) ипотекалық компаниялардың қызметiн дербес не басқа ұйымдарды тарта отырып инспекциялайды;
      7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге функцияларды жүзеге асырады.
      2. Ипотекалық компания Қазақстан Республикасының заңдарын және уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзған кезде осы Жарлықтың 37-4-бабында белгiленген ықпал ету шаралары мен санкциялар қолданылуы мүмкiн.
      3. Ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдану тәртiбiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерi белгілейдi.

      37-4-бап. Ипотекалық компанияларға қолданылатын ықпал ету
                шаралары және оларды қолдану негiздерi

      1. Ипотекалық компания Қазақстан Республикасының заңдарын және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзған жағдайда оған осы бапта белгіленген ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. Ықпал ету шаралары деп шектеулi ықпал ету шаралары мен санкцияларды түсiнуге болады.
      2. Уәкiлетті орган ипотекалық компанияға қатысты шектеулi ықпал ету шаралары ретiнде мынадай шектеулi шараларды қолдануға құқылы:
      1) мiндеттеме-хатты талап етуге;
      2) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқауды беруге. Ипотекалық компанияның мiндеттеме-хатында орын алған кемшiлiктердi тану фактісi және ипотекалық компания басқармасы басшысының жоспарланған iс-шаралар тiзбесiн көрсете отырып, оларды қатаң түрде белгіленген мерзiмде жою жөніндегі кепілi болуы тиiс.
      Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқауы - бұл анықталған кемшіліктердi белгiленген мерзiмге жоюға бағытталған түзету шараларын қабылдау туралы ипотекалық компанияға берiлген нұсқау. Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқауын сотта шағымдану оның орындалуын тоқтатпайды.
      Ипотекалық компания құжатта көрсетiлген мерзiмде мiндеттеме-хатты немесе жазбаша нұсқауды орындағаны туралы уәкілеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
      3. Шектеулi ықпал ету шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiмен белгіленедi.
      4. Уәкiлетті орган ипотекалық компанияға қатысты санкция ретiнде мынадай шараларды қолдануға құқылы:
      1) Қазақстан Республикасының заң актілерiмен белгіленген негіздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерімен белгіленген негіздер бойынша лицензияны тоқтата тұруға не қайтарып алуға;
      3) осы мәселенi ипотекалық компанияның тиiстi органы қарағанға дейiн ипотекалық компания басқармасының бiрiншi басшысы қызметтік мiндеттерiн орындаудан мынадай негiздер бойынша уақытша шеттетуге (үш айдан астам емес мерзiмге):
      осы Заңда көзделген қызметтi жүзеге асырумен байланысты мiндеттемелердi ойдағыдай орындамау;
      уәкiлеттi органның мiндеттеме-хатын және жазбаша нұсқауын орындамау;
      уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiнiң талаптарын бұзуы.
      5. Уәкiлетті орган құқық бұзу сипатына қарай банктiк және өзге операциялардың барлығына не жекелеген түрлерiне берiлген лицензияны тоқтата тұрады не қайтарып алады.
      Уәкiлетті орган қабылданған шешiм туралы ақпаратты мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялайды.
      6. Уәкiлетті органның ипотекалық компанияға қатысты осы бапта көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы шешiмін сотта шағымдануға болады.

      37-5-бап. Ипотекалық компанияны қайта ұйымдастыру және тарату

      1. Ипотекалық компанияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Сот шешімi бойынша ипотекалық компания:
      1) банкрот болғанда;
      2) осы Жарлықта көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға берiлген лицензияны қайтарып алғанда;
      3) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген басқа жағдайларда таратыла алады.
      Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша ипотекалық компанияны тарату туралы талаптарды уәкiлеттi орган сотқа ұсына алады.".

      10. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 15-1), 15-2), 15-3), 29-1) тармақтармен толықтырылсын:
      "12-1) еншілес ұйым - оған қатысты басқа заңды тұлға бақылауға ие заңды тұлға;
      12-2) капиталға қомақты қатысу - дербес немесе бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп, тiкелей немесе жанама иемдену не дауыс беретiн (қатысушылар салымдарының) жиырма және одан астам процентiмен дауыс беру мүмкіндігінiң болуы;";
      "15-1) бақылау - мынадай жағдайлардың бipeуi:
      дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп дауыс беретiн акциялардың елу процентiнен астамымен бiр заңды тұлғаны тiкелей немесе жанама иемдену не басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының елу процентiнен астамымен дербес дауыс беру мүмкiндігінiң болуы;
      бiр заңды тұлғада директорлар кеңесi немесе басқа заңды тұлғаның басқармасы құрамының кемiнде жартысын сайлау мүмкiндігінiң болуы;
      бiр заңды тұлғаның қаржылық есебiн аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есебiне қосу;
      бiр заңды тұлғада басқа заңды тұлғаның қаржылық немесе шаруашылық қызметiн айқындау мүмкiндігінiң, заң күшiмен, сондай-aқ өзге растайтын құжаттардың не басқаша айтқанда, уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда болуы болған кезде туындайтын басқа заңды тұлғаның қаржылық немесе шаруашылық қызметін айқындау мүмкiндігі.
      15-2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын жанама иемдену (дауыс бepу) - ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушы болып бiрлесе табылатын тұлғалардың бiреуiнiң акцияларын иемдену (дауыс беру), немесе уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалатын тәртiппен басқаша түрде;
      15-3) уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының он немесе одан астам процентiн тiкелей немесе жанама иемденетін немесе:
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентiне тiкелей немесе жанама дауыс беруге;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қабылдаған шешiмiне шарт күшiмен не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалатын тәртiппен басқаша түрде әсер етуге мүмкiндігі бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы - Қазақстан Республикасының резидентi - жеке тұлға немесе Қазақстан Республикасының резидентi немесе резиденті емес - заңды тұлғасы (осындай иесi мемлекет болып табылатын жағдайлардан басқа) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы.
      "29-1) сабақтас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;";

      2) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдарын,
               өкiлдiктерiн құру, жабу

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры қорды басқару органы шешiмiнiң негізiнде уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз өзiнiң оқшауланған бөлiмшелерiн - Қазақстан Республикасының аумағында филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға құқылы.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры әдiлет органдарында өзiнiң филиалы мен өкілдігін есепке алып тiркеген күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде олардың ашылуы туралы мынадай қосымшалармен:
      1) филиалдың және өкiлдiктің есепке алып тiркелгендігі туралы куәлiктiң нотариатта куәландырылған көшiрмесiмен;
      2) Қазақстан Республикасының тiркелген әдiлет органының белгісi және мөрi бар филиал немесе өкілдiк туралы ереженiң нотариатта куәландырылған көшiрмесiмен;
      3) филиалдың немесе өкiлдiктің бiрiншi басшысына берiлген сенiмхаттың нотариатта куәландырылған көшiрмесiмен бiрге уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауға мiндетті.
      3. Қордың филиалы - жинақтаушы зейнетақы қорының атынан қызметтi жүзеге асыратын және жинақтаушы зейнетақы қорының оған берген өкiлеттiктерiнің шегiнде iс-әрекет жасайтын жинақтаушы зейнетақы қорының тұрған жерiнен тыс орналасқан заңды тұлға болып табылмайтын жинақтаушы зейнетақы қорының бөлiмшесi. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалында жинақтаушы зейнетақы қорымен бiрыңғай баланс, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорының атауымен толық сәйкес келетiн атау болады.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының өкiлдігі - жинақтаушы зейнетақы қорының атынан және тапсырмасы бойынша iс-әрекет жасайтын және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын жинақтаушы зейнетақы қорының тұрған жерiнен тыс орналасқан заңды тұлға болып табылмайтын жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесi.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдарын және Қазақстан Республикасының резидент емес өкiлдiктерiн Қазақстан Республикасында ашуға тыйым салынады.
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарын ашудың мiндеттi шарты:
      1) соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының залалсыз қызметi:
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының филиалды ашу туралы шешiмдi қабылдау алдындағы үш ай iшiнде пруденциалдық нормативтердi сақтауы;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорына әдiлет органдарында филиалды есептi тiркеген күннiң алдындағы үш ай iшiнде уәкiлеттi органның тарапынан ықпал ету шараларының қолданылмауы болып табылады.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша оның залалсыз қызметi кезiнде Қазақстан Республикасының аумағында өкiлдiк ашуға құқылы.
      8. Филиал, өкілдiк туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде жинақтаушы зейнетақы қоры көрсетiлген өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды есепке алып тiркеген күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға хабарлауға тиiс.
      9. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнің филиалын және өкiлдігін әдiлет органдарында есепке алып тiркеуден шығарған күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының және/немесе өкiлдігінiң есепке алып тiркеуден шығарылғандығын растайтын әдiлеттi орган құжатының нотариатта куәландырылған көшiрмесiмен бiрге оның қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауға тиiс.
      10. Уәкілетті орган осы баптың 2, 7, 8-тармақтарының талаптарын орындамаған жағдайда филиалды және өкiлдiктi жабуды талап етуге құқылы.";

      3) мынадай мазмұндағы 36-1, 36-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "36-1-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы

      1. Бiр де бiр тұлға дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бiрлесiп уәкiлетті органның жазбаша келiсiмiнсiз ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы болып табыла алмайды. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары негізгі рейтингтiк агенттіктердiң бiреуiнiң ең төменгі талап етілетін  рейтингі болғанда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн сатып алуға уәкiлетті органның келiсiмiн ала алады. Рейтингтiк агенттіктердiң ең төменгі рейтингiн және тiзбесін уәкілеттi орган белгілейдi.
      2. Iрi қатысушы мәртебесiн сатып алуға келiсiм беру, қайтарып алу тәртiбiн, аталған келiсiмдi алу үшiн берiлген құжаттарға қойылатын талаптарды уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерi айқындайды.
      3. Келiсiм алу үшiн ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы болғысы келетiн тұлға осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәлiметтердiң қосымшасымен бiрге ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн сатып алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi органға беруге мiндеттi.
      4. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушы мәртебесiн сатып алуға келiсiм алу үшiн жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резидентi мынадай құжаттарды:
      1) дерек көздерiнiң сипаттамасы мен акцияларды сатып алу үшiн пайдаланылатын ақша сомасын қоса отырып, растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң қосымшасы бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi;
      2) өтiнiш иесi мүдделерiнiң ұсынуы тапсырылатын өтiнiш иесiнiң өкілі туралы мәлiметтердi (бар болғанда);
      3) онда ол iрi қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тiзiмiн және олардың құрылтайшы құжаттарын;
      4) бiлiмi туралы, еңбек қызметi туралы, сондай-ақ сотталғандығының болуы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершілікке тарту туралы мәлiметтердi, қаржы, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтарды қоса отырып, уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген нысан бойынша өтiнiш иесiнiң басшы қызметкерлерi жөніндегі қысқа деректердi бередi.
      5. Iрi қатысушы мәртебесiн иемденуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы мынадай құжаттарды:
      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу туралы өтiнiш иесiнiң жоғарғы органы шешімінiң көшiрмесiн;
      2) осы баптың 4-тармағының 1)-2)-3) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
      3) құрылтайшы құжаттардың нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн, өтiнiш берушiнiң iрi қатысушылары туралы, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң iрi қатысушыларының iрi қатысушылары туралы қысқа деректердi;
      4) бiлiмi, еңбек қызметi туралы, сондай-ақ сотталғандығының болуы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшiн әкiмшілiк жауапкершілікке тарту туралы мәлiметтердi, қаржы, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтарды, өтiнiш иесiнiң басшы қызметкерлерi жөнiндегі қысқа деректердi;
      5) аудиторлық ұйым куәландырған соңғы екi қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептi, сондай-ақ сәйкес өтiнiштi берер алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептi;
      6) сатып алғаннан кейiн өтiнiш иесiнiң және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының болжалды есеп айырысу балансын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне немесе басқаруына елеулi өзгерiстер енгiзу бойынша, егер ондайлар бар болса, өтiнiш иесiнiң жоспарлары мен ұсыныстарын қоса отырып, iс-шаралар жоспары мен ұйымдастыру құрылымын қоса отырып, iрi қатысушы мәртебесiн сатып алу салдарының қаржылық болжамын бередi.
      6. Iрi қатысушы мәртебесiн сатып алуға келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 4-тармағының 1)-2)-3) тармақшасында, 5-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
      2) тiзбесiн уәкiлетті орган белгілейтін халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiреуiне берiлген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәлiметтердi бередi.
      7. Iрi қатысушы мәртебесiн сатып алуға келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидент емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 6-тармағында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
      2) өтініш иесi осы ел заңдарының шеңберiнде қаржылық қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi екендігі туралы өтiнiш иесi шыққан елдiң қаржылық қадағалау органының жазбаша растауын не өтiнiш иесi шыққан елдiң қаржылық қадағалау органының мұндай рұқсат осы елдiң заңдары бойынша қажет емес екендігі туралы өтiнішін бередi.
      8. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы болып бiрлесе табылатын тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан астам процентпен дауыс беретiн акциясын тiкелей немесе жанама дауыс берудi иемденетiн сомадағы немесе мүмкiндігі бар және:
      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қабылдаған шешiмiне шарт күшiмен не басқаша түрде бiрлесiп ықпал етушi;
      2) бiр-бiрiне жекелей немесе өзара iрi қатысушы болып табылатын;
      3) олардың бiреуi лауазымдық тұлға немесе басқа тұлғаның өкiлi болып табылатын;
      4) олардың бiреуi басқа тұлғаға олардың арасында жасалған шартқа сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
      5) олар жақын туысқандар немесе ерлi-зайыптылар болып табылатын тұлғалар болып танылады.
      Егер ашық жинақтаушы зейнетақы қоры банктер және банк қызметi туралы заңдардың талаптарына сәйкес банк конгломератына кiрген жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Банктер және банк қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
      9. Осы баптың талаптарына сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн алу үшiн берілген өтiнiш бойынша шешiмдi құжаттардың толық пакетiн берген күннен бастап үш ай iшiнде уәкiлетті орган қабылдауы тиiс.
      10. Уәкiлеттi орган соның негізiнде келiсiм күмәндi мәлiметтердi анықтаған немесе осы Заңның талаптарын iрi қатысушылар сақтамаған жағдайда, осы бапқа сәйкес берiлген келiсiмдi қайтарып алуға құқылы. Мұндай жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталына өзiнiң қатысу үлесiн Заңның осы бабымен төмен белгiленген деңгейге дейiн қысқартуға немесе өзiнiң тiкелей немесе жанама дауыс беру құқығын қолдануды қоса отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығына немесе қызметiне ықпал етудi (немесе ықпал етуге тырысуды) тоқтату жөнiңде өзiне мiндеттеме алуға мiндетті.
      11. Уәкілетті органның келiсiмiн мiндетті түрде алу қажеттiлігі туралы осы баптың талаптары тұлға оған қатыссыз себептер бойынша ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы белгісiне сәйкес болған не кепiлi ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары болып табылған борыштық мiндеттемелер бойынша салынған мүлiктiң оған көшуiнiң нәтижесiнде осы баппен белгiленген шекке тең немесе одан асатын сандағы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын меншiгiне алған жағдайларға қолданылмайды.
      Көрсетілген жағдайларда iрi қатысушы белгiсiне сәйкес тұлға акцияларды сатып алған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы белгiсiне оның сәйкестігі және басшылыққа немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай iс-қимылдарды жасамау немесе осы баптың қосымшасына сәйкес уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiн ол алмайынша осындай жолмен сатып алған акциялармен дауыс беру керектігі оған белгiлi болған кезден бастан отыз күн iшiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      Тиiстi мәртебенi сатып алу туралы өтiнiш уәкiлетті органға акцияларды сатып алған кезден бастап не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы белгiсiне оның сәйкестігі оған белгілi болған кезден бастап, егер бұл тұлға көрсетiлген мерзiмде акцияларды иелігінен алғысы келмесе, алпыс күннiң ішінде уәкiлеттi органға берiледi. Акцияларды иелiгiнен алу туралы шешiмнiң қабылданғаны жөнiндегi ақпарат оларды сатып алған күннен бастап алпыс күннiң iшiнде осындай шешiмдi қабылдаған күннен бастап дереу уәкiлетті органға берiледi.
      12. Уәкiлеттi орган, егер iрi қатысушы белгісiне немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының тiкелей, жанама иелерiне тұлғаның сәйкес келетiндігін көрсететiн мәлiметтер оған белгілi болса немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын тiкелей, жанама иемденуші болып табылса немесе келiсiмнiң негiзiнде немесе басқаша түрде осы Заң талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз осы баппен белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегi ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлғалардан ақпарат берудi талап етуге құқылы. Ақпарат кез келген тұлғадан, сонымен қатар осы тұлғалардың бақылауында болып табылатын ұйымнан талап етiле алады.
      13. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы шешiм қабылдаған күннен бастап отыз күндiк мерзiмде ол тiкелей немесе жанама иемденетiн немесе растайтын құжаттарды бере отырып тiкелей немесе жанама дауыс беру мүмкiндігі бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларын өзгерту туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      14. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ашық жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталына олардың қатысу үлесiн көрсете отырып, барлық өзiнiң iрi қатысушыларының тiзiмiн есептi тоқсаннан кейiнгi айдың онынан кешiктiрмей уәкiлеттi органға тоқсан сайын беруге мiндеттi.
      15. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының он және одан астам процентiн иемденетiн акционерлер құрамының өзгеруi туралы осы деректi олардың белгілеген күнiнен бастап он бес күннiң iшiнде уәкiлетті органға хабарлауға мiндетті.
      16. Көрсетiлген мерзiмдерде осы баптың 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарына сәйкес талап етiлетін ақпаратты ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушыларының, сондай-aқ ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушысының белгілерiне сәйкес келетiн жеке және заңды тұлғалардың уақтылы бермеуi, бермеуi немесе күмәнді мәлiметтердi беруi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапқа тартылады.";

      "36-2-бап. Уәкiлетті органның ашық жинақтаушы зейнетақы
                 қорының iрi қатысушысы болуға тiлек бiлдiрушi
                 тұлғаларға келiсiм беруiнен бас тарту үшiн
                 негіздеме

      1. Уәкілетті органның ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы болуға тiлек бiлдiрушi тұлғаларға келiсiм беруiнен бас тартуға мыналар:
      1) осы Заңның 40-бабының 2-тармағы 3)-4)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтiнiш берушінiң басшы қызметкерлерiне - заңды тұлғаға қатысты);
      2) өтінiш берушiнің тұрақсыз қаржылық жағдайы;
      3) осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген құжаттарды бермеу;
      4) өтiнiш берушiнiң ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн сатып алуы нәтижесiнде монополияға қарсы заңдардың талаптарын бұзу;
      5) оффшорлық аймақта тiркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе тiзбесiн уәкiлеттi орган белгілейтiн оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционерi) болып табылатын жеке тұлға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн сатып алу жөнiндегі мәмiледегі тараптардың бipeуi болып табылатын жағдай;
      6) өтiнiш иесiнiң осы Заңмен белгіленген ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерiне қойылатын өзге талаптарды сақтамауы;
      7) өтiнiш иесi - қаржы ұйымы өзi тұратын елде шоғырландырылған негiздегі қадағалауға жатпайтын жағдай;
      8) өтініш иесінің қаржылық болжамы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлайтындығын болжауы;
      9) өтiнiш иесiнде - Қазақстан Республикасының резидент емес қаржы ұйымында шыққан елi заңдарының шеңберiндегі қаржылық қызметтi жүзеге асыру жөнiндегі өкілеттіктердің болмауы;
      10) өтініш иесiнде - Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасында тiзбесiн уәкілеттi орган айқындайтын халықаралық рейтингтiк агенттiктердiң бiреуiнiң ең төменгі қажетті рейтингінiң болмауы негіздеме болып табылады.
      2. Өтінiш иесiнiң тұрақсыз қаржылық жағдайының белгісi мыналардың бiреуi:
      1) заңды тұлғаның - өтiнiш иесiнiң өтiніш берген күнге дейiн кемiнде екi жылдың iшiнде құрылуы;
      2) өтiнiш иесi мiндеттемелерiнiң акцияда орналастырылған активтердiң сомасын және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi мен ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алуға болжалданған активтерiн шегере отырып, оның активтерiнен асуы;
      3) аяқталған екi қаржылық жылдың нәтижелерi бойынша шығындар;
      4) өтінiш беруші мiндеттемелерi мөлшерiнiң ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйiне арналған елеулi тәуекелдi ұсынуы;
      5) өтiнiш берушiнiң ашық жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы мерзiмi өткен және (немесе) банктің балансына жатқызылған берешегінiң болуы;
      6) өтiнiш иесiнiң қаржылық болжамы өтiнiш иесiнiң қаржылық жағдайының нашарлайтындығын болжауы;
      7) ашық жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) оның клиентiне зиян келтiру мүмкiндігі жөнiнде куәландыратын өзге негіздемелер бойынша болып табылады.
      3. Iрi қатысушы мәртебесiне тұлға келiсiм алмағанда уәкiлетті орган осы Заңның 42-7-тармағында көзделген мәжбүрлеу шараларын осы тұлғаға қолдануға құқылы.

      4) 39-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымында жарияланады;";

      5) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне
               қойылатын талаптар

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлiмшесiнің бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерiн қоспағанда, директорлар кеңесінің бiрiншi басшысы мен мүшелерi, басқарманың бiрiншi басшысы мен мүшелерi жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi болып танылады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi болып мынадай:
      1) жоғары білімi жоқ;
      2) осы баппен белгiленген қаржылық қызметті ұсыну және(немесе) реттеу саласындағы жұмыс стажы жоқ;
      3) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшiн, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге қылмыстары үшін заңмен белгiленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
      4) қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, оның лицензиясын қайтарып алу туралы, сондай-ақ оны мәжбүрлеп тарату немесе заңдармен белгiленген тәртiппен оны банкрот деп тану туралы уәкiлетті органның шешiмiн қабылдағанға дейiн бiр жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бiрiнші басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы және оның орынбасары, қаржы ұйымының бас бухгалтерi болып бұрын табылған тұлға тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетiлген талап қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, оның лицензиясын қайтарып алу туралы, сондай-ақ оны мәжбүрлеп тарату немесе заңдармен белгiленген тәртiппен оны банкрот деп тану туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағаннан кейiн бес жыл iшiнде қолданылады.
      5) осы тұлғаның өзге қаржы ұйымындағы басшы қызметкер қызметiнде болып табылған кезеңде басшы қызметкер қызметіне тағайындауға (сайлауға) берiлген келiсiм қайтарып алынған тұлға тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап басшы қызметкер қызметiне тағайындауға (сайлауға) келiсiмдi қайтарып алу туралы рұқсатты уәкiлеттi орган қабылдағаннан кейiн соңғы қатарынан он екi ай iшiнде қолданылады.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының басшы қызметкерi қызметiне тағайындала (сайлана) алмайды.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесiнiң кемiнде отыз процентi тәуелсiз директорлардан тұруға тиiс.
      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген ең төменгі талапқа сәйкес келу үшiн жұмыс стажы болу қажет:
      1) басқарманың тәуелсiз директоры, бiрiншi басшысы, жинақтаушы зейнетақы қорының бас бухгалтерi қызметiне кандидаттар үшiн қаржылық қызметтi көрсету және(немесе) peттeу саласында кемiнде үш жыл;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының мүшесi қызметiне кандидаттар үшiн қаржылық қызметтi көрсету және (немесе) реттеу саласында кемiнде екi жыл.
      Тәуелсiз директордан басқа, директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы және мүшелерi қызметiне кандидаттар үшiн қаржылық қызметтi көрсету және (немесе) реттеу саласында жұмыс стажының болуы талап етiлмейдi.
      Осы тармақпен айқындалған жұмыс стажына шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға байланысты қаржы ұйымының бөлiмшелеріндегi жұмыс кірмейдi.
      5. Басшы қызметкер оны тағайындаған (сайлаған) күннен бастап кемiнде алпыс күнтiзбелiк күн уәкiлеттi органмен келiспей өз қызметін атқаруға құқылы.
      Осы тармақта көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн және уәкiлетті органға келiсуге құжаттарды бермеген жағдайда не келiсуден уәкiлеттi орган бас тартқан жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры осы тұлғамен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға мiндетті.
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi қызметiне сайлауға (тағайындауға) уәкiлеттi органның келiсiмiн беру тәртiбi келiсiм алу үшiн қажет құжаттар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленедi.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм беруден уәкiлеттi орган бас тартқан не жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi қызметiнен оны шығарған немесе осы жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге қызметке оны ауыстырған жағдайда аталған тұлға осы жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi қызметiне оны сайлауға (тағайындауға), не оның жұмыстан шығуына не өзге жұмысқа ауысуына келiсiм беруден бас тартқаннан кейiн тоқсан күнтiзбелiк күннен ерте емес, бiрақ соңғы он екi айдың ішінде қайтадан тағайындала алады.
      8. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi қызметіне кандидат тағайындауға (сайлауға) келiсiм беруден уәкілеттi орган қатарынан екi рет бас тартқан жағдайда аталған тұлға осы жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi қызметiне оны сайлауға (тағайындауға) келiсiм беруден екiншi рет бас тартқандығы туралы шешiм қабылдаған күннен бастап соңғы он екi ай өткеннен кейiн тағайындала (сайлана) алады.
      9. Мынадай негіздемелер:
      1) негiзiнде келiсiм берілген күмәндi мәлiметтердi анықтау;
      2) уәкілетті органның басшы қызметкерге санкцияларды жүйелi түрде (соңғы қатарынан он екi айдың iшiнде үш не одан астам рет) қолдануы бойынша уәкiлетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерi қызметіне сайлауға (тағайындауға) берілген келiсiмдi қайтарып алуға құқылы.
      Басшы қызметкердiң қызметiне тағайындауға (сайлауға) келiсуден уәкілеттi орган бас тартқан жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры осы тұлғамен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға мiндетті.
      10. Уәкiлетті орган осы Заңмен белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорына консервациялау жүргiзу туралы шешiм қабылдаған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға міндеттi.";

      6) 41-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) қаржы ұйымдарының;
      акциялары Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметті жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғарғы санатты тiзiмiне кiретін, қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
      акциялары листингтен өткен және ең жоғарғы санат бойынша ұйымдасқан сауда алаңдарында айналымға жiберiлген қаржылық емес ұйымдардың;
      жинақтаушы зейнетақы қорын автоматтандыруды жүзеге асырушы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысудан басқа, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға.
      Жоғарыда аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мөлшерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгіленедi.";

      7) мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:

      "41-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншiлес ұйымдары және
                 жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталға
                 қомақты қатысуы

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 41-бабының 3-тармағында аталған шектеулердi есепке ала отырып, еншілес ұйымдарды құруға немесе уәкiлетті органның рұқсаты болған жағдайда ғана басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы.
      Еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртiбiн уәкiлетті органның нормативтік құқықтық актiлерi айқындайды.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншiлес ұйымы еншiлес ұйымдарды құруға құқылы емес.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының еншiлес ұйымы өзiнiң толық атауында "еншiлес" деген сөздi көрсетуге және сабақтас жинақтаушы зейнетақы қорының атауын пайдалануға мiндетті.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы екi аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша iшiнде оның шығынды қызметі болған және рұқсат алу үшiн уәкiлетті органға өтiнiш берген күннiң алдындағы үш айдың iшiнде уәкiлетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтердi сақтаған жағдайда еншiлес ұйымды құруға құқылы.
      4. Еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшiн жинақтаушы зейнетақы қоры мынадай құжаттарды:
      1) еншiлес ұйымның құрылтайшы құжаттарын, жарғыны бекiту туралы хаттамаларды;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органының еншiлес ұйымды құру немесе сатып алу туралы шешiмдi;
      3) еншiлес ұйымның басшы қызметкерлерi туралы ақпаратты;
      4) еншiлес ұйымды ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалар туралы мәлiметтердi;
      5) бизнес-жоспарды бере отырып, еншiлес ұйым қызметiнiң түрi немесе түрлерi туралы ақпаратты;
      6) сатып алынатын еншiлес ұйымның жарияланған (тiркелген), төленген жарғылық капиталының мөлшерi туралы (eгep мұндай ақпарат аудиторлық қорытындыда болмаса), сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының сатып алынатын еншiлес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесi мен сомасы туралы ақпаратты;
      7) еншiлес ұйымды сатып алу талаптары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi;
      8) аудиторлық ұйымның есебiн және аудиторлық ұйым куәландырған сатып алынатын еншiлес ұйымның қаржылық есебiн;
      9) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендігі туралы куәлiктiң нотариатта куәландырылған көшiрмесiн;
      10) оның жарғылық капиталына қатысуы арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қоры еншiлес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректердi, оған қоса:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi мен сомасы туралы мәлiметтер;
      заңды тұлғаның ашық жинақтаушы зейнетақы қоры сатып алатын еншiлес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесi мен сомасы туралы мәлiметтер;
      11) еншілес ұйымға жасалатын бақылауды және бақылау жасау негіздерiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, еркiн нысандағы өтiнiшті уәкiлеттi органға бередi.
      5. Еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беруден бас тарту үшін:
      1) рұқсат алу үшiн қажет құжаттарды бермеу;
      2) еншiлес ұйым басшы қызметкерлерiнiң (немесе басшы қызметкерлер қызметiне тағайындау немесе сайлау үшiн ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабының 6-тармағы 1), 3), 4) тармақшаларының талаптарына сәйкессiздігі;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға өтінiш берген күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде және өтiнiштi қараған кезеңде белгiленген пруденциалдық нормативтердi сақтамауы;
      4) еншiлес ұйымдардың болжалды болуының нәтижесiнде жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциалдық нормативтердi сақтамауы;
      5) өтiнiш берген күнге жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты қолданылып жүрген шектеулi ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйiнiң болжамды нашарлауы және (немесе) еншiлес ұйым қызметiнiң немесе жинақтаушы зейнетақы қоры жоспарлаған инвестициялардың салдарынан жинақтаушы зейнетақы қоры клиенттерiнiң мүдделерiне зиян келтiру негiздеме болып табылады.
      6. Уәкiлеттi орган өтiнiш бергеннен кейiн үш айдың iшiнде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға мiндеттi.
      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бас тартудың негіздемелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарлауға мiндетті.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншiлес ұйымы құрылтайшы құжаттарға енген барлық өзгерiстер мен толықтырулар туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндетті.
      8. Уәкiлетті орган рұқсат алмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының үш айлық мерзiмде сақтандыру тобының құрамына кiрмейтін тұлғаларға оларға тиiстi еншiлес ұйымдардың акцияларын (қатысу үлесiн) иелігінен алуға не еншiлес ұйым қабылдаған шешiмдердi айқындау мүмкiндігінен бас тартуға және уәкiлеттi органға растайтын құжаттарды беруге міндетті.
      9. Ұйымдардың жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуына рұқсат беру уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалған тәртiппен белгiленедi.
      Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуына рұқсат алу үшiн өтінiш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттардың қосымшаларымен бiрге берiледi.
      Осы баптың 5-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жарғылық капиталға қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартылады.";

      8) 42-бап:
      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) жинақтаушы зейнетақы қорының жүргізiлген аудит туралы аудиторлық ұйымның есебiнде аталған жөнсiздiктердi осы Заңның 49-2-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзiмде жоймауы;";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында келтiрiлген шаралар, егер уәкiлеттi орган iрi қатысушылардың, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерiнiң жөнсiздiктерi, заңсыз әрекетi немесе әрекетсiздігі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын нашарлатқандығын белгiлесе, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының iрi қатысушыларына қатысты қолданыла алады.";

      9) мынадай мазмұндағы 42-7-баппен толықтырылсын:

      "42-7-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi
                 қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

      1. Уәкiлетті орган ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушыларына мынадай:
      1) iрi қатысушы мәртебесiн сатып алуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алмау;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн сатып алғаннан кейiн осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көрсетiлген жағдайлардың туындауы;
      3) осы Заңның 42-бабының 3-тармағына сәйкес уәкiлеттi органның жазбаша ұйғарымдарын орындамау;
      4) нәтижесiнде ашық жинақтаушы зейнетақы қорына зиян келтiрiлген ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушысының iс-әрекет жасауы;
      5) нәтижесiнде ашық жинақтаушы зейнетақы қорына зиян келтiрiлген ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушысының тұрақсыз қаржылық жағдайы;
      6) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры мен оның iрi қатысушысы арасында осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын уәкiлетті органның жүзеге асыруына кедергi келтiретiн қатынастардың болу жағдайларында мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілеттi орган:
      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорындағы оның тiкелей немесе жанама иемдену үлесiн дауыс беретiн акциялардың он процентiнен төмен деңгейге дейiн азайтуды не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн басқаруға тiкелей немесе жанама қатысудан, оның iшiнде дауыс құқығын жүзеге асырудан бас тартуды талап етуге;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қатысушы болып табылатын ұйымға қатысты, ашық жинақтаушы зейнетақы қорынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорын оның және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының арасындағы тәуекелге тартатын операцияларды (тiкелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорынан өзiнiң иемдену немесе еншілес ұйымға немесе олардың жарғылық капиталына ол қомақты түрде қатысатын ұйымдарға бақылау жасау үлесiн айыруды талап eтугe құқылы.
      3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы уәкiлеттi орган белгілеген мерзiмнiң iшiнде осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкiлеттi орган белгілеген мерзiм iшiнде сенiмгерлiк басқарушы ретінде уәкiлетті органның ашық жинақтаушы зейнетақы қорының басқаруына қатысу құқығымен үш айға дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органға сенiмгерлiк басқаруға ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушысының акцияларын беру жөнiнде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерiмен шарт жасау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      Осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген мерзiмде сенiмгерлiк басқаруға акцияларды беру үшiн негiздемелердi жою кезiнде уәкілетті орган сенiмгерлiк басқаруда болып табылатын акцияларды иелігінен айыруды бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында осы акцияларды сату жолымен жүзеге асыруға құқылы. Осы акцияларды сатудан түскен ақша акциялары өкілеттi органға сенiмгерлiк басқаруға берiлген тұлғаларға аударылады.
      Акционерлер сенiмгерлiк басқаруға акцияларын беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасаудың қажеттiлiгi туралы талаппен сотқа өтiнiш жасауға құқылы.
      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.";

      10) 45-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Epiкті таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлетті органның нормативтік құқықтық актілерiмен айқындалады.";

      11) 45-2-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Лицензиялары қайтарылып алынған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегі қызметтi және өзге қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ, уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актілерiмен көзделген шығыстарға байланысты жағдайлардан басқа, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндетті.";
      6-тармақтың 4) тармақшасындағы "салық органдарының" деген сөздер "салық қызметi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ:
      екiншi бөлiктегі "тағайындау" деген сөзден кейін "және босату" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетiнші бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлiгiн бағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тарату комиссиясы жүргiзедi.";
      мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "7-1. Жинақтаушы зейнетақы қорын таратуға байланысты барлық шығыстар осы баптың 7-2-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, осы жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебiнен ғана жүргізіледi.
      7-2. Жинақтаушы зейнетақы қоры мен тарату комиссиясының уақытша әкiмшiлігінiң (уақытша басқарушысының) құрамына енген уәкілеттi орган қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеуге байланысты шығыстардан басқа, мәжбүрлеп таратудың негiзi бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн тоқтату бойынша шығыстарды, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешiм жөнiндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шығыстарды және әдiлет органының мәжбүрлеп тарату негiзi және жинақтаушы зейнетақы қорының мүлiгi болмаған не егер оның құны осы шығыстардың орнын толтыруға жеткілiксiз болған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтағаннан кейін мұрағатқа сақтау үшiн құжаттар беру бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтатуды мемлекеттiк тiркеуге байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.";

      12) 45-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) тарату шығыстары сметасын қалыптастырудың және бекiтудiң ерекшелiктерi мен тәртiбiн белгілеуге;
      7) тарату комиссияларының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен жасалатын кiрiс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргізу, қолма-қол ақшаның, касса қалдықтары лимиттерiнің шығысын қамтамасыз ету, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткiзу мерзiмдерi ережесiн тарату комиссиясының орындауы жөніндегі талаптарды айқындауға.";

      13) мынадай мазмұндағы 49-2-баппен толықтырылсын:

      "49-2-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушысының
                 және жинақтаушы зейнетақы қоры оған қомақты
                 қатысатын заңды тұлғалардың аудитi

      1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргiзу ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушылары үшiн, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қоры оған қомақты қатысатын заңды тұлғалар үшiн мiндетті болады.
      Аудиторлық ұйым ашық жинақтаушы зейнетақы қорының уәкiлеттi органға жылдық қаржылық есептi ұсыну үшiн айқындалған мерзiмде уәкiлеттi органға аудиторлық есептiң көшірмесiн беруге мiндеттi.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры аудиторлық есептiң көшiрмесiн алғаннан кейiн он күннiң iшiнде ашық жинақтаушы зейнетақы қоры оған қомақты қатысатын басқа заңды тұлғаларға беруi тиiс.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының шоғырландырылған жылдық қаржылық есебiн аудиторлық ұйым куәландыруы тиiс.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры, жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы, жинақтаушы зейнетақы қоры оған қомақты қатысатын заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетiлген жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайына әсер ететiн жөнсiздiктердi жоймаған жағдайда, аталған тұлғалар аудиторлық есептi алған күннен бастап үш айдың iшiнде уәкiлеттi орган жөнсiздiктердi жойғанға дейiн;
      жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты - осы Заңның 42-бабының 1-1-тармағы 5-1) тармақшасының негiзiнде зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке берiлген лицензияның қолданысын тоқтатуға;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысына қатысты - осы Заңның 42-7-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
      Осы есептi алған күннен бастап бiр жылдың ішінде жөнсiздiктердi жоймаған жағдайда уәкiлеттi орган:
      жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты - осы Заңның 42-бабы 1-4-тармағының негізiнде жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясын қайтарып ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысына қатысты - осы Заңның 42-7-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.";

      14) мынадай мазмұндағы 49-3-баппен толықтырылсын:

      "49-3-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының
                 есебi

      1. Заңды тұлға болып табылатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы қаржы жылы аяқталған бойда тоқсан күн iшiнде қаржылық есеп пен оның түсiндiрме жазбасын уәкiлеттi органға жыл сайын беруi тиiс.
      2. Жеке тұлға болып табылатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы қаржы жылы аяқталған бойда тоқсан күн iшiнде кiрiс және мүлiк туралы мәлiметтер бар есептi, сондай-ақ:
      1) олардың арасында жасалған шарт күшiмен не басқаша түрде басқа тұлғалармен бiрлесiп ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдаған шешiмге ықпал етудi, оның iшiнде осындай ықпал ету мүмкiндігін айқындайтын өкiлеттiктердi бөлуден тұратын сипаттаманы олардың жүзеге асыруы туралы;
      2) жарғылық капиталдарға (акцияларға) қатысудың оған тиiстi үлесiн көрсете отырып, олардың ұйымдарда атқаратын қызметтерi туралы;
      3) алынған заемдардың есебiнен жарғылық капиталдарға (акцияларға) қатысудың оған тиiстi үлесін сатып алу туралы;
      4) жақын туыстары, жұбайы және ерiнiң (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты уәкiлетті органға беруi тиiс.
      Есеп берудiң және нысандарының тәртібi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiмен белгіленедi.
      3. Заңды тұлға болып табылатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушысының жылдық қаржылық есебiнiң түсiндiрме жазбасында мынадай ақпарат:
      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушысының қызмет түрлерiн сипаттау;
      2) iрi қатысушы қатысушысы (акционерi) болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесiнiң мөлшерi (тиiстi акциялардың саны), қызмет түрi мен түрлерiнiң сипаты, iрi қатысушы қатысушысы (акционерi) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есебi;
      3) iрi қатысушы қатысушысы (акционерi) болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесiнiң мөлшерi (тиiстi акциялардың саны), қызмет түрi мен түрлерiнiң сипаты және осы ұйымның қаржылық есебi, сонымен қатар аффилиирленген тұлғалар туралы, iрi қатысушыға бақылау жасауды жүзеге асырушы тұлғалар туралы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысына бақылау жасайтын тұлғаның еншiлес және тәуелдi ұйымдары туралы мәлiметтер көрiнуi тиiс.".

      11. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-1  Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 86-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 138-құжат):
      18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының уәкiлеттi органға жылдық қаржылық есептi ұсыну үшiн айқындалған мерзiмде уәкiлетті органға жоғарыда аталған қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайы туралы аудиторлық есептiң көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.".

      12. "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 10, 247-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат):
      10-баптың бiрiншi бөлiгi "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын.

      13. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы үшiнші, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетіншi, сегізiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi және он төртiнші абзацтармен толықтырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғалары - "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлға;
      еншiлес ұйым - оған қатысты басқа заңды тұлға бақылауға ие болатын заңды тұлға;
      капиталға қомақты қатысу - тiкелей немесе жанама, дербес немесе бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп иемдену не дауыс беретiн акциялардың (қатысушылар салымдарының) жиырма және одан астам процентiмен дауыс беру мүмкiндiгiнiң болуы;
      бақылау - мына жағдайлардың бiреуi:
      дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп дауыс беретiн акциялардың елу процентiнен астамымен бiр заңды тұлғаны тiкелей немесе жанама иемдену не басқа заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының елу процентiнен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндiгінiң болуы;
      бiр заңды тұлғада директорлар кеңесi немесе басқа заңды тұлғаның басқармасы құрамының кемiнде жартысын сайлау мүмкiндігінің болуы;
      бiр заңды тұлғаның қаржылық есебiн аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есебiне қосу;
      бiр заңды тұлғада басқа заңды тұлғаның қаржылық немесе шаруашылық қызметін айқындау мүмкiндігінiң, заң күшімен, сондай-ақ өзге растайтын құжаттардың не басқаша айтқанда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актісiнде көзделген жағдайларда болуы болған кезде туындайтын басқа заңды тұлғаның қаржылық немесе шаруашылық қызметін айқындау мүмкiндігі.
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иемдену (дауыс беру) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы болып бiрлесе табылатын немесе басқаша, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалатын тәртiппен тұлғалардың бiреуiнiң акцияларын иемдену (дауыс беру);
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы - жеке немесе заңды тұлға - уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының он немесе одан астам процентiн тiкелей немесе жанама иемдене алатын немесе:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының он немесе одан астам процентiмен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қабылдаған шешiмiне шарт күшiмен не басқаша, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалатын тәртіппен ықпал ету мүмкiндiгi бар Қазақстан Республикасының резиденті немесе резидент емесi (мемлекет осындай иесi болып табылатын жағдайлардан басқа);
      заңды тұлғаның iрi қатысушысы - жеке немесе заңды тұлға - мемлекет осындай иесi болып табылатын жағдайлардан басқа, дауыс беретiн акциялардың (қатысушы салымдарының) он немесе одан астам процентiн тiкелей немесе жанама иемденетiн Қазақстан Республикасының резидентi немесе резидент емесi;
      "сабақтас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;";

      2) 20-бап мынадай мазмұндағы 7, 8-тармақтармен толықтырылсын:
      "7. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма және одан астам процентiн иемденетiн (дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушылары үшiн, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оған қомақты қатысатын заңды тұлғалар үшiн міндетті болады.
      Аудиторлық ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уәкiлеттi органға жылдық қаржылық есептi ұсыну үшiн айқындалған мерзiмде уәкiлетті органға аудиторлық есептiң көшiрмесiн ұсынуға мiндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есептiң көшiрмесiн алғаннан кейiн он күннiң iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оған қомақты қатысатын басқа заңды тұлғаларға оны беруi тиiс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылған жылдық қаржылық есебiн аудиторлық ұйым куәландыруы тиiс.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан астам процентін иемденетiн (дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оған қомақты қатысатын заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетiлген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына әсер ететiн жөнсiздiктердi бұзған жағдайда, аталған тұлғалар аудиторлық есептi алған күннен бастап үш айдың ішінде, уәкiлетті орган жөнсiздiктердi жойғанға дейiн:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты - осы Заңның 54-бабының 1-тармағы 8-1) тармақшасының негізiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан астам процентiн иемденетiн (дауыс беру құқығы бар) iрi қатысушыға қатысты - осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
      Осы есептi алған күннен бастан бiр жыл iшiнде жөнсiздiктердi жоймаған жағдайда уәкiлеттi орган:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты - осы Заңның 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негiзiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясын қайтарып алуға;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан астам процентiн иемденетiн (дауыс беру құқығы бар) iрi қатысушыға қатысты - осы Заңның 53-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.";

      3) 25-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрған кезде заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын дұрыс меншiктi капиталы болған кезде ғана сатып алады. Мұндай шектеу жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық қорларға қолданылмайды.";
      3-тармақ алып тасталсын;

      4) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушы

      1. Бiр де бiр тұлға дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бiрлесiп уәкілетті органның жазбаша келiсiмiнсiз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы болып табыла алмайды, Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары тiзбесiн уәкiлеттi орган белгілеген негізгі рейтингтiк агенттіктердiң бiреуiнiң ең төменгі талап етiлетiн рейтингi болғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн сатып алуға уәкiлетті органның келiсiмiн ала алады. Ең төменгі рейтингті және рейтингтік агенттiктердiң тiзбесiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерi белгілейдi.
      2. Iрi қатысушы мәртебесiн сатып алуға келiсiм беру, қайтарып алу, аталған келiсiмдi алу үшiн берiлетiн құжаттарға қойылатын талаптардың тәртiбiн уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiлерi айқындайды.
      3. Келiсiм алу үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ipi қатысушысы болғысы келетiн тұлға осы баптың 4, 5, және 6-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәлiметтердiң қосымшасымен бiрге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн сатып алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi органға беруге мiндетті.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушы мәртебесiн сатып алуға келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес жеке тұлғасы мынадай құжаттарды:
      1) дерек көздерiнiң сипаттамасы мен акцияларды сатып алу үшiн пайдаланылатын ақша сомасын қоса отырып, растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң қосымшасы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi;
      2) өтініш иесi мүдделерiнiң ұсынуы тапсырылатын өтiнiш иесiнiң өкiлi туралы мәлiметтердi (бap болғанда);
      3) онда ол iрi қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тiзiмін және олардың құрылтайшы құжаттарын;
      4) білімi туралы, еңбек қызметi туралы, сондай-aқ сотталғандығының болуы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы мәлiметтердi қоса отырып, уәкiлетті органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген нысан бойынша өтiнiш иесi жөнiндегi қысқа деректердi;
      5) Қазақтан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталына қатысу осы елдiң заңдарымен рұқсат етiлгендігі туралы Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғасы тұратын елдiң сәйкес мемлекеттiк органының жазбаша растауын не тиiстi мемлекеттің уәкiлеттi органының көрсетiлген құрылтайшы мемлекетiнiң заңдары бойынша мұндай рұқсат қажет еместiгi туралы өтiнiштi бередi.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушы мәртебесiн сатып алуға келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы мынадай құжаттарды:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы өтiнiш иесiнiң жоғарғы органы шешiмiнiң көшiрмесiн;
      2) осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
      3) құрылтайшы құжаттардың нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн, өтiнiш иесiнiң iрi қатысушылары, сондай-ақ өтiнiш иесi iрi қатысушыларының iрi қатысушылары, туралы қысқа деректердi;
      4) бiлiмі туралы, еңбек қызметi туралы, сондай-ақ сотталғандығының болуы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершілікке тарту туралы мәлiметтердi қоса отырып, уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтiнiш иесiнiң басшы қызметкерi жөніндегі қысқа деректердi;
      5) аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екi қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептi, сондай-ақ сәйкес өтiнiштi берер алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептi;
      6) сатып алғаннан кейiн өтiнiш иесiнiң болжалды есеп айырысу балансын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн сату сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiне немесе басқаруына елеулi өзгерiстер енгізу бойынша, егер ондайлар бар болса, өтiнiш иесiнiң жоспарлары мен ұсыныстарын қоса отырып ic-шаралар жоспары мен ұйымдастыру құрылымын қоса отырып), iрi қатысушы мәртебесiн сатып алу салдарының қаржылық болжамын бередi.
      6. Iрi қатысушы мәртебесiн сатып алуға келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында, 5-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
      2) тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiреуiне берiлген заңды тұлғаның кредит рейтингi туралы мәлiметтердi бередi.
      7. Iрi қатысушы мәртебесiн сатып алуға келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидент емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 6-тармағында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
      2) өтiнiш иесi осы ел заңдарының шеңберiнде қаржылық қызметтi жүзеге асыруға уәкiлетті екендiгi туралы өтiнiш иесi шыққан елдiң қаржылық қадағалау органының жазбаша растауын не өтінiш иесi шыққан елдiң қаржылық қадағалау органының мұндай рұқсат осы елдiң заңдары бойынша қажет емес екендігі туралы өтінiшiн бередi.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірi қатысушысы болып бiрлесе табылатын тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының он немесе одан астам процентпен дауыс беретiн акциясын тiкелей немесе жанама иемденетiн сомадағы немесе мүмкiндігі бар және:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешiмiне олардың арасындағы шарт күшiнде немесе басқаша түрде бiрлесiп ықпал етушi;
      2) жекелей немесе өзара бiр-бiрiнiң iрi қатысушысы болып табылушылар;
      3) олардың бipeуi лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкiлi болып табылатын;
      4) олардың бiреуi басқа тұлғаға олардың арасында жасалған шартқа сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкiндiгiн берген;
      5) олар жақын туыстар немесе ерлi-зайыптылар болып табылатын тұлғалар танылады.
      Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банктер және банк қызметi туралы заңдардың талаптарына сәйкес банк конгломератына кiрген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Банктер және банк қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
      9. Осы баптың талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн алу үшiн берiлген өтiнiш бойынша шешiмдi құжаттардың толық пакетiн берген күннен бастап үш ай iшiнде уәкiлеттi орган қабылдауы тиiс.
      10. Уәкiлеттi орган соның негізiнде келiсiм күмәндi мәлiметтердi анықтаған немесе осы Заңның талаптарын iрi қатысушылар сақтамаған жағдайда, осы бапқа сәйкес берiлген келiсiмдi қайтарып алуға құқылы. Мұндай жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталына өзiнiң қатысу үлесiн Заңның осы бабымен төмен белгiленген деңгейге дейiн қысқартуға немесе өзінiң тiкелей немесе жанама дауыс беру құқығын қолдануды қоса отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына немесе қызметiне ықпал етудi (немесе ықпал етуге тырысуды) тоқтату жөнiнде өзiне мiндеттеме алуға мiндетті.
      11. Уәкiлетті органның келiсiмiн мiндетті түрде алу қажеттiлігі туралы осы баптың талаптары тұлға оған қатыссыз себептер бойынша ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы белгiсiне сәйкес болған не кепiлi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары болып табылған борыштық мiндеттемелер бойынша салынған мүлiктiң оған көшуiнiң нәтижесiнде осы баппен белгiленген шекке тең немесе одан асатын сандағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын меншігіне алған жағдайларға қолданылмайды.
      Көрсетiлген жағдайларда iрi қатысушы белгiсiне сәйкес тұлға акцияларды сатып алған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы белгiсiне оның сәйкестігі және басшылыққа немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай iс-қимылдарды жасамау немесе осы баптың қосымшасына сәйкес уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiн ол алмайынша осындай жолмен сатып алған акциялармен дауыс беру керектi оған белгілі болған кезден бастап отыз күн iшiнде уәкiлетті органға хабарлауға мiндеттi.
      Сәйкес мәртебенi сатып алу туралы өтінiш уәкiлетті органға акцияларды сатып алған кезден бастап не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы белгiсiне оның сәйкестігі оған белгiлi болған кезден бастап, егер бұл тұлға көрсетiлген мерзiмде акцияларды иелiгiнен алғысы келмесе, алпыс күннiң iшiнде уәкiлеттi органға берiледi. Акцияларды иелiгiнен алу туралы шешiмнiң қабылданғаны жөнiндегi ақпарат оларды сатып алған күннен бастап алпыс күннің iшiнде осындай шешiмдi қабылдаған күннен бастап дереу уәкiлетті органға беріледi.
      12. Уәкiлеттi орган, егер iрi қатысушы белгiсiне немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының тiкелей, жанама иелерiне тұлғаның сәйкес келетiндігін көрсететiн мәлiметтер оған белгiлi болса немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын тiкелей, жанама иемденушi болып табылса немесе келiсiмнiң негiзiнде немесе басқаша түрде осы Заң талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз осы баппен белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларымен дауыс беру мүмкiндігі бар жеке және заңды тұлғалардан ақпарат берудi талап етуге құқылы. Ақпарат кез келген тұлғадан, сонымен қатар осы тұлғалардың бақылауында болып табылатын ұйымнан талап етiле алады.
      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы шешiм қабылдаған күннен бастап отыз күндер мерзiмде ол тiкелей немесе жанама иемденетiн немесе растайтын құжаттарды бере отырып тiкелей немесе жанама дауыс беру мүмкiндігі бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларын өзгерту туралы уәкiлетті органға хабарлауға мiндеттi.
      14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының жарғылық капиталға қатысу үлесiн көрсете отырып, барлық өзiнiң iрi қатысушыларының тiзiмiн есептi тоқсаннан кейiнгі айдың онынан кешiктiрмей уәкiлеттi органға тоқсан сайын беруге мiндеттi.
      15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының он және одан астам процентiн иемденетiн акционерлер құрамының өзгеруi туралы осы деректi олардың белгiлеген күнiнен бастап он бес күнтiзбелiк күннің iшiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндетті.
      16. Көрсетілген мерзiмдерде осы баптың 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарына сәйкес талап етiлетiн ақпаратты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушыларының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының белгілерiне сәйкес келетiн жеке және заңды тұлғалардың уақтылы бермеуi, бермеуi немесе күмәнді, мәлiметтердi беруi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапқа тартылады.

      26-1-бап. Уәкiлетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру)
                ұйымының iрi қатысушысы болуға тiлек білдiрушi
                тұлғаларға рұқсат беруiнен бас тарту үшiн негіздеме

      1. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы болуға тiлек бiлдiрушi тұлғаларға рұқсат беруiнен бас тартуға мыналар:
      1) осы Заңның 26-бабында көрсетiлген құжаттарды бермеу;
      2) осы Заңның 34-бабының 2-тармағы 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтінiш берушiнiң басшы қызметкерлерiне - заңды тұлғаға қатысты);
      3) өтiнiш берушiнiң тұрақсыз қаржылық жағдайы;
      4) өтiнiш берушiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн сатып алуы нәтижесiнде монополияға қарсы заңдардың талаптарын бұзу;
      5) оффшорлық аймақта тiркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе тiзбесiн уәкiлетті орган белгілейтiн оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционерi) болып табылатын жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн сатып алу жөнiндегi мәмiледегі тараптардың бipeуi болып табылатын жағдай;
      6) өтінiш иесi қаржы ұйымы өзiнiң тұратын елiнде шоғырландырылған негіздегi қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
      7) өтiнiш иесiнiң осы Заңмен белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлерiне қойылатын өзге талаптарды сақтамауы;
      8) өтініш иесiнiң қаржылық болжамы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтындығын болжауы;
      9) өтiнiш иесiнде - Қазақстан Республикасының резидент емес қаржы ұйымында шыққан елi заңдарының шеңберiндегі қаржылық қызметтi жүзеге асыру жөніндегі өкiлеттіктердің болмауы;
      10) өтiнiш иесiнде - Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасында тiзбесiн уәкiлетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтiк агенттiктердiң бiреуiнiң ең төменгі қажетті рейтингінiң болмауы негіздеме болып табылады.
      2. Өтiнiш иесiнiң тұрақсыз қаржылық жағдайының белгiсi мыналардың бipeуi:
      1) заңды тұлғаның - өтiнiш иесiнiң өтiнiш берген күнге дейiн кемiнде екi жылдың iшiнде құрылуы;
      2) өтiнiш берушi мiндеттемелерiнiң акцияда орналастырылған активтердiң сомасын және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға болжалданған активтерiн шегере отырып, оның активтерiнен асуы;
      3) аяқталған екi қаржылық жылдың нәтижелерi бойынша шығындар;
      4) өтiнiш берушi мiндеттемелерi мөлшерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйiне арналған елеулi тәуекелдi ұсынуы;
      5) өтiнiш берушiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдындағы мерзiмi өткен және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансына жатқызылған берешегiнiң болуы;
      6) өтiнiш иесiнiң қаржылық болжамы өтiнiш иесiнiң қаржылық жағдайының нашарлайтындығын болжауы;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиентiне зиян келтiру мүмкiндiгi жөнiнде куәландыратын өзге негіздемелер бойынша болып табылады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушы мәртебесiне тұлға келiсiм алмағанда уәкiлеттi орган осы Заңның 53-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын осы тұлғаға қолдануға құқылы.";

      6) 27-бапта:
      1-тармақта:
      4) тармақшадағы "бухгалтерлiк баланстар, аяқталған соңғы екi қаржы жылындағы және құжаттар берiлерден бұрынғы тоқсанның аяғындағы кiрiстерi мен шығыстары туралы есептер; аяқталған соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептi тексеру туралы аудиторлық қорытынды" деген сөздер "аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екi қаржы жылындағы қаржылық есеп, бухгалтерлiк баланс және құжаттар берiлерден бұрынғы тоқсанның аяғындағы кiрiстерi мен шығыстары туралы есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5), 6) және 6-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) дереккөздердiң сипаты мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшiн пайдаланылған ақша сомасын қоса отырып, құрылтайшылар (мұндай құрылтайшылар болған жағдайда) - жеке тұлғалар туралы мәлiметтер, мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмысы үшiн белгіленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығының болуы туралы анықтама;
      6) актуариймен куәландырылған және "жалпы сақтандыру" саласында құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн жақын арадағы үш жылда және "өмiрдi сақтандыру" саласында құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн бес жылда әзiрленген бизнес-жоспар. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер көрсетiлуi тиiс: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, қызметтiң негізгі бағыттарын қысқаша сипаттау және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарлайтын нарық сегментi (нарықтың көлемi, әлуеттi сақтанушылар, географиялық орны), құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесi, өнiмдердiң және қызметтiң түрлерi туралы ақпарат, оларды сатудың тәсiлдерi, маркетингтiк зерттеу, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, өнiмдердi жылжыту стратегиясы (жарнама, тiкелей сатулар, почта, интернет, сатуды жылжыту және басқалар), сақтандыру өнiмдерiн бөлу, қаржы жоспары, инвестициялық саясат пен құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таяудағы үш жылда жүргiзуге ниеттенiп отырған қайта сақтандыру саясаты, ұйымдастыру құрылымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құратын директорлар кеңесi, мамандар бiлiмiнiң болжалды деңгейi;
      6-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерiмен, оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының кемiнде үш мүшесiмен келiсуге арналған құжаттap;".
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы баптың 1-тармағында атап көрсетiлген құжаттармен қатар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiне сәйкес санда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға ниеттi тұлға осы Заңның 26-бабында көзделген құжаттар мен мәлiметтердi бередi.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртiбi мен шарттарын, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 4), 5), 6) және 6-1) тармақшаларында аталған құжаттардың мазмұнына оның iшiнде сақтандыру тарифтерiн есептеу тәртiбi мен олардың экономикалық негiздемесіне қойылатын талаптарды уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерi айқындайды.";
      6-тармақтағы "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 28-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) аяқталған соңғы екi қаржы жылындағы құрылтайшының шығынды қызметі;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрған басшы қызметкерлер лауазымына кандидаттардың осы Заңның 34-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуi;
      6) уәкiлеттi органның осы Заңның 26-1-бабында көрсетiлген негіздемелер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн сатып алуға рұқсат беруден бас тартуы;
      7) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы, мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмысы үшiн белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығының құрылтайшыда-жеке тұлғада болуы.";

      8) мынадай мазмұндағы 32, 33, 34-баптармен толықтырылсын:

      "32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншiлес
               ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
               жарғылық капиталға қомақты түрде қатысуы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 48-бабының 1-тармағында аталған шектеулердi есепке ала отырып, еншiлес ұйымдарды құруға немесе уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда ғана басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы.
      Еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртiбiн, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуды осы баптың талаптарын есепке ала отырып, уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiлерi айқындайды.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншiлес ұйымы еншiлес ұйымдарды құруға және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға құқылы емес.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзiнiң толық атауында "еншiлес" деген сөздi көрсетуге және сабақтас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын пайдалануға мiндеттi.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - Қазақстан  Республикасының резидентті, егер соңғы екi жыл iшiндегі шығындар (олар болғанда) уәкiлетті орган белгілеген мөлшерден асып кетпеген және өтiнiш берген күнге дейiн соңғы үш ай iшiнде пруденциалдық нормативтердi сақтаған жағдайда, еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы.
      4. Еншiлес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алу үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) еншiлес ұйымның құрылтайшы құжаттарын, жарғыны бекiту туралы хаттамаларды;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлетті органының еншiлес ұйымды құру немесе сатып алу туралы шешімдi;
      3) еншiлес ұйымның басшы қызметкерлерi туралы ақпаратты;
      4) еншiлес ұйымды ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалар туралы мәлiметтердi;
      5) бизнес-жоспарды бере отырып, еншілес ұйым қызметiнiң түрi немесе түрлерi туралы ақпаратты;
      6) еншiлес ұйымды сатып алу талаптары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi;
      7) сатып алынатын еншiлес ұйымның жарияланған (тiркелген), төленген жарғылық капиталының мөлшерi туралы (eгep мұндай ақпарат аудиторлық қорытындыда болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесi мен сомасы туралы ақпаратты;
      8) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендігі туралы куәлiктің нотариатта куәландырылған көшiрмесiн;
      9) аудиторлық ұйымның есебiн және аудиторлық ұйым куәландырған сатып алынатын еншiлес ұйымның қаржылық есебiн;
      10) оның жарғылық капиталына қатысуы арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректердi, оған қоса:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi мен сомасы туралы мәлiметтер;
      заңды тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алатын еншiлес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесi мен сомасы туралы мәлiметтер;
      11) iшкi бақылау және тәуекелдi басқару, оның iшiнде еншiлес ұйымның қызметiмен байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердiң болуын растайтын құжаттарды;
      12) еншiлес ұйымға жасалатын бақылауды және бақылау жасау негiздерiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, еркiн нысандағы өтiнiшi уәкiлеттi органға бередi.
      5. Еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беруден бас тарту үшін:
      1) рұқсат алу үшiн қажет құжаттарды бермеу;
      2) еншiлес ұйым басшы қызметкерлерiнiң (немесе басшы қызметкерлер қызметiне тағайындау немесе сайлау үшiн ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабының 2-тармағы 3), 4), 5) тармақшаларының талаптарына сәйкессiздігі;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш берген күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде және өтiнiштi қараған кезеңде белгіленген пруденциалдық нормативтердi сақтамауы;
      4) еншілес ұйымдардың болжалды болуының нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтердi сақтамауы;
      5) өтiнiш берген күнге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты қолданылып жүрген шектеулi ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы;
      6) iшкi бақылау және тәуекелдердi басқару жүйесiнiң бар екендiгiн растайтын, оның iшiнде еншiлес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты құжаттардың iшкi бақылау және тәуекелдердi басқару жүйесiне қойылатын уәкiлетті органның талаптарына сәйкессiздiгі;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйiнiң болжамды нашарлауы және (немесе) еншілес ұйым қызметiнiң немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы клиенттерiнiң мүдделерiне зиян келтiру негiздеме болып табылады.
      6. Уәкiлеттi орган өтiнiш бергеннен кейiн үш айдың iшiнде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға мiндеттi.
      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бас тартудың негiздемелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншiлес ұйымы құрылтайшы құжаттарға енген барлық өзгерiстер мен толықтырулар туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      8. Уәкiлеттi орган рұқсат алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үш айлық мерзiмде олармен аффилиирленбеген тұлғаларға оларға тиiсті еншiлес ұйымдардың акцияларын (қатысу үлесін) иелігінен алуға не еншiлес ұйым қабылдаған шешiмдердi айқындау мүмкiндiгінен бас тартуға және уәкiлеттi органға растайтын құжаттарды беруге мiндеттi.
      9. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшiн өтiнiш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттардың қосымшаларымен бiрге берiледi.
      Осы баптың 5-тармағында көзделген негiздемелер бойынша ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартылады.
      10. Iшкi бақылау және тәуекелдердi басқару жүйесiнiң бар екендiгiн растайтын, оның iшiнде еншiлес ұйымның қызметiне байланысты тәуекелдерге қатысты құжаттардың iшкi бақылау және тәуекелдердi басқару жүйесiне қойылатын уәкiлеттi органның талаптарына сәйкессiздігі ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту үшiн негiз болып табылмайды.

      33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен
              өкiлдiктерiн құру, жабу

      1. Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi шешiмiнiң негiзiнде өзiнiң аумақтық бөлiмшелерiн: филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әдiлет органдарында өзiнiң филиалы мен өкiлдiгiн есепке алып тiркеген күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде олардың ашылғандығы туралы мыналарды:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдiктердiң есепке алып тiркелгендігі туралы куәлiктiң нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн;
      2) тiркеген әдiлет органының белгiсi мен мөрi бар филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн;
      3) филиалдың немесе өкiлдiктiң бiрiншi басшысына берiлген сенiмхаттың нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн қоса бере отырып, уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауға мiндетті.
      3. Филиал - заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұратын жерiнен тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған берген өкiлдiктерiнiң шегінде жұмыс iстейтiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бөлiмшесi. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен бiрыңғай баланс, сонымен қатар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауымен толық сәйкес келетiн атау болады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкiлдiгi - заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұратын жерiнен тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша жұмыс iстейтiн және сақтандыру қызметiн жүзеге асырмайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бөлiмшесi.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарын ашудың мiндетті шарттары:
      1) соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша, "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарынан басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығынсыз қызметi;
      2) әдiлет органдарында филиалды есепке алып тiркеген күннiң алдындағы үш айдың iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтердi сақтауы;
      3) әдiлет органдарында филиалды есепке алып тiркеген күннiң алдындағы үш айдың iшiнде уәкілеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына санкцияларды қолданбауы болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығынсыз қызметi болған жағдайда өкiлдiктерiн ашуға құқылы.
      7. Филиал, өкілдiк туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы әдiлет органдарында есепке алып тiркелген (қайта тiркелген) күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде осы құжаттардың нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн уәкiлеттi органға беруi тиiс.
      8. Қазақстан Республикасының резидентi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде филиалдары мен өкiлдiктерiн ашқан жағдайда мемлекеттiң тиiстi органында тiркелген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде мемлекеттiң тиiсті органындағы тiркеудi растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкiлеттi органға олардың ашылғандығы туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      9. Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілеттi органның келiсiмiн алмай өз өкiлдiгiн ашуға құқылы.
      10. Қазақстан Республикасының резидентi емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкiлдiгi әдiлет органдарында есептi тiркелген күннен бастап он төрт жұмыс күнi ішінде мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкiлдiгiн есепке алып тiркеу туралы куәлiктiң нотариатта куәландырылған көшiрмесiн;
      2) тiркеген әдiлет органының белгісi мен мөрi қойылған өкiлдiк туралы ереженiң нотариатта куәландырылған көшiрмесiн;
      3) тиiстi мемлекеттiң сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметiне қолданылып жүрген лицензиясы бар екендiгi туралы жазбаша растауын не жазбаша растауды беру Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шыққан елiнiң заңдарында көзделмегенi туралы сақтандыруды қадағалау органының өтiнiшi;
      4) тиiсті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін ашуға қарсы емес екендігі туралы жазбаша хабарламасын не тиiстi мемлекеттiң сақтандыруды қадағалау органының немесе беделi бар заң қызметiнің Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекетiнiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiндігі туралы өтiнiштi қоса бере отырып ашылғандығы туралы уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауға тиiс;
      5) сақтандыру ұйымының өкілдігі басшысының атына нотариатта куәландырылған сенiмхатты уәкiлеттi органға ұсынуы тиiс.
      11. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының резидентi емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға тыйым салынады.
      12. Қазақстан Республикасының резидентi емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкiлдігі әділет органдарында есептi тiркелген (қайта тiркелген) күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде өкiлдiк туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзгенi туралы уәкілеттi органға осы құжаттардың нотариатта куәландырылған көшiрмелерiмен қоса хабардар етуге мiндетті.
      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзiнiң филиалы мен өкiлдігін әдiлет органдарында (филиалдың немесе өкiлдiктің қызметі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тоқтаған жағдайда - тиiсті мемлекеттің тiркеу органдарында) есепке алып тiркеуден шығарған күннен бастап он төрт жұмыс күш iшiнде әдiлет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және/немесе өкiлдiгiн есепке алып тiркеуден шығарғанын растайтын құжаттың нотариатта куәландырылған көшірмесiн қоса бере отырып, олардың қызметiн тоқтатқаны туралы уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуi тиiс.
      14. Осы баптың 2, 5, 6, 7, және 8, 10, 12-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының резидентi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және/немесе өкілдігін және Қазақстан Республикасының резидентi емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкiлдігін жабуды талап етуге құқылы.

      34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы
              қызметкерлерiне қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бiрiншi басшыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы және мүшелерi, басқарманың бiрiншi басшысы мен мүшелерi, бас бухгалтер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiретiн және (немесе) оған бақылау жасайтын және солардың негiзінде сақтандыру және/немесе инвестициялық қызмет жасалатын құжаттарға қол қою құқығына ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерi болып табылады.
      Бiрiншi басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерiнiң басшы қызметкерлерi болып табылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнің басшы қызметкерi болып:
      1) жоғары бiлiмi жоқ;
      2) осы бапта белгiленген қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;
      3) экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыс үшiн, мемлекеттiк қызмет және мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық пен өзге де қылмыстар үшiн заңдарда белгіленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
      4) уәкілеттi орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, оның лицензиясын қайтарып алу туралы, сондай-ақ оны мәжбүрлеп тарату немесе заңдарда белгiленген тәртiппен оны банкрот деп тану туралы шешiмдi қабылдағанға дейiн кемiнде бiр жыл бұрынғы кезеңде қаржы ұйымы директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтерi болған. Уәкiлетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, оның лицензиясын қайтарып алу туралы, сондай-ақ оны мәжбүрлеп тарату немесе заңдарда белгіленген тәртiппен оны банкрот деп тану туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн бес жыл iшiнде көрсетiлген талап қолданылады;
      5) басшы қызметкер өзге қаржы ұйымында басшы қызметкерi лауазымында болған кезеңде сол лауазымға тағайындауға (сайлауға) келiсiмi қайтарылып алынған адамдар тағайындала (сайлана) алмайды. Уәкiлеттi орган басшы қызметкердi лауазымға тағайындауға (сайлауға) келiсiмiн қайтарып алу туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн қатарынан он eкi ай iшiнде көрсетiлген талап қолданылады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бiрiншi басшысы қызметiне тағайындала (сайлана) алмайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесiнiң құрамында тәуелсiз директорлар отыз проценттен кем болмауы тиiс.
      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген ең төмен талапқа сәйкес келуi үшiн:
      1) тәуелсiз директор, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi және сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысы лауазымына кандидаттар үшiн қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында кемiнде үш жыл;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының мүшелерi және сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысы лауазымына кандидаттар үшiн қаржылық қызмет көрсету және (немесе) peттeу саласында кемiнде екi жыл;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiретiн және (немесе) оған бақылау жасайтын және солардың негiзiнде сақтандыру және/немесе инвестициялық қызмет жасалатын құжаттарға қол қою құқығына ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымына кандидаттар үшiн қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында кемiнде бiр жыл жұмыс стажының болуы қажет;
      Тәуелсiз директорды қоспағанда, директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшы және мүшелерi лауазымына кандидаттар үшiн қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында жұмыс стажы қажет емес.
      Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға байланысты қаржы ұйымының бөлiмшелерiнде iстелген жұмыс кiрмейдi.
      5. Басшы қызметкер уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз өз лауазымында ол тағайындалған (сайланған) күннен бастап алпыс күнтiзбелiк күннен астам емес болуға құқылы.
      Осы тармақта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн және уәкiлетті органның келiсуiне құжаттарды ұсынбаған жағдайда не уәкiлеттi орган келiсуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокерi осы адаммен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға мiндеттi.
      6. Уәкiлетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерiн және сақтандыру брокерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiмiн беру тәртiбi, келiсiмдi алуға қажеттi құжаттар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiмен белгіленедi.
      7. Уәкiлетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi, сақтандыру брокерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) келiсiм беруден бас тартқан не оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi, сақтандыру брокерi лауазымынан босатқан немесе осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, осы сақтандыру брокерiнде өзге лауазымға аударылған жағдайда осы тұлға оны сайлауға (тағайындауға) келiсiм беруден бас тарту не оны босату, не басқа лауазымға аудару туралы шешiм қабылданған күннен бастап тоқсан күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшы қызметкерiнiң, осы сақтандыру брокерiнiң лауазымына қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкiн, бiрақ он екi ай iшiнде екi реттен астам емес.
      8. Уәкiлетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi, сақтандыру брокерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) келiсім беруден қатарына екi рет бас тартқан жағдайда, осы тұлға уәкiлеттi орган оны осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, осы сақтандыру брокерiнде сайлауға (тағайындауға) келiсiм беруден екiншi рет бас тарту туралы шешiмдi қабылдаған күннен бастап он екi ай өткеннен кейiн осы кандидат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi, сақтандыру брокерi болып тағайындалуы мүмкiн.
      9. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi, сақтандыру брокерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) мынадай негіздер бойынша:
      1) солардың негізiнде келiсiм берiлген күмәндi мәліметтер анықталғанда;
      2) уәкiлеттi органның басшы қызметкерге жүйелi түрде санкциялар қолданғанда (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай ішінде үш және одан да астам мәрте).
      Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) келiсiмiн қайтарып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi осы тұлғамен жеке еңбек шартын бұзуға мiндеттi.
      10. Уәкілетті орган осы Заңда белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiмдi қабылдаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы директорлар кеңесiнiң бiрiнші басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы және оның мүшелерi және бас бухгалтерi болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға мiндетті.";

      9) 37, 38-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру
               брокерiн лицензиялау

      1. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн өтiніш берушi (жұмыс iстеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қоспағанда) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына рұқсат алған кезде ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтiнiштi;
      2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжатты;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
      4) статистикалық карточканың және салық төлеушiсi туралы куәлiктiң нотариатта куәландырылған көшiрмесiн;
      5) жарғыға енгізiлген барлық өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге (егер ондай болса) оның нотариатта куәландырылған көшiрмесiн;
      6) ең аз мөлшерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгіленген жарғылық капиталдың төленгенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
      7) сақтандыру қызметiн жүзеге асырудың iшкi ережесiн;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алған кезде ұсынылған бизнес-жоспарға сай жүргiзiлген ұйымдық iс-шаралар туралы есептi;
      9) өтiнiш берушiнiң штатында актуарийдiң болуы туралы мәлiметтердi;
      10) iшкi аудит қызметi туралы ереженi;
      11) егер сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қорға мiндеттi түрде қатысуы Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген болса, сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде мiндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) мұндай ұйымға қатысу шартының нотариатта куәландырылған көшiрмесiн табыс етуге тиiс.
      2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін  жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн сақтандыру ұйымы уәкiлетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінiшті;
      2) актуарий қол қойған сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;
      3) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қорға мiндеттi түрде қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерiмен белгіленген болса, сақтандырудың мiндетті түрлерi бойынша осы ұйымға қатысу шартының нотариатта куәландырылған көшiрмесiн;
      4) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының көшірмесiн;
      5) уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген меншiктi капиталдың мөлшерi бойынша ең аз талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды табыс етедi.
      3. Сақтандыру сыныбы жөнiндегi бизнес-жоспарда мынадай ақпарат болуы тиiс:
      1) мыналар туралы негізгі сипаттамалар:
      сақтандыру сыныбы бойынша өтелетiн тәуекелдер;
      сақтандыру портфелiнiң құрылымындағы сақтандыру сыныбының үлесi;
      сақтандыру сыныбы бойынша қызмет көрсету нарығының сегментi (нарық көлемi, әлеуеттi сақтанушылар, географиялық аймағы);
      сақтандыру сыныбы шеңберiнде сақтандыру өнiмдерiн өткiзу тәсiлдерi;
      2) сақтандыру тарифтерiн есептеу тәртiбiне және экономикалық негіздеуге қойылатын талаптар;
      3) сақтандырудың осы сыныбы бойынша кiрiстер, шығыстар, сақтандыру резервтерiн есептеу туралы таяу екi жылға болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы деген жағдайда тәуекелдердi бағалау, пруденциалдық нормативтердi сақтау болжамы;
      4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдiстерi, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критериилерi);
      5) инвестициялық саясат.
      4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға рұқсатты алған кезде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияны алу үшiн уәкiлеттi органға хабарласуға құқылы емес.
      5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алынған жағдайда лицензия сақтандырудың осы сыныптары алына отырып қайта ресiмделуге жатады.
      6. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандырудың жекелеген түрлерiн алу үшiн сақтандыру ұйымы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының көшiрмесiн;
      3) сақтандырудың осы сыныбы бойынша бұрын жасалған сақтандыру шарттары бойынша өзiне қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуы бойынша iс-шаралар жоспарын табыс етедi.
      7. Қайта сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны алу үшiн лицензиат уәкiлетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтініштi;
      2) сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметті жүргiзуге лицензиясы бар актуарий қол қойған, таяу екi жылға қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды;
      3) сақтандыру тәуекелдерiн қайта сақтандыруға қабылдау рәсiмiн ашатын сақтандыру ұйымының iшкi ережелерiн;
      4) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының көшірмесiн.
      8. Сақтандыру брокерiнiң қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн өтініш берушi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) өтініштi;
      2) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, статистикалық карточканың және салық төлеушiсi туралы куәлiктiң нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн;
      3) мемлекеттік тiркеуден өткен жарғының нотариатта куәландырылған көшiрмесiн;
      4) жарғылық капиталдың толық төленгенiн растайтын құжаттарды;
      5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерiнiң басшы қызметкерлерiн келiсу құжаттарын;
      6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн көздейтiн iшкi жұмыс регламентiн;
      7) құжаттаманы жүргізу тәртiбiн және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;
      8) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының көшiрмесiн;
      9) мемлекеттік тiркеу туралы құжатты, тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының (қаржы ұйымдары үшiн - қадағалау органдары) Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғаға - құрылтайшыға Қазақстан Республикасының резидентi - сақтандыру брокерiнiң жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгендiгi жөнiндегi жазбаша хабарламаны не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат қажет еместігі туралы өтiнiштi;
      10) тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының Қазақстан Республикасының резидентi емес - жеке тұлғада - құрылтайшыда экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкерi ретінде заңдарда белгiленген тәртiпке сәйкес лицензиясы қайтарып алынған сәттен бастап, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерiн мәжбүрлеп тарату акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылданған сәттен бастап кемiнде бiр жыл бұрынғы кезеңдегi қызметi бойынша соттылығының жоқ екендігін куәландыратын құжатын табыс етедi. Көрсетiлген талап лицензия қайтарып алынғаннан кейiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерiн мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып aлу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жыл iшiнде қолданылады.
      9. Лицензия берiлгенi (қайта ресiмделгенi) үшiн төлем мөлшерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетiн лицензиялық алым алынады.
      10. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде лицензия беру (қайта ресiмдеу) туралы өтiнiштi қарауға тиiс.
      11. Лицензия беру туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.
      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн және сақтандыру брокерiнiң қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияны беру тәртiбi мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-3, 6-8-тармақтарында көрсетiлген құжаттардың мазмұнына, оның iшінде сақтандыру тарифтерiн есептеу мен оның экономикалық негiздемесiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      38-бап. Сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерiнiң
              қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас
              тарту

      1. Сақтандыру қызметiн, қайта сақтандыру бойынша қызметтi, сақтандыру брокерi қызметiн жүзеге асыру құқығына мынадай негiздер бойынша:
      1) осы Заңның 37-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда;
      2) егер өтiнiш берушi мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап алты ай iшiнде заңдарға сәйкес лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш жасамаса лицензия беруден бас тартылады.
      2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия немесе осы баптың 1-тармағында аталған негiздерден басқа қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беруден мынадай негіздер бойынша:
      1) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескере отырып пруденциалдық нормативтердi сақтамау болжамы;
      2) өтінiшті беру күнiне дейiн соңғы үш ай iшiнде және оны қарау кезеңiнде пруденциалдық нормативтердi сақтамаған;
      3) өтiнiштi беру күнiне сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрiнде қолданылып жүрген санкциялар болғанда бас тартылуы мүмкiн.";

      10) 40-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Уәкiлеттi орган лицензияны беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап бiр ай iшiнде қарайды.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Лицензия беру туралы ақпарат уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.";

      11) 43-бапта:
      3) тармақшада ", оларды бақылап отыру құқығын иемденуге, олардың өз еркiмен қайта құрылуына және таратылуына рұқсат, Қазақстан Республикасының аумағында да, оның аумағының шегінен тыс жерлерде де сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлеттiктерiн ашуға" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) осы Заңның талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн иемденуге рұқсат беру мен қайтарып алу тәртiбiн айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн иемденуге рұқсат бередi, iрi қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелiк ету үлесiн белгілейдi;
      3-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәмiле жасауға келiсiм бередi;
      3-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуына және таратылуына келiсiм бередi;
      3-4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншiлес ұйымын құруға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат бередi;";
      4) тармақшада "бередi" деген сөз "осы Заңның талаптарын ескере отырып беру тәртiбiн айқындайды және бередi;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:

      "46-1-бап. Ірi қатысушылардың міндеттерi

      1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқылы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушыларының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтердi және (немесе) сақтауға мiндетті өзге де нормалар мен лимиттердi бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарту бойынша шараларды қолға алады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқылы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы пруденциалдық нормативтердi белгiленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқылы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлеу қабілетi маржасының мөлшерiн уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленген деңгейде қамтамасыз етуге мiндетті.
      Уәкілеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (басқаруға құқығы бар) iрi қатысушысы жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшiн жекелеген пруденциалдық нормативтердi және олардың нормативтiк мәнiн белгілеуге құқылы.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтерiнiң деңгейi төмендеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталында қомақты қатысуы бар iрi қатысушы уәкілеттi органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту, оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болатын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлеу қабiлетiнiң маржасын ұлғайту бойынша шараларды қолдануға мiндетті.
      5. Егер уәкiлеттi орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерiнiң құқық бұзулары, заңсыз iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы бапта келтiрiлген шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушыларының аффилиирленген тұлғаларына қатысты қолданылады.";

      13) 48-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға тыйым салынады, бұған мына жағдайлар:
      1) қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қор биржасында акциялары ең жоғары санат тізiмiне қосылған қаржылық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар;
      3) сақтандыру қызметiн автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сақтандырудың мiндетті түрлерi бойынша деректер базасын қалыптастыруды және жүргізудi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу;
      4) қызметтің ерекше түрi ретінде сақтандыру агентiнiң қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу;
      5) банктердiң, сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының мәртебесi бар Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды тұлғалар;
      6) Қазақстан Республикасының резиденттерi - акционерлiк инвестициялық қорлар қосылмайды.
      Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы бiр эмитенттiң орналастырылған акциялары жалпы санының он процентiнен аспауы тиiс.";
      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы бiр заңды тұлғадан аспауы тиiс:
      1) 1), 3), 4), 5) тармақшаларда көрсетiлген заңды тұлғалар үшiн - активтердiң сапасы мен өтiмділігi бойынша жiктелуiн ескере отырып, олардың құнына қарай есептелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлеу қабілетi нақты маржасының он бес процентiнен;
      2) осы баптың 1-тармағының 2) және 6) тармақшаларында көрсетілген қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалар үшiн - активтердiң сапасы мен өтімдiлігі бойынша жiктелуiн ескере отырып, олардың құнына қарай есептелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлеу қабiлетi нақты маржасының он процентiнен.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуының жиынтық сомасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлеу қабiлетi нақты маржасының алпыс процентiнен аспауы тиiс.
      1-2. Егер қатысу үлесiнiң мөлшерi көрсетiлген өзгерiстер болған сәттен бастап он күн iшiнде он бес, отыз немесе қырық проценттен асып кетсе немесе сол деңгейден төмендесе, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесiнiң өзгергендiгi жөнiнде уәкілетті органға хабарлауға мiндеттi.
      1-3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншiлес ұйымдарының, капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар ұйымдардың қызметiне қолданылады.";
      2-тармақ алып тасталсын;

      14) 53-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Егер уәкiлеттi орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерiнiң құқық бұзушылықтары, заңсыз iс-әрекеттерi мен әрекетсiздiктерi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйiн нашарлатқанын анықтаса, осы баптың 1-тармағында келтiрiлген шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына қатысты қолданылуы мүмкiн.";

      15) мынадай мазмұндағы 53-1-баппен толықтырылсын:
      "53-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
      1. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына мынадай жағдайларда:
      1) уәкiлеттi органның iрi қатысушы мәртебесiн иемденуге келiсiмiн алмағанда;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн иемденгеннен кейiн осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар туындағанда;
      3) осы Заңның 53-бабының 1-1-тармағына сәйкес уәкiлеттi органның жазбаша нұсқауларын орындамағанда;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының iс-әрекетi, солардың нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына зиян келтiрiлгенде;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы, солардың нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына зиян келтiрiлгенде;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының арасында осы Заңда көзделген уәкiлеттi органның қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергi келтiретiн қарым-қатынастар болғанда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болғанда уәкiлеттi орган:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысынан оның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы тiкелей немесе жанама иелiк ету үлесiн дауыс беретiн акциялардың он процентiнен төмен деңгейге дейiн азайтуды немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн басқаруға тiкелей немесе жанама қатысуынан, оның iшiнде дауыс беру құқығын жүзеге асыруынан бас тартуды талап етуге;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан iрi қатысушыға қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге ұшырататын ол және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы операциялардың жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан өз үлесiн иелігінен алуды немесе еншiлес ұйымдарды немесе жарғылық капиталында қомақты қатысуы бар ұйымдарды бақылауын алуды талап етуге құқылы.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды уәкiлеттi орган белгілеген мерзiм iшiнде орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерiмен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының акцияларын уәкілеттi органға үш айға дейiнгі мерзiмге уәкiлеттi органның сенiмгерлiк басқарушы ретiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруға қатысу құқығымен беру туралы шартты жасау жөнiнде шешiм қабылдауға, ал сенімгерлiк басқаруға беру үшiн негіздер жойылмаған жағдайда осы тұлғалардың акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында сату арқылы оларды иелiктен шығаруға құқылы, бұл ретте акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкiлеттi органның сенiмгерлiк басқаруына берiлген тұлғаларға аударылады.
      Акционерлер акцияларды сенiмгерлiк басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шартты жасасуға мәжбүр еткендiгi туралы талаппен сотқа өтiнiш бiлдiруге құқылы.
      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбi уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.";

      16) 54-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақшада "келiсу тәртiбiне" деген сөздер "келiсумен" деген сөздермен ауыстырылсын, ", сақтандыру брокерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өткiзілген аудит туралы аудиторлық ұйымның есебiнде көрсетiлген бұзушылықтарды осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көрсетiлген мерзiмде қасақана жоймауы;";
      4-тармақта "2) және 5) тармақшаларындағы" деген сөздер "2) тармақшасындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 55-бапта:
      1-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокерi лицензия берiлген күннен бастап он екi ай iшiнде лицензиялық қызметтi жүзеге асырмаған;";
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат берiлген кезде оған ұсынылған бизнес-жоспардағы оған енгізiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып не сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспардағы оған енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып қорытынды болжамды нәтижелердiң осы бизнес-жоспарды орындау кезеңi аяқталғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты қорытынды нәтижелерiне сәйкес келмеуi;";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Сақтандыру ұйымының лицензиясы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша да, жекелеген сыныптары бойынша да қайтарып алынуы мүмкін.";

      18) 59-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзуына әкелiп соқтырған" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 73-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) тарату шығыстарының сметасын жасау және бекiту ерекшелiктерi мен тәртiбiн белгілеуге;
      7) тарату комиссияларының кассада қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кірiс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргiзу ережелерiн сақтау, қолма-қол ақшаны жұмсауды, кассадағы қалдық лимиттерiн, сондай-ақ қолма-қол ақшаны тарату комиссиясының ағымдағы шотына тапсыру мерзiмiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды айқындауға құқылы.";

      20) мынадай мазмұндағы 74-1-баппен толықтырылсын:
      "74-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының есеп беруi
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушысы уәкiлеттi органға қаржы жылы аяқталғаннан кейiн тоқсан күн iшiнде қаржылық есептi және оның түсiндiрме жазбасын жыл сайын ұсынуға тиiс.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жеке тұлға болып табылатын iрi қатысушысы уәкiлеттi органға қаржы жылы аяқталғаннан кейiн тоқсан күн iшiнде кiрiстер және мүлiктер туралы мәлiметтерi бар есеп берудi, сондай-ақ мынадай ақпараттарды ұсынуға тиiс:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге тұлғалармен бiрлесiп өз арадағы шарт күшіне орай не басқа тәсiлмен қабылданатын шешiмнiң ықпалды, оның iшінде мазмұнында мұндай ықпал мүмкiндігін анықтайтын өкiлеттiктi бөлу сипаттамасын;
      2) жарғылық капиталында (акцияларда) оған тиесiлi қатысу үлесiн көрсете отырып, ұйымдардағы алып отырған қызметтерi туралы;
      3) ұйымдардың жарғылық капиталында (акцияларда) алынған заемдар есебiнен оған тиесiлi қатысу үлесiн сатып алу туралы;
      4) жақын туыстары, зайыбы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы.
      Есеп беру тәртiбi мен нысаны уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да астам процентiн иелiк ететiн (дауыс беруге мүмкiндігі бар) заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушы уәкiлетті органға мыналарды ұсынуға тиiс:
      1) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың қырық бес күнi iшiнде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есеп берудi және оған түсiндiрме жазбаны;
      2) қаржы жылы аяқталғаннан кейiн тоқсан күн iшiнде шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есеп берудi және оған аудиторлық ұйымы куәландырмаған түсiндiрме жазбаны;
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын iрi қатысушысының жылдық қаржылық есеп беруiне түсiндiрме жазбаға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да астам процентiн иелiк ететiн (дауыс беруге мүмкiндiгi бар) iрi қатысушының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есеп беруге түсiндiрме жазбаларда мынадай ақпарат көрсетiлуi тиiс:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да астам процентін иелiк ететiн (дауыс беруге мүмкiндiгi бар) заңды тұлғаның) iрi қатысушының қызмет түрлерiнiң сипаты;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да астам процентiн иелiк ететiн (дауыс беруге мүмкiндiгі бap) заңды тұлға) iрi қатысушы (акционер) болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына (тиесiлi акциялар саны) қатысу мөлшерi мен үлесi, қызмет түрiнiң немесе түрлерiнiң сипаты, ұйымның қаржылық есеп беруiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да астам процентін иелiк ететiн (дауыс беруге мүмкiндігі бар) заңды тұлғаның iрi қатысушысы болып табылады;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да астам процентiн иелiк ететiн (дауыс беруге мүмкiндiгі бар) заңды тұлғаның) iрi қатысушысы болып табылатын әрбiр ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына (тиесiлi акциялар саны) қатысу мөлшерi мен үлесi, қызмет түрiнiң немесе түрлерiнiң сипаты, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы мәлiметтер, iрi қатысушыларды бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларды бақылайтын тұлғалардың еншiлес және тәуелдi ұйымдар туралы;
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да астам процентін иелiк ететін (дауыс беруге мүмкiндiгі бар) iрi қатысушы болмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қаржылық есеп берудi және ақпаратты есепті тоқсаннан кейiнгi бес жұмыс күннен кешiктiрмей тоқсан сайын ұсынуға тиiс.".

      14. "Кредиттiк серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 5, 32-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 3-бапта:
      3-тармақтың екiншi бөлiгi ", егер кредиттік серiктестіктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе." деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта "уәкiлеттi орган берген лицензия негізiнде банктiк және өзге де операциялардың" деген сөздер "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын peттeу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органның лицензиясыз банк операцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ алып тасталсын;

      3) 4-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасы "қатысушылар салған мiндетті салымдар мен қосымша жарналарды ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың 5) тармақшасындағы "салу тәртiбi мен шарттары" деген сөздер "салу және алу тәртiбi мен шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын;
      "2. Кредиттiк серiктестік қатысушылары жалпы жиналысының айрықша құзыретiне, Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiнде көзделген мәселелерден басқа:
      1) серiктестiктің мәмiле жасауы немесе өзара байланысқан мәмiлелердiң жиынтығы туралы, оның нәтижесiнде серiктестік құны серiктестік активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң жиырма бес және одан астамын құрайтын мүлiктi сатып алады немесе иелiгінен шығарады;
      2) оның меншікті капиталы мөлшерiнiң жиырма бес және одан астам процентін құрайтын сомаға серiктестiктiң мiндеттемелерiн ұлғайту туралы;
      3) кредиттік серiктестiк қызметінiң бағыты туралы;
      4) кредиттiк серiктестiктің кредиттік және инвестициялық саясатын айқындау туралы;
      5) басқарма мүшелерiнiң, тексеру комиссиясының (ревизордың) және кредиттік серiктестіктiң басқа да қызметкерлерiнiң төленетiн еңбекақысы мөлшерiн белгілеу тәртiбi туралы;
      6) қатысушылардың қосымша жарна салу және алу тәртiбiн белгілеу туралы;
      7) кредиттiк серiктестiктiң активтерiн есептен шығару тәртiбi туралы;
      8) қатысушылардың кредиттік серiктестiкке қабылдану және одан шығу тәртiбi туралы;
      9) шығыстар мен кiрiстердiң жылдық сметасын және оның атқарылуы туралы есептi бекiту туралы;
      10) есеп жүргізу саясатын қалыптастыру туралы;
      11) жылдық қаржылық есептiлiктi бекiту туралы;
      12) олар бойынша шешiм қабылдау серiктестiктің жарғысымен қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер жөнiнде шешiм қабылдау жатады.";

      5) 9-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      6) 12-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      7) 16-бапта "Жарғыда көзделген жағдайларда" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 17, 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Кредиттiк серiктестiктердiң қызметi

      1. Кредиттiк серiктестіктерге, осы Заңның 18-бабында көзделген қызмет көрсетудi қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
      2. Кредиттік серiктестiктер өз қызметiн операциялар жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ереженiң, кредиттiк комитет және кредиттiк серiктестіктiң жоғары органы - кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы бекiтетiн кредиттiк серiктестiктің iшкi ережелерi туралы ереженiң негізiнде жүзеге асырады.
      3. Операциялар жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережеде:
      1) берiлетiн кредиттердiң шекті сомалары мен мерзiмдерi;
      2) кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шектi шамалары;
      3) қатысушыларға операциялар жүргiзу үшiн шекті ставкалар мен тарифтер;
      4) кредиттік серiктестіктің және оның клиенттерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершілігі;
      5) кредиттiк серiктестiк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
      6) өзге де шарттар болуға тиiс.
      4. Кредиттік серiктестiктiң iшкi ережесiнде:
      1) құрылымдық бөлiмшелердiң құрылымы, мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiктерi;
      2) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерi;
      3) кредиттiк серiктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi кредиттiк серiктестіктiң атынан және оның есебiнен мәмiлелердi жүзеге асырған кездегi олардың өкiлеттiктерi белгіленуге тиiс.
      5. Кредиттік серiктестiктiң кредиттiк комитеті туралы ережеде:
      1) кредиттiк комитеттiң құрылымы, мiндеттерi, функциялары мен өкілеттiктерi;
      2) кредиттік комитет мүшелерiнiң жауапкершiлiгі;
      3) кредиттік шарттарды бекiту рәсiмiн;
      4) кредиттік серiктестiктiң жоғары және атқару органдарының, сондай-ақ оның лауазымды тұлғаларының заемның мөлшерiне қарай оны беру туралы шешiм қабылдау жөніндегі өкiлеттiктерi белгiленуге тиiс.";

      "18-бап. Кредиттік серiктестiк жүзеге асыратын операциялар

      1. Кредиттiк серiктестiк өзiнiң қатысушылары үшiн ұлттық валютамен мынадай операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
      1) аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы жөнiндегi тапсырмаларды орындау;
      2) заем операциялары: төлем жасалу, мерзiмдiлiк және қайтарылу шартымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
      3) сейф операциялары: сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса алғанда, құжаттама нысанында шығарылған бағалы қағаздарды, құжаттар мен құндылықтарды сақтау жөнiндегі қызметтер;
      4) лизинг қызметiн жүзеге асыру;
      5) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының шоттарын ашу және жүргізу;
      6) кредиттiк серiктестiктің қатысушыларына ақша нысанында орындауды көздейтiн банктiк кепiлдiктердi, банктiк кепiлгерлiктi және өзге де мiндеттемелердi Операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары жөнiндегі ережеде көзделген сомалар шегінде беру;
      7) факторинг операциялары: тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушыдан төлемеу тәуекелiн қабылдай отырып, кредиттiк серiктестiк қатысушысынан төлемдi талап ету құқығын иелену.
      2. Кредиттік серiктестiк өз мүлкiн пайдаланумен байланысты кiрiс алуға құқылы.
      3. Кредиттiк серiктестiк инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға құқылы.";

      10) 21-баптың 5, 6-тармақтарындағы "банк" деген сөз алып тасталсын;

      11) мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2-баптармен толықтырылсын:

      "22-1-бап. Кредиттік серiктестiкті қайта ұйымдастыру және
                 тарату

      1. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының шешiмi бойынша, сондай-ақ оған құрылтай құжаттарымен уәкiлетті кредиттiк серiктестiк органының шешiмi бойынша кредиттік серiктестiк кез келген негiздеме бойынша таратылуы мүмкін.
      2. Соттың шешiмi бойынша кредиттік серiктестiк:
      1) банкрот болған;
      2) қатысушылардың саны үштен кем болған және (немесе) жарғылық капитал ең төменгі деңгейден азайған жағдайларда;
      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
      3. Кредиттiк серiктестiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      22-2-бап. Кредиттiк серiктестiктердегі есепке алу және есеп
                беру

      1. Кредиттiк серiктестiктер операцияларды және оқиғаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Кредиттiк серiктестiктiң есеп жүргізу саясатын оның жалпы жиналысы айқындайды.
      2. Кредиттiк серiктестiк бухгалтерлiк есепке алу мен есептiлiктi жасаған кезде пайдаланылатын құжаттарды қатаң есепке алуды және олардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3. Кредиттiк серiктестiк салық есептілігін және өзге есептілiктi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен табыс етедi.";

      12) 7-тараудың атауы, 23, 24, 25, 26 және 27-баптар алып тасталсын.

      15. "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 4-баптың 3-тармақшасы мынадай мазмұндағы 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16) төлем карточкаларын шығару;
      17) өзiнiң бағалы қағаздарының (акцияларды қоспағанда) эмиссиясы жатады.";

      2) 6-баптың 2-тармағында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) лицензиясыз, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн лицензия негізiнде жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауды, олардың банк шоттарын ашуды және жүргiзудi қоспағанда, осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырады.
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық почта операторының жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, олардың банк шоттарын ашу және жүргiзу жөнiндегi қызметiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, оның iшiнде жекелеген пруденциалдық нормативтердi белгiлеу және лицензиялар беру арқылы реттейдi.".

      16. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат, 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат):

      1) 1-баптың 69) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 45-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Лицензиат бағалы қағаздар рыногында өз қызметiн тек мыналарды белгiлейтiн iшкi құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы:
      бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбiн;
      операцияларды жүргізудiң жалпы шарттарын;
      лицензиаттың және оның клиентінің құқықтары мен мiндеттерiн, олардың жауапкершiлігін;
      лицензиаттың директорлар кеңесi iшкi құжаттарға қосуға қажет деп санайтын өзге де шарттарды, талаптар мен шектеулердi.
      Iшкi құжаттарды лицензиаттың директорлар кеңесi бекiтуi тиiс.";

      3) 48-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленген талаптарға сәйкес келетiн ұйымдық құрылымның болуы;";
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) өтiнiш берушiнiң iшкi аудит қызметi туралы ереженiң болуы.";

      4) 51-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) бағалы қағаздар рыногы лицензиаттарының басшы қызметкерлерiн келiсумен байланысты талаптар бұзылған жағдайларда лицензияның қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.";

      5) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "54-бап. Өтінiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерлерiне
               қойылатын талаптар

      1. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) оқшауланған бөлiмшелерiнiң бiрiншi басшыларын қоспағанда, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) бiрiншi басшысы және директорлар кеңесiнiң мүшелерi, басқарманың бiрiншi басшысы мен мүшелерi, бас бухгалтерi, өтінiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiретiн және (немесе) оған бақылау жасайтын және солардың негізiнде бағалы қағаздар рыногында мәмiлелер жасалатын құжаттарға қол қою құқығына ие өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) өзге басшылары өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерлерi болып табылады.
      2. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерi болып:
      1) жоғары білiмi жоқ;
      2) уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актілерiмен белгiленген тiзбеге сай басшы қызметкерлерiне арналған бiлiктiлiк куәлiктерi жоқ;
      3) осы бапта белгiленген қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;
      4) экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыс үшiн, мемлекеттiк қызмет және мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық пен өзге де қылмыстар үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
      5) уәкiлеттi орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, оның лицензиясын қайтарып алу туралы, сондай-ақ оны мәжбүрлеп тарату немесе заңдарда белгіленген тәртiппен оны банкрот деп тану туралы шешiмдi қабылдағанға дейiн кемiнде бiр жыл бұрынғы кезеңде қаржы ұйымы директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтерi болған. Уәкiлетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, оның лицензиясын қайтарып алу туралы, сондай-ақ оны мәжбүрлеп тарату немесе заңдарда белгіленген тәртiппен оны банкрот деп тану туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн бес жыл iшiнде көрсетiлген талап қолданылады;
      6) басшы қызметкер өзге қаржы ұйымында басшы қызметкерi лауазымында болған кезеңде сол лауазымға тағайындауға (сайлауға) келiсiмi қайтарылып алынған адамдар тағайындала (сайлана) алмайды. Уәкiлеттi орган басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға (сайлауға келiсiмiн қайтарып алу туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн соңғы он екi ай iшiнде көрсетiлген талап қолданылады.
      3. Өтінiш берушiнiң (лицензиаттың) директорлар кеңесi құрамының кемiнде отыз процентi тәуелсiз директорлардан тұруы тиiс.
      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген ең төмен талапқа сәйкес келуi үшiн:
      1) өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) тәуелсiз директоры, басқарманың бiрiнші басшысы, бас бухгалтерi лауазымына кандидаттар үшiн қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында кемiнде үш жыл;
      2) өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басқарма мүшелерi лауазымына кандидаттар үшiн қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында кемiнде екi жыл;
      3) өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiретiн және (немесе) оған бақылау жасайтын және солардың негізiнде бағалы қағаздар рыногында мәмiлелер жасалатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге басшылары лауазымына кандидаттар үшiн қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында кемiнде бiр жыл жұмыс стажының болуы қажет.
      Тәуелсiз директорды қоспағанда, директорлар кеңесiнiң бiрiнші басшысы және мүшелерi лауазымына кандидаттар үшiн қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында жұмыс стажы қажет емес.
      Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға байланысты қаржы ұйымының бөлiмшелерiнде iстелген жұмыс кiрмейдi.
      5. Басшы қызметкер уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз өз лауазымында ол тағайындалған (сайланған) күннен бастап алпыс күнтiзбелiк күннен астам емес болуға құқылы.
      Осы тармақта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн және уәкілетті органның келiсуiне құжаттарды ұсынбаған жағдайда не уәкiлеттi орган келiсуден бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушi (лицензиат) осы адаммен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға мiндетті.
      6. Уәкiлеттi органның өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерi лауазымына сайлауға (тағайындауға) келiсiмiн беру тәртiбi, келiсiмдi алуға қажеттi құжаттар уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      7. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) келiсiм беруден бас тартқан не оны өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерi лауазымынан босатқан немесе осы өтiнiш берушіде (лицензиатта) өзге лауазымға аударылған жағдайда осы тұлға оны сайлауға (тағайындауға) келiсiм беруден бас тарту не оны босату, не басқа лауазымға аудару туралы шешiм қабылданған күннен бастап тоқсан күнтізбелiк күн өткеннен кейiн осы өтiнiш берушi (лицензиат) басшы қызметкерiнiң лауазымына қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкiн, бiрақ он екi ай iшiнде eкi реттен астам емес.
      8. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) келiсiм беруден қатарына екi рет бас тартқан жағдайда, осы тұлға уәкiлеттi орган оны осы өтiнiш берушiде (лицензиатта) сайлауға (тағайындауға) келiсiм беруден екiншi рет бас тарту туралы шешiмдi қабылдаған күннен бастап он екi ай өткеннен кейiн осы кандидат өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерi болып тағайындалуы мүмкiн.
      9. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) мынадай негіздер бойынша:
      1) солардың негiзiнде келiсiм берiлген күмәндi мәлiметтер анықталғанда;
      2) уәкiлеттi органның басшы қызметкерге жүйелi түрде санкцияларды қолданғанда (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде үш және одан да астам мәрте).
      Уәкiлеттi орган өтiніш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) келiсiмiн қайтарып алған жағдайда өтiнiш берушi (лицензиат) осы тұлғамен жасалған жеке еңбек шартын бұзуға мiндеттi.".

      17. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегі  Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж. N 16 (2424), 91-құжат):
      9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) қаржы ұйымдары акционерлерiнiң жалпы жиналысына қатысады;
      7-2) уәкiлетті органның мүдделерiн бiлдiру, сондай-ақ ақпаратпен шұғыл алмасу мақсатында уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарында өз өкілін ұстауға құқылы.".

      18. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегі N 573-II  Заңына Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 15 (2424), 87-құжат):
      18-баптың 1) тармақшасындағы "ломбардтар мен кредиттiк серiктестiктердi қоспағанда қарыз операцияларын жүргiзуге лицензиясы бар, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздер "жалғыз акционерi (қатысушысы) мемлекет болып табылатын банктік заем операцияларын жүргiзуге лицензиясы бар ипотекалық компаниялар немесе жалғыз құрылтайшысы мемлекет болып табылатын заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап. Ауыспалы ережелер
      1. Осы Заңға сәйкес лицензиялауға жатпайтын қызмет түрлерiне лицензиялары бар ұйымдар осы Заң қолданысқа енген күннен бастап алты ай iшiнде уәкiлетті органға лицензияны қайтарып беруге мiндетті және мұндай лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды деп есептеледi.
      2. Осы Заң қолданысқа енгенге дейін есеп айырысу-касса бөлiмдерiн құрған банктер оларды банктiң филиалдары ретiнде әдiлет органдарында осы Заң қолданысқа енген күннен бастап он екi ай ішінде тiркеуге мiндетті.
      3. Осы баптың 2-тармағының талаптарын орындамаған банктер өздерiнiң есеп айырысу-касса бөлiмдерінің қызметiн көрсетiлген тармақпен белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей тоқтатуға мiндеттi.

       3-бап. Қолданысқа енгізу
      2006 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енетiн осы Заңның 1-бабының 4-тармағын қоспағанда, осы Заң алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады