1. "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 58-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi:
мынадай мазмұндағы 103-1-тармақпен толықтырылсын:
"103-1. Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру үшін астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Мемлекеттiк астық ресурстарын басқару агентіне ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкiметінiң жыл сайынғы шешiмiмен анықталатын астықты көктемгi-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерiндегi бiржолғы төлемдермен жүзеге асырылады.".