Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 666 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысының әкіміне төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, адамның денсаулығы мен өмірін сақтау, зиян мен материалдық шығынның мөлшерін төмендету мақсатында Темiртау қаласының тұрғын үйлеріндегi лифтілерді сатып алуға және орнатуға байланысты шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 60000000 (алпыс миллион) теңге бөлінсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N  763 , 2005.10.11. N  1013   қаулыларымен .

      2.  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.22. N  763   қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады