Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 маусымдағы N 624 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамыр Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Алматымәдениеттұрмысқұрылыс" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты ғимаратының құрылысын аяқтау үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi берушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасына (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде 184875000 (бip жүз сексен төрт миллион сегiз жүз жетпiс бес мың) теңге сомасына мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады